Файл: Протокол 2015 ж. Циклды комиссия трайымы Л. А. Мукушева.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 108
Скачиваний: 1
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» РМҚКТАҚЫРЫПТЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫТақырыбы: «Болашаққа бастар жол»Күні: 09.11.2015 ж.Дайындаған оқытушы:Раева Р.С.2015-2016 оқу жылыАрнайы пәндер циклдық комиссиясы-1 отырысында қаралды және талқыландыПротокол № _____ «____» __________ 2015 ж. Циклдық комиссия төрайымы ________________ Л.А.Мукушева «Болашаққа бастар жол» топ сағатыӨткізілуі:Күні: 09.11.2015 жылМақсаты:-
Студенттердің үлкен өмірге нық қадаммен аттауына ат салысу, психикалық тұрғыда өмек көрсету, жол сілтеу.
жүрегіңіздің үнін тыңдауыңызға кеңес береді. Қазір сауда-саттықтың жүріп тұрған заманы болғандықтан, көптеген мамандықтар осының төңірегінде деуге болады. Агенттер мен менеджер мамандықтары сұранысқа ие десек, артық айтпаймыз. Мысалы, коммерциялық агент, жарнамалық агент, туристік агент, финанстық менеджер, сауда-саттық менеджері, жоба менеджері, кеңсе менеджері т.б.Әлемде өзі қаламайтын мамандық иесі болып жүрген қаншама адам бар, өз жұмысын жанымен сүйіп істейтін адамдардың да саны аз емес. Мамандық таңдаудан жаңылмай, өз өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалауыңызға тілектеспіз.
1304000 - «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)»
Біліктілігі:1304043 – Техник бағдарламашы, оқыту тілі: мемлекеттік, орыс. «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)» дайындығының бағыты адам қызметінің әр түрлі саласында ақпаратты қолдану мен түрлендіру, сақтау мен жинақтау, ізденуге байланысты ақпараттық технологиялар сұрақтарымен айналысады. Ақпараттық технологияларды меңгеру қазіргі уақыт нормасы. Аталған бағыт аясында кәсіптік бағдарламашыларды, қолданбалы бағдарламалық қамтамысыз ету мен жүйелік әзірлеушілерді дайындау іске асады. Мамандық түлектерін дайындаудың сұранысы өте жоғары - көп жылдан бері бұл сұраныс күн тәртібінен түспеді. Түлектер жетекші ИТ-компанияларда жұмыс істейді.Қызмет түрлері:Деректер базасына қызмет көрсету мен құрастыру және ақпараттық-іздеу жұмыстары үшін бағдарламалар әзірлеу; Ғылыми және экономикалық тапсырмаларды шешу үшін бағдарлама құру;Ақпараттық технологияларды қолдануға байланысты ДК стандартты бағдарламалық қамтамасыз етуін және басқа қызмет түрлерін қолдану.«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша) » мамандығының түлектері ІТ мамандығы ретінде жұмыс жасай алады: банктарда, банктік және биржалық компьютерлік бағдарламаларды әзірлеу мен қызмет көрсету;өндірісті басқару мен жоспарлаудың автоматтандырылған жүйесін құрай отырып, тұтастай сала мен жекелеген мекемелерді басқару;ақпараттық анықтамалық жүйелер мен көпшілік қызмет көрсету жүйелеріне кәсіпорындар мен мекемелерде қызмет көрсету мен әзірлеу;компьютерлер мен ұйымдастыру техникасын диагностикалау мен жөндеу бойынша сервис орталығы.1 тапсырма- Қанатты сөздер. Әр студент өз ойын айту керек.Адам мақсатына арамдықпен жете алмайды.
