ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.08.2021

Просмотров: 195

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ф КГМУ 4/3-04/02

ИП №6 УМС при КазГМА

от 14 июня 2007 г.


ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ


Эпидемиология және коммуналды гигиена кафедрасы









ДӘРІС




Тақырыбы: «Төтенше жағдайларды радиациялық және химиялық ахуалды бағалау».

Тақырыбы: «Бактериологиялық ахуалды бағалау әдістері».




Пәні: «Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері»


Мамандығы: 5В130100-"Жалпы медицина"


Курс: 1


Уақыт: (ұзақтығы) 2 сағат




ҚАРАҒАНДЫ – 2011ж.






Кафедраның мәжілісінде бекітілді

Хаттама № __1__

"___01___" _____09_____ 2011ж.


Эпидемиология және коммуналды гигиена кафедрасының

меңгерушісі м.ғ.к., доцент _______________ Шайзадина Ф.М.


Тақырыбы: «Төтенше жағдайларды радиациялық және химиялық ахуалды бағалау».

Тақырыбы: «Бактериологиялық ахуалды бағалау әдістері».



Мақсаты: Радиациялық және химиялық қауіпті объектілеріндегі авариялардың ерекшеліктерімен студенттерді таныстыру, зілзала аймақтарында химиялық радиациялық ахуалды бағалауды, ТЖ ошақтарында медициналық көмекті көрсету теориялық білімді меңгеру.

Дәріс жоспары:


  1. Радиациялық қауіпті обьектілер және олардың қысқаша сипаттамасы.

  2. Мөлшерлеу, өткізу мақсаты, түрлері, бірліктері.

  3. Радиациялық авариялар кезіендегі зақымдаушы факторлары және олардың қысқаша сипаттамасы.

  4. Жұыскерлермен тұрғындардың қорғау бойынша шаралар.

  5. Радиациялық авариялар кезіендегі емдік сақтандыру шаралар. Өткізу тәртібі.

  6. Химиялық қауіпті обьектілер және олардың қысқаша сипаттамасы.

  7. КӘУЗ, анықтамасы, жіктелуі.

  8. Химиялық қауіпті обьектілердегі авариялар кезіндегі іс әрекеттері мен тәртіп ережелері.

  9. Радиациялық және химиялық ахуалды бағалау.


Дәріс тезистері:

Зақымдау ошағындағы радиациялық ахуалды бағалау.


Қарсылас осы заманғы зақымдау құралдарын қолданған жағдайда, сондай-ақ атом өнеркәсібі кәсіпорындарындағы авария кезіндегі ауа, жер және онда орналасқан ғимарат, техника мүлік радиациялық зақымдауға ұшырайды.

Жердің радиоактивті зақымдану нәтижесінде пайда болған ахуал радиациялық ахуал деп аталады. Ол радиациялық зақымданудың көлемін және сипатымен анықталады және шаруашылық объектілерінің өндірістік қызметіне, бөлімшелердің іс-әрекетін, халықтың тіршілігіне айтарлықтай ықпал етеді. Адамдардың, малдардың зақымдану қаупі радиациялық ахуалды тез анықтау мен бағалауды және құтқару жұмыстарын жүргізуге оның ықпалын ескертуді талап етеді.

Осы мақсатта радиациялық барлау мәліметтері бойынша болжау әдісімен радиациялық ахуалды анықтау мен бағалау жүргізіледі.

Болжау зақымдау уақытын, сипатын және бөлімшелердің іс-әрекет режимдері мен зақымдалған жердегі халықтың өзін-өзі ұстау тәртібін анықтау мақсатында мәліметтер барады. Бұл зақымдаудың тек нақты деректерден едәуір айырмашылығы болуы мүмкін шамалас сипаттамалары ғана.

Болжаудың бастапқы мәліметтері: жарылыстың қуаты, түрі мен орталығының (кіндігінің) деректері, жарылыс уақыты, орташа желдің жылдамдығы мен бағыты.

Шаруашылық объектілерінде радиациялық ахуалды болжамайды, тек ТЖ мен АҚ жөніндегі жоғары тұрған органдардың мәліметтерін ғана пайдаланады. Объектілердің АҚ және ТЖ штабтары мен қызметтері оны тек барлау мәліметтері негізінде ғана бағалайды.

