ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 31.08.2021
Просмотров: 178
Скачиваний: 1
ЛАТЫН АЛФАВИТІ
Aa Ff Kk Pp Uu
Bb Gg Ll Qq Vv
Сс Hh Mm Rr Xx
Dd Ii Nn Ss Yy
Ee Jj Oo Tt Zz
ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ТЕРМИНОЛОГИЯ
1 сабақ
§ 1 Фармацевтикалық терминология туралы жалпы түсінік
Фармацевтикалық терминология /гр. pharmakeia - дәрі-дәрмектің жасалуы және колданылуы/- медицина терминологиясының негізгі бір саласы болып есептелінеді. Фармацевтикалық деген сөз гректің “pharmacon” (дәрі) сөзінен шыққан. Ал фармакология дегеніміз - бұл дәрі-дәрмектердің ағзадағы әсерін тигізу жөніндегі ғылым. Фармация – бұл өсімдіктен, мал өнімдерінен, минералдан және синтез әдісімен алынған дәрі-дәрмектердің өндірісі мен қолданылуы. Фармакопея – кітап. Осы кітапқа дәрі-дәрмектердің атаулары мен дәрі түрлері, препараттар туралы жазылған мемлекеттік заңдардың жинағы кіреді.
§ 2 Фармацевтикалық терминологияның құрамы
Фармацевтикалық терминдер алуан түрлі фармацевтикалық ұғымдарды білдіреді:
-
дәрінің дәрілік түрлерін /ұнтақ, ертінді, таблетка т.б./;
-
дәрілік өсімдіктердің аттарын /ботаникалық номенклатура/;
-
өсімдік пен жануар тектес шикізаттарының түрлерін /тамыр, гүл/;
-
химиялық қосылыстардың жүйелі /ғылыми/ атаулары , химиялық.
номенклатура;
5. дәрі-дәрмектердің тривиальды /шартты/ аттарын.
§ 3 Кейбір фармацевтикалық терминдердің түсініктемесі
-
Дәрі-дәрмек. Дәрі-дәрмек дегеніміз - бұл өсімдіктен, мал өнімдерінен, адам тіндерінен, минералдан және синтез әдісімен алынған зат.
-
Дәрілік зат – биологиялық зат немесе химиялық қосылыстардан тұратын дәрі.
-
Дәрілік өсімдік шикізаты – медицинада қолданылатын өсімдік шикізаттары (шөп, тамыр, жапырақ, гүл, тамырсабақ және т.б).
-
Дәрінің түрі - өсімдіктің шикізатқа немесе дәрілік затқа айналған қолайлы қалпы (ерітінді, таблетка, экстракт, жағатын май, балауыз дәрі, пилюля, ұнтақ т.б.).
-
Дәрілік препарат – арнайы дәрілік түрлерінен тұратын дәрі-дәрмек.
-
Ықпалды зат - терапевтік, профилактикалық және диагностикалық ықпал ететін дәрі бөлігі.
-
Белгіленген мөлшерде бір немесе бірнеше ықпалды заттың бір дәрілік түрінде кіретін дәрі-дәрмектерді құрастырылған дәрі-дәрмектер деп атайды.
§4. Дәрі-дәрмектердің тривиальды атаулары
Көптеген дәрі-дәрмектердің атаулары химиялық қосылыстар болып есептелінеді. Мысалы, мыс оксиді, фоли қышқылы. Бірақ, олар дәрі-дәрмектердің номенклатурасында ғылыми /жүйелі/ атаулар емес, тривиальді (латын trivialis, е - дағдылы, әдеттегі) атаулар сияқты қолданылады.
Ғылыми, яғни жүйелі атаулар дәрі- дәрмектердің химиялық құрамын қамтып көрсетеді.
