ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.08.2021
Просмотров: 191
Скачиваний: 1
Байқау үшін белсенді ой жүгірту ,арнайы зейін қою ,байқау нәтижесін сөзбен айтып отыру ерекше маңыз алады.Адамның ақыл-ой әрекетінің дамуында заттар мен құбылыстарды тез байқай алу көп пайдасн тигізеді.
Байқағыштық-кез-келеген уақытта көзге ілінбейтін ,ілінседе оған көбінесе әмн берілмейтін нәрселерге ерекше зейін қоюшылық.Мәселен,бүркіт пен тазының арасындағы шайқастың ұсақ-түйектерін тек жақсы аңшы ғана байқай алады.
Байқағыштық жаңа фактілерді білуге құмарлықты ,олардың егжей тегжейін білуді ,адамның әрдайым қабылдауға даярлығын тілейді.Сонымен қатар ,жіті көру мен қалтұысыз естуді ,бір зат пен екінші заттың байланысын аңғара білуді қажет етедді.Байқағыштық қасиет-адамның өмір сүрген ортасына ,алған тәлім тәрбиесіне ,мамандығына ,айналысқан кәсібіне де байланысты.Мысалы,Австралияның абориген тайпасының балалары шөл даладағы мың сан белгілерді қатесіз оқи алады,құмға түскен ізге қарап көптеген құпия сырларды ашады.Олар қандай құстың ізі суатқа келетіні ,кенгурудың тырнағы тиіп ,аударылып түскен тастың жерге қарап жатқан бетінің аз-маз өзгеогенін ізге қарап ,адамның оң иығында ауыр заттың барлығын ,бойының ұзындығын ,денесінің салмағын табады.
Байқағыштық-өмірдің әр саласы үшін өте қажет қасиет.Байқағыштық,әсәресе,ғылыми жұмыста ,мұғалімдік қызметте ,ақын-жазушының өмірінде ерекше орын алады.
Кеңістік пен уақыт материяның өмір сүруінің негізгі формалары. Сондықтан кеңістік пен уақытты материядан бөлектеу, оларды материядан аулақ өмір сүру деу шындыққа сай келмейді.Кеңістікті қабылдау заттар мен құбылыстардың көлемін, тұрқын, түрін аумағын алыс жақындығын, түрқын, тайыз-тереңдігін бағыт-бағдарын қабылдау деген сөз. Кеңістікті қабылдау өте күрделі процесс. Мәселен, заттың көлемі мен түрін қабылдау -көру, сипай сезу, қимыл қозғалыс түйсіктерінің күрделі үйлесімі арқылы жүзеге асады. Қашықтық пен заттардың көлемін қабылдауда көздің көрілетін затқа бір көздей болып әрекет етуі қажет болады. Бүл қүбылыс жақындағы нәрсені ажыратуға байқалады. Көз тіккен нәрсе неғүлым жақын түрса, конвергенция да сонша күшті болады да, көз ішке бүрыла береді. Көздің түрлі қашықтықтан заттарды көруге бейімделу қабілеттілігін аккомадация деп атайды. Көздің аккомадациясы хрусталь дөңестігінің өзгеруіне байланысты жақын заттарды көргенде жиырылады да алыстағы заттарға қарағанда ашыла түседі. Кеңістіктегі заттарды қабылдауда көру қозғалыс анализаторының мәні ерекше. Бір эксперименттік зерттеуде көру қозғалыс қабылдауды қатыспайтын бірде-бір мектептік пән жоқ екендігі шәкірттердің оқу материалдарын тиянақты үғыну, жіберген қателерін кезінде көре біліп, түзету әр тәннің өзіндік ерекшелігі түрлі аспаптар мен жүмыс істеуге ықпал ететіндігі жақсы байқалған. Қашықтықты қабылдау өте күрделі процесс. Мәселен, іштей соқыр болып туған адам көзіне операция жасағаннан кейін де қашықтықты айыра алмайды. Оның көзінің іліккен нәрсенің бәрі бірдей дәл алдында түрғанға үқсайды. Алыстағы заттар қозғалса, өзі соқтығып, қалатындай көреді. Кеңістікті дүрыс қабылдап үйрену кішкентай кезден басталады. Мәселен, мектеп жасына дейінгі балалар түрлі нәрселерді үстап, байқап сипап қарайды, олардың формасын үлкен-кішілігін көреді. Кейін есейіп, тәжірибесі артып, ой-өрісі кеңейген кезде заттардың кеңістікке орналасуы жақсы аңғара алады. Заттардың кеңістікте орналасуын дүрыс біле алудың адамның іс-әрекеті үшін қаншама маңызы екендігі түсінікті.
Уақыт та кеңістік сияқты қозғалушы материяны, өмір сүруінің обьек-к реалды формасы.
