Файл: Артериальды гипертензия.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 64

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Науқасқа құрсақ қолқасының және бүйрек артериясының зақымдануымен спецификалық емес аортоартерит диагнозы қойылды.Кортикостероидтарды тағайындау қажет.Осы жағдайда дәрігер жағынан кортикостероидтардың қандай жанама әсеріне барынша көңіл бөлу керек?

Артериальды гипертензия

Стероидты диабет

Остеопороз

Остеонекроз

Асқазан ішек жолдарынан қан кету
Перзентханада ұл бала 2100,0 гр.салмақпен туылды.Өмірінің 2-ші күні терісі аздап сарғайды,біртіндеп сарғаю күшейді. Объективті: гепатомегалия, петехиальды бөртпелер анықталады.Анализінде: ауыз қуысының шырышты қабатынан алынған жағындыда гигантты көп ядролы клеткалар анықталды.Қандай болжам диагноз барынша болуы мүмкін

Цитомегаловирусты инфекция

Листериоз

Токсоплазмоз

Сифилис

Иерсиниоз
30 жастағы әйел құрысулар және алақан саусақтарының ауыру сезіміне, дене қызуының 37,8° дейін жоғарылауына, дене салмағының 2 кг. төмендеуіне,оң жақ кеуде бөлінің ауырсынуына шағымданады.Бетінде макулезді бөртпе,алопеция және ауыз қуысында афтылар пайда болды.Алақанның Р-графиясы: буын маңылық остеопорозы,жұмсақ тіндерінің ісінуі.Кеуде ағзаларының Р-графиясы: оң жақтан сұйықтық анықталады. ЖҚА: нормохромды анемия, лимфопения, ЭТЖ – 28 мм/сағ. ЖҚА: белок – 0,88 г/л, эритроцит – 4-5 к/а. СРБ +, РФ –теріс, АНА –оң.Осы ауруға қандай антиденелер барынша тән?

Екі жіпті ДНК қарсы антиденелер

Цитоплазматикалық антинейтрофильдер

Перинуклеарлы антинейтрофильдер

Антимитохондриальді антиденелер

Рибонуклеопротеинге антиденелер
Дәрігердің қабылдауында 9 айлық бала.Ана сүтімен тамақтанады. Объективті: бұлшықет тонустары төмендеген,еңбектемейді,іші ұлғайған,отырғанда кеуде омыртқаларының айқын кифозы байқалады. Сүйек буын жүйесі жағынан макроцефалия, үлкен еңбегі 2х2 см., шүйде аймағындағы тері беткейінің қатаюы мен таздануы (облысение),маңдай және төбе төмпешіктері,рахит жиектері (четки), Гаррисон жүлгелері. Дене салмағы 9200 г. Физикалық және психомоторлы дамуы жағынан өзгеріс жоқ. Дәрігер ем тағайындады. Бұл балада гиповитаминозды емдеуде Холекальцеферолдың (вит Д3) дозасы қандай:

2000-2500 МЕ/тәулігіне 1 ай

500 МЕ/тәулігіне 1 жыл бойы

1000-1500 МЕ/тәулігіне 1 ай

1500-2000 МЕ/тәулігіне 1 ай

3000-3500 МЕ/тәулігіне 1 ай
Бала 2 жаста. Анасының айтуы бойынша тәбетінің төмендеуіне,әлсіздікке,балалармен араласқанда негативті белгілерінің болуына шағымданады. Объективті: бала смуглый болғандықтан бозғыштығын анықтау өте қиын.Алақанның бозғыштығы көзге түседі.Терісі құрғақ,ауыз үшбұрышында жаралар байқалады,терісінің тургоры және бұлшықеттерінің тонусы төмендеген. Тынысы қатқыл, ТЖ 40 рет мин.. Жүрек тондары тынықталған,жүрек ұшында және V нүктеде систолалық шу естіледі. Энурезбен зардап шегеді. Сұрастыру барысында шикі фарш,газет,кесек жеуге құмарлығы анықталды. ЖҚА – эритроцит 4,1х1012/л, гемоглобин 112 г/л, ТК 0,7. Қандай тексеру әдісін тағайындау керек?

темір сарысуының мөлшерін

АЛТ және АСТ

билирубин мөлшерін

ЭКГ

сілтілі фосфатаза
Бала 2 жаста. Анасының айтуы бойынша тәбетінің төмендеуіне,әлсіздікке,балалармен араласқанда негативті белгілерінің болуына шағымданады. Объективті: бала смуглый болғандықтан бозғыштығын анықтау өте қиын.Алақанның бозғыштығы көзге түседі.Терісі құрғақ,ауыз үшбұрышында жаралар байқалады,терісінің тургоры және бұлшықеттерінің тонусы төмендеген. Тынысы қатқыл, ТЖ 40 рет мин.. Жүрек тондары тынықталған,жүрек ұшында және V нүктеде систолалық шу естіледі. Энурезбен зардап шегеді. Сұрастыру барысында шикі фарш,газет,кесек жеуге құмарлығы анықталды. ЖҚА – эритроцит 4,1х1012/л, гемоглобин 112 г/л.. Темірдің қандай мөлшері қажет:

3 мг/кг темір сарысуының мөлшері қалпына келгенше

1 мг/кг жыл бойына

2 мг/кг ферритиннің мөлшері қалпына келгенше

3 мг/кг гемоглобиннің мөлшері қалпына келгенше

5 мг/кг темір сарысуының мөлшері қалпына келгенше
Жергілікті дәрігер 1 жастағы баланы анасының шақыруымен қарауға келді.Анасының шағымдары: 38,80С дейін дене қызуына,түшкіру, насморк, 4 күн бойы жөтелуіне. Қарау кезінде ентігу,периоральды цианоз, адинамия, ұйқышылдық,тамақтан және судан бас тартады,бір рет фонтан тәрізді құсу болған.Өкпесінде ұсақ көпіршікті сырылдар жиі оң жағында естіледі.ТЖ 62 рет мин.. Жүрек тондары әлсіреген, тынықталған.ЖСЖ 138 рет мин.. SO2 92 %. Ауруханаға жатқызу себебі қандай:

әлсіздік,ұйқышылдық, судан және тамақтан бас тарту

дене қызуының көтерілуі, ұйқысының бұзылуы

тахипноэ, тахикардия

өкпесінде ұсақ көпіршікті сырылдар

оттегінің сатурация көрсеткіші

Бала 3 жаста. Ауруы жоғары тыныс жолдарының катаралды өзгерістерімен,конъюктивитпен, жөтелмен басталды. Дене температурасы 37,80С, интоксикация анықталмады. Қабылдаған ем: ибуфен, небулайзер арқылы натрий хлорид 0.9% ерітіндісімен ингаляция, амоксициллин.Әсері болған жоқ. Құсумен аяқталатын спастикалық сипаттағы жөтел мазалайды.Қақырығы аз,сарғылт сұр түсті.Анасының айтуы бойынша баласын емдегеніне қарамастан жөтелі күшейді. Қарау барысында жағдайы орташа ауырлықта, интоксикация және ТЖ байқалмайды.Оң жақ өкпесінде ылғалды ұсақ көпіршікті және құрғақ сырылдар естіледі. Перкуторлы дыбыс өзгермеген.ЖҚА- аздаған лейкоцитоз, с/я 62%,ЭТЖ 28 мм/сағ.Ары қарайғы сіздің тактикаңыз ?

ровамицин

Амоксиклав

Цефтриаксон

Флуконазол

котримасазол
Жаңа туған балаға 10 күн.Анасында шағымдар жоқ. Педиатр қарау кезінде: өкпедегі тыныс әлсіреген,сырыл жоқ.Жүрек тондары ырғақты, дөрекі систолалық шу жүректің бүкіл аймағында естіледі, punt.max. төстің сол жағы 3-4 қабырға аралығында. Гемодинамика бұзыылу белгілері жоқ. Қандай диагноз БАРЫНША ықтима:

ТЖА – қарынша аралық перденің ақауы

ТЖА – жүрекше аралық перденің ақауы

Фиброэластоз

ТЖА - ашық артериялық өзек

ТЖА - магистралды тамырлардың транспозициясы
11 жастағы бала аулада роликті шаңғымен сырғанап жүгіргенде құлап,екі тізесі мен алақандарын жарақаттап,терісін жырып кетті.Ата анасы жараланған жердегі жараны ағымды суға шайып травмпунктке жеткізді. 2 жасынан бронхиальды астмамен ауырғаннан бері балаға егулер жасалмаған. Дәрігер қандай шараны жасауы тиіс:

сіреспеге және дифтерияға қарсы анатоксинді еңгізу

жараны өңдеу, таңғыш тарту,сабақтардан босату

жараны өңддеуден соң тізе буынының рентгенографиясын жасау

сіреспеге қарсы егуден тартыну және бақылау

жараны сутегі тотығымен өңдеп,бактерицидті бұласыр жапсыру
Әйел 27 жаста,жалпы тәжірибелік дәрігерге оң иығының ауруына,ісінуіне,осы аймақтың қызаруына,әлсіздікке,дене температурасынң 38С жоғарылауына,шағымданып келді.Төрт тәулік бұрын оң иығының сыртқы бетін жырып алған.Қарап тексергенде: оң иығының сыртқы бетінде гиперемия мен ісінумен тығыз инфильтрат анықталады. Пальпациялағанда инфильтратта айқын ауру сезімі анықталады. Флюктуация симптомы оң. Сіздің болжам диагнозыңыз?

Оң иықтағы флегмона

Оң иық сүйегінің жабық сынығы.

Оң иық сүйегінің ашық сынығы

Білезік буынының шығуы

Шынтақ буынының шығуы
Әйел 65 жаста,үнемі шөлдеуге,аузының құрғауына,жалпы әлсіздікке шағымданып келді. Анамнезінен 2 жыл бұрын жедел панкреатит диагнозы бойынша операция жасалған.Қарап тексергенде іші жұмсақ, ауырсынусыз. Құрсақ қуысының УДЗ көкбауыр өлшемі қалыпты,патологиялық түзіліс жоқ. Жедел панкреатиттің асқынуын анықтауда қандай лабораторлық зерттеулер мүмкіндік береді?

қандағы глюкозаны анықтау

зәрдегі диастазаны анықтау

қандағы диастазаны анықтау

нәжісті жасырын қанға зерттеу

қан ұйығыштықты анықтау
Қабылдауға 72 жастағы науқас туыстарының сүйемелдеуімен келді.Олардың айтуы бойынша есте сақтау қабілетінің нашарлауы,әсіресе жаңа ақпаратты қабылдауы нашарлауын байқаған. Есте сақтау қабілетінің бұзылуы науқастың күнделікті өміріне елеулі кедергі болып табылады. Өте жақсы меңгерілген немесе өте таныс материал ғана сақталады. Жаңа ақпарат анда-санда немесе өте қысқа уақытқа ғана сақталады. Науқас өзінің тұратын жері, жақында не істегені немесе таныстарының есімдері туралы негізгі ақпаратты есте сақтай алмайды. Объективті қарағанда жағдайы қанағаттанарлық. АҚ 150\100 мм.сын.бағ. пульс 80 рет 1 мин. Жүрек тондары тынықталған, ырғағы дұрыс. Аяқтардың пастоздылығы бар. Сіздің болжам диагнозыңыз қандай?

Альцгеймер ауруы

Паркинсон ауруы.

Гипертониялық энцефалопатия.

Жастық деменция.

Ми ісігі.
53 жастағы әйел жалпы тәжірибелік дәрігерге қаралуда. Күйеуінің қайғылы қазасынан кейін науқас күйеуінің өліміне тосқауыл бола алмағанына, оған жеткілікті көңіл бөлмегеніне, бұл туралы дәрігерге көзіне жас ала отырып, өзіне қол жұмсау туралы ойлары бар екендігін айтты. Біз қандай синдром туралы айтып отырмыз?

Депрессивті синдром

Кататониялық синдром

Обсессивті синдром

Паранойяльды синдром

Дементті синдром
11 жасар бала жалпы тәжірибелік дәрігер қабылдауында. Мектеп бағдарламасынан қалып қойғандықтан әжесі оны қабылдауға әкелді. Бала оңай қарым-қатынас жасайды, сөйлеуі дамыған, оқиды, ой-өрісі жасына сәйкес келмейді, бірақ есте сақтау қабілеті жақсы, абстрактылы ойлау қабілеті шектелмейді. Анамнезінен: жүктілік және босану ерекшеліктері жоқ, психомоторлы дамуы артта қалмай ерте дамуы байқалады. Соңғы жылдары ата-аналар ішеді, бала жиі сабақты қалдырады. Сіз қандай жағдайды елестете аласыз?

Педагогикалық немқұрайлылық

Шизофрения

Тұлғаның бұзылуы

Психикалық инфантилизм

Деменция
Босанғаннан кейін әйелде қобалжу пайда болды, көңіл-күйі төмендеді, ол тамақ ішпейді, ол қатты толқуда және баласы жазылмайтын ауруға шалдыққанынан қорқады, көмек сұрайды. Төмендегі синдромдардың қайсысы ең ықтимал?

Депрессивті

Обсессивті

Маниакальді

Астеникалық

Адасушылық
Әйел 42 жаста. Зорлық-зомбылық фонында фиксационды және ретроградтық амнезия түріндегі есте сақтау қабілетінің бұзылуы бар. Науқас есте сақтау қабілетінің жоғалуын фантастикамен толтырады, іс жүзінде болмаған нәрсені «есіне алады». Сондай-ақ, әңгіме барысында ол шынымен болған, бірақ бұрмаланған, уақыт немесе орын бойынша дұрыс корреляцияланған оқиғалар туралы айтады. Бұл бұзылыс полиневропатиямен байланысты. Төмендегі синдромдардың қайсысы ең ықтимал?

Корсаков

Кандинск-Клерамбо

Депрессивті

Психоорганикалық

Делириозды

30 жастағы ер адам дене қызуының 41°С көтерілуімен жедел ауырды. Кешке қорқыныш пен алаңдаушылық күшейеді, ол бөлмеде ұшып жатқан «сары тумбочкаларды» көріп, музыка еститінін айтады. Ұйқысыз, мазасыз. Күндіз тыныш , бірақ кешке қарай ол қайтадан мазасызданады. Төмендегі синдромдардың қайсысы ең ықтимал?