N |
Жүйелі /ғылыми атауы |
Тривиальды атау |
|
1-Фенил - 2,3- диметил -4 метиламино-пиразолон - 5 - метансульфонат натрия |
1. Анальгин |
|
Транс –9,13 – Диметил – 7 –1/1,15 – три метилциклогексен – 5 мл –6/ нона-тетраен – 7,9,11,13 ол |
2. Ретинол (Витамин А) |
Дәрі-дәрмектердің ғылыми (жүйелі) атаулары күрделі болғандықтан күнделікті қолдануға ыңғайсыз. Соған орай, қысқа, және түсінікті болу үшін тривиальды атаулар қолданылады. Тривиальды атаулар - бір немесе бірнеше белгілерінен негізделген жасанды жаңа сөздер. Дәрі-дәрмектердің тривиальды атауларында мынандай белгілер болуы мүмкін: заттың неден жасалғаны, химиялық құрамы, синтез жолының түрі, терапевтік әсері, фармацевтикалык тобына қатыстылық анатомиялық немесе физиологиялық жағынан сипаты , кездейсоқ ассоциациялар.
Дәрі-дәрмектердің номенклатурасы көп елдерде екі тілде белгіленген латын және ана тілдерінде. Латынша аты атау септіктің жекеше түріндегі жалғауға аяқталады дa, септеудің II түрі /Gen. sing, i / netrum зат есімдері болып табылады. Ал орысша және қазақша баламасында латын тіліндегідей, бірақ "um" жалғауы түсіп қалған. Мысалы:
лат.
Tetraсyclinum
Analginum
орыс. қаз.
тетрациклин
анальгин
Тривиальды атауларында екпін соңғының алдындағы буынға түседі. Латынша дайындығы жоқ сатуға түскен патенттелген саудалық атаулар, біркелкі болу үшін - um жалғауын алады, ілік септікте —і . Мысалы. Lasix - Lasixum; Lasixi.
а - жалғауға аяқталатын атаулар, ілік септікте I септеу зат есімі сияқты септеледі. Мысалы: Nospa - Nospae.
§5. Тривиальды атаулардың жасалу моделі
Жұрнақталу |
Menth + ol + um түбір + жұрнақ+ жалғау Atrop + in + um түбір + жұрнақ+ жалғау
|
Ментол Атропин |
Қосымша арқылы |
Аn + alg + in + um приставка +түбір+жұрнақ + жалғау |
Анальгин |
Түбірлердің бірігуі арқылы |
Арі + lас + um түбір + түбір + жалғау
ара + сүт + жалғау |
Апилак |
Аббревация (қысқарған) сөз) |
А. Т. Ф. |
Аденазинтрифосфор кышқылы |
§6. Сөз құрамында жиі кездесетін сөз бөлшектері
Дәрі-дәрмектерді тез еске түсіру және қасиеттерін жақсы түсіну үшін жиі кездесетін түбірлерді білу қажет. Дәрі-дәрмектердің аттарында бірнеше рет кездесетін түбірлерді жиі кездесетін түбірлер деп атаймыз. Мысалы: жүрек дәрінің атауында кездесетін түбірлер
лат. сor -/ жүрек/ - Corvalolum, i n
грек. cardi -/ жүрек/ - Cardiaminum, i n
Жаттығулар
I. Жиі кездесетін түбірлердің астын сызып, мағынасын түсіндіру. Мысалы: sulfacylum, i n
sulf- микробтарға қарсы дәрі-дәрмектер
уl- көмірсутек радикалы
-
Methylsulfazinum, i n
-
Barbaethylum, i n
-
Anaesthalginum, i n
-
Benzonaphtholum, i n
-
Theophyllinum, i n
-
Amycazolum, i n
-
Antipyrinum, i n
-
Hydroxydionum, i n
II. Дәрі-дәрмектердің аттарын латынша жазып, мағынасын түсіндіру
Үлгі: анестезин- Аnaesthesinum, i n
aesthes- жансыздандырғыш дәрі-дәрмектер
-
полициллин
-
сульфаметоксипиразин
-
