ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.08.2021
Просмотров: 153
Скачиваний: 2
There are no translations available.
Жедел
ішек инфекциялары
– бұл бактериялар, вирустар, қарапайымдылар
тудыратын және балалар мен ересек
адамдарда ішек қызметінің бұзылуымен
(диарея) сипатталатын жұқпалы ауру. Бұл
әлемде ең көп таралған инфекциялардың
қатарына жатады. Барлық ересектердің,
балалардың дизентериямен, сальмонеллезбен,
колиэнтеритпен және басқа да жедел ішек
инфекцияларымен ауырмаған ел жоқ.
Жұқпалы жедел ішек ауруларының бас
көтеретін мезгілі қазіргідей жаз айлары
болып есептеледі. Ішектің ауруға
шалдығуынан, кейде іштің бұзылуы
организмінің кейбір тағамдарды қорыта
алмауымен байланысты. Ішек инфекциясы-
жұқпалы ауру. Инфекция ауыз арқылы
жұғып, қоздырғышы ішекте өсіп жетіледі
де, микробтары нәжіспен ілесіп сыртқы
ортаға тарайды.
Инфекция гигиеналық
тазалықтың төмен дәрежеде болуынан,
азық-түліктерден, мәселен, жуылмаған
көкөністерден, пісірілмеген сүттен,
сапасыз тағамдар пайдаланғаннан, шала
пісірілген тағамдарды қолдану, сондай-ақ,
ауыз суды қайнатпай ішкендіктен, лас
суға түскендіктен жұғады.
Аурудың
алғашқы белгілері:
Іштің
жиі-жиі судай өтуі, дене қызуының
көтерілуі, емшектен бас тарту, асқа
тәбеті болмау, шөлдеу, құсу, бас ауру,
жалпы әлсіздік, селқостық, мазасыздық,
ауырсыну, дәретіне қан қоспасының немесе
кілегейдің пайда болуы. Науқастың жиі
құсып, іш өткен сайын жағдайы ауырлай
түседі. Өйткені, организм өзіндегі
тіршілікке қажетті су мен тұздарды көп
жоғалтады. Жоғарыдағы аталған клиникалық
белгілер пайда бола бастаса дәрігерге
көрінуі керек. Мұндай кезде дәрігер
келгенге дейін біраз уақыт кетеді.
Сондықтан мүмкіндігінше ем жасай
бастаған жөн. Ол үшін сұйықтықты мол,
көбірек ішкізген жөн. Антибиотик
қолдануға болмайды, өйткені аурудың
клиникалық сипатын өзгертеді, мұның
өзі дұрыс диагноз қоюды қиындатады.
Емі:
Жоғалған сұйықтықтың орнын толтыру
үшін: емшек сүті,(нәрестелерге) айран,
күріш суы, сұйық шай, кисель, қайнатылған
және салқындатылған су, ауыз арқылы
ішетін тұзды-минеральды су ерітіндісі-
«Регидрон»
Ұнтақтың
1 пакеті қайнатылып, бөлме температурасында
суытылған 1 литр суға дайындайды. Дайын
ерітіндіні әрбір 3-5 минут сайын ішу
керек. Егер құспаса, аз-аздан жиі ішкізуге
болады. Ерітінді әрбір күнге жаңадан
дайындалады
Алдын
алу шаралары:
Шынында
біз күн сайын күні бойына қолымызбен
айналадағы кір заттармен жанасамыз
Ішек инфекцияларының пайда болуының
алдын алу үшін тағамдық азық-түліктердің
жарамдылық сапасы өте маңызды – көптеген
тағамдарда бактериялар тек қана
өміршеңдігін сақтап қана қоймай, олар
ауру тудырушы адамның қолымен тағамды
ауызына апарғанда асқазан-ішек жолына
кір қолы арқылы, ластанған су арқылы,
сапасыз азық-түліктер арқылы түсіп
қарқынды түрде көбейеді.
