Файл: азастанны ежелгі заман тарихы пнінен емтихан сратарыны жауаптары.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 703
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
« Қазақстанның ежелгі заман тарихы» пәнінен емтихан сұрақтарының жауаптары.
Қаңлылар туралы қытай деректерінен білеміз. Осыдан 2 мың жылдан астам бұрын Қытай билеушісі батысындағы елдерге елшілік жібереді, мақсаты - ел мен танысу, сауда байланысын жасау. Сол елдердің бірі қаңлылар. Қаңлылар туралы негізгі деректер Қытай дерекері болып табылпды. Елшілік 13 жылдан кейін қайтып оралып, жазғандарын Қытай билеушісіне береді. Бұл жазбада көптеген қалалары бар өркениетті елдер мен көшпелі тайпа одақтары баяндалып сипатталған. Арасында қаңлы елі де аталады. Қаңлылар б.з.б.3-2 ғасырлар - б.з.5 ғасыры аралығында өмір сүрген. Қаңлы тайпалар одағында 120 мың түтін, 600 мың адам, 120 мыңға дейін әскері болған. Ежелгі қытай хроникасында қаңлылардың екі астанасы (жазғы және қысқы ) болған деп көрсетілген. Дегенмен осы екі мемлекет арасында яғни, Қытай мен Қаңлылар арасыңда соғыс болған яғни, Б. з. б 46 - 36 жылдары қаңлылардың Қытайға қарсы тұрған ғұндарға көмектескенін ғалымдар анықтап отыр. Қаңлы тайпаларының ең негізгі атамекені Сырдария өзенінің орта ағысы, астанасы -Битянь. Қаңлы мемлекетінің қуатты болғандығы соншалық, олар сол кезде Хань әулеті билеген Ұлы Қытай империясын да мойындамаған. Атақты тарихшы Н.Я.Бичуриннің қытай жазбаларынан аударған дерегінде қаңлылар туралы былай делінген: «Қаңлы ханы өркөкірек, тәкаппар және елшілер алдында ешқашан бас имеген. Олар қытай елшілерін үйсіндердің, тіпті одан да төмен халықтар елшілерінің қатарына отырғызды. Хань императоры сенім артып жіберген елшілерді қаңлы ханы мен оның кеңесшілері ас-су ішіп болғаннан кейін ғана дастархан басына шақырған. Бұдан олардың Хань мемлекетін мойындамайтындарын, тіпті оларды өзімен көршілес халықтардан төмен қоятынын көреміз» делінген.Қытай жазба деректері бойынша қаңлы елін хан билеген.• Қаңлы елі өз ішінен бес бөлікке бөлініп, әр иелікті кіші хандар басқарған.• Кіші хандар Ұлы ханға бағынған.• Кіші хандарға бағынатын ру, тайпаларды көсемдер басқарған.• Көсемдердің лауазымы мұрагерлік жолмен әкеден балаға берілген. Ал мәдениеті жайлы жазған деректерге келсек. Қаңлылардың қолөнер шеберлері білікті қолөнершілер болды. Олардың ыдыс-аяқтары өзгеше әсемділімен айрықша көзге түсетін. Қытайдың дереккөздеріне сәйкес, қаңлылар музыкаға, биге деген сүйіспеншілігімен ерекшеленген. Оларда екі жолақты және бес жолақты музыкалық аспаптар, дабыл, сыбызғы, сырнай секілді аспаптар болды. Қаңлы мемлекетінде жазу болған. Қытайдан барған елшілер хан сарайында Заң жарғыларын көрген.
8)... Адамзат тарихындағы ең ұзақ кезең осы тас дәуірі. Ал тас дәуірінің ішінде палеолит ең ұзақ кезең болып табылады. …Алғашқы адамдар қарапайым еңбек құралдарын пайдалануды үйренген соң олардың табиғатқа тәуелділігі азая бастады. Әуелде олар баспана жасауды, тамақ пісіруді білмеді. Жаңбыр мен жабайы аңдардан қашып, үңгірлерді паналады. Дегенмен, тас құралдарды жасауды үйрене отырып, олар тас құралдарды аңға қарсы қолдану әдістерін білді және күнделікті өмірде қолданды. Жалпы айтқанда олар еңбек құралдарын жасау арқылы жануарлар әлемінен бөлінді. Негізінен еңбек құралдары ретінде қазғыш таяқ, үшкір тас, шоқпар(чопинг), шапқы(чоппер) типтес құралдар қолданылса, аң аулауда қысқа сапты ағаш найза - дротик, ұшы сүйектен жасалған сүңгі - гарпун деп аталады, жануарлардың мойнына немесе аяқтарына оралып, құлататын жіп байланған тастар - болос деп аталатын құралдар қолданылды.…Жамбыл облысындағы Арыстанды өзенінің бойы мен Қаратау жотасынан бұдан 1 млн. жыл бұрын өмір сүрген алғашқы адамдар жасаған еңбек құралдары табылған. Олардың ішінде үшкірленген тастар, шапқы, кескіш, шоқпар, аң сүйектерінен ойылған үшкір құралдар бар. Алғашқы адамдар кез келген тасты пайдаланған жоқ. Олар еңбек құралдарын жасаған кезде қолға ұстауға ыңғайлы тастарды таңдап алған. Еңбек құралын жасауда жарған кезде өткір шет беретін тастар қолданылған. Сол кезден бастап адамдар тастардың қасиетін біліп, өңдеу үшін қажеттілерін анықтай алған. Мысалы, Қаратау жотасы мықты және сапалы материал болып табылатын қара түсті шақпақтастарға бай. Және ретушь әдісі секілді тас құралдарды өңдеудің, өткірлеудің бірнеше әдістері болған....Археологиялық ескерткіштер арасында Қаратау өңірінен табылған Тәңірқазған және Бөріқазған тұрақтары ерекше құнды. Бұл тұрақтар Қаратау маңында орналасқан. Бөріқазған мен Шабақты тұрақтарында 5000-нан аса еңбек құралдары табылған.Олар Х. Алпысбаев басқарған экспедиция жұмысы барысында ашылды. Еңбек құралдарының негізгі материалы малта тастар
-
Ежелгі Қазақстан тарихы бойынша археологиялық деректерді анықтаңыз және суреттеңіз.
-
Ежелгі палеолиттік тұрақтарды сипаттап беріңіз.
-
Қола дәуірінің негізгі кезеңдерін ашып беріңіз.
-
Ерте қола кезеңі-б.з.б.ХVIII-XVI ғасырлардағы Петров мәдениеті. -
Орта қола кезеңі-б.з.б.XV-XII ғасырдағы Алакөл-Атасу, Федоров-Нұра мәдениеттері -
Соңғы кезеңі-б.з.б.ХІ-VIII ғасырлардағы Алексеев, Замарев, Сарығара, Беғазы-Дәндібай мәдениеттері.
-
Сақтардың үш тобы айтылатын ежелгі деректерге анықтама беріңіз.
-
Ғұндардың құрылымына нақты тоқталып өтіңіз.
билеу лауазымдары сол, оң деген лауазымдармен белгіленді мәселен: сол, оң тужи уаңдар-кіші хандар; сол, оң гулилер-азық түлікке жауап беретін уәзірлер; сол, оң-ұлы қолбасшылар; сол, оң дувилер- әскер басылар; сол, оң данхулар- мал-жан есебін жүргізушілер; сол, оң гухулар-бақылаушылар; яғни тәртіп сақтаушылар. Жалпы ғұндарды әскер саны 300 мың болған.
-
Үйсіндер шаруашылығының ерекшеліктерін ашып беріңіз.