? Терең сезімталдықтың бірінші нейроны қайда орналасқан:
- Голль шоғырының ядросында
- артқы орталық ирелеңде
+ жұлын түйінінде
- жұлынның артқы мүйізінде
- жұлынның алдыңғы мүйізінде
? Терең сезімталдықтың екінші нейроны қайда орналасқан:
- жұлын түйінінде
- артқы орталық ирелеңде
+ сопақша мидың ядросында
- жұлынның артқы мүйізінде
- жұлынның алдыңғы мүйізінде
?<question> Беткей сезімталдықтың екінші нейроны орналасқан:
- Голль шоғырының ядросында
- артқы орталық ирелеңде
+ жұлынның артқы мүйізінде
- жұлынның алдыңғы мүйізінде
- жұлын түйінінде
? Беткей және терең сезімталдықтың үшінші нейроны қайда орналасқан:
- Голль шоғырының ядросында
+ көру төмпешігінің ядросында
- артқы орталық ирелеңде
- жұлынның артқы мүйізінде
- жұлын түйінінде
? Бет нервінің перифериялық парезіне қандай симптом тән?
- тілдің 1/3 артқы бөлігінде сезімталдықтың бұзылысы
- сыртқа қарай қылилық
+ гипоракузия
- птоз
- феномен Белла
? Науқаста бет нервінің орталық салдануы байқалады. Төменде келтірілген симптомдардың қайсысы тән?
- Белл симптомы
+ "Шарко" симптомы
- кірпік симптомы
- лагофтальм
- қасты көтеру мүмкін емес
? Науқас жүргенде оңға қарай құлауына, жазуының өзгергенгеніне шағымданады. Тексергенде оң аяққолда бұлшық ет тонусы төмендеген, оң қолында адиадохокинез и гиперметрия, мұрынсаусақ, өкшетізе сынамасы кезінде интенционды діріл. Синдром қалай аталады? Ошақ қайда орналасқан?
+ оң жақтық мишықты атаксиясы, мишықтың оң жақ жарты шарында
- сол жақтық мишықты атаксиясы, ми бағанында
- маңдай атаксиясы, маңдай бөлігінде
- вестибулярлы атаксия, ішкі құлақта
- сенситивті атаксия, жулынның артқы бағанында
? Хореялық гиперкинездерге тән ерекшеліктер
+ координирленбеген, түрлі бұлшық ет топтарында еріксіз қимылдар
- тыныштық жағдайында қолбасының дірілі
- қолдың дисталды бөлігінде баяу, құрт тәрізді қимылдар
- ядроны лақтырғандай қимыл
- дененің айналмалы қимылдары
? 74 жастағы әйел қолбасындағы дірілге, қимылдарының азайғанына, жоғары тершеңдік пен сілекейдің көп бөлінуіне шағымданады. Объективті: беті маска тәрізді, мимикалары аз. Тері жабындылары майлы, жоғары тершеңдік, сілекейдің көп бөлінуі анықталды. Сөйлеуі баяу, монотонды, өшіп бара жатқандай дауыс. Бұлшық ет тонусы «тісті дөңгелек» тәрізді жоғарылаған. Қолбасында айқын 4-6 Гц жиіліктегі діріл. Қолбасындағы тремор эмоциялық қобалжуда күшейе түседі, ұйықтағанда және ерікті қимылдар жасағанда жойылады. Науқастың жүрісі өзгерген: аяқбасын сүйреп, майда тар қадамдармен жүреді. Оған қимылды бастап алып кету қиын, ал тоқтау керек болған кезде бірден қимылдарды тоқтата алмайды. Қандай жүйе зақымданған:
- ми қыртысы- нуклеарлық
- ми қыртысы - жұлындық
- мишық
+> паллидарлы
- стриарлық
? Стриарлы экстрапирамидті жүйенің зақымдануына тән синдром:
- таламустық синдром
- Броун-Секар синдром
+ гипотоно-гиперкинетикалық синдром
- акинетико-ригидті синдром
- альтернирлеуші синдром
? Сырқатты тексеру нәтижесiнде гипотония, статикалық атаксия анықталды. Отыра алмайды, артқа, алдына шалқалап құлайды, аяғының арасын ашып, шайқалып жүреді. Топикалық ошақты табыңыз.