метионин
-
морфоциклин
-
синестрол
-
фенолфтален
-
антиастмакрин
-
ихтиосульфол
-
пирафен
10.фтазин
III. Жиі кездесетін түбірлердің астын сызып, мағынасын түсіндіру
-
Testosteronum, i n
-
Phenoxymethylpenicillinum, i n
-
Oxaphenamidum, i n
-
Podophyllinum, i n
-
Methyloestradiolum, i n
-
Methicillinum, i n
-
Methacyclinum, i n
-
Benzonolum, i n
-
Ribonucleasum, i n
-
Phenobarbitalum, i n
-
Дәрі-дәрмектердің аттарын латынша жазып, мағынасын түсіндіру
-
метилэстрадиол 11. полициллин
-
кокарбоксилаза 12. метионин
-
стрептомицин 13. синестрол
-
сульфален 14. астматин
-
тиреоидин 15. пирацетам
-
тиамин 16. фтазин
-
фенилин 17. синтомицин
-
диафенилсульфон 18. лаксатол
-
строфантин. 19. аллергол
-
этимизол 20. эритромицин
2 сабақ
§ 7. Етістік туралы жалпы түсінік
Латын тілінде етістік формаларының жүйесі төмендегі грамматикалық категорияларға бөлінеді;
-
Шақ категориясының 6 түрі бар: (Бірақ, біз бір түрін өтеміз – осы шақты –tempus praesens).
-
Рай категориясы
modus infinitivus – тұйық рай
modus indicativus – ашық рай
modus conjunctivus – шартты рай
modus imperativus – бұйрық рай
-
Екі түрі бар
numerus singularis – жекеше түрі
numerus pluralis - көпше түрі
-
Жақ категориясы (personae)
Медициналық терминологияда үшінші жақтың жекеше және көпше түрлері қолданылады.
-
Етіс категориясы:
genus activum – негізгі етіс
genus passivum – ырықсыз етіс
Негізгі етісте бастауыш жасайтын істі білдіреді (Мен кітап оқып отырмын). Ырықсыз етісте істі кім істегені белгісіз (Шөп шабылды).
Сабақты етістіктер негізгі және ырықсыз етістерде қолданылады.
Салт етістіктер тек негізгі етісте қолданылады.Aegrotus pneumonia laborat (act). Науқас өкпе қабынуымен ауырады.
§ 8. Етістіктің жіктелу түрлері. Сөздіктегі түрі
Сөз негізі қандай дауыстыға аяқталатынына қарай, етістіктер төрт топқа бөлініп, төрт түрлі үлгі бойынша жіктеледі.
І |
ІІ |
ІІІ |
IV |
-а |
-е |
дауыссыз немесе - и |
- і |
Сөз негізін анықтау үшін етістіктің тұйық рай (Infinitivus) формасының –re жалғауын алып тастау керек. Жіктеудің ІІІ түріне жататын етістіктерде
–ere алып тастау керек, өйткені –е қысқа болып тұр, түбірге де, жалғауға да жатпайды, жай ғана екеуін қосып тұр.
Infinitivus |
Негізі |
Жіктеудің түрі |
curare habere dignoscere diluere audire |
cura - habe- dignosс- dilu- audi- |
I II III III IV |
Етістіктердің сөздіктегі түрі мынандай компоненттерден тұрады:
-
осы шақтың 1 жақ ашық райдағы негізі етістегі формасы – о жалғауымен.
-
тұйық райдың –re жалғау алдындағы дауысты дыбыспен бірге.
-
жіктеудің түрі
Мысалы:
signо, are 1– белгілеу
habeo, ere II – пайда болу
diluo, ere III – сұйылту, су қосу
аudio, ire IV – тыңдау
§ 9. Ашық рай
(Indicativus)
Осы шақтың ашық райдың негізгі және ырықсыз етістің формалары (Praesens indicativi activi et passivi) сөздің негізіне жіктік жалғаулары жалғануы арқылы жасалады.
