Файл: Малімні атыжні Аылбек А.. ПнСынып.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 76

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Мұғалімнің аты-жөні:

Ақылбек А.Ә.

Пән/Сынып:

Химия

Қай аптаның нешінші сабағы

3 тоқсан \ 2- сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

Адам организміндегі химиялық элементтер мен қосылыстар

Сабақтың тақырыбы:

№ 4 практикалық жұмыс «Тағам құрамындағы қоректік заттарды анықтау»

Оқу мақсаты:

  • 7.5.1.2 -тағамдық өнімдердің бір қатарын: көмірсулар (крахмал), нәруыз, майларды білу және анықтай алу

Бағалау критерийі:

  • - тағамдық өнімдердің бір қатарын: көмірсулар (крахмал), нәруыз, майларды біледі және анықтай алады

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі


Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Жеке жұмыс

Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы

Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма

Тапсырманың мақсаты

Бағалау

Ресурстар

1 минут



Ұйымдастыру

Сәлеметсіздер ме оқушылар. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен, бағалау критерийлерімен таныстыру


Не меңгеретінін білу үшін




Презентация № 1-2 бет

5-6 минут


Жаңа сабақ

Қазіргі заманғы тамақ өнеркәсібі органикалық синтез арқылы алынған көптеген тағамдарды ұсынады. Кез келген өнімнің қаптамасы арқылы оның құрамында қанша ақуыз, көмірсу мен май бар екенін білуге болады. Мектеп зертханасында тамақ өнімдерінің құрамындағы осы қосылыстарды анықтауға бола ма? Иә, сапалық реакция жасау арқылы анықтауға болады.

Сапалық реакция – әртүрлі заттарды анықтауға мүмкіндік беретін реакция. Сапалық реакцияның негізгі шарты – анықталатын затқа тән белгілер мен айқын өзгерістердің болуы.



қуыздарды анықтау

Биурет реакциясы

Глюкоза сияқты ақуыздарды зертханада мыс (II) гидроксидімен анықтауға болады.

Бұл реакция биурет реакциясы деп аталады. Биурет реакциясын жүргізу үшін:

Тауық жұмыртқасының ақуызы бар сынауыққа аз мөлшерде сілтіні, мысалы, натрий гидроксидін құй.

Мыс (II) сульфатының ерітіндісін ақуыз бен сілтінің қоспасына құй.

Күлгін бояудың пайда болуы – ерітіндіде ақуыздың болуының дәлелі.

Ксантопротеин реакциясы

Ақуыздарды анықтаудың тағы бір әдісі – ақуызды азот қышқылымен әрекеттестіру. Мұндай реакция ксантопротеин реакциясы деп аталады.

Майды анықтау

Майдың болуын анықтаудың ең оңай жолы – майлықпен немесе қағазбен тәжірибе жасау. Мұны үйде бәрі жасай алады. Мысалы, күнбағыс дәнін, жержаңғақ немесе грек жаңғағында майдың болуын келесідей дәлелдеуге болады: жаңғақ немесе күнбағыс дәнін майлыққа салып, ұсақта. Майлықтағы майлы дақтың пайда болуы осы өнімдерде майдың болуын дәлелдейді.

Бірақ майды анықтаудың зертханалық әдісі бар. Егер майды қыздырса, онда жоғары температурада ол жағымсыз, тітіркендіргіш иісі бар, ақ түтін шығара бастайды. Мұндай реакция «акролеин реакциясы» деп аталады. Бұл майдың болуын анықтауға мүмкіндік береді.

Крахмалды анықтау

Әр үйдегі дәрі-дәрмек қобдишасында йод бар. Бірақ йодты қолдану арқылы сапалық реакция жүргізуге болатынын көп адам біле бермейді. Йодтың көмегімен тамақ өнімдерінде крахмалдың барын оңай анықтауға болады. Мұны істеу үшін йод ерітіндісінің 1-2 тамшысын жағып, нәтижесін бақылау жеткілікті. Егер тамақ өнімдерінде көк немесе күлгін дақ пайда болса, онда өнімде крахмал бар деп сеніммен айтуға болады.


Жаңа тақырыпты меңгеру




Презентация № 3-7 бет



6 минут


3 мин


Тәжірибе

1-тапсырма: Тест тапсырмалары

1. Йод нені анықтауда қолданылады?

  1. Ақуызды

  2. Глюкозаны

  3. Крахмалды

  4. Майды

2. № 4 практикалық жұмыс «Тағам құрамындағы қоректік заттарды анықтау»

Ақуыздың сапалық реакцияларын сипаттайтын тұжырымдарды анықта.

  1. Ақуызды анықтау үшін биурет және ксантопротеин реакциялары қолданылады.

  1. Биурет реакциясы кезінде ақуыздың болуының белгісі: ерітіндінің күлгін түске өзгеруі.

  1. Ақуыз азот қышқылымен әрекеттескенде, ұйып, сары түске боялады.

  1. 1 және 3

  2. 2 және 3

  3. 1 және 2

  4. 1, 2 және 3

3. Биурет реакциясы арқылы қандай қоректік затты анықтауға болады?

  1. глюкоза

  2. ақуыз

  3. крахмал

  4. майлар

  5. фруктоза

4. Тағам құрамында крахмал бар екенін қандай сапалық реакция көмегімен анықтауға болады?

  1. йод ерітіндісі

  2. нартий гидроксиді мен мыс сульфаты (II) ерітіндісі

  3. Биурет реактиві

  4. Бенедикт реактиві

  5. Фелинг реактиві

Дескриптор:_Білім_алушы:_-_Берілген_тест_тапсырмаларының_дұрыс_жауабын_таңдайды2-_тапсырма:_Тұжырымдардың_ақиқат_немесе_жалған_екенін_анықта.'>Дескриптор:

Білім алушы:

- Берілген тест тапсырмаларының дұрыс жауабын таңдайды

2- тапсырма: Тұжырымдардың ақиқат немесе жалған екенін анықта.

  1. Бал ерітіндісіне Фелинг реактивін қосып, қыздырса, ерітінді қызыл түске боялады. Ақиқат

  2. Бұршақ, күріш, картоп құрамында крахмал бар, оны йод арқылы анықтауға болады. Ақиқат

  3. Фруктоза мен глюкоза – көмірсулар. Екі затты да Фелинг реактивімен анықтауға болады. Жалған

  4. Майдың болуын ксантопротеин реакциясы арқылы анықтауға болады. Реакция белгісі: сары бояу. Жалған

  5. Майды қыздырған кезде өткір, жағымсыз иіс шығады. Мұндай реакция жоғары сапалық және акролеин сапалық реакциясы деп аталады. Ақиқат

Дескриптор:

Білім алушы:

- -көмірсулар (крахмал), нәруыз, майларды анықтай алады.


Жаңа тақырыпты тәжірибе арқылы меңгеру

Бағалау критерийлерін ұсыну

Презентация

№ 8-11 бет


3 минут


Қорытынды

Адам ­организмінде­ әртүрлі ­химиялық ­элементтер болады.­ Олар­ макро­ және­ микро­элементтер­ болып бөлінеді. ­Адам­ орга­низміне­қажетті­ элементтер ­қоректік­ зат­тар мен ­бірге ­белгілі ­мөл­шерде­ түсіп тұрады.­ Кез-келген­ элементтің­ артық­ мөлшері­ неме­се­ жетіспеуі адам­денсаулығына­кері­әсер­ете­ді

Тақырыпты меңгергенін анықтау

Бағалау критерийлерін ұсыну

Презентация № 12 бет

1 минут


Үй тапсырмасы