Делириозды

Кандинск-Клерамбо

Депрессивті

Психоорганикалық

Корсаков синдромы
17 жастағы бойжеткен тұмаумен ауырған, дене қызуы көтерілген. Қарап тексергенде мазасыз, қобалжыған, көңілі ауытқыған. Ол өзінің қайда екенін білмейді, қоршаған ортада бағдарлануы бұзылған. Көбінесе төсектен секіріп, жастықтың астынан бірдеңе іздейді, кереует астына қарайды, төсек-орын жабындарын ақтарады, қабырға бойымен қолымен шауып, қиялдағы жәндіктерді ұстауға тырысады. Кейде қорқып жан-жағына қарап, өзімен-өзі сөйлеседі. Қандай тактика ең қолайлы?

инфекционды больницаға госпитализациялау

осельтамавирмен ем тағайындау

детоксикациялық терапия

транквилизаторларды бастау

психдиспансерге госпитализациялау
Ер кісі 40 жаста,әлеуметтік жағдайы жақсы,бүйректік коликаны еске түсіретін,көп уақыт болған ұстамалы ауру сезіміне шағымданады. Бүйір аймағындағы ауырсыну 4-аптаға жуық созылған.Қарап тексеру кезінде,УДЗ және рентгенографияны қосқанда бүйір жағынан патология анықталған жоқ. Спазмолитиктерді тағайындау нәтиже берген жоқ.Науқас өзінің болашағына алаңдаулы,ұйқысы нашар,таңертең өзін нашар сезінеді,кешкісін ауырсыну мазаламайды.Дәрігерлер ауруына көңіл бөлмейді деп ойлайды.Төменде аталған қандай диагноз барынша ықтимал

Маскалық депрессия

Фобиялық синдром

Шизофрения

Неврастения

Анықталмаған мүше патологиясы
Жалпы тәжірибелік дәрігер жаңа туған нәрестеге патронаж жасауда. Дәрігер нәрестені ішімен жатқызды, бұл кезде бастың бір жанға рефлекторлық бұрылуы байқалады. Бұл рефлекс өмірдің алғашқы сағаттарынан бастап көрінеді. Бұл рефлекс қалай аталады?

Қорғаныш рефлексі

Еңбектеу рефлексі

Іздеу рефлексі.

Хоботков рефлексі.

Ұстап алу рефлексі
Ер адам, 48 жаста, жөтелге, симптомдары анық емес интоксикацияға, дене қызуының 37,3°С жоғарылауына, ТАЖ 18 рет минутына, рентгенограммада 1 сегмент деңгейіндегі өкпе инфильтрациясына, лейкоциттер 9,0-10,0 х 109/л шағымданады. Көп қабатты пәтерде жолдасымен бірге тұрады. Дәрігермен үй жағдайында стационар ашылды. Үй жағдайындағы стационар ашарда науқасқа қандай форма толтырылады (ҚР ДСҰ 17.08.2015ж. №669 бұйрығы «Стационарды алмастыратын көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы»)?

№ 003-2/у

№ 025-8/у

№ 030-6/у

№ 027/у

№ 066-4/у
Ер адам 48 жаста, жеңіл дәрежелі ауруханадан тыс пневмонияға қатысты стационарды алмастыратын көмек алды. Стационарды алмастыратын көмек алған науқас шығарда статистикалық картасы қандай түрде толтырылады (ҚР ДСҰ 17.08.2015ж. №669 бұйрығы «Стационарды алмастыратын көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы»)?

№ 066-4/у

№ 003-2/у

№ 025-8/у

№ 030-6/у

№ 027/у
Ер адам 48 жаста, жеңіл дәрежелі ауруханадан тыс пневмонияға қатысты сатционарды алмастыратын көмек алды. Стационарды алмастыратын көмекті алған науқасқа медициналық картадан қажетті тағайындаулар жазылған шығару қағазы қандай түрде толтырылады (ҚР ДСҰ 17.08.2015ж. №669 бұйрығы «Стационарды алмастыратын көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы»)?

№ 027/у

№ 003-2/у

№ 025-8/у

№ 030-6/у

№ 066-4/у
МҚЖЖ диспетчермен 4 категориялы шұғыл шақыру қабылданғаннан кейін фельдшерлік және арнайы (дәрігерлік) бригаданың науқасқа келуі қанша уақытты құрайды ? (ҚР ДСМ 03.07.2017ж. №450 бұйрығымен « Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмекті көрсету қағидаларын бекіту туралы»)

60 минутқа дейін

10 минутқа дейін

15 минутқа дейін

30 минутқа дейін

45 минутқа дейін
Ер кісі 64жаста, денесінің оң жақ бүйір беткейінде түзілімнің пайда болуына шағымданады. Анамнезінде түзілімнің 4 ай бұрын байқаған. Дәрігер қарап тексергенде жұмсақ-эластикалық консистенциялы,қозғалмалы,өлшемі 2,5х3,0 см, тері асты шелінің деңгейінде анық шекарасмен түзілім анықтады .Осы жағдайда сіздің ары қарайғы тактикаңыз?

Түзілімге пункция жасау

Алып тастау және гистологияға жолдау

Динамикада бақылауды ұсыну

Сорып алу терапиясын тағайындау

Қыздыратын компресс ұсыну
19 жастағы жасөспірімде тұмаудан кейін оң жақ төменгі жақта ұзақтығы 2-3 секундқа созылатын ұстама тәрізді ауырғандық пайда болды. Ұстамалар сөйлегенде, шайнауда, жуынғанда туындайды. Неврологиялық статусы: оң жақ V жүйкенің III тармағында, ауыз бұрышының оң жақ қыртыс аумағында ауырғандық. Көздің көру түбі патологиясыз. Бас миының МРТ-сы патологиясыз. Болуы мүмкін клиникалық диагноз?

оң жақ жүйке жүйесінің III тармағының невралгиясы

оң жақ бет жүйке жүйесінің жедел невропатиясы

оң жақ үштік жүйке жүйесінің I тармағының невралгиясы

оң жақ үштік жүйке жүйесінің II тармағының невралгиясы

оң жақ тіласты жүйке жүйесінің жедел невропатиясы
Әйел адам, 65 жаста. АҚҚ-ы 195/110 сын.бб көтерілуі мен сөйлеуі нашарлады- кенет сөйлеуін тоқтатты. Неврологиялық статусында: санасы анық, қарашығы D=S, оң жақ ауыз-мұрын қатпары тегістелген, моторлы афазия, Бабинский симптомымен жоғары бұлшықеттік тонус және жоғары сіңірлік рефлекстермен оң жақты гемипарез. Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

ишемиялық инсульт

жедел гипертониялық энцефалопатия

транзиторлы ишемиялық атака

серозды менингит

геморрагиялық инсульт
Ер адам, 72 жаста алаңдағы орындықта табылды. Санасын жоғалтпаған. Жедел жәрдем дәрігерімен қарағанда оң жақ қолының қимылы және сөйлеуі бұзылғандығы- бөлек сөздерден кенет басының айналғандығы белгілі болды. Құсу анықталмады. Қабылдау бөліміне жеткізілді. Қарағанда: санасы сақталған, әлсіз, апатия. Сөйлеспейді. Тексеруге қанағаттанарлықсыз кейіп танытады. Пульсі аритмиялы, 104 рет минутына, жүрек тондары тынықталған. АҚҚ-ы 150/100 сын.бб. Ауыздың оң жақ бұрышы түскен. Оң жақ қолы қимылсыз. Оң жақ аяқ басы сыртқа қайырылған. Сіңірлік рефлекстер оң жақта сол жаққа қарағанда жоғары. Оң жақта Бабинский симптомы. Келесі диагностикалық этапта қандай тексеру жүргізілуі тиіс?

магнитті-резонансты томография

Электроэнцефалография

жалпы қан талдауы

қанның биохимиялық талдауы

электрокардиография
39 жастағы ер адам жедел ауырды, бүгін танертең қатты бас ауруы және көп ретті құсу пайда болды, дене қызуы 40°С дейін көтерілді, жүрек соғуы, ентігу, құрысулар, күндіз жедел жәрдем көмегі шақырылып, науқас ауруханаға жеткізілді. Туысқандарының айтуынша- 2 апта бойы пневмонияға байланысты ем қабылдаған, алкоголизммен сырқаттанады. Неврологиялық статуста: сопор типімен санасы бұзылған, қарашықтары D=S, Манн-Гуревич симптомы оң мәнді. Аяқ-қол парездері жоқ. Сіңірлік рефлекстері бірдей қозғалады. Шүйде аймағы бұлшықетінің қатаюы (ригидность) 4см, Кернинг симптомы 90°. Төменгі Брудзинский симптомы оң мәнді. Ликвор лайлы, жасыл 300мм су.бб қысыммен шығады. Цитоз – 1 мкл-де 2330 нейтрофилдер жасушасы, ақуыз – 2,5 г/л, глюкоза – 0,20 г/л. Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

пневмококкты менингит

серозды менигит

туберкулезді менингит

менингококкты менингит

арқалық сему (нейросифилис)
35 жастағы әйел адамда күйзелістен кейін жүрек соғу ұстамасы, бас ауруы, АҚҚ-ы 170 мм сын.бб көтерілуі, тершеңдік, қызба кезіндегідей қалтырау, дене қызуының жоғарылауы, қорқыныш үрейі және мазасыздық пайда болды. Ұстамадан кейін жиі кіші дәретке шығу байқалды. Санасы анық. Ұстама уақыты 40 минуттан 1 сағатқа дейін. Неврологиялық статуста: органикалық бұзылыстар жоқ. Айқын вегетативті бұзылыстар: қарашықтары кең D=S, күшейген ақ дермографизм, жалпы айқын гипергидроз, қабақтары мен қол саусақтарының треморы. Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

паникалық атака

вегетативты криз

гипертензиялық синдром

симпато-адреналдық криз

гипертониялық синдром
54 жастағы әйел оң аяғына таралатын бел аймағындағы ауру сезіміне шағымданады. Айтуы бойынша ауыр көтергеннен кейін пайда болған, қозғалыс кезінде күшейе бастаған, бір қалыпта ұзақ тұра алмайды. Оң жақ аяқтың тізе және жамбас буындарында бүгілу, сол жақ позиция жеңілдік әкеледі. Объективті: арқа сәл бүгілген күйде, зақымдалған жаққа бейімділік күрт шектелген, паравертебральды бұлшықеттердің айқын ауырсынуы бар. Ауырсыну оң аяқтың артқы бетінде 5-ші саусақ пен өкшеге дейін локализацияланған. Аяқтың сыртқы бетінде, оң жақ табанында сезімталдық төмендеген. Оң жақта Лазеге симптомы оң, Ахиллес рефлексі оң жақта теріс. Омыртқа жотасының қай деңгейінде патология анықталады?

L5-S1

Th 12- L1

L1-L2

L3-L4

L2-L3
5 жастағы балада дене қызуының 40оС дейін жоғарылауы , көп ретті құсу, бас ауруы, ауру басталғаннан 10 сағаттан кейін денесінде, әсіресе жамбас, сан, тізе аймақтарында жұлдызша тәрізді геморрагиялық бөртпелер пайда болды. Болуы мүмкін диагноз:

менингококкты инфекция

стрептококкты инфекция

геморрагиялық васкулит

тромбоцитопениялық пурпура

иерсиниозбен шақырылған инфекция
3 жастағы бала. 3 күн бойы ауырады. Дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, аздап жөтелу, мұрыннан су ағу, конъюнктивитпен көрінген. 4-нші күні барлық симптомдар артып, дене қызуы 39оС дейін жоғарылайды, бетінде ақшыл-қызыл, дақты-папулезды бөртпелер, 5-нші күні кеудесіне, келесі күні аяқ-қолдарына тарайды. Ауру басталмастан 10 күн бұрын жөтел және «аллергиялық бөртпемен» сырқаттанған туысқанымен байланыста болған. Болуы мүмкін алғашқы диагноз:

Қызылша

Скарлатина

герпестік ангина

листериоз

желшешек
Әйел адам, 28 жаста, босанғаннан кейін (сәбиге 3ай) дәрігерге бас ауруына, әлсізденуге, тез шаршағыштыққа, тітіркенуге, ұйқысының бұзылуына, жарықтан қорқу, субфебрильді дене қызуына 37,3оС шағымданады. Апта бойы сырқатпын деп есептейді.Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлыққа жақын, шеткі лимфа түйіндері анықталмайды, өкпесінде везикулярлы тыныс естіледі. Шүйде аймағы бұлшықетінің қатаюы 1,5 п/п. Кеуденің жалпы шолу рентгенограммасында:оң жақ төменгі бөлікте Гон ошағы, түбірдің оң жағында кальцинаттар. Туындаған асқынуды дер кезінде анықтауда төменде көрсетілген қандай тексеру маңызды болып табылады?

люмбальды пункция

қанның биохимиялық талдауы

көлденең томография

қанның жалпы талдауы

Бас миының КТ-ы
74 жастағы науқас пневмонияға қатысты антибактериальды терапияны қабылдады. Динамикада жалпы жағдайы жақсарусыз, әлсіздік артқан, арықтау, кеуде қуысында ауырғандық. Бақылау компьютерлік томографиясында- ошақ өлшемінде үлкейген, жиектері тегіс емес жоғары тығыздықта. Қақырықтың қандай зерттеу қорытындысы жақынырақ?



Атипиялық жасушалар

Грам-теріс қышқылға төзімді бациллалар

Нейтрофильді цитоз

саңырауқұлақты мицеллий

Гантель тәрізді денешіктер
Ер кісі 72 жаста. Бірнеше күн бойы іш қату мазалайды. Соңғы 3 айда 5 кг арықтаған. Қанда - панцитопения және ЭТЖ 65 мм/сағ.Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу жүргізу қажет?

прицельды биопсиямен колоноскопия

Ирригоскопия

тік ішекті пальпаторлы тексеру

Альфа-фетопротеин

құрсақ қуысы мүшелерінің КТ
Әйел адам 65 жаста. Ішінің ұлғаюына, әлсіздікке шағымданады. УДЗ-де іш қуысында 1,5л көп бос сұйықтық анықталды. Бауыр мен талақтың өлшемі қалыпты, v.portae диаметрі - 1,0 см. Онкомаркерлер - ОММА (СА-125) кенет артқан, альфа-фетопротеин - 3 есе жоғарылаған. Алғашқы диагноз қандай болуы мүмкін?