PІA PІP
sing – t sing – tur
3 жақ 3 жақ
pl – nt pl – ntur
Жіктеудің І түрі |
cura – t cura - nt |
cura – tur cura - ntur |
Жіктеудің ІІ түрі |
misce – t misce - nt |
misce – tur misce - ntur |
Жіктеудің ІІІ түрі |
defend - i- t defend – u -nt |
defend - i- tur defend – u -ntur |
Жіктеудің ІVтүрі |
audi – t audi – u - nt |
audi – tur audi – u - ntur |
NB! Жіктеудің ІІІ түріне жататын етістерді PІA, PІP формаларының жасалуында түбір мен жалғауының арасында – і – дауысты дыбысы пайда болады, ал жіктеудің ІІІ және IV түрлеріне жататын етістіктерде көпше түрінде – u –дауысты дыбысы пайда болады.
§ 10. Шартты рай
(Conjunctivus)
Шартты райда сөйлеуші іс-әркеттің, қимылдың шартын білдіреді. Рецептурада латынның шартты мағыналарының біреуі ғана беріледі – іске жұмылдыру, бүйыру. Қазақ тілінде етістік шартты райдың жалғауымен беріледі:
Араластырылсын
Белгіленсін
P raesens conjunctivi activi et passivi осы шақтың негізінен және жіктік жалғаулардың (негізгі етіс, ырықсыз етіс) қосылуы арқылы жасалады. Жіктеудің І түрінде негізіндегі «а» «е» дауысты дыбысына ауысады. Жіктеудің ІІ, ІІІ, IV түрлерінде негізіне «а»- жұрнағы қосылады.
PCA(осы шақ шартты рай негізгі етіс) |
PCP (осы шақ шартты рай ырықсыз етіс) |
|
Жіктеудің І түрі Жіктеудің ІІ түрі Жіктеудің ІІІ түрі Жіктеудін ІVтүрі |
sign – e - t sign – e –nt misce –а- t misce –а – nt repet –a –t repet – a -nt audi –a- t audi – a - nt |
sign – e - tur sign – e –ntur misce –а - tur misce – а- ntur repet –a –tur repet – a –ntur audi –a - tur audi – a - ntur |
§ 11. Бұйрық рай (Imperativus)
Бұйрық райдың екі формасы бар: екінші жақтың жекеше және көпше түрлері.Бұйрық райдың жекеше түрінің І, ІІ, I түрлерінде тұйық райдың – re жалғауының алып тасталуы арқылы жасалады, ал жіктеудің ІІІ түрінде е жалғауы жалғанады. Бұйрық райдың көпше түрінің екінші жағын жасау кезінде жіктеудің І, ІІ, IV түрлерінде етістіктің негізіне –te жалғауы, ал жіктеудің ІІІ – түрінде -ite жалғауы жалғанады.
-
Imperativus
Екінші жақтың жекеше түрі
Екінші жақтың көпше түрі
I cura – (емде)
II misce – (араластыр)
III solve – (еріт)
IV audi – (тыңда)
cura – te (емдеңдер)
misce – te (араластырыңдар)
solv – i - te (ерітіңдер)
audi – te (тыңдаңдар)
§12. Рецепте кездесетін етістіктер
Рецепте етістіктер бұйрық және шартты райда қолданылады. (Іmpеrаtivus et Conjunctivus).
Рецепттерде етістіктердің қолданылуы.
-
Imperativus
Conjunctivus
Da. Бер. Signa Белгіле Misce. Da. Signa Араластыр. Бер Белгіле
Detur. Берілсін. Беру
Signetur. Белгіленсін. Белгілеу
Misceatur Араластырылсын Араластыру
Sterilisa. Зарарсыздандыр Repete. Қайтала
Da tales doses numero
Саны осындай мөлшерімен бер
Sterilisetur. Зарарсыздандырылсын Зарарсыздандыру
Repetatur. Қайталансын. Қайталау.