Уақытты қабылдау да сыртқы дүниедегі заттар мен қүбылыстарда болатын өзгерістердің санаға әсер етіп қалдыратын бейнесі.Уақыт дүниедегі заттардың өзгеріп, бір калыптан екінші қалапқа көшіп, ескі заттардың жоғалып, олардың орнына жаңа заттардың пайда болып отыруының көрсеткіші.
Уақытты қабылдау бірнеше компоненттерден түрады. Соның бірі-уақыттың ритмі.Уақыттың ритмі-құбылыстардың белгілі ырғақпен өтіп жататын бір ізділігі. Уақыт темп арқылы көшеді. Темп-құбылыстардың бір ізділігінің, тездігінің не баяулығының көрсеткіші.
Уақыттың қабылдануы оның қандай мазмұнда болуымен де шарттасып жатады. Егер ұсақ -түйек әрекетпен өткен уақыт ұзақ болып көрінсе, пайдалы әрекетке толы уақыт тез өтеді. Көбінесе уақытты субьективтік болжау дұрыс болмай шығатындықтан, оны обьективтік өлшемдермен өлшеген дүрыс болады.
Адамдардың барлығы біркелкі қабылдай бермейді. Мұнда топ, адамға тән типтік өзгешіліктер де болады. Кейбір адамдар қабылдау кезінде заттың өзіне. Жеке түрқына, сырт көрінісіне көңіл аударуға бейім болады, олар көргенін баяндауды ғана мақсат етеді. Енді біреулер сол заттың мән мағынасына көз жібереді, қабылдағанын жан-жақты түсіндіріп, беруді қажетсінеді. Осы айтылғанға орай бірінші топтағы адамдарды қабылдаудың баяндауышы типіне, ал екіншілерін түсіндіруші типке жатқызуға болады. Қабылдау саласында адамдар обьек-к және субьек-к типтер болып та бөлінеді. Бірінші типтің өкілдері заттар мен қүбылыстарды дәл, айқын ешбір қоспасыз сол қалпында қабылдайды, өз жанынан еш нәрсе қоспайды. Ал субьективтік типтегі адамдардың қабылдауында долбарлау қиялдап жаңа образдар қосу жағы басым болады. Мүндайда қабылданатын заттан гөрі адамның сезім күйлері ерекше әсер ететін болады. Субьективтік типті кейде қабылдаудың эмоциялық типі деп те атайды. Қабылдау синтезді, анализдік типтер де кездеседі. Қабылдаудың өмірге өте икемді типі-анализдік синтездік тип. Қабылдау саласындағы типтік еріктер бұл айтылғандармен ғана шектелмейді. Сондай-ақ бүлардың қай-қайсысы болмасын түрақты өзгермеуі қажет емес, түрмыс дағды -әдет, іс-әрекеттің мақсаты мен мазмұны, адамдардың жас және дара ерекшеліктері т.б. белгілі жағдайларда қабылдау саласындағы типтік ерекше қабылдау саласындағы типтік ерекшеліктерді өзгеріске түсіріп отырады.
Балаларда қабылдаудың дамуы түйсік,ойлау процестерінің дамуымен бірге жүріп отырады.Қабылдаудың дамуында тілдің шығуының маңызы зор.Өйткені қабылдаған нәрсенің аты-жөнін атап отыру –оның мағынасын ұғынуға жәрдем етеді.Мағынасын ұғыну арқылы ғана затты жақсы қабылдауға болады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың өмір тәжірибиесі аз.Сондықтан олар заттарды көбінесе үстірт қабылдайды.Мәселен,төрт-бес жастағы бөбектер кеңістік пен уақытты ,алыстықпен өашықтықты нашар ажыратады.
Уақытты дұрыс қабылда уда балаларға қиын.Бөбектер күн мен түнді ,жылдың төрт маусымын бір сыдырғы ажыратқанымен бүгін емн ертеңді,кешегі мен бірсігүнді шатастырып отырады.Олардың келер шық пен өткен шақты қабылдауы да мардымсыз.
Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдауы олардың қимыл әрекетіне байланысты және эмоциялық бояуларға бай болып келеді.Мәселен,олардың қозғалмалы,бояуларға тез зер салғыш келетіні ,қанық нәрселерге ерекше құмартатыны да осыдан.Төменгі сыныптарда оқитын балаалрдың қабылдауында мына төмендегідей ерекшеліктер болады.Олар әлде де болса да құбылыстарды тұтас зат күйінде қабылдай алмайды.Бала заттың көлдеенң кезіккен жеке қасиеттері мен белгілерін ғана көреді,заттарды талдай қабылдау жағы жетілмей жатады.Мысалы,ол заттың өзіне ұнағанын олардың көзге бірден көрінетінін сыртқы белгілерін қабылдауға ұмтылады.Мұндай қабылдауда белсенділік жағы аз болады.Егер обьектіні қабылдау қиынға соқса ,бала оған қынжылмайды,екіншісіне ауысады.Қабылдаған затының жеке бөліктерін тізбектей алғанмен ,бірақ онда жүйе болмайды.Мәселен,оқушы көбелектің құрылысын айтқан кезде:қанаты ақ,қанатында ақ дақтары бар екендігін,мұрты,көзі ,құйрықшасы боладыы деп тізбектейді де ,оның негізгі ерекшелігін естен шығарады.Кейде бала нәрсенің жеке жақтарын қабылдайды да,оның тұтас зат екенін ұмытады.Мәселен ,оқушы кружканың суретін салғанда ,тұтқасын шамадан тыс үлкейтіп жібереді,ал үйдің суретін салғанда есік,терезесі еденініен төбесіне дейінгі жерді алып жатады.