К.Маркс
Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге
Абай
Біле бер қанша білсең- - тағы тіле
Жетерсің мақсатыңа біле-біле
Ж.Баласағұн
2 тапсырмада « Мамандықты қалай таңдадың/ Как вы выбрали профессию?»-деген тақырыпта оз ойын айту. Әр бала қысқаша өз ойын білдіреді. (2-3 мин)
РЕЗЮМЕНІ ҚАЛАЙ ҚҰРАСТЫРУ КЕРЕК?
15—20 секунд — бірінші іріктеуде сіздің резюмеңізге бұдан көп уақыт жұмсамайды. Осы уақытта қызметкерлер бойынша менеджер сізді «келешекті ізденушілер» санатына немесе «мүлдем келіспейтін» контингентке белгілейді. Контигент қатарына түспеу үшін, резюмені дұрыс үлгі бойынша жазыңыз.
Резюме жеңіл және құрамы бойынша нақты болуы керек. А4 бетінен көп емес. Қалғанын әңгімелесуде айтасыз. Шрифт — Times New Roman, өлшемі — 12—14 пункт. Ирек (курсив) немесе астын сызудан гөрі, қоюмен белгілегеніңіз дұрысырақ. Резюме қысқаша абзацтарға бөлінеді. Ешқандай рамка және экзотикалық белгілерді қолданбаңыз.
Әдетте резюме 6 бөлімнен тұрады: «Ізденушінің жеке мәліметтері», «Болашақ жұмысқа ұсыныстар», «Жұмыс тәжірибесі», «Кәсіби әдеттер», «Білім», «Қосымша ақпарат». Оларға не жазу керектігін төменде қарастырамыз.
1. Ізденушінің жеке мәліметтері
Аты-жөні. Байланысу мәліметтері (мекен-жайы, телефон, электронды пошта). Туылған күні.
Астаналық милициядан қорыққан басқа қалалардан келген ізденушілер қай мекен-жайда тіркелгенін, ал қай мекен-жай бойынша тұратынын толық баяндайды. Бұл жұмыс берушіні тек алаңдатады. Бұл нақтылықтарды одан да әңгімелесуде айтқан жөн болады.
Көрсетілген телефон номірі бойынша өзіңіз жауап бергеніңіз дұрыс. Егер сіз үшін таныс-туыстарыңыз жауап берсе, оны жарнамалаудың қажеті жоқ. Олар: «Иван Иванович қазір үіде жоқ, оған не айтайын?» - деп жауап берсін.
Егер жасты өзіңіздің артықшылдығыңыз деп есептесеңіз, туылған күнінізді көрсетіңіз. Әйтпесе оны көрсетпеген дұрыс.
| Дұрыс емес | Дұрыс |
| Мұнда және мысалдарда шынайы резюмеден алынған цитаталар. ПЕТРОВА Светлана Ивановна Тұрақты тіркелу мекен-жайы: Самара қ., Киров көш., 2үй, 8 пәтер. Уақытша тіркелу мекен-жайы: Мәскеу қ., Тополиная аллея, 12/2 үй, 90 пәтер. Нақты тұрып жатқан жерім: Мәскеу қ., Сормовский даңғ., 45 үй. (жатақхана). Байланысу телефоны: ХХХ-ХХ -ХХ (Полина Евгеньевнаны сұраңыз немесе Светлана Ивановна үшін хабарландыру қалдырыңыз). Туылған күні: 18 тамыз 1952 жылы, бірақ өзімді 35-жасар адам сезінемін! | Бұл және төмендегі үлгілі мысалдар. Ең бастысы есіңізде болсын: сіз— Петр Алексеевич Романов емессіз. РОМАНОВ Петр Алексеевич Туылған күні: 24.07.1980. E-mail : peter.romanov@mail.ru. Телефон: 8 ХХХ ХХХ-ХХ -ХХ (моб.), ХХХ-ХХ -ХХ (үй). Мәскеу қ., Зеленая көш. 1үй, 11 пәтер. |
2. Болашақ жұмысқа ұсыныстар Бірден бірнеше қызметтер көрсетпеңіз. Әрқайсысы үшін жеке резюме жасаңыз. Қызмет атауы бос орын туралы жарнама сияқты болғаны дұрыс.