- қыртыс асты түйіндер
- ми жарты шары
+ мишықтың табаны
- вестибулярлық аппарат
- артқы баған
? Қандай құрылым зақымданғанда биназальды гемианопсия дамиды?
+ хиазманың орталық бөлігі
- көру сәулесі
- хиазманың сыртқы бөлігі
- көру нерві
- көру трактісі
? Қандай құрылым зақымданғанда битемпоральды гемианопсия дамиды?
- хиазманың сыртқы бөлігі
- көру сәулесі
+ хиазманың орталық бөлігі
- көру нерві
- көру трактісі
? Қандай құрылым зақымданса гомонимді гемианопсия дамиды
- хиазма
+ көру тракті
- көздің торлы қабығы
- төбе бөлігі
- көру нерві
? Науқаста корнеальді рефлекс шақырылмайды. Қай нерв зақымданған
- көру нерві
- иіс сезу нерві
- бет нерві
+ үшкіл нервтің бірінші тармағы
- үшкіл нервтің екінші тармағы
? Науқаста сыртқа қарай қылилық дамыды. Қай нерв зақымданған?
- көз
- бет
+ көз қозғалтқыш
- шығыршық
- әкетуші
? Сырқаттың бетінде ассиметрия, оң жақ мимикалық бұлшық еттері салданған. Қай нерв зақымданған?
- VIII жұп
+ VII жұп
- III жұп
- V жұп
- X жұп
? Сырқат оң қол-аяғындағы әлсіздікке шағымданды. Обьективті: гемипарездің жүріс, сол көзін жұма алмайды, ұртын үре алмайды.
Қандай алмасушылық синдромы туралы ойлайсыз?
+ Мийяр- Гублер синдромы
- Джексон синдромы
- Вебер синдромы
- Валленберг- Захарченко синдромы
- Фовиль синдромы
? Науқаста әкеткіш нервтің зақымдануы анықталған. Қай симптом анағұрлым ықтимал?
- сыртқа қарай қылилық
+ ішке қарай қылилық
- мидриаз
- шайнау бұлшық еттерінің салдануы
- төменге қарағанда диплопия
? Науқаста дисфагия, дизартрия, дисфония және тілдің атрофиясы байқалады. Анағұрлым ықтимал синдромды атаңыз.
- бульбарлы синдром
+ псевдобульбарлы ссиндром
- амиостатикалық синдром
- жалпымилық синдром
- гиперкинетикалық синдром
? Көру анализаторының қыртыстық бөлігі қайда орналасқан?
+ шүйде аймағында
- алдыңғы орталық иірімде
- ортаңғы маңдай иірімде
- тілді иірімде
- ілмекті иірімде және аммонды мүйізде
? 70 жастағы науқаста дисфагия, дизартрия, дисфония, күштеп жылау, оральді автоматизм рефлекстері байқалады. Анағұрлым ықтимал синдромды атаңыз.
- псевдобульбарлы синдром
+ бульбарлы синдром
- амиостатикалық синдром
- жалпымилық синдром
- гиперкинетикалық синдром
? Науқаста дисфагия, дизартрия, дисфония және тілдің атрофиясы байқалады. Топикалық ошақты атаңыз.
+ сопақша ми
- варолиев көпірі
- ортаңғы ми
- бас миының маңдай бөлігі
- бас миының самай бөлігі
? Науқаста оң жоғарғы жақ пен жоғарғы тістер аймағында айқын ұстама түріндегі «электр тоғы» тәрізді ауру сезімі байқалады. Ауру сезімі шайнаумен, жуынумен және жай қолын тигізумен өршиді. Беттің сезімталдығы сақталған. Ең дұрыс қойылатын диагноз?