Dentur tales doses numero
Саны осындай мөлшерімен берілсін саны.
Осындай мөлшермен берілсін саны.
§13. Рецепте fierі деген етістіктің қолдану мысалдары
-
Imperativus
Conjunctivus
Misce, fiant species
Misce, fiat pulvis
Қоспа жасау үшін араластыр
Ұнтақ жасау үшін араластыр
Misce, fiat unguentum
Жағатын май жасау үшін араластыр
Misce, fiat linimentum
Линимент жасау үшін араластыр
Misce, fiat pasta
Паста жасау үшін араластыр
Misce, fiat suppositorium rectale
Ректальды суппозиторий жасау үшін араластыр
Misce, fiat suppositorium vaginale
Вагинальды суппозиторий жасау үшін араластыр
3 сабақ
Латын тіліндегі химиялық номенклатура
Химиялық номенклатураға химиялық элементтері және оның қосылыстары кіреді.
§14. Химиялық элементтер
Химиялық элменттердің латынша аттары атау күйінде "um" жалғауына аяқталады да септеудің II түріне жататын зат есімдері болып табылады. Мысалы: Kalium, in- калий
Ferrum, in - темір
Ережеден тыс: Sulfur, uris n / III -септеу/- күкірт
Phosphоrus, i m /II- септеу/- фосфор
§15. Қышқылдар атаулары (қышқыл- Acidum, i n)
Қышқылдың латынша атауы екі сөзден түрады: бірінші-“acidum” зат есім, екіншісі- қиыса байланысқан I топтың сын есімінен болған анықтауыш.
Оттекті қышқылдардың латынша атауының анықтауышының бейметалдың атауының негізіне "іс"- um немесе "os" деген жұрнақты қосып айтады.
"іс"- жұрнақ қышқылдың тотығу дәрежесі жоғары екендігін білдіреді. /қазақ атауында анықтауышы жалғаусыз/.
"os" жұрнақ қышқылдың тотығу дәрежесі төмен екендігін білдіреді. /қазақ атауында анықтауыштың - ты, -ті, -лы жалғаулы/ білдіреді.
Мысалы: Acidum sulfur - ic-um - күкірт қышқылы Acidum sulfur - os-um - күкіртті қышқыл. Оттексіз қышқылдардың латынша атауының анықтауышы бейметалл атауына "hydro" деген приставка және "ic-um" жазылады. /қазак атауында анықтауышы «сутек» деген сөзбен аяқталады./
Қышқылдардың жасалу модельдері
Латынша атау |
Қазақша атау |
Оттектің мөлшері |
Acidum іс (um) |
жалғаусыз |
тотығу дәрежесі жоғарыжесікөп |
Acidum os (um) |
-ты,-ті |
тотығу дәрежесі төмен |
Acidum hydro...ic (um) |
сутек |
оттексіз |
Кейбір қышқылдардың атауы
Латынша атаулары |
Қазақша атаулары |
а) Acidum aceticum A Acidum citricum A Acidum folicum Acidum nitricum |
сірке қышқылы лимон қышқылы фоли қышқылы қышқылы |
б Acidum arsenicosum Acidum nitrosum Acidum sulfurosum |
мышьякты қышқыл азотты қышқыл күкіртті қышқыл |
Acidum hydrochloricum , Acidum hydrosulfuricum Acidum hydroiodicum |
тұз / хлорсутек/ қышқылы күкіртсутек қышқылы йодсутек қышқылы |
§16. Оксидтердің атаулары
Оксидтердің, гидроксидтердің және пероксидтердің атаулары екі зат есімнен түрады: бірінші сыңары- ілік жалғаулы элементтердің атауы, екіншісі- атау күйіндегі оксидтердің тобының аты: oxydum, hydroxydum, peroxydum /септік бойынша өзгереді/.
Оху - деген түбір құрамында оттегі бар екенін білдіреді.
