Файл: Қалдықан Асылжан(психология).docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.08.2021

Просмотров: 190

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Психология негіздері,комуникативтік дағдылар және клиникаға кіріспе кафедрасы











Реферат

Тақырып:Қабылдау

Орындаған:Қалдықан А.Ғ

Қабылдаған:Абдикаримова Г.Б

















Қарағанды 2014

Жоспары:

I Кіріспе

II Негізгі бөлім

1.Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері

2.Байқау және байқағыштық

3.Кеңістік пен уақытты қабылдау

III Қорытынды

IV Пайдаланылған әдебиеттер




КІРІСПЕ

Егер түйсік сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттері мен сапаларының миымызда бейнелнуі болса ,қабылдау заттар мен құьылыстардың мида тұтастай бейнеленуі болып табылады.

Қабылдауда заттар мен құбылстардың түсі,дыбысы,дәмі,иісі,формасы т.б қасиеттрі тұтас күйінде бейнеленеді.Мысалы,алманы қабылдауды алайық.Мұнда біздің анализаторларымызға оның қызыл түсі ,хош иісі,тәтті дәмі т.б қасиеттері бір мезгілде әсер етеді де ,миымызға тұтас зат бейнесі пайда болады.

Қабылдау процесінде адамның өткендегі тәжірибиесі ерекше маңыз алады.Сыртқы ортадан адамға дамылсыз ақпарат келіп отырады.Кісі бұлардың бәрін дұрыс қабылдай алмайды,немесе үлгермейді.Егер бала өмір бойы поезды көрмей өссе ,оны бірден тани алмайды.

Қабылдау – ми қабығының күрделі анализдік және синтездік қызметінің нәтижесі.Қабылдаудың физиологиялық негізіне бірнеше тітіргендіргіштердің жиынтығы мен олардың қарым-қатынасында пайда болатын уақытша жүйке байлыныстары жатады.Мұны И.П.Павлов қатынас ревлексі деп атаған.Мәселен,көру анализаторында осындай қатынас рефлексінің жасалуы заттың түрі,түсі,мөлшеріне қарамай-ақ оның тұлғасын тануға мүмкіндік береді.

Сөйтіп,қабылдау-түйсікткгідей бір анализатордың ғана қызметі емес,бірнеше анализаторлардың бірлесіп қызмет істеуінің нәтижесі.Мысалы,киноны көру екі анализатордың (көру,есту) өзара байланысып жұмыс істеуінен болады.

Қабылдаудың негізгі өзіндік ерекшеліктері бар.Олар:

1.Тұтастығы

2.Мағыналылығы

3.Таңдамалылығы

4.Тұрақтылығы

5.Иллюзия

6.Апперцепция

Қабылдаудың түтастығы. Қабылдаудың обьектісі кейбір жеке қасиеттерден, жеке бөліктерден түрғанымен , біз оларды бүтіндей, тұтастай қабылдаймыз.

Shape1











Кей - кезде бүрынғы тәжірибемізде үшыраған кейбір обьектілердің жеке бөліктері, шет жағасы, үзінділері ғана қабылданса да, бүларды түтас зат формасында қабылдаймыз. Егер "Дударай" операсындағы Мариям әнінің басталуын ғана қүлағымыз шалса, осы әннің мазмүнын түтастай қабылдайтын боламыз. Адам алдындағы үш нүктіні де жеке ноқат ретінде қабылдамайды. Мұны үш бұрыштың тұтас бейнесі деп түсінеді. Өткені, қабылдаудағы жеке бөліктер жиналып келіп, тұтас нәрсенің бейнесін қурайды.

Қабылдаудың мағыналылығы. Бұл ерекшелік те қабылдаудың түйсіктерден негізгі айырмашылығын жақсы көрсетеді. Ол обьектілердің мазмүнын жақсылап түсінбейінше, белгілі тұжырымдар мен сөз арқылы аталмайынша, ол толық қабылданбайды. Қабылдауда обьектінің аты сөзбен /екінші сигнал жүйесі/ берілсе, қандай нәрсе болса да, оңай және тез қабылданады. Мәселен, өзіміз түсінбейтін тілде сөйлеген сөздерді мүлде үқпайтын болсақ, азын-аулақ хабарымыз бар тілді шала -шарпы қабылдаймыз. Адам ана тіліндегі сөздерге жақсы толык түсінетіндіктен ғана оларды толық қабылдай алады.



