Файл: Протокол 2015 ж. Циклды комиссия трайымы Л. А. Мукушева.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 54

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

 

Дұрыс емес

Дұрыс

Қосымша мәліметтер: 

Жүйелімін. Үндемей жүре аламын. Хобби — футбол, жеңіл атлетика. Дәрiгерлермен ренжiтпегенмін. Әйелім, қызым, немерем, күйеу балам бар.  

Шетел тілдері: украин тілі — түсінемін, оқимын, жазамын, бірақ сөйлемеймін.

Ағылшын тілі — сөйлей алмау деңгейінде. 

ДК батыл пайдаланушы. 
Интеллект бар, жұмсақпын, бірлескенмін. 
Толық серпумен жұмыс iстеуге дайынмын, бiрақ интимды ұсынбаңыз. 

Өмірлік ұстаным: "Спортсыз күн жоқ!" 
 

Қосымша мәліметтер: 
«В» санатындағы жүргізуші куәлігі, жүргізу өтілі 10 жыл, меншік Mazda көлігі бар. 

Жиі іс-сапарларға дайынмын. 

Бойдақпын. 
 


4 негізгі ВТ тобы арнайы дайындаған «Болашаққа бастар жол» - атты колледж бітіргеннен кейінгі өз болашағын елестету видеоролигі интербелсенді тақтада қосылады. (10 мин)
Жұмысқа орналасытартын мемлекеттік бағдарламалар:

Университетті аяқтағаннан кейін бірден жұмысқа орналасу бақыты өкінішке орай, барлық диплом алған мамандарға бұйырмаған. Жұмыс беруші көп жағдайда жұмыс тәжірибесі бар қызметкерді алуға мүдделі. Бұл жағдайда кешегі түлек, бүгінгі маманға көмекке «Дипломмен ауылға», «Жастар тәжірибесі» және «Жастардың кадрлық қоры» бағдарламаларын іске асыратын мемлекет келеді.
 «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы
Оқу орнын ақтағаннан кейін жұмыс тәжірибесіне ие болу үшін мемлекет алтыайлық жастар тәжірибесін өтуді көздейді.
Диплом алған түлек (29 жасқа дейін) өз қаласының (аудан) әкімдігіндегі жұмыспен қамту орталығына барады. Жұмыспен қамту орталығы аталмыш мамандардың  бірыңғай базасын қалыптастырады және жұмыс беруші компаниялардың арасындағы дипломдық бағыт бойынша бағдарламалардың қатысушыларын бөледі.
Жұмыспен қамту орталығы түлектермен алты айға еңбек шартын жасайды. Жұмыс күні ҚР еңбек заңнамасы бойынша еңбек шарттарына сәйкес анықталады.
Жастар тәжірибесіне бағытталған бағдарламаларға қатысушылардың ай сайынғы төлемі 17,2 айлық есептік көрсеткіштерді (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмағае еңбек демалысы үшін өтемақылар және банк қызметтерін шегерусіз) құрайды.
Егер жұмыс беруші тәжірибе кезінде сізді өз компаниясы үшін сай келеді деп таныса – ол сізді тұрақты жұмысқа қабылдауға құқылы. Жас маман үшін бұл нұсқа неғұрлым қолданылымды, осыған қарамастан тәжірибеде өзіңді және өзіңнің кәсіби дағдыларыңды көрсету қажет екендігін естен шығармаңыз.

Бағдарлама алынған мамандық бойынша түлектердің бастапқы жұмыс тәжірибесін арнайы алуына арналған.
Бағдарламаға қатысу үшін түлекке мыналар қажет:

Өз қалаңыздың немесе ауданыңыздың әкімдігі жанындағы Жұмыспен қамту орталығына жүгіну.

Жұмыссыз ретінде тіркелу (жасы 29-дан артық емес).

Құжаттарды беру:

жеке куәлік;

диплом;

үй кітапшасы немесе мекен-жай парағы ;

зейнетақы қорынан шарт;

Халық банкінен ағымдық дербес шот;

денсаулық жағдайы туралы анықтама ф.086.

Бұдан басқа «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру аясында кәсіби білім беру орындарының базасы қалыптасады және  «Жастар еңбек биржасы» бірыңғай ақпараттық порталы, «Жұмыс» ақпараттық порталы құрылады.


«Дипломмен - ауылға»

Ж ОО мынадай мамандықтар бойынша аяқтаған студенттер үшін:

білім беру;

денсаулық сақтау;

әлеуметтік қамтамасыз ету;

мәдениет және спорт;

ветеринария.