Жасалу моделі
|
Химиялық элемент (Gen) +оксид тобының аты
|
||
Латынша атауы |
Саlсіі oxydum
|
Каlіі hydroxydum |
Hydrogenii peroxydum |
Қазақша атауы |
кальций оксиді
|
калий гидроксиді |
сутек пероксиді |
§17. Тұздардың атаулары
Тұздардың латынша атаулары екі зат есімнен тұрады: бірінші сыңары - ілік жалғаулы катионның немесе дәрілік заттың тривиальды аты; екіншісі -атау күйіндегі анионның атауы /септік бойынша өзгереді/.
Оттексіз қышқылдардың тұздарында аниондардың атаулары септеудің екінші түріне жататын /neutrum/ зат есімдерінен болады. / -id;um,id-i/, ал оттекті қышқылдардың тұздарына — септеудің III түріне жататын masculinum зат есімдерінен болады /-as-atis, -is-itis/.
Негізгі түздарда аниондардың аттары sub деген приставка арқылы ал қышқыл тұздарда hydro деген приставка арқылы жасалады.
Аниондардың атаулары
Сөздіктегі түрі |
Септеу түрі |
латынша мысалдар |
қазақша баламасы |
||
|
|
|
жүрнақ |
анионның аты |
|
Nom Gen Род as atis m |
III |
sulfas,atis m |
-ат |
сульфат |
|
is itis |
m |
III |
sulfis, itis m |
-ит |
сульфит |
idum idi |
n |
II |
sulfidum. in |
-ид |
сульфид |
в) sub + nitras, atis m –негiзгi нитрат
г) hydro + tartras, atis m - гидротартрат
Натрий мен калий тұздары
Натрий мен калий тұздарының латынша атауын дәрілік заттың атауына natrium немесе kalium деген сөзді қосып айтады. Сөз дефис арқылы және кіші әріппен жазылады.
Мысалы: сульфацил -натрий /тұзы/- Sulfacylum (i) –natrium (i)
NB! Натрий кофеин - бензоаты
Coffeinum (i) – natrii benzoas (-atis)
§18. Эфирлердің атаулары (aether, eris m)
Эфирлер тұздар сияқты екі зат есімнен: ілік септікте берілген катионның, атау септікте берілген анионның атауынан түрады. Эфир атауының құрамында yl деген бөлшек міндетті түрде кіреді.
Эфирлердің жасалу моделі
|
катион |
+ анион |
Қазақша атауы |
Nom. |
Methylii Phenylii Amylii |
salicylas salicylas nitris |
метил салицилаты фенил салицилаты амил нитриті |
Gen. |
Methylii Phenylii Amylii |
salicylatis salicylatiss nitritis |
метил салицилатының фенил салицилатының амил нитритінің |
NB! Қазақ тілінде эфирлердің атауы екі сөзден тұрады, ал орыс тілінде бір
сөзден /фенилсалицилат; амил нитрит./
Химиялық номенклатура Жаттығулар
1. Қышқылдардың жасалуы
Nom.et Gen. sing. форм. қышқылдардын латынша атауларын
жазыңыз.
а) тотыгу дәрежесі жоғары
Үлгі: бор қышқылы
Nom.Acidum boricum Gen.Acidi borici
-
ацетилсалицил қышқылы
-
бензой қышқылы
-
фоли қышқылы
-
құмырсқа қышқылы
-
азот қышқылы
6. фосфор қышқылы
7. күкірт қышқылы
8. аскорбин қышқылы
9. глютамин қышқылы
10. лимон қышқылы
б) тотығу дәрежесі төмен
Үлгі: күкіртті қышкыл Nom. Acidum sulfurosum
Gen. Acidi sulfurosі
-
мышьякты қышқыл
-
азотты қышқыл
-
хлорлы қышқыл
-
фосфорлы қышқыл
-
теллурды қышқыл
в) оттексіз қышқылдар
Үлгі: хлорсутек /тұз /қышқылы
Nom. Acidum hydrochloricum
Gen. Acidi hydrochlorici
-
йодсутек қышқылы 4. теллурсутек қышқылы
-
күкіртсутек қышқылы 5. фторсутек қышқылы
-
бромсутек қышқылы 6. циансутек қышқылы
II. Оксидтердің, пероксидтердің, гидроксидтердің жасалуы.
№1 жаттығу Nom.Gen.sin. форм. Химиялық элементтердің латынша атауларын жазыныз.