Заттар мен қүбылыстардың мағынасын түсінудің қарапайым түрі, тану. Нәрсені танымайынша, оны аңғарып қабылдау қиын. Тану жалпылай және даралап тану болып 2-ге бөлінеді. Жалпылай тану дегеніміз -талғаусыз қалай- болса солай тану. Жалпылай тануда адам нәрселердің өздеріне тән қасиеттерін біле бермейді. Обьектілерді даралап тану арқылы ғана оларды анық, толық қабылдауға мүмкіндік туады. Мәселен, көпшілік арасынан таныс адамды бірден.тану, көп киімнің ішінен өз пальтоңды бірден тану оп-оңай.


Қабылдаудың таңдамалылығы.Толып жатқан обьектілердің ішінен біреуін іріктеуіміз қабылдаудың таңдамалалығы делінеді.

Мысалы, кітап оқығанда ондағы бірер сөз қате жазылған болса, да байқамай оқып кете береміз. Егер кітапта "университет" деген сөз "унверситет" деп қате жазылса, да біз оны "университет " деп дүрыс оқимыз. Кітап оқығанда оның мазмүнына ерекше көңіл бөлетіндіктен мүндай қателер көзге түспей қалады. Ал жеке сөздерге, жеке әріптерге шүқшия көз салған жағдайда (мәселен корректорлар) текстің мазмүны үғылмай, күңгірт қалып қоятын кездері болады. Қабылдауда зейін аударып, талғаудың зор маңызы бар. Мүндай жағдайда обьек-нің назар аударылған белгілерін, касиеттерін, керек жақтарын ғана қабылдаймыз. Біздің назар аударатынымыздың ішіндегі ең бастылары қазіргі істеп жатқан әрекетімізге қажет қызықтыратын , қажететімізге жарайтын нәрселер болып табылады. Қабылдаудың таңдамалылығы әр түрлі обьективтік (обьектілердің ерекшеліктеріне-күші,қозғалысы,қарым-қатынасы) және субьективтік (адамның қабылданатын затқа қызығуы,оны қажетсінуі ,ол кездегі психикалық көңіл-күйі) себептерге де байланысты болып келеді.

Мұғалім бірнеше оқушыдан үй тапсырмасын сұраған кезде оған бір оқушының жауабы ерекше ұнайды.Бұған ол ерекше зейін қояды.Сонда мұғалімнің обьектісі сол оқушы болады да,қалғандарының жауабы жөнді еленбейді.Қабылдауда ерекше айқын көрініп тұрған нәрсе (жоғарыдағы мысалда баланың сабақты жақсы айтуы ) фигура делінеді де, қалғандары (осы сұраққа дұрыс жауап бере алмаған оқушылар) согың фоны болады.Сөйтіп аса зейін қойған нәрсе фигура боладыда,оның айналасында қоршау фон болып есептелінеді.

Фон мен фигураның өзара қатынасы мәселесін Дания психологі Э.Рубин енгізіп,кейіннен неміс психолгі М.Вертхеймар жалғастырған.Осылайша түрлі жағдайда әркімнің өзінше қабылдауы көбінесе адамның мамандығына байланысты.Мәселен суретші алдымен екі профильге назар аударса,мұражай қызметкері бірден вазаны көреді.

Қабылдаудың тұрақтылығы.Қабылдаудың тұрақтылығы деп-сырткы жағдайдың өзгеруіне қарамастан заттардың кейбір қасиеттерінің бір қалыпты болып, қабылдануын айтады: мәселен, біздің алдымыздағы телеграф бағаналарының бір бірінен қашықтығы көздің тор қабығында бірдей сәулеленбейді. Сонда да біз олардың шамасын бір-біріне тең деп қабылдаймыз. Өткені, олардың шындықтағы қалпы осындай. Осы заңдылықты түсіндіретін мысалдар толып жатыр.