Әсіресе,
тұтынар алдында термиялық өңдеуден
өтілмейтін тағамдар өте қауіпті. Ондай
тағамдарға салаттар, винегреттер,
сондай-ақ жемістер мен жидектер жатады.
Салаттар мен винегреттерді, әртүрлі
тұздықтар мен гарнирлерді тоңазытқышсыз
түнге қалдыруға болмайды. Жаз және күз
маусымында сүт және сүт өнімдерінде
бактериялардың көбеюіне қолайлы
жағдайлардың туындайтынын білу керек.
Жеке адамдардан сатып алған құйылып
сатылатын сүтті міндетті түрде қайнату
керек. Ал пастерленген ірімшіктен
пісірмелер, пудингтер, сырниктер
дайындаған дұрыс. Дайын тағам қалдықтарын
міндетті түрде тоңазытқышта беті жабық
ыдыста, шикі мен дайын тағамды бөлек
ыдыста сақтау керек, оларды бөлек
тақтайларда арнайы пышақтармен бөлу
керек.
Дүкендерде тауық еті
сатылғанда +2, +3 градустық температурада
2 тәуліктен артық болмауы керек, бөлме
температурасында жұмыртқа 25 тәуліктен
артық сақталмауы керек. Құс еті мен
жұмыртқаны сатып алғанда, олар қорапта
болса да, бөлек пакеттерге салу
керек.
Өнімдердің жақсылап қуырылуы
мен қайнатылуына көңіл бөліңіз. Етті
қайнатқанда ірі кесек жасамай 1 сағаттан
кем емес, жұмыртқаны 15 минуттан кем емес
қайнату керек (осы уақыт аралығында
сальмонеллалар толығымен жойылады).
Жұмыртқаны шикі немесе шала қайнатылған
күйінде қолданбаңыз.
Ал ең кішкентай
нәрестелерге келсек, оларды аурудан
сақтау үшін қарапайым санитарлық-гигиеналық
ережелерді, оларды күту кезінде: баланы
әрбір тамақтандырар алдында және тамағын
дайындар алдында қолды жақсылап сабындап
жуукерек
Кей жағдайларда ауру
өте ауыр түрде өтіп, өмірге қауіп тудыруы
мүмкін. Сол үшін «ауырып ем іздегенше,
ауырмайтын жол ізде» деген сөздер
әрқашан да өз маңызын жоймайды.
Вирусты диарея[өңдеу]
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Вирусты диареялар - бір топ ( гастроэнтериттер) энтеротропты вирустармен шақырылатын, көбінесе фокальды-оральды механизммен тарайтын, клиникасында гастроэнтерит, энтерит түрінде ас қорыту жолының зақымдалуымен, интоксикация синдромымен және кей кезде тыныс алу жолдарының қабынуымен өтетін бір топ аурулар. Бір топ инфекциялары вирустармен шақырылатыны ХХ ғасырдың басында анықтала бастады. Түсініксіз себептермен пайда болған диареямен өтетін аурулардың өршіп көрінуі зерттеуге жол салды. Нәтижесінде диареяны тудыратын мүмкіншілік энтеровирустарда, аденовирустарда, ресвирустарда, ротовирустарда, парвовирустарда анықталды (астро-камици-миниротовирустар).
ДДҰ (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) мәліметтері бойынша ауыр түрінде өтетін диареялардың ішінде 20-40% вирусты этиологиялы, көбінесе ротовирусты. Жыл сайын жер бетінде 1-2 млн адамдар көбінесе балалар осы инфекциядан өлім табады. Қазіргі күндегі көзқараспен жедел ішек инфекциялардың себептерінің ішінде бірінші қатарда-ротовирустар, парвовирустар, одан кейін-энтеральды аденовирустар 40,41 энтеровирустар Коксаки және ЕСНО, корона-вирустар.