- оң жақ тіл-жұтқыншақ нервісінің невралгиясы
+ үшкіл нервтің невралгиясы, оң жақтағы ІІ тармағы
- оң жығындағы бет нервінің нейропатиясы
- оң жақ бет жартысы бұлшықеттерінің орталық салдануы
- бас сақинасы
? 42 жастағы науқаста сол аяқ қолда қатты ауру сезімі мазалап, жүрісі бұзылды. Объективті гемигипестезия, гиперпатия, гемианопсия. Топикалық ошақты анықтаңыз.
+ көру төмпешігі
- сопақша ми
- ішкі капсула
- варолиев мост
- бас миының маңдай бөлігі
? 33 жастағы науқаста оң жоғарғы жақ пен жоғарғы тістер аймағында айқын ұстама түріндегі «электр тоғы» тәрізді ауру сезімі байқалады. Ауру сезімі шайнаумен, жуынумен және жай қолын тигізумен өршиді. Қандай препаратты бірінші кезекте тағайындау керек?
- прозерин
- маннит
+ карбамезепин
- ацикловир
- гепарин
? Бүгу – шынтақ рефлексі доғасы?
+ С5-С6
- С5-С8
- С7-С8
- С1-С2
- С4-С5
? Шынтақ-жазғыш рефлексі доғасы?
+ С7-С8
- С5-С6
- С5-С8
- С1-С2
- С4-С5
? Карпо-радиальды рефлексі доғасы?
+ С5-С8
- С5-С6
- С7-С8
- С1-С2
- С4-С5
? Ахилл рефлексі доғасы?
+ S1-S2
- С6-С7
- С4-С5
- L3-L4
- L5-S1
? Тізе рефлексі доғасы?
- L3-L4
+ S1– S2
- С6-С7
- С4-С5
- L5-S1
? Науқаста қолдың дисталды атрофиясы, трофикалық бұзылулар және Горнердің белгілері байқалады. Төменде келтірілген парездердің қай түрі анағұрлым тән?
- Эрба - Дюшенна парезі
+ Дежерин - Клюмпке парезі
- қолдың жалпы парездері
- диафрагма парезі
- тетрапарез
? 46 жастағы науқаста шөлдеу, жиі кіші дәрет, мұздау, қолда және аяқта жансыздану, кейде құсырсқа жыбырлағандай сезімдер және әлсіздік байқалады. Объективті: аяқ саусақтарының күші төмендеген, тізе және ахилл рефекстері жоқ, «шұлық және қолғап» түрінде сезімталдықтың бәсендеуі, аяққолдың түсі өзгерген, табанда гипоальгезия. Төменде келтірілген нервтердің қайсысы зақымданған?
- кіші жіліншік нерві
+ перифериялық нервтер
- үлкен жіліншік нерві
- шынтақ нерві
- шонданай нерві
?34. Науқаста қол басы «маймыл алақан» болып өзгерген, қолбасын жұдырыққа түйе алмайды, 1,2,3 саусақтарын бүге алмайды, бас бармақты өзге саусақтарға қарама қарсы қою мүмкін емес, алақан мен 1,2,3 және 4 саусақтардың алақан жағында сезімталдық бұзылған, айқын трофикалық бұзылыстар мен ауру сезімі анықталады. Төменде келтірілген нервтердің қайсысы зақымданған?
- жауырын асты нерві
- тері бұлшық ет нерві
+ ортаңғы нерв
- кәрі жілік нерві
- шынтақ нерві
?35. Кәрі жілік нервінің зақымдануынң тән симптомі:
- қолбасын жума алмау
- «құс тұяғы» қолбасы
+ «салбыраған» қолбасы
- «маймыл алақан»
- гипотенордың гипотрофиясы
?36 Шынтақ нервінің зақымдануына тән симптом:
+ «құс тұяғы» симптомы
- карпо-радиальді рефлекстің төмендеуі
- «маймыл қолы» симптомы
- үлкен саусақты әкете алмауы
- 1-2 саусақтардың алақан бетінің гипестезиясы
?37. Науқас оң кеуде аймағында қатты күйдірген ауру сезіміне, төс аймағында көпіршік тәрізді бөртпелерге шағымданады. Невролог тексергенде осы аймақта гипестезия анықталған. Патологиялық ошақ қай жерде орналасқан?