Мәселен, ақ қағаз жасыл лампочканың жарығы түссе де, қызыл лампочканың жарығы түссе де бәрі бір ақ болып қабылдана береді. Жарықтың түрлі әсерінен көмір де бірде қара, бірде сүрғылт болып қабылданады.Мүның бәрі көру анализаторында түрлене бейнеленеді. Осы заңдылық түрмыста, еңбек процесінде түрлі заттарды тез, оңай тануға мүмкіндік береді. Қабылдаудың түрақтылығы адамның өткен тәжірибесіне де байланысты.




Бейнені түрақты түрге келтіруге, оны сол қалпында сақтауға мүмкіндік туғызатын ең жоғарғы психикалық функция -сөз. Әрбір заттың түсінігі сөзбен байланысты, сөз ғана затты бір түрақты түрде енгізеді.

Иллюзиялық қабылдау.Әрқашан да қабылданатын затқа, н/е қүбылысқа қабылдау сәйкес келе бермейді. Түрлі себептерге байланысты шындықты бүрмалап, теріс қабылдайтын кездер де болады.

Түрлі себептерге байланысты шындықтағы обьектілерді қате қабылдауды иллюзия деп атайды. Иллюзия сан алуан себептерге баиланысты паида болады. Мысалы, шай қүйылған стаканға салынған қасықтың "сынған" құсап тұруы физикалық қасиеттермен түсіндірілсе, кейбір нәрсе жөніндеп жаңсақ пікірлер адамның әр түрлі ерекшеліктеріне байланысты. ('Көзге қозу процесінің жайылуы, көздің затқа бейімделуі, қозғалысы , қабылданатын затқа көздің төсілмеуі т.б Илльюзиялардың табиғаты ғылымда әлі де толық зерттелмеген. Иллюзиялардың түрлері өте көп.Суреттермен мысал келтіріп көрейік.

Соның ішінде көру қабылдауында иллюзиялар жиі кездеседі. Бұл көбінесе заттардың кеңістікте орналасуы жағдайын адамның жөнді білмеуінен туады. Көру иллюзияларына: контраст, перспектива, қашықтық, заттың жоғары жағын артық бағалау, түзу кесіндінің -ығысу иллюзиясы т.б. жатады. Мәселен перспектива иллюзиясын алайық. Айталық үш бағананың биіктігі бірдей дейік. Ал қабылдау кезінде олардың ең әрідегісі бәрінен үлкен сияқты болып көрінеді. Мұның себебі-нәрсе алыстаған сайын оның бейнесі кішірейе беретіндіктен, нәрсе өзінен кішкентай нәрсенің қасында түрса үлкейіп , үлкен нәрсемен қатар түрса, кішірейіп көрінеді. Осы мысалдағы ортадағы дөңгелектер, шынында өзара тең, бірақ көзге әр түрлі болып көрінеді. Өйткені бірі- үлкен дөңгелектердің, екіншісі-кішкентай дөңгелектердің қоршауында түр. Тәжірибе арқылы тексеріп көру-қабылдаудың дүрыстығының бірден бір өлшемі. Мәселен, стакандағы шайдан қасықты алып, оның сынбағандығын байқау - осындай тәжірибенің қарапайым түрі. Иллюзияның заңдылықтарын дүрыс түсінудің тәжірибелік мәні зор. Мәселен, иллюзиялар архитектура мен бейнелеу өнерінде, әскери маскировкада, баспахана әріптерін жасауда, сахна безендіруде жиі қолданылады. Иллюзияларды адамның нерв жүйесінің ауруға шалдығуына байланысты туатын заттардың жалған теріс бейнелері-галлюцинациялардан ажырату қажет. Мүндай науқасқа үшыраған адамның үғыну қабілеті кемиді де, есі кіресілі-шығасылы болады.Мәселен оған ешкім дауыстамасада ол бір дауыс естігендей ,денесінде қайдағы бір жоқ жорғалап жүргендей көрінеді.Бұл көбінесе шизофрения,инфекция ауруларының негізінде пайдф ьолып отырады.Бұл ауруды психиатор дәрігерлердің көмегімен айтуға болады.Ми қабығында қозу процесі тежелумен алмаспай бір орында тұрып қалған кезде осындай галлюцинациалық бейнелер пайда болады.