Мазмұны
[жасыру]
Қоздырғышы-Rotavirus, Reoviridae тұқымдастан. Құрамында РНК-сы бар. Қазіргі күнде ротовирустардың 4 серовары белгілі-І, ІІ, ІІ, ІУ. 70% кезіндегі оқиғалар ІІ серовармен шақырылады. Ротовирустар сыртқы ортада төзімді деп есептеледі. Аурудың көзі ауырған адам немесе вирусты тасымалдаушы. Ауырған адамдар вирусты сырқаттың бірінші клиникалық көріністерінен бастап 7-10 күніне дейін нәжіспен шығарады. Максимальды түрінде сырқаттың 3-5 күнінде. Тарату механизмі-фекальды-оральды, бірақта аэрогенды түрінде де тарау мүмкіншілгі бар. Ауратындар көбінесе кішкентай балалар (0-3 жастағы). Үлкендер арасында-иммунитеті төмен адамдар ауыруы мүмкін (қосымша патологиялармен, қариялар т.б.). Сырқат көбінесе тағам арқылы тарайды. Мерзімі-суық уақытта. Бірен-саран оқиғалар жыл бойы кездесуде. Аурухана ішілік инфекция түрінде тарауы мүмкін. Патогенезі бойынша ротовирустардың көбейетін орны-ащы ішектің энтероциттері. Нәтижесінде ащы ішектің шырыш қабатында дистрофиялық өзгерістер туып, талшық эпителииі ыдырайды. Бұл клеткалардың ішінде дисахаридаздардың синтезі атқарылады. Ротовирустардың әсерінен туатын дистрофиялық өзгерістер бұл синтезді бұзады да ішек қуысында бөлінбеген дисахаридтер көбейеді. Олар тоқ ішекке түседі де қуысында осмостық қысымын жоғарлатады. Нәтижесінде-тоқ ішектің қуысына суықтық толады, ол сіңірілуге үлгере алмайды да-диарея туады. Организмде жауапты иммунитет туады. Көбі сауығады. Бірақта ауыр ағым да-кішкентай балаларда-өлім жиі кездеседі. Иммунитет] аса тұрақты емес, қайталап ауруы жиі кездеседі. Морфологиялық өзгерістер ротовирусты инфекцияларда ащы ішектің шырыштарының қан толуымен, серозды ісінуімен, қылшықтардың қысқаруымен, эпителиальды клеткалардың дистрофиялық өзгерістерімен байқалады.
Ротовирус. Электронды микроскоп арқылы алынған сутрет
Инкубациялық мерзім 15 сағаттан 3-5 тәуліке дейін. Сырқат жедел, кейде аяқ астынан басталады. Бірінші көрінісі көбінесе-құсу, бірреттік құсу болады, кейде қайталама түрде, көбінесе ауру басталғаннан бірінші тәулігінде басталады. Кей науқастарда құсу іш өтумен бірге бір уақытта болады. Нәжісінің түсі жасылдау, сарғыш-жасыл түсті болады. Кейбіреулерінде нәжісінде шырыш болады, тәулігіне 1-2 рет өтеді. Ауырсыну толғақ тәрізді эпигастрии, мезагастрии аймағында болады. Іші құрылдайды. Сонымен қатар гастроэнтерит синдромына интоксикация синдромы қосылады.
Ротовирустардың көбейетін орны-ащы ішектің энтероциттер. Нәтижесінде ащы ішектің шырыш қабатында дистрофиялық өзгерістер туып, талшық эпителииі ыдырайды. Бұл клеткалардың ішінде дисахаридаздардың синтезі атқарылады. Ротовирустардың әсерінен туатын дистрофиялық өзгерістер бұл синтезді бұзады да ішек қуысында бөлінбеген дисахаридтер көбейеді. Олар тоқ ішекке түседі де қуысында осмостық қысымын жоғарлатады. Нәтижесінде-тоқ ішектің қуысына суықтық толады, ол сіңірілуге үлгере алмайды да-диарея туады.
Организмде жауапты иммунитет туады. Көбі сауығады. Бірақта ауыр ағым да-кішкентай балаларда-өлім жиі кездеседі.
Иммунитет аса тұрақты емес, қайталап ауруы жиі кездеседі.