Үшінші сыныптан бастап балалардың қабылдау саласындағы осындай қателері азая бастайды.Оқушы заттың негізгі белгілерін байқай алатын болады.Қабылдауда анализ бен синтез қатар жүреді.Бала әр заттың өзіндік белгісін ұққысы келеді,оның мәніне,ішкі,сыртқы құрылысына ,жасалу приципіне зер сала бастайды.Енді затты жан жағынан байқап көргісі келеді.Заттарды дұрыс қабылдау ,мәніне түсіну барлық пәндер бойынша бірдей болмайды.Мәселен , күнбе-күн өтілетін арифметика ,ана тілі сабақтарына қарағанда сирек болатын ән-күй ,сурет сабақтарынан бала қабылдаудың даму дәрежесі әлдеқайда баяу болады.
Қабылдау процесінің күрделене түсуі баларда байқай алу қабілетінің көрінуімен ұштасады.Байқаудың қарапайым элементі бірінші сынып оқушысындада бар.Мысалы ,қоңыздың мұртшасы ,көзі,табаны,аяғы бар деп тізбектеуі –оның байқай алатындығының белгісі.Байқау –белсенді ой әрекетінің балада дамып келе жатқандығының көрінісі.Ал екінші сынып оқушыларында селсоқ қабылдаудан белсенді қабылдауға көшу ,ұқсас заттарды іздестіру ,дәлелдеме келтіру біршама жетіле түседі.Мұғалім белсенді қабылдауының дами түсуіне дұрыс басшылық етуі тиіс.Үшінші төртігші сынып оқушылары обьектінің түсіне ,түріне ,үлкен кішілігіне назар аудара алады,байқаудың мақсатын түсінеді,нәтижесін сөз арқылы тұжырымдап ,бірнеше обьектілерді байқай алуға шамасы келеді,обьектілердің бір-бірімен байланысын түсінуді ойлайды.Осы жастағы баланың байқауы да қабылдауы сияқты эмоциясымен ,қызығуларымен қосарлана жүреді.Байқаудың белсенді жүріп отыруына сезім мен қызығу жақсы әсер етеді.Сондықтан да мұғалім байқау кезінде оқушылардың әрқайсысының белсенділігін қадағалап отырғаны абзал.Өйткені бала обьектілерді қарауға селсоқ кірісетін болса ,байқау дәрежесі өте төмен болады.
Мектепте барлық сабақтардың барлығын бала қабылдауын дамытудағы ерекше рөлін ескере келіп,әрбір мұғалім мына төмендегі шарттарды орындап отыруы тиіс.
1)Көрнекі құралдарды пайдалануда балалардың жас ерекшелігін мұқият ескеруі жөн.
2)Оқушы байқаудың ,қабылдаудың мақсатын айқын ұғынып ,қабылданатын заттар мен құбылыстардың мәнісіне қалайда түсінгені мақұл.Мәселен,бала әдебиеттегі көркем шығарманы қабылдағанда оның мазмұнымен бірге басты кейіпкердің мінез-құдқына ,мазмұндаудың тәтртібін түсіне білмейінше ,оны мағыналы түрде қабылдай алмайды.
3) Қабылданатын заттар мен құбылыстарды бір-бірімен салыстыруға, жаңа материалды оқушылардың бұрынғы білмдерімен үнемі байланысырып отыруға, әр-түрлі обьектілердің жеке жақтары мен ұқсасықтарын ажыратуға көзделген басты мақсат пен жеке мәселелрді түсініп , айыруға қатты зер салу қажет.
4) Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыруда оқу материалының түрі ,көлемі ,ауыр-қиындығы еске алынып,бұларды қабылдауының сапалы болуы мұғалімнің дұрыс нұсқау беруіне де байлаеысты.Мәселен сурет көрмесін көрген оқушыларға кейін ондағы нәрселерді қайтадан айтып беру міндеті қойылмаса ,сол нәрседен санасында бұдыр елес қана қалатын болады.
5)Оқушылардың байқағыштық қасиетін тәрбиелеу үнемі есте болғаны жөн.Қабылдау мен бақылаудың дәлдігін тәрбиелеуде ауызша сөзіндегі немесе жазғандағы қателерін сезіне түзеттіріп ,оны қайтадан дұрыс қабылдап үйренуге әдеттендіру керек .
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Қ.Жарықбаев (2011)
-
www.google.com