| Дұрыс емес | Дұрыс |
| Қызмет: ұсыныңыз! Іздеп жатырмын: кез келген жоғары төленетін жұмыс. Мамандандыру: әкімші, тинейджерлер өміріндегі заманауи бағыттарға шолу, аудармашы, сарашы, ДК пайдаланушы, қиын емес жұмыстарды орындау, дыбыс файлдардың мағынасын ашу | Болашақ жұмысқа ұсыныстар: Қызмет: маркетинг бөлімінің бастығы. Жұмыс кестесі: толық жұмыс күні. Еңбекақы: 40 000 рубль. |
| Дұрыс емес | Дұрыс |
| Жұмыс тәжірибесі:2 ай бағдарламаушы-монтажшы, 6 ай МОСЭНЕРГО темірші-механик қызметінде, 4 ай нарықта саудамен айналыстым. Жұмыс тәжірибесі: Көптеген баспалармен істедім...Мінезім сабырлы, кішкене ашкөзбін (шамамен). Жұмыс істегенді жақсы көремін. Жұмыс істегім келеді. Жұмыс істей аламын. Бухгалтерия, PR-акциялар, бастапқы құжаттарды ресімдеу туралы түсінігім бар (түсінемін), жалпы 5 жылда бірдемелерді үйрендім. Қызмет міндеттері: «айтқан нәрсені орындау». | Жұмыс тәжірибесі: Қыркүйек 2005 — қазіргі уақыт «Последняя» компаниясы Қызметі: маркетолог. Қызмет міндеттері: жоспарлау, маркетингтік шараларды дайындау және өткізу, орындалуын бақылау; жарнама агенттіктерімен жұмыс. Сәіур 2003 — тамыз 2005 «Предпоследняя компания» ЖАО Қызметі: жарнама менеджері. Қызмет міндеттері: компанияның жарнама шараларының жоспарын өткізуге қатысу; жарнама агенттіктерімен, баспаларымен жұмыс |
«Сабырлық», «байланысқа бейімділік» сияқты мағынасыз сөздерді қолданбағаныңыз дұрыс.
| Дұрыс емес | Дұрыс |
| Кәсіби әдеттер: Мен байланысқа бейімдімін, сабырлымын, шешім қабылдауда тәуелсізбім, кез келген қызмет саласына жеңіл бейімделемін, ұқыптымын, сауаттымын және жалпы жақсы адаммын. | Кәсіби әдеттер: Маркетингтік зерттеулер өткізу. Ассортимент саясатын құрастыру, баға қалыптастыру. Медиажоспарлау. Мердігерлермен жұмыс (РА, баспаханалар, суретшілер, копирайтерлер, дизайнерлер). Жарнама кампанияларын ұйымдастыру: ATL и BTL. Маркетинг бөлімін басынан құру тәжірибесі бар. ДК білу: Word, Excel, PowerPoint, CorelDraw, PhotoShop. Неміс тілі — еркін, ағылшын — сөйлесу. |
| Дұрыс емес | Дұрыс |
| Білім: 1980 — 1990 орта мектеп 67, Торжок қ., Владимир облысы, 1990 — 1992 ПТУ 5, Вышний Волочка қ. — «иiретiн жабдықтың ұстасы» мамандығы берілген, 1995 — тігу және пішу курстары, 1997 — жүргізуші курстары, 1998 — шаштараз курстары, 2000 — хатшы курстары. | Білім: 1997—2002 М. В. Ломоносов ат. Мәскеу Мемлекеттік Университеті, психология факультеті, «Әлеуметтік психолог» мамандығы. Сәуір — мамыр 2003 Германияда BMW компаниясының бас кеңсесінде, маркетингтік коммуникациялар бөлімінде іс-тәжірибе. |