Негізгі қоздырғышы – Norualk вирусы, диаметрі 66 нм. 7 морфологиялық және 4 серологиялық типтері сипатталған. Инфекция көзі-ауру адам. Таралу жолы: ауа-тамшылы, фекальды-оральды, тұрмыстық-қатынас жолдарымен беріледі. Көбінесе қыс айларында өршиді. Инкубациялық кезеңі 2-3 күн, 24 сағаттан 7 күнге өтуі мүмкін. Басталуы жедел, дене қызуы жоғарлайды. Науқас шағымдары қатты әлсіздік, адинамия, жүрек айну және құсу, бас айналумен жүргізіледі. Көптеген науқастарда бұлшық еттері ауыратынына шағымданады. Ауырғандардың жартысында іш өтуі дамиды да, энтерит секілді өтеді. Ауыр жағдайда гиповолемиялық шок дамуымен тырысқақ тәрізді ағыммен сипатталады. Ішінде ауырсыну көп болмайды, бірақ ішінің жоғары бөлігінде толғақ тәрізді ауырсыну болады. Іші кепкен, пальпацияда қатты ішінің құрылдауы байқалады. Бауыр, көкбауыр ұлғаймаған. Гемопрограммада-лейкопения, нейтропения, салыстырмалы лимфоцитоз, моноцитопения. Аурудың ұзақтығы 12-24 сағаттан 2-3 күнге созылады. Жалпы науқастың жағдайы әлсіздік, қалтырау, 20-30% науқастарда температурасы жоғарлайды, кей кезде субфебрильді санға жетеді, бас айналу, талып қалуы болуы мүмкін. Қарап көргенде сұйықтық жоғалтқанда шырышты қабаттарының құрғақтығы байқалады. Іші жұмсақ, кіндік маңайын пальпациялағанда аздап ауырсыну болады, терең пальпацияда іш құрылы естіледі. Лабораторлы дәлелі: Гемограммада өзгерістер жоқ, СОЭ қалыпты. Науқастардың 1-ші тәулігінде кейбіреуінде лейкоцитоз және нейтрофинез, лейкопения салыстырмалы лимфо және моноцитоз, кейде эозинофилие болады. Ауру ағымы 5-7 күнге созылады. Ситуациялық тексерулер:
-
вирусологиялық
-
серологиялық (жұпты сарысулар әдісімен)
-
копрограмма
Патогенетикалық дегидратациялық және дезинтоксикациялық
АНА, БАЛАҢДЫ БАҚЫЛА!
Жаз айында, оның ішінде көкөніс пен жеміс-жидектің піскен уақытында түрлі жұқпалы аурулардың көбейіп кететіні белгілі. Әсіресе, балалар жедел-ішек инфекциясына жиі шалдығады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, аталған ауру тұмаудан кейін екінші орынды алады екен. Ал жыл сайын 5 миллионға жуық бала ішек инфекциясының асқынуынан көз жұмады. Мәселен, биылғы жартыжылдықта облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында 676 бала емделіп шыққан.
БАСТЫ СЕБЕП — САЛҒЫРТТЫҚ
Жалпы, аталған ауруханада түрлі жұқпалы аурулармен 14 жасқа дейінгі балалар емделіп шығады. Алайда қазіргі күні жаңа туған және үш жасқа дейінгі сәбилер арасында жедел-ішек инфекциясы өршіп тұр. Мәселен, алты айда түскен 676 баланың 56-сы дизентерия болса, 34-і сальмонеллез, 136 бала тамақтан уланған екен. Осы аурухананың балалар бөлімінің меңгерушісі Сара Алманиязова бұған көп жағдайда ата-аналардың салғырттығы себеп болатынын сөз етті.