гепатоцеллюлярлы карцинома

ұйқы безінің қатерлі ісігі

аналық бездің қатерлі ісігі

эндометриойдты киста

эндометриоз
Ер адам 36жаста. Құрылысшы,жұмысы ашық ауада,күннің астында өтеді. Профилактикалық қарауда дәрігер невусқа (фото) көңіл аударды.Науқастың айтуы бойынша соңғы айлары қалдың өлшемі ұлғайа бастаған. Ары қарай қандай тактика барынша бағытталған?

онкологтың консультациясы

бақылау, бұл шекаралық невус

дерматологтың консультациясы

онкологтың консультациясына дейін S100 белкатың мөлшерін анықтау

онкологтың консультациясына дейін невустан биопсия

46 жастағы ер адам соңғы 3 жылда диета бұзғанда пайда болатын оң қабырға астындағы тұйық ауру сезіміне,ауыздан жағымсыз иіс шығуына,жүрек айнуына,соңғы жылдары диета сақтап жүрген жоқ.Периодты түрде іш қату болады. Қарап тексергенде: ЖҚА: гемоглобин – 138 г/л, лейкоциттер – 6,5х109/л, ЭТЖ - 18 мм/сағ.. БҚА: жалпы билирубин - 14 ммоль/л, АСТ - 32 ЕД/л, АЛТ - 28 ЕД/л, амилаза - 87 ЕД/л, СФ - 56 ЕД/л. Құрсақ қуысының УДЗ: Жалпы өт жолдары көрінбейді.Өт қапшығы: тонусы төмендеген, өт қапшығының қабырғалары қалыңдаған (6 мм), конкременттер жоқ. Емдеу тактикаңыз қандай?

дротаверин

мезим-форте

креон

лансопразол

урсодезоксихол қышқылы
Науқас 45 жаста мол дастарханды отырыстан кейін түнде қыжыл мазалаған,таңертең көп мөлшерде қан аралас құсу,айқын әлсіздік пайда болған. 5% глюкоза ерітіндісімен инфузионды терапия жасалып,жедел көмек бригадасымен алып келінген. Объективті: жағдайы ауыр,терісі құрғақ,бозғылт, телеангиоэктазиялар,алдыңғы құрсаққабырғасының веналарының ұлғаюы,аздаған асцит салдарынан іштің ұлғаюы,бауыры қабырға доғасынан 2 см.шығыңқы.Көлемі 0,5 л. Дейін қоңыр қан ұйындылары түрінде құсық массалары. АҚҚ – 100/70 мм.сбб.. Гемоглобин – 88 г/л.Қандай шұғыл шараларды тез арада жасау керек?

Блэкмор зондын орнату

Көк тамыр ішіне аминокапрон қышқылын еңгізу

Инфузияны жаңа мұздатылған плазмадан бастау

ФЭГДС және эндоскопиялық склерозирлеу, окреотид

Нитроглицерин және вазопрессин және соматостатин еңгізу
56 жасағы ер кісі ауа райы өзгергенде және жұмыс күнінің соңында жиі бас ауыратынына шағымданады.7 жыл бұрын артериальды гипертензия анықталып,дұрыс емделмеген. 2 жыл бұрын ишемиялық инсульт алған, 20 жылдан бері күніне бір қораптан шылым шегеді.Қарап тексергенде жүрек тондары анық, аортада 2 тонның акценті. АҚҚ 165/100 мм.сбб.. Жүректің сол жақ шекарасы 1 см.сыртқа ығысқан. ЭхоКГ: сол қарынша миокардының индекс массы 140 г/м2,ұйқы артериясының УДЗ: интима-медиа комплексі -1,1 мм,ұйқы артериясының бифуркациясы -1,5 мм. Емдеу тактикаңыз?

амлодипин және каптоприл

Ауруды бақылауда төмендегілердің қайсысы дұрыс?

клопидогрел және симвастатин тағайындау

Тамырларды оперативті реконструкциялау

Ангиопластика және стентирлеу

Ванкомицин тағайындау

Компрессиялық шұлықты киіп жүру
13 жастағы бала, гепатита В қарсы вацинациясынан бас тартуына байланысты сұрақпен келді. Қазір баланы вакцинациялауға келісті. Қандай тактика дұрыс болып табылады?

B вирусты гепатитке қарсы вакцинацияланбаған жасөспірім шұғыл вакцинациялауға жатады

B вирусты гепатитке қарсы вакцинацияланбаған жасөспірім вакцинацияға жатпайды

B вирусты гепатитке қарсы вакцинацияланбаған жасөспірім алдын-ала тексеруден өту керек

B вирусты гепатитке қарсы вакцинацияланбаған жасөспірім 6 айдан кейінгі вакцинациялауға жатады

B вирусты геатитке қарсы вакцинацияланбаған жасөспірім 12 айдан кейін вакцинациялауға жатады
Жанұялық дәрігерге 56 жастағы науқас кеуде артындағы қысып және эпигастрий аймағындағы ауырғандыққа шағымданып келді. ЭКГ-да: RII,III,AVF тісшесінің төменгі вольтажы,STII, III, AVF интервалының депрессиясы. Диагноз қою үшін ең бірінші қандай тексеру өткізу керек?

кардиоспецификалық ферменттерді анықтау

Велоэргометрия

Қандағы холестерин, триглицеридтерді анықтау

ЭКГ Холтерлік мониторлау

ЭхоКГ
ҚР ДСҰ 2010 жылдың 23 қарашадағы № 907 «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» бұйрығы бойынша ересек науқасты қабылдауда жалпы тәжірибе дәрігерімен қандай медициналық құжат толтырылады?

Форма 025

Форма 095

Форма 035

Форма 112

Форма 065
Әйел адам, 38 жаста, көлік жүргізушісі, МӘСҚ жолдамасынан бас тартты. Еңбекке жарамсыздық қағазында МӘСҚ жолдау -25.01 күні көрсетілген, және 25.01 күнінен «МӘСҚ жолдамасынан бас тарту» белгіленген. Науқастың құжаты сараптама кеңесіне жолданды және 28.01 күні тіркелген. МӘСҚ науқас куәләндіру үшін тек 15.02 күні келді, III топ мүгедек ретінде қабылданды. Берілген жағдайда емдік ұйым еңбекке жарамсыздық қағазын қандай күн жадымен жабу қажет :

III топ мүгедек ретінде 28.01күні қабылданды

III топ мүгедек ретінде 25.01 күні қабылданды

III топ мүгедек ретінде 15.02 күні қабылданды

16.02 күні жұмысқа кірісу

25.01 күніне дейін толық тексеруден өтуге жіберу
Дерматолог дәрігерге 20 жастағы әйел адам бастың шашты бөлігіндегі қышумен және шаштың сынуымен жүретін бөртпе элементтеріне шағымданып келді. 2 ай бойы аурумын деп есептейді. Ит пен мысық бар жер үйде тұрады. Қарағанда: бастың шашты бөлігінде диаметрі 2-3 см эритематозды- сквамозды сипаттағы зақымдалу ошақтары көрінеді. Зақымдалған ошақтарда кейбір шаштар 6-8 мм сынғыш. Сынған шаш бөліктері саңырауқұлақ спорасынан түзілген тығыз-жанасқан футлярмен қоршалған. Диагнозды нақтылау үшін төменде көрсетілгендердің қайсысы тиімді қосымша зерттеу әдісіне жатады:

патогенді саңырауқұлақтарға тексеру

Қанның биохимиялық талдауы

Қанның иммунологиялық зерттеуі

RW, РИФ, РИТ қанды талдау

Қанның және зәрдің жалпы талдауы
С.есімді науқас, 14 жаста, бала кезден ауырады,ауруының ағымы созылмалы, рецидивирлеуші, күзгі-қысқы кезеңде өршуі басым. Көптеген дәрілерді, өсімдік аллергендерін, тамақ өнімдерін көтереалмаушылық байқалады. Шынтақтың басым зақымдалуы,тізе буын шұңқырларында, мойынның бүйір беттерінде, білезік буындарында, бетте қатты қышыну, зақымданған жерлерде ұсақ папулалар, лихенификация, экскориация, қабыршықтану, эритема байқалады. Болжам диагнозды анықтаңыз:

Атопиялық дерматит, жедел ағым, лихенификациясы бар эритема-сквамозды түрі

Балалық экзема, жедел ағым, лихенификациясы бар эритема-сквамозды түрі

Атопиялық дерматит, созылмалы ағым, экссудативті түрі

Атопиялық дерматит, жедел ағым, лихеноялды түрі

Шынайы экзема, жедел ағым, пруригинозды түрі
И.есімді науқас,18 жаста, білектердің иілгіш беттерінде және сакрум аймағында күлгін реңктері бар көпбұрышты папулалар локализацияланған, кейбір элементтердің орталық бөлігі шөгеді, бүйірлік жарықтандыру кезінде балауыз жылтыры бар, қатты қышу мазалайды.Болжам диагнозды анықтаңыз:

Қызыл тегіс лишай, типтік түрі

Қызыл тегіс лишай, гипертрофиялық түрі

Қызыл тегіс лишай, атрофиялық түрі

Қызыл тегіс лишай, атипиялық түрі

Қызыл тегіс лишай,фолликулярлы түрі
Н. есімді бала, 4 жаста, бала-бақшаға барады, отбасылық дәрігердің қарауы барысында бет терісінде диаметрі 3 мм-ге дейін жететін шеттері бұлыңғыр бірнеше, жұқа сұр түсті қыртыстары бар көпіршіктер анықталды. Осы топтағы балалардың бірқатарында осыған ұқсас бөртпелер анықталды.Болжам диагнозды табыңыз:

Стрептококкоты импетиго

Вульгарлы импетиго

Стафилококкты импетиго

Герпетикалық импетиго

Саңылау тәрізді (Щелевидное) импетиго
Келесі клиникалық белгілер болған кезде дерматоздың қандай түрін ойлауға болады: тітіркендіргіш факторлардың әсер етуімен ғана пайда болуы, сенсибилизацияның болмауы және диссеминацияға немесе перифериялық өсуге бейімділік, тітіркендіргіштікті тоқтатқаннан кейін өздігінен жойылу:

Жай (простой) контактылы дерматит

Шынайы экзема

Токсикодермия

Контактылы аллергиялық дерматит

Есекжем (крапивница)

Науқас Е., 42 жаста, қолтық астына, шап-жамбас қатпарларына бөртпелердің шығуына, ауырсынуына және қышуына шағымданып дерматологқа келді. Қарау барысында: көрсетілген аймақта лас жабындымен жабылған эрозиялар бар, кей жерлерде папилломатозды өсінділер байқалады, Никольск симптомы оң мәнді. Диагноз қойыңыз.

Шынайы көпіршікті, вегетативті түрі

Шынайы көпіршікті (пузырчатка), вульгарлы түрі

Кантолитикалық емес көпіршіктер, типтік түрі

Шынайы көпіршікті, себореялық түрі

Шынайы көпіршікті, жапырақ пішінді түрі
Науқас А., 34 жаста, ауыр вирусты инфекцияны (грипп) басынан өткергеннен 2 аптадан кейін әлсіздік, ентігу, жүрек аймағындағы ауырсыну, жүрек соғуы мазалады. Қарау барысынды АҚҚ 110/70 мм.сбб., ЖСЖ 80 рет/мин., I тон әлсіреген. ЭКГ: Т (-) V1-V4 тіркемелерде. Жоғарыда аталған шағымдарға сүйене отырып диагноз қойылды: Жедел инфекционды миокардит. Емдеудің ең ықтимал дұрыс нұсқасын көрсетіңіз:

Глюкокортикостероидтарды тағайындау

АПФ ингибиторларын тағайындау, рибоксин

Тыныштық,төсек режимі,симптоматикалық ем

Антибиотиктерді тағайындау

СЕҚҚ препараттарды тағайындау
Науқас 40 жаста,вирусты гепатит Вмен ауырады, сарғаюдың 10-шы күні жаман түс көруіне,бас айналуына, «сәтсіздік» сезіміне шағымданады. Объективті: уақыт пен кеңістікте бағдардың бұзылуы, саусақ ұштарының треморы, ауыздан «бауыр иісі» шығады, тері жамылғысы,склералары сарғыш,бауыры жұмсақ –эластикалы тығыздықта.Аурудың ағымын бағалаңыз:

Жедел бауыр энцелофалопатиясы I дәрежелі

Вирусты В гепатитінің ауыр ағымы

Жедел бауыр энцелофалопатиясы IV дәрежелі

Жедел бауыр энцелофалопатиясы III дәрежелі

Жедел бауыр энцелофалопатиясы II дәрежелі
45 жастағы ер адам жұқпалы аурулар ауруханасының жедел жәрдем бөліміне түсті. Бүгін таңертең, консервіленген саңырауқұлақты жегеннен кейін 14 сағаттан кейін ауырып қалды. Эпигастрий аймағында ауырсыну, көру өткірлігінің нашарлауы, жұтынудың қиындауы, бұлшықет әлсіздігі байқалды.Объективті: t36,6°С, екі жақты птоз, жұмсақ таңдайдың парезі, афония, афагия. Қараудан 30 минут өткен соң мазасыздану, ерін және мұрын ұшында цианоз пайда болды. AD80/40 мм.сбб. Пульсі жіп тәрізді, әрең сезіледі. Жүрек тондары тұйықталған. Тыныс алуы әлсіз, беткей. ТЖ - 38 рет 1 мин..Бұл науқас үшін қандай тактика ең қолайлы болып табылады?

ИВЛ аппаратына қосу

Асқазанды шаю, тазарту клизмасы

Оральды регидратацияны жүргізу

Глюкокортикостероидтарды к/т ішілік еңгізу

Гемодиализ жүргізу

Ер бала 20 жаста. 25 маусымда емханаға дене температурасының 39º-40ºС дейін жоғарылауына,қалтыраумен басталып, айқын тер бөлінуімен аяқталатын шағымдарға шағымданды. Дәрігерге қаралу кезінде дене температурасы – 36,9ºС.Тері жамылғысы бозғылт, маса шаққан жерде тырнақ іздері бар.Бауырдың төменгі шеті қабырға доғасынан 1,5 см.шығыңқы, спленомегалия. Анамнезінде: дәл қазіргі сәтте жұмыс жасамайды Бір ай бұрын ол Ауғанстанда интернационалдық борышын өтеп жүрген әскери бөлімнен демобилизацияланған. Ең ықтимал диагноз қандай?