+ жұлындық ганглии Тh5-6 оң жағы
- артқы түбіршек Тh10-12 сол жақ
- алдыңғы түбіршек Тh10-12 оң жақ
- жұлындық ганглии Тh7-10 оң жағы
- алдыңғы түбіршек Тh7-10 оң жақ
?39. Дюшен –Эрба жоғарғы иық өрімінің салдануында зақымдалатын сегмент:
- С1 –С2
+ С5 –С6
- С3 –С4
- С7 –С<8
- С8–Д1
?40. Үшкіл нервтің невралгиясына қандай симптомдар тән?
- беттің жартысының ұзаққа созылған ауру сезімі
- дәм сезудің бұзылуы
+ үшкіл нерв жүйкесінің шыға беріс нүктелерінің ауру сезімі, беттің жартысының жедел ауруы, ұзақтығы 1 -2 мин
- мимикалық бұлшықеттің парезі
- гиперсаливация
?41. Науқас ауруханаға түскенде аяқтарындағы әлсіздікке, жүріп тұру қозғалысының қиындағанына шағымданады. Анамнезінде і апта бұрын ЖРВИ ауырған. Неврологиялық статуста бұлшық ет тонусы аяқта томендеген, аяқ бұлшық ет күші 3 балға, қол бұлшық ет күші 4 балға төмендеген.Терең рефлекстер қолда төмендеген, аяқта шақырылмайды. Сезімталдық бұзылыстар жоқ. Құрсақ органдарының функциясы сақталған. Болжамды диагноз қандай?
+ жедел қабынған миелинсізденген полирадикулонейропатия (Гийена-Барре синдромы)
- миастения
- миелопатия
- дискогенді радикулит
- инсульт
?42. Науқас ауруханаға түскенде аяқтарындағы әлсіздікке, жүріп тұру қозғалысының қиындағанына шағымданады. Анамнезінде і апта бұрын ЖРВИ ауырған. Неврологиялық статуста бұлшық ет тонусы аяқта томендеген, аяқ бұлшық ет күші 3 балға, қол бұлшық ет күші 4 балға төмендеген.Терең рефлекстер қолда төмендеген, аяқта шақырылмайды. Сезімталдық бұзылыстар жоқ. Құрсақ органдарының функциясы сақталған. Ең ақпаратты зерттеу әдісін тағайындаңыз.
+ электронейромиография
- миелография
- ангиография
- ультрадыбыстық зерттеу
- электроэнцефалография
?44. 36 жастағы әйел дәрігерге оң қолына берілетін мойындағы ауру сезіміне шағымданды. Тексеру нәтижесінде екі басты бұлшық еттің, иықтың, тенардың әлсіздігі мен гипотрофиясы, бүгілу рефлексінің төмендегені анықталды. Білектің радиальді жағында гипестезия анықталады. Қосымша зертеулердің ішінде қайсысын бірінші кезекте жүргізген жөн?
- люмбальді пункция
- бел аймағы омыртқасының МРТсы
+ мойын омыртқасының МРТсы
- бас миының МРТсы
- электроэнцефалография
?45. 28 жастағы ер адам дәрігерге мойындағы ауру сезіміне шағымданды. Ауруын компьютерде ұзақ отыруымен байланыстырады. Тексеру нәтижесінде омыртқаның мойын бөлімінде қозғалыстың шектелуі, мойынның артқы бұлшық еттерінің ауырсынуы мен кернелуі анықталды. Басқа неврологиялық өзгерістер жоқ. Болжамды диагноз қойыңыз.
+ цервикалгия
- люмбалгия
- ганглионит
- миелопатия
- торакалгия
?57. Сырқатты тексерген кезде сол жақта птоз, миоз және энофтальм анықталды, сол жақ көз саңылауы тарылған. Синдромды атаңыз.