— Ішек инфекциясы — жұқпалы ауру. Инфекция ауыз арқылы жұғып, қоздырғышы ішекте өсіп жетіледі де сыртқы ортаға тарайды. Инфекция гигиеналық тазалықты сақтамаудан, жуылмаған көкөністерден, пісірілмеген сүттен, сапасыз тағамдарды пайдаланғаннан, шала пісірілген тағамдарды қолданғаннан, ауыз суды қайнатпай ішкендіктен жұғады. Ішек инфекциясының түрі көп. Қазіргі күні дизентерия, сальмонеллез, диарея аурулары жиі кездеседі. Бұндай аурудың құрығына алдымен балалар ілінеді. Ауруханаға келген баланы арнайы тексеруден өткізіп, қандай таяқшаның ауруды қоздырып тұрғанын анықтаймыз. Осыған орай нақты диагноз қойылып, ем жүргізіледі.
Сәбилердің ауру жұқтыруына алдымен аналар кінәлі. Мәселен, бүгінде көп ана сәбиін емшек сүтімен емізбейтіндіктен жасанды сүтпен тамақтандырады. Ыстық күндері езілген сүт ұзақ уақытқа шыдамайды. Кейде аналар баланың тауыспаған сүтін 1-2 сағаттан кейін қайта береді. Ал ашыған сүт сәбидің ішегін бұзады. Бұған қоса аналардың көпшілігі баланың резеңке емізігін алдымен өзінің аузына, содан кейін баланың аузына салады. Жерге түсіп кетсе де осылай істейді. Балаға беріп отырған тамақтың бірінші дәмін өзі көріп, сол қасықпен жартысын сәбиіне береді. Ал ересектердің ауыз қуысындағы микробтар өзіне қалыпты болғанмен балаға зиян. Бұл сәбилердің ауру жұқтыруына әкеліп соқтырады. Сондықтан осындай қарапайым қағидаларды ата-аналарға түсіндіріп жатамыз. Қазіргі күні әйелдерге сәбиін алты айға дейін емшек сүтімен қоректендіру қажет екенін айтып әрі осыған үйретудеміз. Өйткені емшек сүті баланы түрлі аурулардан қорғайды.
Сондай-ақ қазір қарбыз-қауынның піскен уақыты. Қарбызды сатып аларда сатушы жанын үш бұрыштылап тіліп, ішін көрсетеді. Тілінген жерге микроб түсуі мүмкін әрі базардағы қарбыздың күн көзінде тұратыны белгілі. Ал осындай қарбызды жеген баланың инфекциялық ауруды жұқтыратыны анық. Айта кететін бір нәрсе, кейбір ата-ана балаларына шұжық береді. Қазір бала емес, үлкендердің өзіне шұжықты көп жеу зиянды. Сондықтан ата-аналар балаларына жеміс-жидектерді жуып бергені жөн және сәбилеріне йогурт, шұжық секілді тағамдарды беруге болмайтынын ескертеміз. Яғни аурудың барлығы дұрыс тамақтанбаудан және тазалықты сақтамаудан пайда болады, — деді.
Қазіргі күні ауруханада аудан балалары да емделуде. Яғни қалаға қыдырып келген олар ішек инфекциясын жұқтырып алған. Ауруханаға түскен балалар тегін ем алып шығады.
Ауру қалай жұғады?
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне жүгінсек, бүгінде ішек инфекциясының 60-тан астам қоздырғыш анықталған екен. Оның ішінде жедел- ішек инфекцияларының қоздырғыштары бактериялар және вирустар болып екіге бөлінеді. Егер инфекцияны жұқтырған адам уақытында емделмесе, өміріне қауіп төнеді әрі өзге адамдарды да ауруға шалдықтырады. Өйткені микробтар науқас ішегінен бөлініп топыраққа, суға және тағамға түсуі мүмкін. Ал қауіпті вирустар су қоймаларында, тағамдарда және әртүрлі тұрмыстық заттар бетінде ұзақ уақытқа дейін сақталады.