Аумағының көлемі жердің радиациялық зақымдау аймағымен салыстырғанда шағындау шаруашылық объектісі үшін болжаудың тек екі нұсқасы ғана ықтимал: объекті қызметкерлері сәулеленуге ұшырайды немесе ұшырамайды. Сондықтан объект аумағын радиоактивті зақымдану жағдайы үшін радиоактивті бұл ізінің белдігі кәсіпорын аумағының ортасы арқылы өтетін кездегі ең жағымсыз нұсқа алынады.


Болжанатын радиациялық ахуал міндетті түрде радиациялық барлаумен нақтыланады. Радиациялық ахуалды бағалау, болжау мәліметтерін алғаннан кейін жүргізіледі.


Зақымдалу ошағындағы химиялық ахуалды бағалау.


Химиялық ахуал ретінде шаруашылық объектілерінің қызметіне АҚ күштері мен халыққа әсер етінін жердің КӘУЗ-бен химиялық зақымдау салдарының жиынтығы түсіндіріледі.

Химиялық ахуал КӘУЗ төгілу немесе химиялық зақымдау ошақтары пайда болатын химиялық қаруды қолдану кезінде жасалады.

Химиялық ахуалды бағалауға мыналар кіреді:

  • химиялық зақымдау көлемі мен сипатын анықтау;

  • олардың объектілер қызметтеріне, АҚ күштері мен халыққа әсер етуін талдау;

  • адамдардың зақымдалуын болдырмайтын іс-әрекеттердің аса қажетті нұсқаларын іріктеу.

Химиялық ахуалды бағалау болжау әдістерімен және барлау мәліметтері бойынша жүргізіледі.

Шаруашылық объектілерінде химиялық ахуалды бағалауды (РХҚ) нүктелері жүргізіледі.

Химиялық ахуалды бағалайтын бастапқы мәліметтер;

  • КӘУЗ түрі мен саны, химиялық қаруды қолдану құралы мен УЗ түрі;

  • Улы заттардың шығарылу (төгілу), химиялық қарудың қолдану ауданы мен уақыты;

  • Адамдардың қорғану деңгейі;

  • Жердің топографиялық жағдайы мен ластанған ауаның таралу жолындағы құрылыстардың сипаты;

  • Ауа-райы (жер беті қабатындағы желдің жылдамдығы мен бағыты, ауа мен топырақтың температурасы, ауаның вертикальды тұрақтылығының деңгейі);

Ауаның вертикальдық тұрақтылығының деңгейін шамамен ауа-райын бақылау арқылы анықтауға болады. Ол үш деңгейге бөлінеді:

  1. инверсия

  2. изотермия

  3. конвекция

Инверсия әдетте шамамен күн батардан 1 сағаттай бұрын кешкі уақытта пайда болады және күн батқаннан кейін 1 сағаттың байында бұзылады. Ауаның төменгі қабаты жоғары қабатынан суығырақ, бұл инверсияның биіктік бойынша таралуына кедергі келтіреді және ластанған, жинақталған ауаның сақталуы үшін аса қолайлы жағдай жасайды.

Изотермия ауаның тұрақты тендігімен сипатталады. Изотермия кезінде жердің 20-30м биіктік шегіндегі ауаның температурасы жердікімен шамалас болады. Ол жауын-шашындарды ауа-райы мен қар жамылғысы кезінде байқалады, алайда таңертеңгі конвекцияға және кешкі уақыттарда инверсиядан конвекцияға (таңертең) және керісінше (кешкі) көшпелі күй ретінде пайда болуы мүмкін.

Конвекция әдетте күн шыққаннан кейін 2 сағаттан кейін пайда болады және шамамен күн батардан 2-2,5 сағат бұрын бұзылады. Ол әдетте жазғы ашық уақытта байқалады. Конвекция кезінде ауаның төменгі қабаттары жоғары қабаттарынан қаттырақ қызады, бұл залалданған бұлттың тез таралуына және оның зақымданған әсерінің азаюына ықпал етеді.


Бактериологиялық қарудың индикациясы.

Индикация әдістері. Арнайы емес индикация.