- Джексон
- Авелис
+ Клод Бернар-Горнер
- Валенберг-Захарченко
- Вебер
?58. 53 жастағы науқас қолдарында, мойнында және V—VI қабырғасына дейін оң жақ кеудесіндегі ауру сезіміне және тахикардияға шағымданады. Обьективті: тері жамылғысы құрғақ, Горнер синдромы, оң жақта «жартылай күртеше» түрінде сезімталдықтың азайуы. Симпатикалық діңгектің қай түйіні ең көп зақымдалған?
- жулдызша пішінді
- жоғарғы кеуде
+ төменгі кеуде
- бел
- сегізкөз
?59. 43 жастағы науқас бетінде бірнеше секундтан 2 минутқа дейін созылған ұстамалы атпалы ауру сезіміне шағымдалып түскен. Тамақ ішкенде, сөйлегенде, бетін жуғанда, тісін тазалағанда күшейеді. Обьективті: эмоционально лабильді. БМН – үшкіл нервтің 2 тармағының проекциясында ауру сезімі, осы аймақтың сезімталдығының күшейуі байқалады. Қай препараттар ең тиімді?
+ карбамезепин
- пирацетам
- ацикловир
- цефазолин
- кардиомагнил
?60. Ер адам 45 жаста, клиникаға бас ауруы, оң жақ аяқ пен қолдың әлсіздігі мен ұйуына шағымданумен түсті. Түскен кезде: жалпы жағдайы өте ауыр, АҚ 170/90 мм.сынап бағанасымен. Желке бұлшық етінің ригидтілігі, Керниг симптомы сол жақтан оң. Оң жақтық гемипарез, Бабинский симптомы «+». Ликворы – ксантохромды, КТ-да : тығыздығы жоғары ошақ. Тізімделген диагноздардың қайсысы мүмкін?
- геморрагиялық инсульт
- ишемиялық инсульт
- бас миының көлемді ісігі
- энцефалит
+ менингоэнцефалит
?61. Клиникаға 70 жастағы сырқат оң жақ аяқ-қолының әлсіздігіне , жүрісінің қиындауына шағымданып түсті. Обьективті: АҚ 160/90 мм. сын. бағ. Менингеальді симптомдары жоқ, оң жақтық гемипарез. Бас миының КТ- да сол жақ самай бөлігінде гиподенсивті ошақ.
Осы жағдайда қай симптом анағұрлым мүмкін?
- бет- әлпетінің қызаруы
- бас ауруы
+ сөзінің бұзылуы
- вегетативтік бұзылыс
- менингеалдық симптом
?62. 65 жастағы науқаста таңертең сол жақ аяғында әлсіздік пайда болды. Объективті: сол жақ аяғының спастикалық парезі, ұстау рефлексі анықталады. Бас миының КТ – ишемиялық ошақ анықталды. Патологиялық ошақ қай бассейнде орналасқан ?
+ алдыңғы милық артерия оң жақтан
- ішкі ұйқы артериясы
- вертебро – базилярлы бассейн
- ортаңғы милық артерия сол жақтан
- артқы милық артерия
?63. 65 жастағы әйелде АҚ 210/130 мм.сын.бағ. дейін көтерілгенде бастың айналуы, жүргенде тұрақсыздығы пайда болды. Обьективті: жан-жағына қарағанда нистагм. Ромберг позасында шайқалу. Саусақ-мұрын және тізе-өкше сынамаларын орындағанда екі жақтан атаксия. 3 сағаттан кейін барлық патологиялық құбылыстар жоғалды. Төмендегі диагноздардың қайсысы анағұрлым мүмкін?
+ бас ми қан айналымының өткінші бұзылысы
- кіші инсульт
- ишемиялық инсульт
- субарахноидальді-паренхиматозды қан құйылу
- бас ми тамырының тромбозы
?64. Науқас 43 жаста, стоматологқа сол жақ құлаққа берілген таңдай аймағындағы ауру сезіміне, бас ауруына, тіліндегі бөртпелерге, «беттің қисаюына» шағымданып келді. Объективті тексергенде: сол жақтағы бет бұлшықеттерінің перифериялық парезі, сол жақ құлақша аймағында гиперестезия, тілдің сол жақ 1/2 бөлігінде герпетикалық бөртпелер, тілдің алдыңғы 2/3 бөлігінде гиперестезия және дәмнің төмендеуі анықталды, сол жақта көз құрғақ және гиперакузия.