Малярия

Грипп

Лептоспироз

Ку-қызбасы

Кенемен шақырылған бөртпелі тиф

Жалпы тәжірбиелік дәрігер (ЖТД) қабылдауында науқас К. Дене температурасының жоғарлауына және жөтелге шағымданып отыр. Осы қалаға жұмыс бабымен келген. ЖТД ЖРВИ диагнозын қойды.Осы науқастың жұмысқа жарамсыздығына сараптама жүргізіңіз:

ЖТД жұмысқа уақытша жарамсыздық парағын медициналық мекеме басшысының келісімімен толтырады

ЖТД жұмысқа уақытша жарамсыздық парағын толтырады, үйіне келгеннен кейін науқасқа тұрғылықты мекен-жайы бойынша ауру парағын толтырады

ЖТД алғашқы 3 күнге жұмысқа уақытша жарамсыздық парағын толтырады, ұзарту-медициналық мекеме басшысының келісімімен

ЖТД өзі аурудың барлық күніне жұмысқа уақытша жарамсыздық парағын толтырады

ЖТД аурудың барлық күніне жұмысқа жарамсыздық парағын толтырады
Жалпы тәжірбиелік дәрігердің қабылдауында 29 жастағы науқас аз көлемді қақырықты жөтелге, дене температурасының жоғарлауына, әлсіздікке шағымданып келіп отыр. Жалпы суықтанудан және ЖРВИ -мен ауыратын науқаспен байланысқаннан кейін ауырған, ауырғанына 2 күн болған. Тыныс алу жүйесін объективті тексергенде оң жауырыннан төмен дауыс дірілінің күшеюі, сол жерде перкуторлы дыбыстың қысқаруы, зақымдалған өкпе аймағының үстінде әлсіргене везикулярлы тыныс және үнді дыбысты ұсақ көпіршікті сырылдар. Сіздің болжамды диагнозыңыз қандай?

Ауруханадан тыс пневмония, жеңіл ағым.

Жедел респираторлы вирусты инфекция.

Жедел бронхит.

Құрғақ плеврит.

Экссудативті плеврит.
Қалалық аурухананың жалпы тәжірбиелік дәрігеріне 45 жастағы К науқас кіндіктің сол жағында ұзаққа созылатын сыздап аурысынуға шағымданады, ауырсыну арқаға, сол жауырынға беріледі, майлы тамақтан кейін пайда болады. Тәбетінің төмендеуін, жүрек айну, тамақтан кейін эпигастральды аймақта ауырлық сезімін байқаған. Бұл симптомдар 4 ай бойы мазалайды. Көп жылдар созылмалы холецистипен ауырады. Объективті: температура 37,2 С. Жағдайы қанағаттанарлық. Терісі таза, құрғақ, сарғыш реңкпен. Теріасты-май қабаты шектен тыс дамыған. Жүрегі мен өкпесі патолгиясыз. Тілі ақ жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, жоғары жағында және сол қабырғаастында ауырсынады. Сіздің болжамды клиникалық диагнозыңыз қандай?

өршу сатысындағы созылмалы панкреатит

өршу сатысындағы жедел панкреатит

өршу сатысындағы созылмалы холецистит

ремиссия сатысындағы созылмалы холецистит

өт шығару жолдарының дискенезиясы
Жалпы тәжірбиелік дәрігердің қабылдауында 29 жастағы науқас аз көлемді қақырықты жөтелге, дене температурасының жоғарлауына, әлсіздікке шағымданып келіп отыр. Жалпы суықтанудан және ЖРВИ -мен ауыратын науқаспен байланысқаннан кейін ауырған, ауырғанына 2 күн болған. Тыныс алу жүйесін объективті тексергенде оң жауырыннан төмен дауыс дірілінің күшеюі, сол жерде перкуторлы дыбыстың қысқаруы, зақымдалған өкпе аймағының үстінде әлсіргене везикулярлы тыныс және үнді дыбысты ұсақ көпіршікті сырылдар. Жалпы тәжірбиелік дәрігер қандай препараттар тобын тағайындау керек?

синтетикалық пенициллиндер

вирусқа қарсы және қақырық түсіретін перпараттар

аминогликозидтер

цефалоспориндердің ұрпағы

респираторлы фторхинолондар
Әйел, 42 жаста, жалпы тәжірбиелік дәрігерге ентігуге, ұстама тәрізді жөтелге, тұншығу ұсатамаларына шағымданады. Симптомдар аптасына 1 реттен кем, айына 1 реттен көп мазалайды. Өршулер физикалық белсенділікті және ұйқыны бұзады. Түнгі симптомдар айына 2 реттен көп. ОФВ1 немесе ПСВ≥ 80% қалыптыдан, ПСВ көрсеткішінің айырмашылығы 20%-30%. Қандай зерттеу әдісі дәрігерге себептік-негізгі факторларды анықтауға көмектеседі?

Бронхолитикпен ингаляциялық сынама

Спирометрия

Пикфлоуметрия

Аллергиялық жағдайды бағалау

Эозинофилияға қан анализі
32 жастағы науқас қабылдауға кеудесінде дискомфортқа, таңертең пайда болатын жүректің мезгілдік шалыс соғуына шағымданып келді. Жалпы тәжірбиелік дәрігер науқаста вазоспастикалық стенокардияға күмәнданады. Диагнозды қандай инструменттік зерттеу әдісі дәлелдейді?

Тәуліктік ЭКГ мониторлау

Тыныштықтағы Электрокардиограмма

Тынышықтықтағы эхокардиография

Кеуде клеткасы мүшелерінің рентгенографиясы

Жүректің магниттік-резонансты томографиясы
Науқас Б., 63 жаста, ұзақ уақыт бойы диабетикалық нефропатиямен асқынған қант диабеті бойынша диспанесерлік тізімде тұр. Қандағы қанттың бақылаулы мөлшеріне қарамастан, тексеру кезінде артериялық қысымның 180/100 мм.с.б.б. Дейін жоғарлауы анықталды. Антигипертензивті препараттардың қай тобы науқаста таңдау препараты болып табылады?

ААФ ингибиторлары

тиазидті диуретиктер

селективті бета-блокаторлар

кальций каналдарының блокаторлары

селективті емес бета-блокаторлар
Осы препараттардың тобы ST сегментінің көтерілуінсіз жедел коронарлы синдромда тек ауырсыну синдромының болуы мен САҚ>90 мм.с.б.б. Болғанда тағайындалады. Тамырішілк енгізу басқа формаларына қарағанда ангинозды ауырсынуды басу және ST сегментінің депрессиясының регрессиясында тиімдірек. Препараттың мөлшерін АҚ қатаң бақылауымен, стенокардия ұстамасы жойылғанша, ал артериялық гипертензиясы, жүрек жеткіліксіздігі бар науқастарда- АҚ қалыпқа келгенше немесе жағымсыз әсерлері пайда болғанша жоғарлатуға болады. Жедел коронарлы синдромда тағайындалатын қандай перапарттар тобы жайлы айтылып тұр?

Нитраттар 

β-блокаторлар

Наркотикалық анальгетиктер

Кальций каналдарының блокаторлары

ААФ ингибиторлары
Жалпы тәжірбиелік дәрігердің қабылдауына 37 жастағы науқас келіп отыр. Науқас жедел ревматикалық қызбаны басынан өткерген. Қосымша зертханалық-инстурментальды әдістері инфекциядан 1 ай өткеннен кейін формуланың солға ығысуымен лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы, СРА пайда болуы, сиал қышқылы, фибриноген, α2 и γ-глобулиндер мөлшерінің жоғарлауы, антистрептокиназа >1:300, антистрептолизин >1:450 анықталды. Эхокардиографиялық зерттеуде қақпақша хордалары мен жармаларынан ЭХО-дабылдың қалыңдауы мен "жалбырлығы" , қақпақшаның артқы жармасының қозғалғыштығының шектелуі анықталды. Сіздің болжамды диагнозыңыз?

жүректің созылмалы ревматикалық аурулары

диффузды миокардит

гипертрофиялық кардиомиопатия

инфекциялық эндокардит

экссудативті перикардит
Осы препараттар тобын кері көрсеткіштер болмаса ишемия симптомдары бар науқастарға ерте тағайындау ұсынылған. Дәрілік заттар айналымдағы катехоламиндердің миокардиальды әсерлерін конкурентті ингибирлейді және ЖЖЖ, АҚ және миокард жиырылғыштығын төмендету есебінен миокардпен оттегі қолдануын төмендетеді (дәлелділік деңгейі ІВ). Егер миокардтың жиырылғышы белгілі емес науқастарға ерте тағайындаудан бас тарту керек. Сонымен қатар коронарлы спазммен немесе кокаин қабылдаумен байланысты симптомдары бар науқастарға тағайындамаған жөн, өйткені олар β-жанама вазодилатацияға қарама-қарсы α-жанама вазоконстрикцияға ықпал ететін спазмға ықпал көрсетуі мүмкін. Жедел коронарлы синдромда тағайындалатын қандай препараттар тобы жайлы айтылып отыр?

β-блокаторлар

Нитраттар 

наркотикалық анальгетиктер

кальций каналдарының блокаторлары

ААФ ингибиторлары
Жалпы тәжірбиелік дәрігер қай жағдайда науқасты ЭКГ-ға жолдайды және скринингтік қараудың нәтижелері бойынша қажет болса кардиологтың кеңесіне жібереді?

жүрек-қантамыр ауруларының екі немес одан да көп қауіп факторлары болса

Кетле индексі 25-тен жоғары болса

бел айналымы ерлерде 94 см, әйелдерде 80 см-ден асса

анамнезінде алкагольді шектен тыс қабылдауы анықталса

шылымқор индексі жоғары болса
Осы препараттар тобы өңештің төменгі сфинктерінің тонусын жоғарлатады, , асқазанның босауын стимуляциялайды, ас қорыту жүйесінің жұмыс үйлесімділігін жақсартады. Олар антисекреторлы препараттармен комплекстік ем құрамында тиімдірек. Препараттардың жаңа классын қолданған жөн, өйткені өз тобына сай жанама әсерлері жоқ (оның гематоэнцефалдық барьерден өту қабілетінің төмендігі экстарпирамидалық бұзылыстардың, гиперпролактинемия қауіпін төмендетеді, сонымен қатар цитохром-Р ферменттерімен байланыспағандықтан комплекстік ем кезінде дәрілік әрекеттесуден құтылуға мүмкіндік береді. Гастроэзофагальдырефлюкстік ауру мен ойық-жара ауруын емдеуде қолданатын, сонымен қоса амбулаторлық тәжірбиеде кең қолданылатын қандай препараттар тобы жайлы айтылып отыр?


протонды помпа ингибиторлары

Прокинетиктер

Антацидтер

висмут препараттары

Алгинаттар
Жалпы тәжірбиелік дәрігердің қабылдауына 25 жастағы науқас жүрегінің айну, ауызында жағымсыз дәм, омыртқаға таралатын төстің астындағы ауырсыну сезіміне шағымданып келіп отыр. Ауырсыну түнгі уақытты мазалайды, сондықтан науқас түнде тұрып, 1 стақан салқын сүт ішеді. Объективті: пальпацияда оң эпигастральды аймақта ауырсыну, Мендель симптомы оң мәнді. Сіздің болжамды диагнозыңыз қандай?

12-елі ішектің ойық жара ауруы

асқазан денесінің ойық жара ауруы

жедел холецистит.

жедел гастрит.

Асқазанның кардиальды/субкардиальды бөлігінің ойық жара ауруы
Ер адам А., 39 жаста, әлсіздікке, басының ауырсынуына, жүрек тұсында, бұлшықеттерінде ауырсыну сезіміне, аяқтарында, қолында және бетінде ісінуге, кейде ішінің өтуіне шағымданып келді. Анамнезінен соңғы жарты жылда 8 кг арықтағаны, кезеңдік өршуімен жамбас сүйегініңсозылмалы остеомиелиті бар екені белгілі болды. Науқастың қолында құрсақ қуысы мүшелерінің және бүйректің УДЗ қорытындылары- үлкейген, тығыздалған бүйрек анықталады (үлкен майлы бүйрек). Сіздің болжамды диагнозыңыз қандай?

Екіншілік амилоидоз, созылмалы инфекциямен байланысты

Біріншілік амилоидоз, көптеген миеломамен байланысты

Екіншілік амилоидоз, жүйелі аурулармен байланысты

Біріншілік амиолоидоз, белгісіз себептерден дамыған

Екіншілік амилоидоз, онкологиямен байланысты
Антигипертензивті препараттардың қай тобы созылмалы бүйрек ауруы бар науқастарда кардио-васкулярлы жағдайлардың алдын алу үшін тағайындалады?

ААФ ингибиторлары

тиазидті диуретиктер

селективті бета-блокаторлар

кальций каналдарының блокаторлары

селективті емес бета-блокаторлар
Ер адам, 29 жаста, аяқ буындарының ауырсынуына, субфебрильді температураға, тәбетінің болмауына, соңғы 1 айдыі ішінде 4 кг арықтауына, жалпы әлсіздікке шағымданады. Анамнезі ерекшеліксіз, екі ай бұрын цистике байланысты емделген. Қарау кезінде- тізе, оң жамбас-сан және балтыр-табан буындарының симметриялық емес артриті. Қан анализінде- шамалы лейкоцитоз, аздаған анемия, зәр анализінде аздаған протеинурия, зәр шөгіндісі ерекшеліксіз. Сіздің болжамды диагнозыңыз қандай?

реактивті артрит

ревматикалық артрит

жүйелік васкулит

жүйелі қызыл жегі

Шенлейн-Генох пурпурасы
Ер адам, 47 жаста, ұзақ уақыт бойы ревматологтың диспенсерлік тізімінде тұр. Буындарының ауырсынуы мен ісінуіне, көбіне білезік буыны, осы буында қозғалыстың шектелуі, жалпы әлсіздікке шағымданады. Қарау кезінде: симметриялық полиартрит, бір уақыттта бір саусақтың 2-3 буыны зақымдалған, осы буындарда тырнақтарының көлденең иректелуі. Сіздің болжамды диагнозыңыз қандай?