Мемлекет жас мамандарды әлеуметтік қолдаумен ауылдық жерден жұмыс ұсынады:

70 АЕК мөлшеріндегі көтерілуге көмектің бірыңғай жәрдемақысын төлеу;

бюджетный кредит для приобретения и строительства жилья сроком на 15 лет, со ставкой вознаграждения в размере в размере 1500 АЕК мөлшерінде 0,01% мөлшеріндегі сыйақы мөлшерлемесімен 15 жыл мерзімге тұрғын үй сатып алуға және құрылысына арналған бюджеттік несие;

  • ауылдық елде мекендерде орналасқан әлеуметтік сала мекемелерінің мамандарына лауазымдық еңбекақының тарифтік мөлшерлемесінен 25 % кем емес (қалалық елді мекенде)  арттыру.

Бағдарламаға қатысу үшін:

  • сіз таңдаған елді мекеннен жұмысты өзіңіз табуыңыз (ауылдық мектеп, аурухана, Мәдениет үйі, спорт кешендері және т.б.);

  • жұмысқа қабылдағанда кандидат аудандық комиссияға бағдарламаға қатысуға өтініш беру;

  • жұмысты өзіңіз іздеу мүмкіндігі болмаған жағдайда сіз ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне немесе аймақтардағы жауапты қызметкерлерге жүгіну;

  • аймақтардағы кадрлардың қажеттіліктері туралы мәліметтер облыстық әкімдіктердің басқармаларының сайттарында орналастырылуы қажет.

Жобаға қатысуға арналған құжаттар тізімі:

  • нысан бойынша өтініш ;

  • жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі ;

  • жаңа жұмыс орны бойынша кадрлық қызметпен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі;

  • тиісті елді мекенде тұратынын растайтын азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі (үй кітапшасы) немесе мекенжай анықтамасы;

  • білім туралы дипломның көшірмесі;

  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тұрғын үйді сату-сатып алу туралы алдын-ала шарт;

  • жылжымалы мүлікті бағалау акті (бюджеттік несиені алу үшін);

  • тұрғын үйдің құрылысына ұсынылған жер учаскесін пайдалану құқығына акт.


Соңғы үш жылда «Дипломмен ауылға» жобасының аясында республиканың ауылдық елді мекендеріне 24 577 маман қатыстырылған.


«Жастар кадрлық резерві» бағдарламасы  
Қ Р Білім және ғылым министрлігі және «Нұр Отан» ХДП қолдауымен жас талантты, белсенді қазақстандықтар қатарынан елдің басқарушы кадрларын анықтау, іріктеу, дайындау және тәрбиелеуге бағытталған «Жастар кадрлық резерві» жобасы іске асырылды.
2009 - 2012 жж. аралығында «Жастар кадрлық резерві» жобасына 8 000 астам жастар өтінім берген, олардың ішінде 308 адам ашық конкурстық іріктеуден, тестілеуден, оқыту модульдерінен, кәсіби құзыретті бағалаудан, әр түрлі ұйымдардан тағылымдамадан өтті. Конкурстық іріктеуден өткен қатысушылар мемлекеттік басқару, бизнес, ғылым, білім, қоғамдық ұйымдар, БАҚ жетекші өкілдерімен кездесті.
2013 жылы жобаны іске асыру сондай-ақ  жас мамандар қатарынан елдің басқару кадрларын анықтау, іріктеу, дайындау және тәрбиелеу және үш бағыттар бойынша әлеуметтік-маңызды қызметті қосуды болжайды:

  1. Мемлекеттік қызмет .

  2. Бизнес-қауымдастық.

  3. Қоғамдық саяси қызмет.

Іріктеу туры бірнеше кезеңдерде өтеді:

  • Жобаның ресми сайтында анкета толтыру, ресми өлшемдер бойынша анкетаны бағалау (жасы, білімі, жұмыс орны, кәсіби дағдылар, зияткерлік әлеуетті бағалау, эмоционалдық интеллек, эссе және т.б. жазу). Бастапқы іріктеу нәтижесінде келесі кезеңге 300 конкурсант жіберілетін болады.

  • Логиканы тестілеу, мемлекеттік тілді білуі және жобаның қатысушысының псхологиялық суретін анықтау (тестілеуді өткізу орны және кестесі іріктеудің 2-кезеңіне өткен 300 конкурсанттың нәтижелерін жариялағаннан кейін анықталатын болады).

