ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.08.2021

Просмотров: 309

Скачиваний: 4

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ф КГМУ 4/3-03/01

ПП КГМУ 4/01


қарағанды мемлекеттік медицина университеті


Медбиофизика және информатика кафедрасы













ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ




Тақырыбы: «Деректер базасын басқару жүйесі.MS Access. Запрос құру. Есеп генерациясы. Стандарттық макросты қолдану»


Мамандғы: 5B110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау»

Пән: ООDОO5 Inf 1105 ИНФОРМАТИКА

КУРС: І


Құрастырушы: оқытушы Ыдырыс Ж.Б.














Қарағанды, 2010


Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген

____ Хаттама «____»______ 2010__ж.

Кафедра меңгерушісі ________________ Койчубеков Б. К


Тақырыбы: «Деректер базасын басқару жүйесі.MS Access. Запрос құру. Есеп генерациясы. Стандарттық макросты қолдану»


Оқыту мақсаты

  • Мәлімет базасындағы сұранысқа анықтама беріңіз

  • Сұраныстың негізгі топтары

  • Сұраныс түрлері

  • Сұранысты құру әдістері

  • Констурктор бланкасындағы сұраныс қатарының (строк) берілуі

  • Есептің негізгі берілуі және анықтамасы

  • Есептің құрылымы және түрлері

  • Макросқа анықтама

  • Макрокомандалардың берілуі.


Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  • Қиылысқан сұраныстың құрылуы мен анықтамасы

  • Мастер формның көмегімен негізгі кестедегі үлгіні құру және оны сақтау

  • Товарларжәне “Поставщиктер кестелері үшін үлгі құру

  • Товарларжәне “Поставщиктер кестелері үшін есеп құру

  • Ашылған керекті құжаттарға макрос құру


Оқытудың және үйретудің әдістемесі:

    • - сұхбат;

    • Сабақтың тақырыбы бойынша берілетін есептерді шешу. (1 қосымша)

    Әдебиет:

        1. Балапанов Е.Қ. Берібаев Б., Дәулеткұлов А.Б.Жаңа информациялық технологиялар: Информатикадан 30 сабақ /Алматы : ЖТИ, 2003, 2007. - 400 с

        2. Изтлеуов М.К., Беккужина А.И., Жалимбетова Н.К.Информатика: Жоғары медицина орындарына арналған оқулық /Актөбе, 2005. - 394 с.

        3. Камардинов О Информатика : Оқу құралы /- Алматы : Карасай, 2008. - 360 с

        4. Омарбекова Н. К Информатика негіздері: Оқу-әдістемелік кұрал / Қарағанды: ҚММА, 2006. - 70 с

        5. Гельман В.Я..Медицинская информатика: Практикум / Гельман, Виктор Яковлевич. - СПб.: Питер, 2002. - 468 с.


        БАҚЫЛАУ:


              1. Білімдердің бастапқы деңгейінің тест-бақылауы.


            II. Келесі сұрақтар бойынша сұрау:


            1. Сұраныс деген не?

            2. Сұраныстың қандай түрлері бар?

            3. Өңдеуге арналған сұраныс деген не?

            4. Параметрлік сұраныс деген не?

            5. Қиылысқан сұраныс деген не?

            6. Есеп дегеніміз не?

            7. Есептің қандай түрлері бар?

            8. Есептің құрылымын атаңыз.

            9. Макрос дегеніміз не?

            10. Макролкоманданың қандай түрлері бар


              1. Бақылау тапсырмасын орындау және тексеру.

              2. Тесттік сұрақтар.


            1 ҚОСЫМША.

            Сабаққа арналған ақпараттық – дидактикалық материал.

            «Деректер базасын басқару жүйесі.MS Access. Запрос құру. Есеп генерациясы. Стандарттық макросты қолдану»

            Деректер қоры кестесінен не байланысты кестелерден белгілі шартты қанағаттандыратын нәтижелік кесте құруға болады. Негіздік кестемен жаңылыстырмау үшін оны сұраныс обьектісі не жай сұраныс деп атайды. Яғни, сұраныс – дегеніміз пайдаланушының шартын қанағаттандыратын шарт.

            Access –те сұраныстың екі типін құруға болады: QBE-сұранысы, SQL-сұранысы.

            QBEсұранысы (Query By Example) — бұл сұраныс конструкордың көмегімен құрылған сұраныс.

            SQL-сұранысы — бұл сұраныс SQL (Structured Query Language — структурированный язык запросов) нұсқауының жиынтығы бойынша құрылған сұраныс.

            Барлық сұраныстар екі топқа бөлінеді: таңдау сұранысы, әрекет (действие) сұранысы.

            Іріктеу немесе таңдау сұранысы – пайдаланушының өзіне қажетті шартқа байланысты таңдау арқылы жасалынатын сұраныс. Бұл сұранысқа сұраныстың мына түрлері жатады:

            Кестеге байланысты сұраныс — байланысқан кестедегі мәліметтерді таңдау арқылы жүргізіледі. (позволяет производить выборку данных из связанных таблиц).

            Қиылма сұраныс — кестенің таңдалған өрістерінен берілгендерді топтап, оларды ыңғайлы түрде беру.

            Парамертлік сұраныс — пайдаланушының белгілі бір критериін қанағаттандыратын шарт.

            Өзгермелі сұраныс – пайдаланушының белгілі бір критериіне байланысты бірнеше жазбаға өзгеріс енгізу.

            Қорытынды сұраныс — математикалық есептеулерді жүргізіп, оның қорытындысын шығарады.

            Сұраулармен жұмыс

            Сұраулар: бұл не және қалай жұмыс істейді

            Сұраулар мәліметтерді түрлі әдістермен қарап шығу, өзгерту және талдау үшін қолданады. Сұрауларды сонымен қатар формалардың, есептердің және мәліметтерге қатынау беттерінің жазбаларына қайнар ретінде қолдануға болады.

            Microsoft Access-те түрлі сұраулар құруға болады: таңдау сұрауы, параметрлері бар сұраулар, қиылысқан сұрау және өзгерту сұрауы.

            Таңдау сұраулары және оларды қолдану

            Таңдау сұрауы сұраудың ең жиі қолданатын түрі. Бұл типті сұраулар бір немесе бірнеше кесте мәліметтерін қайтарады және оларды кестелер түрінде көрсетеді, оның ішіндегі жазбаларды жаңартуға болады (кейбір шектеулермен). Таңдау сұрауларын жазбаларды топтауға, суммаларды, орташа мәндерді есептеуге, қорытынды мәндердің басқа жазбаларын табуға қолдануға болады.

            Параметрлері бар сұраулар

            Параметрлері бар сұраулар — бұл орындау кезінде өзінің диалогтық терезесінде мәліметтер енгізуге шақыруы шығатын сұрау, мысалы, қріске кірістірілетін жазбаны не мәнді қайтару шарты. Мәліметтердің бірнеше бірлігін енгізуге шақыруды шығаратын сұрау құрастыруға болады, мысалы, екі дата. Сосын Microsoft Access осы екі дата арасындағы интервалға келетін жазбаларды қайтара алады.

            Параметрлері бар сұрауларды формалар, есептер және мәліметтерге қатынау беттерінің негізі ретінде қолдану ыңғайлы. Мысалы, параметрлері бар сұраудың негізінде табыстар туралы айлық есеп құруға болады. Осы есепті басу кезінде Microsoft Access экранға табысы есептелуі қажет айды енгізу туралы шақыруды шығарады. Айды енгізген соң Microsoft Access сәйкес есепті баспаға шығарады.