Үлгі: қорғасын оксиді Nom. Plumbi oxydum
Gen.Plumbi oxydi
1 .барий оксиді 6. мырыш оксиді
2.сутек оксиді 7. сутек пероксиді
З.кальций гидроксиді 8. магний гидроксиді
-
магний пероксиді 9. магний оксиді
-
сынап оксиді 10. мырыш гидроксиді
III. Тұздардың жасалуы
1. Nom. et Gen. sing. форм. оттекті қышқылдардың, түздардың латынша атауларын жазыңыз.
а) Үлгі : тотығу дәрежесі жоғары
темір лактаты Nom. Ferri lactas
Gen. Ғегri lactatis
-
кальций глицерофосфаты 6. сынап салицилаты
-
магний сульфаты 7. неомицин сульфаты
-
қорғасын нитраты 8. күміс нитраты
-
кодеин фосфаты 9. натрий ацетаты
-
натрий нитраты 10. магний карбонаты
б) Үлгі: тотығу дәрежесі төмен
натрий нитриты Nom. Natrii nitris
Gen. Natrii nitritis
-
калий арсениті 6. натрий нитриті
-
күміс нитриті 7. натрий сульфиті
-
мырыш сульфиті 8. калий нитриті
-
алюминий нитриті 9. кальций сульфиті
-
калий сульфиті 10. калий фосфиті
в) оттексіз қышқылдар, түздардың жасалуы
Мысалы: натрий сульфиді Nom. Natrii sulfidum
Gen. Natrii sulfidi
-
сынап йодиді 6. азот хлориді
-
кальций хлориді 7. алюминий нитриді
-
барий сульфиді 8. алюминий йодиді
-
мырыш хлориді 9. висмут сульфиді
-
сынап цианиді 10. темір бромиді
г) негізгі тұздар
Үлгі: магнийдің негізгі карбонаты Nom. Magnii subcarbonas
Gen. Magnii subcarbonatis
-
висмуттың негізгі нитраты 4. магнийдің негізгі карбонаты
-
қорғасынның негізгі ацетаты 5. темірдің негізгі сульфаты
-
темірдің негізгі галлаты
д) қышқыл тұздар
Үлгі: натрий гидрокарбонаты- Nom. Natrii hydrocarbonas
Gen. Natrii hydrocarbonatis
-
платифиллин гидротартраты 4. натрий гидрокарбонаты
-
натрий гидроцитраты 5. морфин гидрохлориді
-
тетрациклин гидрохлориді
е) натрий мен калий органикалық тұздары
Үлгі: бензилпенициллин калий Nom. Benzylpenicillinum- kalium
/ бензилпенициллин калий тұзы/ Gen. Benzylpenicillini- kalii
-
сульфацил- натрий 6. этазол-натрий
-
барбитал - натрий 7. тиопентал натрий тұзы
-
сульфапиридазин натрий тұзы 8. ампициллин натрий түзы
-
оксациллин натрий түзы 9. амитал-натрий
-
этаминал- натрий 10. бензилпенициллин новокаин тұзы
ж)
Nom.
және
Gen.
sing.фopм.
эфирлердің
латынша атауларын жазыңыз
Үлгі
:
метил
салицилаты - Nom.
Methylii
salicуlas
Gen. Methylii salicуlatis
1 .амил нитриті 4. этил нитриті
2. фенил салицилаты 5. этил нитраты
З.метил салицилаты
№ 4 сабақ
§19. Рецепт
Рецепт - латын recipio, ere - алу деген мағынаны білдіретін сөзінен алынған/ -дегеніміз дәріні дайындау, беру және қолдану тәсілі туралы белгіленген ереже бойынша жазылған дәрігердің фармацевтке ұйғарымы.