Мәселен, оған ешкім дауыстамаса да ол бір дауыс естігендей денесінде қайдағы бір жоқ жорғалап жүргендей көрінеді. Бүл көбінесе шизофрения, инфекция ауруларының негізін де пайда болып, отырады. Бүл аурулардан психатр-дәрігерлердің көмегімен айығуға болады. Ми қабығында қозу процесі тежелумен алмаспай бір орнында түрып, қалған кезде осындай галлюцианалық бейнелер пайда болады.

Апперцепция / латынша қабылдауға қосымша.Қабылдаудың адамның жалпы психикалық түрмысы мен өткен тәжірибесінің мазмүнына байланыстылығын апперцепция дейміз. Апперцепция түрақы және уақытша болып екіге бөлінеді. Тұрақты апперцепция адамның қызығуы мен мамандығы, білімі мен дүние танымына байланысты болып отырады. Мысалы, түбір деген сөзді әр адам түрліше қабылдауы мүмкін. Апперцепциянын мол болуы бейімділікке байланысты. Білім адамның ойын тереңдетіп, оның мазмұнын кеңітіп қана қоймайды дүниені жан_жағынан терең түсіне білуге жағдай туғызады. Адам есейген сайын оның білімі тәжірибесі молая түседі, дүниетанымы қалыптасады. Бүл апперцепцияның өзгеруіне әсер етеді. Балалардың оқу материалын жақсы қабылдай алуы олардың аппперцерциясына байланысты болып отырады.Оқушыны жаңа сабаққа даярлау бұл, бір жағынан ,оның апперцепциясын тудырып отыр деген сөз.

Әр түрлі иллюзиялардың негізінде адам жаңсақ пікірде болады, мүны уақытша апперцепция дейді. Апперцепцияның уақытша түріне А.С. Пушкиннің "Вурдалак" деген өлеңі жақсы мысал бола алады. Осы өлеңде Ваня деген қорқақ бала түнде зират арқылы жүріп бара жатады. Ол қорыққаннан қара терге түседі, Сүйек кеміріп жатқан итті қабырдан шыққан өлікке балайды. Өйткені оның өзі осындай кереметтердің болатындығына сенетін.

М.Әуезов (Қыр әңгімелерінде ) Жортар қарттың басынан кешкен бір оқиғаны былайша суреттейді:Бейіттің іші әлгіден де жарық болып кетті,артынан бәсеңдегендей болды....құдай көрсетіпесін –көзіме өзінің бұрын атын естімеген ,түсін көрмеген бір пәле көрінде.

Алғашқы көрген кезде жалмауыз дедім.Нобайы адамға ұқсамайды.Қап-қара ,тырдай жалаңаш.Бойы еңгезердей ,үлкен ,йықты кісі бойы –қол сұғымдай шашы бұрқырап тұр.Көзіме түскен ,әсіесе,қорқынышты жері-аузы.Ырсиып,от болып,тістері ақсиып сойдиып тұр екен.Аузынан кәдімгідей от бүркіп тұр....өзге еш жері көрінбейді.Қараңғы бұрышта қып-қызыл от болып жанып тұрған ырсиған аузы ,ақсиған тісі қана көрінгендей болды....тұрайын десем ,буынымды баса алатын емеспін....қозғаларға шамам жоқ...құр сүлдем отыр.Бір мезгілде...ақарын келіп иығымнан бас салды.

Жын шайтан,пері,албасты дейтін ұғымдарға қатты сенетін адамға бейіт ішінде осындай керемет көріністерді туғызған жауынан паналап жүреген екінші бір адамның әлсін әлсін жағып жүрген сіріңкесі екен.Қорыққанға қос көрінеді деген мәтел осыдан қалса керек.

Байқау дегеніміз –белгілі мақсатпен обьектіні әдейілеп қабылдау.Қабылдау үшін оны көру жеткіліксіз ,оған белгілі көзқарас бойынша баға берілуі қажет.Бір нәрсені мұқият байқау үшін біраз уақыт бойына жүйелі түрде бір обьектіні бөлір алып қадағалаған дұрыс.Бұл-байқаудың негізгі шарттарының бірі.