Болжамды диагнозыңыз.
+ таңдайқанатты түйін ганглиониті
- шырышты түйін ганглиониті
- тіласты түйін ганглиониті
- тқменгі жақ асты ганглиониті
- құлақ түйін ганглиониті
?65. Науқас 53 жаста, қолдың, мойынның, төстің оң жағында V-VI қабырға деңгейіне дейін ауырсынуына, тахикардияға шағымданады. Объективті: терісі құрғақ, Горнер синдромы, «жартылай куртка» типті гипестезия оң жақта. Болжамды диагноз.
- жоғарғы кеуде ганглионевриті
- жұлдызды түйін ганглионевриті
- төменгі кеуде ганглионевриті
- гассеров ганглионевриті
- таңдай қанатты ганглионевриті
?83. Іріңді менингитттің қоздырғыштары:
+ менингокок
- герпес вирусі
- туберкулёз микобактериясы
- энтеровирус
- бозғылт спирохета
?84. 20 жасар әйел жалпы тәжірибелік дәрігерге мына жағдай бойынша келді, яғни оны бір жыл ішінде интенсивті солқылдаған ауру сезімі мазалайды, көбінесе ауру сезімі басының сол бөлігінде байқалады. Науқастың айтуы бойынша ұстамалар көбінесе қызыл шарап қабылдаған соң басталады. Ұстама алдында көру алаңының оң жартысының түсіп қалуы түрінде көру бұзылыстары көрінеді. Бас ауруы жүрек айну, кейде құсумен қатар жүреді, анальгетиктермен қиын басылады. Ұстама бірнеше сағатқа созылады. Болжамалы клиникалық диагнозды қойыңыз:
+ бас сақинасы аурамен
- бас сақинасы аурасыз
- бас сақиналық статус
- бас сақиналық инсульт
- үшкіл нервінің невралгиясы
?86. Психиатрия бөлімшесінде эпилепсиямен зардап шегетін науқаста тілін тістеу және еріксіз зәр шығару, тырысулар байқалды. Ұстама 10-15 минут сайын қайталанды. Ұстама арасындағы науқас коматоздық күйде болды. Болжамды диагноз қойыңыз.
+ эпилептикалық статус
- истерия
- абсанс
- естен тану
- бас сақинасы
?87. Бас сақинасы ұстамасын арнайы және тиімді емдеу үшін қолданылады:
+ триптандар
- альфа адреноблокатор
- бетта адреноблокатор
- нейролептик
- серотонинге қарсы
?88. 43 жастағы науқас ұйқысыз түннен кейін 10-20-30 минут интервалымен қайталанатын тонико-клоникалық ұстамалар сериясы байқалды. Ұстамадан кейін науқас есін жимайды, цианоз, көз қарашығының жарыққа әсері азайған, аяқ-қол тонусы, сіңір рефлекстері төмендеген, патологиялық рефлекстер жоқ. Анамнезінде науқас бірнеше жыл эпилепсиямен ауырады. Эпилепсияға қарсы дәрілерді күнделікті қабылдамайды. Бірінші кезекте қандай іс-шара қолдану керек?
+ диазепамды енгізу
- маннитолды енгізу
- глюкозаны енгізу
- атропинді енгізу
- сульфата магнийді енгізу
?89. 55 жастағы науқас АҚның 220/100 мм.сынап бағ. көтерілу фонында оң жақ аяққолдың әлсіздігі дамыды. Объективно: сұрақтарға жауап бермейді, бірақ мағынасын түсінеді. Мимикалық бұлшық еттің және тілдің орталық парезі. Оң жақтан спастикалық гемигипестезия, гемипарез. Ликвор түссіз тұнық. Ишемиялық инсульттың қауіп қатер факторын анықтаңыз.