  • Біліктілікті бағалауға сұхбаттасу жобаның 32 үздік қатысушысын анықтайды (әр аймақтан 2 конкурсантбойынша). Сұхбат республика аймақтарында дирекция мүшелерімен, аймақтық үйлестірушілермен, «Болашақ» Қауымдастығынан сарапшылармен және «Нұр Отан» ХДП өкілдерімен жүргізілетін болады. 

Бұдан әрі, конкурсқа қатысушылар жетекші отандық және шетелдік  мамандардың қатысуымен дәрістерді, семинарларды тренингтерді, мастер-класстарды, асессменттерді (кәсіби біліктілікті бағалау), сондай-ақ мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдарда тағылымдамадан өтуді қамтитын оқыту модульдер өтеді.
Жобаның қорытындылары бойынша неғұрлым жоғары рейтинг жинаған 32 конкурсқа қатысушы сертификат алады және мемлекеттік қызметке, бизнес саласына және қоғамдық қызметке келіп түскенде барынша жоғары лауазыммен айналысу үшін резервте тұрған адамды жылжытуды қарастыруға ұсыну болып табылатын кадрлық резервке тіркелетін болады.

Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (салалары бойынша) мамандықтарын даярлайтын университеттер (Семей қаласы бойынша):

  1. Шәкәрім атындағы СМУ, оқу ақысы – 346 000 тг.;

  2. Қазақстан инновациялық университеті, оқу ақысы – 185 000 тг.

Начало формы

Конец формы


ҚОРЫТЫНДЫ

Қай халық үшін де ұрпағының ілімі мен білімі, тәлімі мен тәрбиесі – ең алдымен оның ертеңгі  ырысы мен елдік жолдың дұрыстығының кепілі. Өйткені  кез келген  жетістік пен жаңалықтың қасында  даму мен даралықтың  басында білім мен ғылым тұр. Содан болар – біз қашаннан «дүниенің кілті оқу білімде»  деген ата сөзін ұстаған табиғатынан білуге үйреніп түюге құмар болған дара халықпыз!

Тәуелсіздіктің алғаш таңынан оның бүгінгі баянды бабына дейін талай жасампаз жоба, жаңа бастамалар қолға алынып, азды-көпті жетістіктерге жетіп отырмыз.

Шын мәнінде, жинақтаған тәжірибені жалғастырып қана қоймай, сондай-ақ заманауи білім беру қарымын айқындайтын дәстүрді ұстанып келе жатқан «Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» әр қайсыңыздың жүрегіңізден   лайықты орын алып отыр деп сенемін!

Алайда уақыт бір орында тұрмайтынын ескерсек, қазіргі дамыған экономика, бәрінен бұрын интеллектуалдық ресурстардың өрелі әлеуетіне арқа сүйейтініне көз жеткіземіз. Бәсекеге қабілеттілікте техникалық құралдарға емес, осынау технологияны жасап шығаратын адамға байланысты болады.

Сондықтан да біздің ұстаздар заманауи оқыту негізінде, ең алдымен, өзгенің ойын көз жұмбайлықпен бойға сіңірмей, өзіндік ойлау жүйесіне өріс ашатын баланың ақыл ой-қабілетін дамыту тұрғысында жұмыс жасады.

Біздің колледждегі дәстүрлі түрде қалыптасқан темірдей тәртіпке негізделген қаржы мен спорттың, компьютермен өнердің бір-бірінен ажырамай келіп ұштасуын бүгінгі алдарыңызда отырған жас маман  иелерінен көруге болады деп сенемін!

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бәсекеге қабілетті ұрпақ өсіру керектігі жөніндегі салиқалы тапсырмасын орындау үшін Роллан Мусин ағамыз салып берген құндылықтар жолымен арамызда отырған Тілеуғали Темірғалиұлы сынды ағамыздың көрсеткен айқынды бағыт – бағдары біздің колледж ұжымы әлі де талай жетістіктерге жетелейтініне кәміл сенімдімін.

Ендеше, бүгінгі бітіруші түлектерге колледжде алған тиянақты білімдері мен тәлім тәрбиелерінің арқасында отанымыздың білікті де білгір, елімізге, туып -өскен топыраққа деген, оқып-тоқып білім алған колледжге деген өшпес патриоттық сезімнің арқасында Қазақ еліне, Қазақстан Республикасына еңбектеріңнің сіңгенін қалаймын!


Үлкенді сыйла,

Басыңды иіп іні бол!

Кішіні сыйла,

Олардың тірі пірі бол!

Шалқадан жатқан,

Кеудесін қаққан ер болмай,

Атағы шыққан,

Қазақтың мықты бірі бол!

Баршаңызға мейлінше жақсылықтармен табыстар тілеймін! 
Оқытушы Р.С. Раева