ревматоидты артрит

псориаздық артрит

деформирлеуші остеоартроз

түйіндік периартериит

подагралық артрит
Емханадағы жалпы тәжірбиелік дәрігерге 55 жастағы науқас Д келді. Сұрау кезінде мына шағымдарды айтады: тізе, табанның І табан сүйек-бақайшақтар, білезіктің дистальды фалангаралық буындарында ауырсыну, тізе буынының кеәде ісінуі. Науқастың айтуы бойынша көп жылдар бойы ауырады. Қарау кезінде жоғары тамақтанатын науқас екені анықталды. Өкпесінде везикулярлы тыныс. ТЖ минутына 19 рет. Жүрек үндері дыбыссыз. ЖЖЖ 86 соққы/мин. Оң қолындағы АҚ 170/100 мм.с.б.б. Сол қолындағы АҚ 160/100 мм.с.б.б. Бауыры пальпацияланбайды. Status localis:тізе буыны үлкейген, қозғалыста "дөрекі сықыр". Сан бұлшықеттерінің аздаған атрофиясы. Тырнақ фалангаларында "Геберден түйіндері" бар. Жалпы қан анализінде- Нв- 120 г/л, эритроциттер- 4 х1012; лейкоциттер- 5,4 х 109; СОЭ- 23 мм/сағ; СРБ - оң. Рентгенологиялық: субхондральды остеосклероз, буындық саңылау тарылған. Болжамды диагноз қандай?

Подагра

Остеоартроз

Ревматоидты артрит

Ревматизм

жүйелі қызыл жегі

Бала 9 жаста. 2 жастан бастап "обструктивті брохит" диагнозы қойылғаннан бастап ауырады. Кейін бұл ауру 2-4 айда бір рет кезеңділікпен қайталанып отырды. 2 жастан бастап тұншығу ұстамасы байқалады. Соңғы 2 жылда ұстамалар жиілеген (аптасына бірнеше рет). Бала үйде оқытылады. Сыртқы тыныс қызметін тексеру: бронхиальды өткізгіштіктің обструктивті тип бойынша тұрақты бұзылысы. ПСВ-50%, вентолинмен сынама әрдайым оң мәнді. Бронхиальды өткізгіштіктің тәуліктік өзгерісі 30%. Диагноз құрастырыңыз:

персистирлеуші бронх демікпесі, ауыр дәреже

интермитирлеуші бронх демікпесі, жеңіл дәреже

интермитирлеуші бронх демікпесі, орташа ауырлық дәрежесі

персистирлеуші бронх демікпесі, жеңіл дәреже

персистирлеуші бронх демікпесі, орташа дәреже
Отбасылық-дәрігерлік амбулаторияға 5,5 айлық бала келді. Күнтізбе бойынша екпе алған. Бірақ баланы объективті тексеруде БЦЖ-дан кейін тыртық қалмаған. ЖТД балаға қайтадан екпе жасайды ма және неге?

6 айға дейін екпе жасауға болады, бірақ арнайы Манту сынамасынан кейін, өйткені қайталамалы екпе туберкулез ауруына әкелмейді

Екпе жасауға болмайды, өйткені қайталамалы екпе туберкулез ауруына әкелуі мүмкін

Екпе жасауға болмайды, өйткені қайталамалы екпе аллергиялық реакцияға әкелуі мүмкін

Екпе жасауға болады, бірақ 9 айда арнайы Манту сынамасынан кейін, өйткені қайталамалы екпе туберкулез ауруына әкелмейді

Екпе жасауға болады, бірақ 1 жаста арнайы Манту сынамасынан кейін, қайталамалы екпе туберкулезө ауруына әкелмейді
Жалпы тәжірбиелік дәрігерді 1 жастағы гипертермиямен балаға шақырды. Жедел ауырды, ЖРВИ-мен ауыратын ағасымен байланыстан кейін. Бала мазасыз, қолы мен аяқтары суыз, денесі ыстық. Бір апта бұрын екпе күнтізбесіне сай екпе жасалған. Қарау кезінде баланың температурасы 38,9 С. Диагнозды және парацетамолдыі бір реттік мөлшерлемесін анықтаңыз:

"Ақ" гипертермия, парацетамол мөлшері: 100мг-150мг

"Алқызыл" гипертермия, парацетамол мөлшері: 10мг-20мг

"Алқызыл" гипертермия, парацетамол мөлшері: 20мг-50мг

"Ақ" гипертермия, парацетамол мөлшері: 50мг-100мг

"Ақ" гипертермия, парацетамол мөлшері: 150мг-200мг

6,5 айлық балада психомоторлы дамудың артта қалуы. Ата-анасы екі ағайынды ағасы мен қарындас. Олардың шашы қара, көзі көгілдір, терісі ақ. Қыз бала сирек былдырлайды, отырмайды, еңбектемейді, тістері жоқ. Аллергодерматоз белгілері анық. Рахимт белгілерінің болмауына қарамастан бала тез терлейді. Тері арнайы "тышқан" иісті. Анасының айтуы бойынша балада туылғаннан бастап іш қатуға бейімділік. Анамнезінде 2 рет тырысу синдромымен ЖРВИ. Феллинг сынамасы оң мәнді. Сіздің диагнозыңыз:

Фенилкетонурия, типті түрі, ауыр дәрежесі

Фенилкетонурия, атипті түрі, жеңіл дәрежесі

Фенилкетонурия, типті түрі, орташа дәрежесі

Фенилкетонурия, атипті түрі, орташа дәрежесі

Фенилкетонурия, типті түрі, жеңіл дәрежесі
Дәрігердің қабылдауына 5 жастағы қыз бала келді. Анасының айтуынша, қайталамалы немесе өнімсіз жөтел, түнгі уақытта күшейеді немесе дистанциялық сырылдармен және тыныс алудың қиындауымен жүреді. Жөтел физикалық жүктемеде, күлкіде, жылағанда немесе темекі түтінімен байланысқанда қазіргі уақытта респираторлы инфекция болмаса да пайда болады. Дәрігер науқаста бронх демікпесіне күмән тудырды. Осы жастағы науқастарда бронх демікпесін диагностикалаудың негізгі шарттары қандай?

бронхолитикалық емнің тиімділігі

аллергиялық аурулары бойынша қолайсыз анамнез

тағамдық аллергияның жоғары жиілігі, медикаменттер, айқын терілік реакциялар

ЖРВИ аясында обстурктивті синдромның ерте басталуы

Соңғы жыл бойы персистирлеу
Жалпы тәжірбиелік дәрігерді 2 күн бойы ауырып жатқан 7 жастағы балаға шақырды. Температура 38,5С. Дененің барлық бөлімдерінде гиперемия, анық ұсақ нүктелі бөртпе. Мұрын-ерін үшбұрышы бозарған. Аңқасында ашық гиперемия, бадамшалараында ақшыл-сарғыш шөгінді. Тілі ақ жабындымен жабылған. Жүрек үндері тұйықталған. Ақ дермографизм. Сіздің болжамды диагнозыңыз қандай?

Қызылша

Қызамық

Аллергиялық бөртпе

Псевдотуберкулез

Стафилодермия
Жалпы тәжірбиелік дәрігердің қабылдауында 8 жастағы қыз бала отыр, балабақшаға барады. Анасының айтуы бойынша көбіне түнгі уақытта болатын перианальды қышынуға, ұйқысының бұзылуына, басыныңы ауырсынуына, қозғыштыққа, тәбетінің болмауына, ішінің ауырсынуына, соңғы 3-4 күн бойы шырыш аралас сұйық нәжіске, жыныс мүшелерінің аймағында қышу, ашу сезіміне, зәр шығарудың жиілеуіне шағымданады. Сіздің болжамды диагнозыңыз қандай?

Аскаридоз

Тениоз

Энтеробиоз

Трихинеллез

Описторхоз
Жалпы тәжірбиелік дәрігердің қабылдауына 8 жастағы ұл бала келді. Шағымдары жоқ. Алдын алулық рентгенографиядан кейін жолданған. Рентгенограммада өкпеде пневмонпиялық ошақ және лимфангоит, регионарлы кеудеішілік лимфа түйіндерінің зақымдалуы. Сіздің болжамды диагнозыңыз қандай?

Біріншілік туберкулездік комплекс

Кеудеішілік лимфа түйіндерінің туберкулезы

Өкпенің ошақты туберкулезы

Казеозды пневмония

Өкпе туберкуломасы
Бейінді мамандар мен лабораторлы-диагностикалық әдістердің қорытындысын есепке ала отырып, педиатрдың, жасөспірімдер дәрігерінің, жалпы тәжірбиелік дәрігерлердің скринигтік тексеруінен кейін балалардың денсаулық жағдайын "дені сау топты" анықтаумен комплексті бағалау жүргізілдуде. Денсаулықтың үшінші тобына қандай балалар тобы жатады?

компенсация жағдайындағы созылмалы аурулары бар, организмнің қызметтік мүмкінділіктері сақталған балалар

қызметтік және кейбір морфологиялық ауытқулары бар, сонымен қоса жедел және созылмалы ауруларға қарсы тұруы төмендеген, қауіп факторлары бар дені сау балалар

дені сау балалар

субкомпенсация жағдайындағы созылмалы аурулары бар, организмнің қызметтік мүмкіндіктері төмендеген балалар

компенсация жағдайындағы созылмалы аурулары бар, организмнің қызметтік мүмкінділіктері сақталмаған балалар
2,5 айлық бала. Ентігумен жүретін кезеңдік ысқырықты тыныс эпиходтары мазалайды. Емшек емеді, жиі құсады. Гипертензиялық синдром бойынша неврологтың тізімінде тұр. Баладағаы респираторлы аурулардың себебі қандай?

Гастроэзофагальды рефлюкс

Бронхтардың туа пайда болған даму ақауы

Тыныс алу жүйесінің дамымағандығы

Бронх-өкпелік дисплазия

Тыныс алудың орталықтан басқарылуының дамымағандығы

9 жастағы ұл бала 4 жыл бойы қант диабетімен ауырады. Ауруы өте ауыр, кетоацидоз бойынша бірнеше рет ауруханаға шұғыл түрде жатқызылған. Пролонгирленген әсерлі инсулин (тәулігіне 2 инъекция) алады. Қан мен зәрдегі глюкоза мөлшерін систематикалық бағалау жоқ. Кешкі уақытта бала агрессивті болған, тамақ ішуден бас тартқан. Түнде қорқыныш, мазасыздық сезімімен оянған. Қолының треморы, жақтарының тризмі, қарқынды тер бөлу байқалған. Осы жағдайдың дамуына қандай себеп әкелді?

Гипогликемиялық жағдай

Кетоацидоз

Диабетикалық энцефалопатия

Лактоацидоз

Диабетикалық нефропатия
7 жастағы баланы алдын ала тексеруде шағымданбайды. Мұғалімдердің айтуы бойынша қыз бала баяу, қанағаттанарлықсыз оқиды. Обьективті қарау кезінде- дене бітімі диспропорциональды- қолы мен аяқтары қысқа, қысқа саусақтармен жалпақ алақан, қысқа кең мойын, жалпақ кең кеңсірік, макроглоссия. Шаштары құрғақ, көмескі, терісі өте құрғақ, ұстағанда суық. Қалқанша безі пальпацияланбайды. Пульс 62 соққы/мин, АҚ 90/50 ммс.б.б. Іші үрілген, кіндік сақинасы кеңейген, туылғанна бастап-іш қатулар. Ең бірінші ажыратплы диагнозды мына аурумен жүргізу керек:

Даун синдромы

Шерешевский-Тернер синдромы

Марфан синдромы

Патау синдромы

Клайнфельтер синдромы
Жалпы тәжірбиелік дәрігердің қабылдауына 11 жастағы қыз бала келді. Дәрігерге келмес 1 ай бұрын баспамен ауырған. Соңғы уақытта шаршағыш, үлгерімі нашралаған, тітіркенгіштік, жылағыштық пайда болған, мимикалық бұлшықеттердің тартылуы, жүрісінің тұрақсыздығы, жазуының өзгері байқалады. Объективті: жүрек шекараларының кеңеюі,тахикардия, жүрек ұшында систолалық шу, бұлшықет тонусының және сіңірлік рефлестердің төмендеуі, координациялық сынамалардың бұзылысы. Сіздің диагнозыңыз:

жедел ревматикалық қызба, кардит, кіші хорея

жедел ревматикалық қызба, кардит

жедел ревматикалық қызба, кіші хорея

жедел ревматикалық қызба, кардит, артрит

жедел ревматикалық қызба, артрит, кіші хорея
Жалпы тәжірбиелік дәрігердің қабылдауына 8 жастағы қыз келді. Анамнезінде ойық жаралы-некротикалық баспа, күбіртке түріндегі жиі инфекциялық асқынулар. Соңғы аптада жедел іріңді отитке байланысты парентеральды антибиотиктермен ем қабылдаған. Постиньекцилық абсцесстің дамуына байланысты дәрігердің қабылдауына келген. Объективті: тамақтану төмендеген. Тері жамылғылары мен көрінеті шырышты қабаттарының бозаруы. Тырнақ дистрофиясының болуы, әсіресе аяқ тырнақтарында айқын. Қан анализінде тромбоциттер 100х109/л, гемоглобин 80 г/л. Сіздің болжамды диагнозыңыз:

жедел ревматикалық қызба

апластикалық анемия

тромбоцитопениялық пурпура

ювенильді жүйелі қызыл жегі

ауыр дәрежелі темір жеткіліксіз анемия
Дәрігердің қабылдауына 12 жастағы ер бала жедел миокардитке күдікпен келді. Амбулаторлы жағдайда қандай зерттеу әдісі диагнозды дәлелдеуге көмектеседі?

Тропониндік сынама

қанның биохимиялық анализі

Эхокардиография.

Велоэргометрия.

ЭКГ және АҚ тәуліктік мониторлау
Жалпы тәжірбиелік дәрігер жаңа туылған сәбиді үйінде тексеруде. Дәрігер баланы ішімен жатқызды, осы кезде баланың басы рефлекторлы бұрылады. Бұл рефлекс өмірінің бірінші күнінен бастап айқындалған. Бұл рефлекс қалай аталады?