+ артериальді гипертония
- бас-ми артериясының аневризмасы
- артерио-венозная мальформация
- тыныс алу жеткіліксіздігі
- жүрек ауруы
?90. Науқаста таңертен ұйқыдан кейін оң аяқ-қолда әлсіздік пайда болды, айтылған сөзді түсінбейді. Келесі синдромдардың қайсысы анағұрлым ықтимал?
+ сенсорлы афазия
- моторлы афазия
- дизартрия
- дисфония
- назолалия
?91. Науқаста таңертен ұйқыдан кейін оң аяқ-қолда әлсіздік пайда болды, айтылған сөзді түсінеді, берілген нұсқауларды орындайды, бірақ жауап беруге қиналады.
Келесі синдромдардың қайсысы анағұрлым ықтимал?
+ моторлы афазия
- дизартрия
- дисфония
- назолалия
- сенсорлы афазия
?92. Сырқатты сана деңгейінің бұзылуынсыз бет бұлшықеттерінде клоникалық тырысу пароксизмдері мазалайды, кейіннен тырысулар аттас аяқ-қолдарға таралады.
Аталған тексеру әдістерінің қайсысын ең бірінші кезекте тағайындаған жөн?
+ электроэнцефалография
- жұлынның МРТсы
- мойын тамырларының УДЗ
- люмбальді пункция
- кеуде қуысының КТсы
?93. Сырқаттың тілінің оң жақ жартысы атрофияға ұшыраған, фасцикулялы дірілдер, тілі оңға ауытқиды. Қай нерв анағұрлым зақымданған?
+ тіл асты
- тіл жұтқыншақ
- кезбе
- үшкіл
- бет
?94. Тіл асты нервінің зақымдануына тән симптом
+ дизартрия
- назолалия
- жұтыну рефлексінің төмендеуі
-
- афазия
?95. 27 жасар ер адам желке және маңдай аймағында бас ауруы басталып, жалпы басына таралатын, «қысатын», ұзақтығы 30 минуттан бір тәулікке дейін болатын ауру сезіміне шағымданады. Эмоционалдық стресспен байланыстырады. Науқасты тексеру кезінде перикраниальды және мойын бұлшықеттерінің кернеуінің жоғарылауы анықталды. Сіздің болжамды диагнозыңыз.
+ кернеулі бас ауруы
- аурамен бас сақинасы
- аурасыз бас сақинасы
- үшкіл нервтің невралгиясы
- глоссалгия
?97. Іріңді менингитте ликворда анықталады:
+ нейтрофилді плеоцитоз
- лимфоцитарлы плеоцитоз
- белоктық-клеткалық диссоциация
- фибринді қабық
- эритроциттер
?98. Жұлын ми сұйықтығын алу орны?
+ L3-L4
- L1-L2
- Th12-L1
- L4-L5
- L 2-L3
?99. Менингеалді симптомдарды атаңыз?
+ Брудзинскийдің жоғарғы және төменгі симптомы
- Нери
- Россолимо симптомы
- Бабинский симптомы
- Лассега
?100. Май айында ер адам тауға серуендеуге шыққаннан кейін кененің шаққанына шағымданып ауруханаға келді. Қандай тексеру әдістері анағұрлым ақпаратты?
+ кенелік энцефалит вирусына қарсы антиденелер мөлшері
- қандағы қант құрамы
- қанды бактериалді себу
- қышқылды-сілтілі құрамы
- коагулограмма
?101. Базилярлық артерия қандандырады:
+ ми бағанын
- маңдай бөлігін
- төбе бөлігін
- самайдың сыртқы бөлігін
- самайдың ішкі бөлігін
?102. Субарахноидальды қан құйылу кезінде байқалады:
+ менингеалдық белгілер
- ошақтық симптомдар
- ликвор түссіз
- ликворда ақуыз-клеткалық диссоциация
- біртіндеп дамуы
?103. Сол жақ ортаңғы ми артериясы бассейнінің ишемиялық инсультінде байқалатын симптом
+ сіреспелі гемиплегия оң жақта
- сіреспелі тетраплегия
- сіреспелі гемиплегия сол жақта