Биологиялық соғыс жағдайында қорғаныс шараларынан маңызды жетістіктері биологиялық агенттерді дер кезінде анықтап, индикацияны тез арада жүргізуіне байланысты болады. Биологиялық заттардың индикациясында көптеген қиыншылықтар кездеседі, қоздырғыштардың ұқсастығы қазіргі кездегі лабораторлық әдістерімен анықталады. Осыны ескере отырып, қазіргі уақытта БҚ индикациясын 2 сатыға бөлу туралы жүйе қабылданды.


  1. Арнайы емес (неспецифическая).

  2. Арнайы индикация (специфическая).

Индикация дегеніміз – қарсыласы БҚ қолдану фактісін және қоздырушының қандай түрі қолданғанын анықтауға бағытталған арнайы шаралар кешені.

Қарсыласы БҚ қолдану фактісін анықтау арнайы емес индикация деп аталады.

Қолданылған қоздырғыштардың түрін анықтау және БҚ қолдану фактісін дәлелдеу арнайы индикация деп аталады.

Арнайы емес индикация қарсыласы БҚ-ды қолданған сәтте жүргізіледі, ал арнайы индикация – биологиялық шабуылдың салдарынан жою үшін жүргізіледі.

Индикацияны іске асыру кезінде негізінде химиялық күштер мен құралдар қолданылады. Спецификалық емес индикацияның алдына қойған тапсырмасы ауадағы және жергілікті жердегі қарсыласы қолданған БҚ фактілерін анықтау.

БҚ-ды қолдану кезіндегі жанама белгілер:

  1. Снарядтың жарылысы нәтижесінде бұлтта аэрозолды пайда болуы;

  2. Тегіс қорытындылары – уландырғыш заттардың пайда болуы;

  3. БҚ ақтайтын сұйық тамшылар, ұнтақ тәрізді заттар немесе буынаяқтардың жиналуы.

  4. Әлсіз түрде авиациялық бомбалардың, ракеталар, снарядтар мен миналардың жарылысы кезінде бұлттың үстіңгі қабатында тұман мен түтіннің пайда болуы;

  5. Жау самолеттерінің артынан пайда болған түтін мен тұман сызықтарының пайда болып, тез арада жоғалып кетуі.

  6. Поршеньдік және басқа да құрылғысы бар бомбалар, ракеталар мен снарядтар қалдығының болуы жергілікті жерде аэрозолдың түзуіне әкеліп соғады;

  7. Бомбаның жарылып түскен жерінде жергілікті жерде кездеспейтін кенелер, жәндіктер және кеміргіштер бөліктерінің жиналуы;

Санитарлық-эпидемиологиялық, бактериологиялық барлауды жүргізетін барлаушылар тобы төмендегі жабдықтар мен жабдықталады: ХБӘЖ, табельдік құралдар (химиялық барлаудың әскери жабдықтары),

Табельсіз құралдар (биологиялық сынамалары алатын медициналық жабдықтар), (БСМЖ).

Сынама алатын жинақ (СДЖ-I), жеке қорғаныс құралдары.

Америка әдебиеттерінің мәліметтері бойынша қарсыласы БҚ қолдану фактісін көзбен шалып анықтау тиімсіз, сондықтан ауаның биологиялық зақымдалу белгілерін жедел тіркеп, сигнал беру тиімді болып табылады.

Ең алдымен ауа сынамасының арнайы емес индикациясы қолданылады. Ауаның арнайы емес индикациясына қоспаның автоматты сигнализаторы қолданылады (КАС), ол 1972 жылдан бастап жабдықталған. Сигнализатор химиялық барлаудың автомашинасына орнатылған, сонымен қатар әскери медициналық лабораториясы (ЭМЛ –ВМЛ) бар, минутына 200 л қосындыны өткізеді, белокты анықтайды, дыбыстық, жарықтық және радиосигналды іске қосады. Аспанның сезімталдығы төмен, аэрозоль көзінен 100 м қашықтықта іске қосылады. Мүмкін болатын қарсылысының аспабы ХМ-19, қуаттылығы 1000л/мин. Дивизияға осындай 2 аспап қажет, ал бізде АСП дивизияда 19-24 қолданылады.

Қазіргі кезде лазерлік құралдарды шығаруға жұмыс жүргізіліп отыр, ол 3 км қашықтықта аэрозольдің бар екенін анықтайды.