қорғаныш рефлексі

еңбектеу рефлексі

іздемелі рефлекс

Тұмсықтық (Хоботковый) рефлекс

қармау рефлексі
Дәрігердің қабылдауына 2 жастағы баласы мен анасы келді, қызбаның үдеуіне және 2 күн бойы тәбетінің болмауына шағымданып келді. Жөтелмейді, бірақ ата-анасы қиындаған тыныс алуда байқаған. Өмір анамнезі ерекшеліксіз. Екпелері мерзімінде жасалған. Қарау кезінде стридор және ысқырықты тыныс анықталған. Сіздің болжамды диагнозыңыз:

вирусты текті жалған круп

жұтқыншақартылық абсцесс

көмей үстінің қабынуы

перитонзиллярлы абсцесс

дифтерия, шынайы круп
Жалпы тәжірбиелік дәрігерді 2 жастағы баланың үйіне шақырды. Қарау кезінде аузының, ұртының шырышты қабаты гипермияланған және қайды, 15-17 көпіршікті бөртпелер және кірлі-сұр жабындылар бар, пальпацияда үлғайған және ауырсынатын лимфа түйіндер, дене темпераутарсы 39С. Анасында herpes labialis анықталды. Сіздің болжамды диагнозыңыз:

афтозды стоматит

герпестік стоматит

ауыз-жұтқыншақ дифтериясы

қызылша

желшешек
Жалпы тәжірбиелік дәрігердің қабылдауына 7 жастағы бала ата-анасымен келді. Мектепке барғаннан бастап бас ауру, әлсіздік, тамақ қабылдаумен байланыссыз эпигастрийда орналасқан ішінің ауырсынуының пайда болуына шағымданады. Жоғарыда айтылған шағымдар 6 ай бойы мазалайды. Жалпы тәжірбиелік дәрігер амбулаторлы жағдайда қандай зерттеу әдісін ұсыну керек?

фиброгастродуоденоскопия

дуоденальды зондтау

асқазан рентгенографиясы

асқазанның РН-метриясы

Электрогастроскопия
Науқас 32 жаста, сол қолтық ойысында ауырсынатын ісік тәрізді түзіліске шағымданады. Жалпы әлсіздік, дімкәстік пайда болды. Дене температурасы жоғарлады. Қарау кезінде сол қолтықасты ойысында орталығында іріңді фокусы бар, өлшемі 3х3см, тіндердің қабыннулық инфильтрациясы анықталды. Науқасты амбулаторлы жағдайда жүргізу әрекеті?

іріңді ашу және антибактериялық ем жүргізу көрсетілген

стероидты қабынуға қарсы препараттарды тағайындау көрсетілген

антибиотиктер қосындысын тағайындау көрсетілген

физиотерапиялық ем тағайындау көрсетілген

инфильтрацияның өздігінен ашылуын күту, кейін санациялау
Емханада кезекте отырған 35 жастағы ер кісі ішіндегі қатты ауырсынуды сезген, кенет әлсіздік, суық тер және аузының құрғауы пайда болған. Диспансерлік бақылауда "он екі елі ішектің ойық жарасы" диагнозымен диспансерлік бақылауда тұр, мезгілдік асқынуға байланысты жалпы тәжірбиелік дәрігерге келген. Объективті қарауға дейін науқаста қандай асқыну дамығанын болжауға болады?

ойық жара перфорациясы

12 елі ішек жуашығының тыртықтық деформациясы

ойық жарадан қан кету


ойық жара малгинизациясы

екіншілік қантты диабет
46 жастағы еркек емханаға оң жақ бел аймағындағы ұстама тәрізді ауырсынуларға, ауырсынудың мықын аймағына таралуына, жүрек айнуға, құсуға, жиі зәр шығару сезіміне,, дене температурасының жоғарлауына шағымданып келді. 5 сағат бұрын жедел ауырған, сыра ішуімен байланыстырады. Қарау кезінде: пальпацияда іштің оң жиегінде, бел аймағында және қасаға үстінде ауырсыну. Соққылау симптомы екі жақта да әлсіз оң. Қан анализінде: лейкоциттер 10,6х109, зәр анализінде: лейкоциттер 7-9, эритроциттер 10-15 к/а. Қанның амилазасы 78 ммоль/л. Сіздің болжамды диагнозыңыз:

бүйрек шаншуы

жедел аппендицит

жедел панкреатит

он екі елі ішектің тесілген жарасы

жедел холецистит
Науқас П., 27 жаста, жалпы тәжірбиелік дәрігердің қабылдауына оң білектің ауырсынуына, ісінуіне, осы аймақтағы гиперемияға, жалпы әлсіздікке, дімкәстікке, дене температурасының 38 дейін жоғарлауына шағымданады. Осыған 4 күн бұрын оң білектің сыртқы жиегіне сырылған жарақат алған. Оң білектің сыртқы жағын қарау кезінде ісінумен тығыз қабынулық инфильтрат, гиперемия, гипертермия анықталды. Инфильтраттың пальпациясы айқын ауырсынумен. Флюктуация симптомы оң. Сіздің болжамды диагнозыңыз:

оң білектің флегмонасы

оң білек сүйегінің жабық сынығы

оң білек сүйегінің ашық сынығы

кәрі жілік буынының таюы

шынтақ буынының таюы
Ер адам С., 65 жаста, обтурациялық ішек өтімсіздігіне байланысты операция жасалған. Ауруханадан шыққаннан кейін ентігу, төс арытнда ауырсыну, қан қақыру пайда болған. Қарау кезінде: тыныс өкпенің барлық бөлімдеріне анықталады, сырылдар жоқ. Пульс 100 соққы/мин, АҚ 115/75 мм.с.б.б. Жүрек үндері тұйықталған, өкпе аретриясында ІІ үннің акценті. Пальпацияда іші жұмсақ, ауырсынбайды. Бауыры ұлғаймаған. Кеуде келткасының рентгенографиясында патологиялық өзгерістер анықталған жоқ, ЭКГ-да Гисс шоғырының оң аяқшасының жедел бөгемесі анықталды. Науқаста операциядан кейінгі кезеңде қандай асқыну дамыды?

өкпе аретриясы тармақтарының тромбоэмболиясы

өкпе туберкулезы

жедел коронарлы синдром

жедел нозокомиальды пневмония

операциядан кейінгі іркілісті пневмония
Науқас кенеттен пайда болған етігуге және оң жақ кеуде келткасының ауырсынуына шағымданып келді. Рентгенограммада оң жақ өкпе суреті ден сау жаққа қарағанда ақшылдау.Дәрігер қандай патология жайлы ойлау керек?

оң жақтық спонтанды пневмоторакс

өкпенің кавернозды туберкулезы

оң жақтық экссудативті плеврит

оң жақтық пневмония

өкпе аретриясы тармақтарының тромбоэмболиясы
Амбулаторлы қабылдауға ішінің оң жарытысының ауырсынуына, ауырсынудың вертикальды қалыпта, жұмыстан кейін күшеюіне шағымданып науқас келді. Жағдайының нашарлауын соңғы жарты жылда байқаған. Қарау кезінде: іштің оң жартысында пальпацияда жылжитын, аздап ауырсынатын, қозғалмалы түзіліс анықталды. Төменгі жиегі мықын сүйектің қырына дейін жетеді. Сіздің болжамды диагнозыңыз:

оң жақтық нефроптоз

созылмалы гепатит

созылмалы холецистит

оң жақ аналық без кистасы

аппендикулярлы инфильтрат
50 жастағы ер адамда жөтелген кезде ішінің барлық бөлімінің ауырсынуы пайда болды. 10 жыл бойы мазалап келе жатқан оң жақ мықын аймағындағы томпаю кернеуленді және ауырсынды. Бір реттік құсу және мол емес нәжіс болды, одан кейін газдар мен нәжістің шығуы тоқтады. 2 сағаттан кейін науқастың ішінде ұстама тәрізді ауырсыну пайда болды, құсу қайталанды. Сіздің болжамды диагнозыңыз:

қысылған шап жарығы

жедел панкреатит

шап лимфадениті

жедел аппендицит

жедел энтероколит
Емхананың амбулаторлық хирургия бөлімшесіне 37 жастағы науқас оң санның ортаңғы үштігінің латеральды беткейінің жаншылған-тілінген жарақатынан кейін 1 сағаттан кейін келді. Науқасқа қандай шара жүргізу керек?

жараны левомикольмен өңдеу

антибиотиктерді тамырішілік енгізу

асептикалық байлам салу

жараға протеолитикалық ферменттер енгізу

тігіс салу
Санның алдыңғы беткейінде жергілікті өзгерістер: домалақ пішінді қызару, ауырсыну, гипертермия, флюктуация және қозғалыстың шектелуі. Науқаста қандай ауру?

флегмона

гематоманың іріңдеуі

абсцесс

тері ісігі

тілме
Жалпы тәжірбиелік дәрігердің (ЖТД) қабылдауына жүктілік мерзімі 17-18 апталық 26 жастағы науқас келді. Шағымдары жоқ, объективті көрінетін патологиясыз. АҚ 125/75 мм.с.б.б., пульс 84 соққы/мин. Жалпы зәр анализінде-ақуыз жоқ, тұнбасы-ерекшеліксіз.Зәрдің ортаңғы порциясында>105 1 мл бакетриялар колониясы. Сіздің таңдау препаратыңыз:

Ампициллин

Гентамицин

Фитолизин

Метилдопа

Платифиллин
Науқас 26 жаста, жүктілік мерзімі 22-23 апта, жалпы тәжірбиелік дәрігерге басының ауруына, жүрек айнуға, құсуға, оң қабырғаастындағы ауырсынуға және зәр шығарудың төмендеуіне шағымданып келді. Объективті қарауда аяқтары ісінген, АҚ 150/90 мм.с.б.б. Екі қолында да, пульсі 96 соққы/мин. Қандай қосымша зерттеу әдісі диагнозды нақтылауы мүмкін?

бір порциядағы ақуызды сандық анықтау және тәуліктің протеинурия

қанның биохимиялық анализі-трансаминазалар мен билирубинді анықтау

тромбоциттерді санаумен қанның жалпы анализі

қанның биохимиялық анализі-креатининді анықтау

ұрықтың кардиотокографиясы
Жалпы тәжірбиелік дәрігердің қабылдауына жүктілік мерзімі 16-17 апталық 27 жастағы науқас келді, басының ауырсынуына, әсіресе шүйде бөлімінің ауырсынуына, бас айналуына, кейде жүрек айнуына шағымданады. Алғаш шағымдары 3 күн бұрын пайда болған. Созылмалы аурулары жоқ. Физикальды қарау кезінде есі анық, табандарының ісінуі, жүрек үндері тұйықталған, ырғақты. АҚ 160/100 мм.с.б.б. ЖЖЖ90 соққы/мин. Қанның жалпы анализінде, биохимиялық анализде (АСТ, АЛТ, билирубин, креатинин, тромбоциттер деңгейі) қалыпта. Зәрде-протеинурия 0,1 г/л. Құрсақішілік ұрықтың жағдайы қанағаттанарлық. Сіздің болжамды диагнозыңыз:

гестациялық гипертензия

созылмалы аретриялық гипертензия

жеңіл дәрежелі преэклампсия

жүктілердің симптомсыз бактериуриясы

гестациялық пиелонефрит
Науқас 26 жаста, жүктілік мерзімі 22-23 апта, жалпы тәжірбиелік дәрігерге басының ауруына, жүрек айнуға, құсуға, оң қабырғаастындағы ауырсынуға және зәр шығарудың төмендеуіне шағымданып келді. Объективті қарауда аяқтары ісінген, АҚ 150/90 мм.с.б.б. Екі қолында да, пульсі 96 соққы/мин. Осы науқасқа гипотензивті препаратты таңдаңыз:

метилдопа

каптоприл

Гипохлортиазид.

Платифиллин.

Бисопролол.
Жалпы тәжірбиелік дәрігердің (ЖТД) қабылдауына жүктілік мерзімі 17-18 апталық 26 жастағы науқас келді. Шағымдары жоқ, объективті көрінетін патологиясыз. АҚ 125/75 мм.с.б.б., пульс 84 соққы/мин. Жалпы зәр анализінде-ақуыз жоқ, тұнбасы-ерекшеліксіз.Зәрдің ортаңғы порциясында>105 1 мл бакетриялар колониясы. Сіздің болжамды диагнозыңыз:

Жүктілік 17-18 апта. Симптомсыз бактериурия.

Жүктілік 17-18 апта. Созылмалы пиеонефрит.

Жүктілік 17-18 апта. Созылмалы гломерулонефрит.

Жүктілік 17-18 апта. Преэклампсия.

Жүктілік 17-18 апта. Физиологиялық жүктілік.
Жалпы тәжірбиелік дәрігерге 30 жастағы науқас сыртқы жыныс мүшелері мен қынаптағы қышыну сезіміне, зәр шығаруда және жыныстық қатынас кезінде қышынудың күшеюіне, мол қынаптық бөліністерге шағымданып келді. Ауырғанына 3-4 күн болған, танымайтын жігітпен бір рет төсек қатынасы болғанын айтты. Қынаптық және вульваның үстінен алынған бөліністі бактериоскопиялық тексеруде ашытқы (С.albicans) және олардың мицелиі анықталды. Сіздің медикаментозды әрекетіңіз:

Бутоконазол (2% cream) 5 g-нан (1 аппликатор) интравагиналды 3 күн

Амфотерецин-В суппозиторилар: 50 мг күніне 1 рет 14 күн бойы

лактобактериялармен қынаптық суппозиторилар

нистатин суппозиторилар 100 000 Б күніне 1 рет, 3-6 ай

Метронидазоль гель 1% 5граммнан (1 апликатор) интравагиналды күніне 1 рет түнгі уақытта, 10 күн бойы, кейін аптасына 2 рет 3-6 ай бойы
Емхананың жалпы тәжірбиелік дәрігеріне жүктілік мерзімі 8-9 апталық 25 жастағы әйел келді, 2 жыл бұрын түйінді токсикалық жемсауға байланысты операция болған. Операциядан кейін тироксин қабылдаған. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, терісі құрғақ, боз, пульс 60 соққы/мин. Жүктіліктің қандай асқынуы дамуы мүмкін?