Жалпы, дәрігерлердің айтуынша, ішек ауруларының көбеюіне ет, құс өнімдері де өз әсерін тигізеді екен. Жазда кәуап, жұмыртқаны шала пісіріп жеу сальмонеллез ауруына шалдықтырады. Ал бассейндерде, су қоймаларында шомылып жүріп су жұтып немесе аузыңызға су кіріп кетсе де ішек ауруына шалдығуыңыз әбден мүмкін. Бұған қоса дұрыс қайнатылмаған көкөністер, баклажан, қияр, қарбыз секілді өнімдер аса қауіпті саналады. Ал бұндай аурулардың алдын алу үшін қарапайым тазалық ережелерін сақтаған абзал.
Алғашқы көмек
Ішек инфекциясын жұқтырған баланың дене қызуы көтеріліп, іші қайта-қайта өтеді. Асқа тәбеті болмай, құсады, емшектен бас тартады, мазасызданады, басы ауырады. Дәретіне қан немесе кілегей араласады.
Қайта-қайта іші өтіп, құсқандықтан баланың ағзасы тіршілікке қажетті су мен тұздарды көп жоғалтады. Осының әсерінен әбден қалжырап, әлсіздік пайда болады. Егер аталған белгілер байқалса, дереу дәрігерге қарату керек және бұндай кезде алғашқы көмек көрсетілуі қажет. Яғни аналар балаларына регедрон ерітіндісін бергені жөн. Езілген сұйықтықты әрбір 4 сағат сайын 1 шай қасықпен ішкізеді. Ерітінді әрбір күнге жаңадан езіліп беріледі. Осы емнен кейін баланың іш өтуі тыйылуы мүмкін. Егер нәтиже болмай, бала қайта құсса, қызуы көтеріліп, шөлдей берсе, сұйық ішпесе, тамақтан бас тартса, онда ауруханаға жатқызу керек.
Жалпы, дәрігерлер өз бетінше емделу, біріншіден, аурудың асқынуына әкелсе, екіншіден, созылмалы түріне ауысатынын айтады. Бұл өз кезегінде нақты диагноз қоюды қиындатуы мүмкін. Сондықтан ата-аналар уақыт оздырмай дәрігердің көмегіне жүгінгені жөн.
Сондай-ақ науқас балаға сұйықтықты көп беру керек. Мәселен, сорпа, күріш суы, сұйық шай, кисель, қайнатылған және салқындатылған суды ішкізген жөн. Ал ішектің микрофлорасына тікелей әсер ететін қуырылған, ащы, сүт, кепкен тағамдарды беруге мүлде болмайды.
АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛ!
Қазіргі күні жедел-ішек инфекциясының алдын алу үшін облыстың емдеу мекемелерінде түрлі шаралар ұйымдастырылып жатыр. Осы орайда облыстық денсаулық сақтау басқармасы 21 маусым мен 21 қыркүйек аралығында аталған аурудың алдын алу туралы науқан жариялады. Барлық емдеу, сауықтыру орталықтарында жоспар құрылып, учаскелік дәрігерлер кесте бойынша тұрғындармен кездесулер өткізуде. Мәселен, «Балапан», «Жұлдыз», «Бөбек», «Айгөлек», «Нұр Сәт», «Таңшолпан» балабақшалары мен «Энергетик», «Нефтяник» лагерлерінде салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының және қалалық санитарлық қадағалау басқармасының мамандары семинар-тренингтер өткізді. Сондай-ақ пәтер иелерінің кооперативтерімен байланыс орнатылып, тұрғындарға «Диарея», «Сақ бол, жедел ішек ауруы!», «Тамақтан уланудың алдын алу» атты ақпараттық бүктемелер мен парақшалар таратылды. Болашақ аналарға «Емшек сүтімен қоректендіруді дайындау және қолдану», «Бір жасқа дейінгі сәби күтімі», «Тұрмыс жағдайында жеке бас гигиенасын сақтау» тақырыбында семинар-тренингтер ұйымдастырылды. Аталған орталықтың дәрігері Жанна Сатқұлова осындай тақырыптағы кездесулер «Апельсин», «Арай» сауда орталықтарында өткізілгенін айтты.