жүктіліктің соңына дейін жетпеуі, гестоз, ұрықтың құрсақішілік өлімі, анемия

жүктіліктің мерзімінен асуы, созылмалы аурулардың өршуі

жүктіліктің мерзімінен асуы, гестоз, ұрықтың құрсақішілік өлімі

жүктіліктің мерзімінен асуы, анемия

жүктіліктің соңына дейін жетпеуі, созылмалы аурулардың өршуі
Емхананың жалпы тәжірбиелік дәрігеріне 6 апталық жүкті әйел келді. 2 жыл бойы орташа ауыр дәрежелі диффузды токсикалық жемсауға байланысты эндокринологтың бақылауында. Дийодтиронин қабылдайды. Жағдайы қанағаттанарлық. Дәрігердің әрекеті?

дийиодтиронинді қабылдауды жүктіліктің 37-38 аптасына дейін жалғастыру

жүктілікті үзу

дийодтиронинді қабылдауды тоқтату және жүктілікті ұзарту

дийиодтиронинді қабылдауды жүктіліктің 20-21 аптасына дейін жалғастыру

дийодтиронинді қабылдауды жүктіліктің 16 аптасына дейін жалғастыру және жүктілікті ұзарту
Бедеулік диагнозымен әйелге амбулаторлы жағдайда гистеросальпингография жасалды. Төменде көрсетілген белгілердің қайсысы түтіктік бедеулікке жатады?

жатыр түтікшелерінің ампулалық бөліміндегі жатырдың өтімсіздігі

"Контурартылық" көлеңкелердің болуы-аденомиоздың белгісі (ішкі эндометриоз)

жатырдың шырышты қабатының қалыңдауы және бірегей еместігі-эндометрийдің гиперплазиясы

жатыр қуысының деформациясы (миоматозды түйін немесе эндометрий полипі)

жатырдың даму ақауы (екі мүйізді жатыр, ер-тоқым тәрізді жатыр)
26 жастағы науқас жалпы тәжірбиелік дәрігерге 2 ай бойы етеккірінің болмауына шағымданып келді. 20 жасынан бастап жүректік ревматикалық қауына байланысты жалпы тәжірбиелік дәрігердің тізімінде тұр. Соңғы 6 айда жүрген кезде, аздаған физикалық жүктемеде ентгіудің пайда болуы. Қазіргі жүктілігі бірінші, тексеру нәтижесіне байланысты 6 аптаға сай. Ревматологтың қорытындысы: ревмокардит, белменді фаза. Сол атриовентрикулярлы саңылаудың стенозының басымдылығымен жүректік қосарланған ақауы. Митральды қақпақшаның жеткіліксіздігі ІІ Б саты. Науқасты жүргізудің арғы әрекеті қандай болмақ?

жүктілікті үзуге жолдау

босану үйіне жатқызу

терапиялық аурханаға жатқызу

перинатальды орталыққа жолдау

республикалық ана мен бала орталығына жолдау

25 жастағы науқас басының үдемелі ауырсынуына және соңғы екі күнде дене температурасының 37,5С дейін жоғарлауына шағымданып келді. Осы ауруға дейін дені сау болған. Тексеру барысында: есі анық, орны мен уақыта ориентацияланған, шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі, екі жақтан да Керниг симптомы, басқа неврологиялық симптомдар жоқ. Диагностикалық мақсатта люмбальды пункция жасалған. Жұлын-ми сұйықтығын тексеру кезінде лимфоциттер саны 150 жасушаға дейін өскен, ақуыз-0,65 г/л, глюкоза деңгейі қалыпты. Сіздің болжамды диагнозыңыз:

серозды менингит

менингококкты менингит

пневмококкты менингит

іріңді менингит

туберкулезды менингит
Люмбальды пункциядан кейін ликвордың келесі нәтижесі алынды: мөлдірлігі толық, түсі-түссіз, қысымы 370 мм.с.б.б., ақуыз 0,66 г/л, цитоз 1 мкл 500 жасуша (95%-лимфоциттер, 5%-нейтрофилдер), глюкоза 0,75 г/л, хлоридтер 7,4 г/л. Жоғарыда айтылған өзгерістер қай ауруға тән?

серозды вирусты менингит

менингококкты менингит

бас миының ісігі

туберкулезды менингит

ишемиялық инсульт
Невропатологтың қабылдауына 62 жастағы науқас ұйқысының нашарлауына, жылағыштыққа, есте сақтау қабілетінің төмендеуіне, көңіл-күйінің болмауына шағымданып келді. Ауырғанына 5 жыл болған. Жағдайының нашарлауы соңғы 2-3 айда әйелі қайтыс болғаннан кейін. Объективті: АҚ 130/80 ммс.б.б. Ойы мен сөйлеуінің тұтқырлығы, екіншілік бөлшекке кептелу, жылағыштық. Оң қол саусақтарының тиын санау түріндегі ырғақты стереотипті треморы, маск тәрізді бет, сирек көз жұму, қуыршақ тәрізді жүру байқалады. Тістік дөңгелек типіндегі оң аяқ-қолда бұлшықет тонусы жоғарлаған. Көз түбі-ангиопатия. ЭХОЭГ: қалыпты. РЭГ-пульстік қан толымның ассиметриясы, ми тамырлары тонусының жоғарлауы. Ликвор-120 су бағ қысыммен ағуда, түссіз, мөлдір, ақуыз 0,33 г/л, цитоз 1 мкл 2 жасуша. Сіздің болжамды диагнозыңыз:

дисциркуляторлы энцефалопатия, паркинсондық синдром

Альцгеймер ауруы

компульсивті-обсессивті синдром

транзиторлы ишемиялық шабуыл

жастық деменция
Емхананың отбасылық дәрігеріне 30 жастағы Т науқас келді. Анамнезінен 5 күн бойы ортаңғы құлақтың қабынуымен ауырғаны белгілі болды. Осы науқаста бүгін таңертең ауыз бұрышының түсуімен бетінің ассиметриясы, мұрын-ерін қатпарының тегістелуі, ауыратын жақта көзінің жабылмауы пайда болды. Қандай асқыну жайлы айту керек?

үшкіл нервтің парезі

әкетуші нервтің парезі

бет нервсінің парезі

көз қозғалтқыш нервтің парезі

трохлеарлы нервтің парезі
Жалпы тәжірбиелік дәрігердің қабылдауына 20 жастағы науқас келді, объективті қарауда айқын экссудативті компонентпен катаральды өзгерістер, фарингит, тонзиллит, ринит, конъюнктивит және лимфоаденопатиямен қосарланған. Сіздің болжамды диагнозыңыз:

аденовирусты инфекция

тұмау

риновирусты инфекция

менингококкты ринофарингит

инфекциялық мононуклеоз
Жалпы тәжірбиелік дәрігерді үйге шақырған. 4 жастағы балада дене температурасының 39С дейін жоғарлауымен вирусты инфекцияның белгілері. Ата-анасының айтуы бойынша, дене температурасының жоғарлауының шыңында бала кенет "созылған", қолдарының бұлшықеттері кернелген, кейін "шырмауық тәрізді сабыраған", аузынан сілекей бөлінген, кейін ұйықтаған. Сіздің болжамды диагнозыңыз:

фебрильді тырысулар

эпилептикалық ұстама

нейролептикалық синдром

бас-миішілік гипертензия

неврозға ұқсас синдром
Жалпы тәжірбиелік дәрігерді үйге шақырған. Кептірілген балық жегеннен кейін 25 жастағы еркекте 16 сағаттан кейін жүрек айну, құсу, әлсіздік, енжарлық, көз алдында екі еселену болған. Объективті: бұлшықет тонусының төмендеуі, анизокория, әлсіз жұтқыншақтық және сіңірлік рефлекстер. Сіздің болжамды диагнозыңыз:

Ботулизм.

тағамдық токсикоинфекция

жедел энцефалит

жедел менингит

Сальмонеллёз.
Науқас Н., 40 жаста, тері зауытының жұмыскері. Дене температурасының жоғарлауына, бас ауруына, оң білезіктегі ойық жараға шағымданып келді. Жедел ауырған, 2 күн бұрын бас ауру, әлсіздік, дене температруасы 39С, оң білекте қышитын дақ, кейін қара құрамды везикула пайда болған. Көпіршік қасыған кезде ашылған, ойық жара пайда болған, қара қабықша пайда болған.Жағдайы орташа ауыр. Т 38,9С. Пульсі 90 соққы/мин. АҚ 110/70 мм.с.б.б. Оң білектің айқын ісінуі, сыртқы беткейінде ауырсынбайтын ойық жжара (3х4 см),қара струппен жабылған. Ойық жараның айналасында қара құрамды көпіршіктер. Сіздің болжамды диагнозыңыз:

сібір жарасы, карбункулезды форма

оба, терілі-бубонды форма

туляремия, ойық жаралы-бубонды форма

тілме, эритематозды-буллезды форма

тілме, буллезды-геморрагиялық форма
32 жастағы науқас жалпы тәжірбиелік дәрігерді үйіне шақырды. Ауырғанына бір апта болған, әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, дене температурасының аздап жоғарлауы, терінің қышуы, оң қабырғаасстындағы тұйық ауырсынулар пайда болған. Бүгін склераларының сарғыштығы, зәр түсінің өзгеруін байқаған. Объективті жағдайы қанағаттанарлық. Терісі сарғайған. Бауыры 1,5-2 см, аздап ауырсынады. Осы жағдайда цитолиздің зертханалық негізгі индикаторын атаңыз:

билирубиннің жоғарлауы

холестериннің жоғарлауы

липидтердің жоғарлауы

АЛТ жоғарлауы

сілтілі фосфатазаның жоғарлауы
Науқас К., 25 жаста, ауруының 3 күні тамағының ауырсынуы, бас ауру, жалпы дімкәстік, дене температурасының 38,6 С дейін жоғарлауы пайда болған. Бір апта бұрын өзенге шомылған. Жедел ауырған. Қарау кезінде аңқасында баспа тәрізді өзгерістер, артқы мойын, қолтықасты және шап лимфа түйіндерінің, бауырдың, көкбауырдың ұлғаюы, денесіндегі дақты-папулезды бөртпе. Гемограммада 56% лимфоциттер, 13% моноциттер, атипті лимфомоноциттер анықталды. Сіздің диагнозыңыз:

инфекциялық мононуклеоз, орташа ауыр дәреже

жедел бруцеллез

туляремия, баспалы-бубонды форма

Аденовиpусты инфекция, фаринготонзилит

Энтеpовиpусты инфекция, экзантема
Туберкулездың фиброзды-кавернозды түрімен ауыратын 27 жастағы әйелде 10-11 апталық жүктілік анықталды. Осы жүктіні арық қарай жүргізу әрекетін таңдаңыз:

медициналық көрсеткіштерге байланысты аборт жасау

туберкулездың комплексті медикаментті терапиясы, хирургиялық ем, жүктілікті жалғастыру

жүктіліктің мерзімі жеткенде босануды индукциялау

фтизиатрмен қоса әйелдер кеңесі дәрігерінің бақылауы

туберкулездің комплексті медикаментті терапиясы, жүктілікті жалғастыру
Қабылдауға 16 жастағы жасөспірім келді. Туберкулезды байланыс болмаған. 2 апта бойы қақырықты жөтелге, дене температурасының 37,6 С дейін жоғарлауы, әлсіздікке шағымданады. Кеуде келткасы мүшелерінің шолулы рентгенограммасында оң жақ бұғанаасты аймақта дұрыс емес пішінді, айқын сыртқы контурлары жоқ, гомогенді емес қараю анықталады. Қақырықта ТМБ абылған жоқ. Сіздің әрекетіңіз:

Фтизиатрға жолдау

Тиімсіз спецификалық емес емдеу жағдайында фтизиатрға жолдау.

Тиімді спецификалық емес емдеу жағдайында фтизиатрға жолдау.

Фтизиатрға жолдау керек емес

Туберкулезге қарсы ем тағайындау
Бала 6 жаста. Дене температурасының 37,6 С дейін жоғарлауы, шаршағыштық, тәбетінің төмендеуі, шаршағыштық. Туберкулинді сынамалардың динамикасы: 1 жастан 4 жасқа дейін -теріс, 5 жас-9 мм, 6 жас-15 мм. Тері жамылғылары боз, перифериялық 4 топ лимфа түйіндері 2-3 өлшемде пальпацияланады, тығыз-эластикалы консистенциялы, балтырдың алдыңғы беткейінде көкшіл-қошқыл түсті тығыздану анықталды, екі көзінің де шырышты қабаттары гиперемияланған. Рентгенотомографиялы: өкпеде өзгерістер жоқ, түбірлері құрылымды, синустары бос. ЖҚА: гемоглобин 110г\л, лейкоциттер 9,8*109/л, лимфоциттер 16%, ЭТЖ 21 мм\сағ. Диагноз қойыңыз:

туберкулезды интоксикация

біріншілік туберкулезды комплекс

кеудеішілік лимфа түйіндерінің туберкулезы

ошақты туберкулез

инфильтративті туберкулез
Жалпы тәжірбиелік дәрігерді 37 жастағы науқастың үйіне шақырды. Науқас дене температурасының 37,3 С дейін жоғарлауына, түнгі терлеуге, тұрақты құрғақ жөтелге, жалпы әлсіздікке, тәбетінің нашарлауына шағымданады. Науқастың айтуы бойынша ауырғанына 2 ай болған. Объективті: температура 37,0С. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Терісі таза, ылғалды. Кеуде клеткасының перкуссиясында 2-3 қабырғааралықтарда перкуторлы дыбыстың тұйықталуы, аускультацияда осы аймақтағы тыныс бронхтық реңкпен, бірен-саран құрғақ сырылдар естіледі. Жүрек үндері тұйықталған, ырғақты. ЖЖЖ 94соққы/мин. АҚ 120/80 мм.с.б.б. Нәжісі мен диурезы қалыпты. Сіздің болжамды клиникалық диагнозыңыз:

өкпе туберкулезы

өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы, бронхитикалық тип, орташа ауыр дәреже, өршу фазасы

ауруханадан тыс ошақтық оң жақтық пневмония

оң жақтық нозокомиальды плевропневмония, орташа ауыр дәреже

өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы, эмфизематозды ауру, орташа ауыр дәреже, өршу фазасы
Жалпы тәжірбиелік дәрігер ата-аналарға БЦЖ екпесін қолдану мақсатын түсірдіру керек:

туберкулезды белсенді спецификалық алдын алу үшін

туберкулезды ерте анықтау үшін

химиопрофилактикаға науқастарды анықтау үшін

туберкулездың белсенділігін анықтау үшін

балалар мен жасөспірімдер арасында инфицирлену көрсеткішін анықтау үшін
Төменде көрсетілген туберкулез кезінде алдын-алатын шаралардың қайсысы ауруханалық жағдайда жүргізіледі?

бактерия бөлуші науқастардың тамақтануы мен дәрі қабылдауы бөлмеде жүргізіледі

байланыста болғандар, туберкулезбен ауру бойынша жоғары қауіп топтары арасында санитарлы-ағартушы жұмыстар

тексеру бөлмесінде бір науқастар артық адам болмау керек

жөтеліп жүрген науқастар балалар, жүкті әйелдер, босанушылар арасында бір кезекте болмау керек

науқастарды қабылдайтын бөлме жақсы желдетілетін болуы керек
Амбулаторлы тәжірбиеде балалар туберкулезін ерте анықтаудың негізгі әдісі:

Туберкулинодиагностика

рентгенологиялық

бактериоскопиялық

бронхоскопиялық

бактериологиялық
Ер бала ата-анасымен бірге жалпы тәжірбиелік дәрігердің қабылдауына келді. Науқас 4 жаста, "ауыр дәрежелі ақыл есінің артта қалуы. Фенилкетонурия (фенилпирожүзімді олигофрения)" диагнозымен тізімде тұр. Анамнезінен психикалық дамымауышылықтың белгілері ерте жастан бастап көрінгені белгілі болды. Балаға қандай емдәм тағайындау керек?

табиғи ақуызды шектеуші емдәм

табиғи ақуызға бай емдәм

майларды шектеумен емдәм

көмірсуларды шектеумен емдәм

тамақтың құрамына мән бермеә жиі тамақтандыру

Дәрігердің қабылдауына 20 жастағы науқас сол сүт безіндегі ісіктің пайда болуына шағымданып келді. Ісікті 7 күн бұрын өзі анықтаған. Сол сүт безінің жоғары-сыртқы квадрантында 2х2 см, тығыз, ауырсынбайтын ісік анықталды. Регионарлы лимфа түйіндері үлғаймаған. Үрпіні басқанда бөлініс анықталмайды. Болжамды диагноз:

сол сүт безінің фиброаденомасы

сол сүт безінің ісігі

сол жақтық мастопатия

сол сүт безінің түйінді мастопатиясы

сол сүт безінің липомасы
53 жастағы ер адам қатты тамақ жегенде дисфагияға, жұтыну кезінде өңештің бойымен тартып ауырсынуға шағымданады. Жалпы қараудан кейін дәрігер өңешті контрасттаумен рентгеноскопия тағайындады. Келесі сурет анықталды: ретрокардиальды сегментте қашықтығы 3 см тарылу, осы деңгейде шырышты қабатының рельефі бұзылған, аздаған параэзофагеальды көлеңке көрінуде.Берілген рентгенологиялық сурет қай ауруға тән?

Өңеш ісігі

Эзофагит

Өңештің ойық жарасы

Өңештің тыртықтық стриктурасы

Кардия ахалазиясы
67 жастағы науқас сол сүт безіндегі ауырлыққа шағымданады. Қарау кезінде сол сүт безінің көлемі ұлғайған, ареола кеңейген, үрпі тартылған, терісі "лимон қабығы" тәрізді. Сол қолтықасты аймақтың лимфа түйіндерінің кангломераты. Сіздің болжамды диагнозыңыз:

ісінулі-инфильтративті ісік

мастит тәрізді ісік

панцирлі ісік

тілме тәірзді ісік

Педжет ісігі
Жалпы тәжірбиелік дәрігердің қабылдауына 68 жастағы еркек ішектен қан және шырыш тәрізді патологиялық бөліністерге, тік ішектегі бөгде дене тәрізді затты сезінуге, іш қатуға, ішінің үрілуіне, анальды өтіс аймағындағы ауырсынуға шағымданады. Тік ішекті саусақтық зерттеуде тығыз консистенциялы экзофитті түйін пальпацияланады, валик тәрізді көтерілген жиектерімен ойық жаралардың болуы, беткейі тегіс еме, ішектің ригидтілігі ішек сағасының тарылуымен.Сіздің диагнозыңызды қандай зерттеу әдісі нақтылайды?

түзілістің биопсиясымен фиброколоноскопия

нәжісті жасырын қанға иммунохимиялық зерттеу

тотальды колоноскопия

ішекті контрасттаумен рентгеносокпиялық зерттеу

құрсақартылық кеңістікті, құрсақ қуысы мүшелерін ультрадыбыстық зерттеу
Жалпы тәжірбиелік дәрігердің қабылдауына 8 жастағы баласы мен ата-анасы келді. Буындарының ісінуі, жоғары шаршағыштық, әлсіздік, бас айналу және құлақтарындағы шуға шағымданады. Ата-анасының айтуы бойынша, ауасы тар бөлмеде баланы жиілеген жүрек қағысы мазалайды. 2 апта бойы кешке қарай дене температуарсының жоғарлауы болған. Анамнезінен: бір ай бұрын афтозды стоматит болған. Физикальды қарауда тері жамылғылары мен шырышты қабаттары бозарған, аяқтар буындарының ісінуі, аяқ башпайлары тырнақтарының дистрофиясы. Анализде-гемоглобин 80 г/л. гранулоциттер 1,0 х109/л, тромбоциттер - 120х109/л;. Бала диагнозды верификациялау үшін қандай зерттеу әдісін жүргізу керек?

сүйек кемігін морфологиялық зерттеу

Лейкоформуламен қанның жалпы анализі

қанның биохимиялық анализі

ферритин мен сарсулық темірдің деңгейін зерттеу

науқасты, сиблинтерін, ата-анасын HLA-типирлеу (серологиялық/ молекулалық)

Төмендегілердің қайсысы ең ықтимал диагноз?

созылмалы энтерит, өршу сатысы

созылмалы колит, өршу сатысы

дискинезия желчевыводящих путей по гипотоническому типу гипотониялық түрі бойынша өт жолдарының дискинезиясы

созылмалы панкреатит, өршу сатысы

дискинезия желчевыводящих путей по гипертоническому типу гипертониялық түрі бойынша өт жолдарының дискинезиясы

70 жастағы науқас әйелде соңғы 3 жылда жүрген кезде пайда болатын, баспалдақпен шыққан кезде күшейе түсетін, тізе буындарындағы, көбіне оң жағында ауырсынулар мазалайды. Қарап тексеру кезінде – шамалы ісіну, оң тізе буынының гиперемиясы. Тізе буындарының R-граммасында екі жағынан да бірдей байқалған остеофитоз. Аталғандардың ішіндегі болуы мүмкін ең ықтимал диагноз:

Деформациялаушы остеоартроз

Псориаздық артрит

Подагралық артрит

Ревматикалық артрит

Ревматоидты артрит
Учаскелік дәрігерге 35 жастағы әйел жүрек қағысына, ентігуге, әлсіздікке, ашушаңдыққа, тершеңдікке, арықтауға шағымданып келді. Анамнезінен: жарты жыл бойына ауырады, басынан өткізген қатты стресспен байланыстырады. Объективті: күйгелек, көздері жалтылдап тұр, қол саусақтарының треморы, гипергидроз. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары қатты, ЖҚЖ – 1 минутта 110, АҚ 160/70 мм сын. бағ. Дәреті іш өтуге бейім. Аталғандардың ішіндегі болуы мүмкін ең ықтимал диагноз:

Гипертиреоз

Нейроциркуляторлы дистония

Гипотиреоз

Феохромацитома

Біріншілік альдостеронизм
Науқас К., 50 жаста, 15 жылдан аса созылмалы обструктивті бронхитпен диспансерлік есепте тіркеуде, соңғы 3 жыл бойына артерия қысымының 170/90 мм сын. бағ. көтерілуі тіркелген.Бұл науқастың артериялдық қысымын коррекциялау үшін препараттардың қандай тобын тағайындауға болмайды:

β-адреноблокаторлар

Диуретиктер

АПФ ингибиторларын

Нитраттар

Кальций антагонистері
К. Атты науқас әйел, 56 жаста, 2 типті қант диабеті бойынша диспансерлік есепте тіркеуде, соңғы жыл бойына стенокардия ұстамасын байқаған. Бұл науқаста ЖИА-ны емдеген кезде антиангинальды препараттардың қандай тобына артықшылық беру қажет?

Кардиоселективті бета-блокаторлар

Селективті емес бета-блокаторлар

Нитраттар (монотерапия ретінде)

ИАПФ ингибиторлары

Кальций антагонистері
Қабылдауға 8 жасар бала анасымен келді. Тыныштықта және қозғалыста екі тізе буынының ауру сезіміне шағымданады. Ауру бір жарым апта бұрын басталған, кешке дене температурасы бес күн бойы 37,6°С көтерілген. Бір ай бұрын дачада велосипедтен құлаған. Объективті: буын үстіндегі тері сипалағанда ыстық, буынның ісінуі және деформациясы байқалады. Қозғалған кезде ауру сезімі күшейеді. Қандай диагностикалық зерттеу бірінші кезекте жүргізілу керек?

Жалпы қан анализі

Тізе буынын пункциялау

Буын өлшемін динамикада бақылау

Тізе буынын жылыту

Қан анализін антистрептолизин және антистрептокиназаға тексеру
Подаграмен ауыратын науқастарға аллопуринолды (милурит) тағайындау мыналарды қамтиды:

СЕҚҚ біріктірілген 0,2-0,3 г/тәу. төмен дозалармен емдеудің басталуы

монотерапия ретінде тәулігіне 0,4-0,6 г орташа емдік дозаларымен емдеудің басталуы.

СЕҚҚ біріктірілген орташа емдік дозалармен емдеуді бастау.

монотерапия ретінде «шектеу» емдік дозаларымен емдеудің басталуы – 0,6-1,0 г/тәу.

төмен дозаларда монотерапия ретінде емдеуді бастау

Шамамен пневмония кезінде антибиотиктерді тағайындау уақыты:

дене қызуы тұрақтан соң 4-5 күн

дене қызуы қалыпты болғанға дейін

Өкпедегі инфильтрат толық сіңірілгенге дейін

ЭТЖ қалыпқа келгенге дейін

Жөтелдің қайтуына дейін
Бронх демікпесімен ауыратын науқасты емдеу тиімділігін қалыпты ұстау үшін қажет:

ингаляциялық кортикостероидтарды жиі қабылдау

бета2-агонисты жиі қабылдау

ипратропиум бромидын жиі қабылдау

дене шынықтырумен айналысу

саниторлы-курортты ем қабылдау
СОӨА бар науқаста өкпе текті жұректің пайда болу негізгі себебі:

өкпе артериясының ұзақ спазмы және гипоксиясы

бронх ағашының деформациясы

тыныс жолдарының обструкциясы

бронхиолдарда және альвеолаларда қысымның төмендеуі

уменьшение минутного объема сердца
Науқас, 63 жаста, ЖИА, үдемелі стенокардия III ФК диагнозымен диспансерлі есепте тұрады. Соңғы аптада ангинозды ұстамалар жиілеген, ұстама жиілігі 7-9 минутқа ұзарған, ұстаманы басу мақсатында нитроглицериннің бірнеше таблеткасын қабылдаған. Осы жағдайда учаскелік дәрігердің тактикасында көрсетілген нұсқалардың қайсысы дұрыс?

стационарға кардиологиялық бөлімшеге жолдама беру

қабылдап жүрген препараттардың мөлшерін көбейту

кардиолог кеңесіне жолдама беру

пролонгирленген нитраттарды тағайындау

үйге стационар ұйымдастыру (организовать стационар на дому)
Аймақтық дәрігерге науқас бүгін таңертең кенеттен құсуға, жүрек айнуға шағымданып келді. Объективті: тілі құрғақ,ақ жағындымен жабылған, дене температурасы 380С, пальпацияда іштің кенеттен ауырсынуы және іштің алдыңғы қабырғасының бұлшықеттерінің кернеуі байқалады. АҚҚ 90/70 мм.рт.ст. ЖСЖ 100 рет/мин. Төменде көрсетілген нұсқалардың қайсысы науқасты әрі қарай жүргізуде басымдылық болып табылады?

хирургиялық бөлімшеге шұғыл госпитализациялау

құсуға қарсы және қызу түсіретін препараттарды тағайындау

емханада мұқият тексеру және бақылау

үйде бақылау, қатты ауырсыну кезінде анальгетиктер тағайындайды

жағдайын тұрақтандыруға дейін көктамырішілік инфузия тағайындау
Науқас 50 жаста, аздаған көлемді қақырықпен үнемі жөтел және жүктеме кезінде ентігу мазалайды. Анамнезінде: 15 жылдан бері темекі тартады. Объективті: кеуде торы бөшке тәрізді, надключичные пространства выбухают. Екі жақтанда дауыс дірілі әлсіреген.Перкуторлы: қорапты дыбыс. Аускультативті: тынысы қатты,тыныс шығаруы ұзарған.Төменде көрсетілген диагностикалық зерттеулердің қайсысы ақпаратты болып табылады?

спирография

кеуде торының рентгенографиясы

қақырықтың жалпы анализі

өкпенің компьютерлі томографиясы

бронхоскопия
Ер адам, 40 жаста эпигастрий аймағында арқаға таралатын белдемелі сипаттағы ауырсынуға және оң жақ қабырға астындағы керілу сезіміне шағымданады. УДЗ зерттеу: ұйқы безінің өзгерісі, созылмалы холециститтің белгілері анықталды. Берілген патологияда қандай зертханалық көрсеткіштер ақпаратты?

қандағы және зәрдегі амилаза мөлшері

лейкоцитоз

қандағы трансаминаз мөлшері

гипергликемия

қандағы сілтілі фосфата мөлшері