Рецепт стандартты қағазда /бланк көлемі 105х148мм/ сиямен анық, қатесіз жазылады. Рецептте қателерді түзеуге болмайды. Дәрігердің қолы мен мөрі міндетті түрде рецепте қойылу керек.
§ 20. Рецепттің құрамы
Рецепттің құрамы төмендегідей:
-
Inscriptio емдеу мекемесінің мөрі мен шифры
-
Datum- рецептің жазылған күні
3. Nomen aegroti - науқастың аты- жөні
-
Aestas aegroti - науқастың жасы
-
Nomen medici - дәрігердің аты-жөні
-
Praescriptio — латын тілінде жазылатын бөлім:
1) Invocatio - фамацевтке дәстүрлі түрде «Recipe» деген сөзбен үндеу беру.
2) designatio materiarum - дәрілік заттарды мөлшерімен белгілеу.
7. Subscriptio - дәріні қандай түрде, қай мөлшерде беру жөнінде -дәрігердің фармацевтке нүсқауы.
8. Signatura - дәріні қолдану тәсілі жөнінде науқасқа арналған дәрігердің нүсқауы. Орыс және ана тілінде жазылады.
-
Nomen medici et sigilum medici - дәрігердің қолы мен жеке мөрі.
§21. Дәрі- дәрмектердің мөлшерін белгілеу жүйесі
Рецептте дәрі-дәрмектердің мөлшерлерін белгілеу жүйесі төмендегідей:
а) сусымалы
заттарға 1 грамм - 1,0 (gramma)
2 грамм - 2,0 duogrammata
1 дециграмм -0,1 decigramma
3 дециграмм
-
0,3 tria decigrammata
1
сантиграмм-0,01
centigramma
1 миллиграмм- 0,001 milligramma
1 децимиллиграмм - 0,0001 decimilligramma
1 микрограмм - 0,00001 microgramma
б) Сұйық дәрілік заттардың мөлшерлерінің миллилитр арқылы араб цифрмен белгілейді:
1 мл- 1 ml (millilitrum)
3 мл- 3 ml (tria millilitra)
5 мл- 5 ml (guingue millilitra)
0,1 мл- 0,1 ml ( decimillilitrum)
Мысалы : Recipe : Liguoris Ammonii anisati 1 ml
1 миллилитрден кем берілетін сұйық дәрілік заттың мөлшері рим цифры арқылы белгіленеді және оның алдында guttam (Ace. sing) немесе guttas (Acc.pl) тамшы деген сөз жазылады.
Rp: Olei Menthae piperitae guttas III
в) Антибиотиктердің
мөлшерлері
қысқаша
түрде
Е.
Д.
/
бірлік
әсері/
деп
белгіленеді.
Мысалы: Rp: Benzуlpenicillini- natrii 250000 ED
Рецептте екі я бірнеше дәрі-дәрмектің мөлшерлері бірдей болатын болса, олардың дозасы тек бір рет ақырғы дәрілік заттан кейін, сонымен бірге цифрдің алдында гректің ana /бірдей, тепе-тең/ деген сөзі қойылады. Мысалы: Rp: Analgini
Amidopуrini ana 0, 25
Рецепт үлгісі
Приложение №2 к приказу Минздрава РК “____” _________ 1995г. формат А6 Код формы по ОК УД Код учреждения по ОКПО
МЕКЕМЕНІҢ МӨРІ, ШИФРЫ ШТАМП, ШИФР УЧРЕЖДЕНИЯ Р Е Ц Е П Т БАЛАҒА АРНАЛҒАН ЕРЕСЕККЕ АРНАЛҒАН ДЛЯ РЕБЕНКА ДЛЯ ВЗРОСЛОГО (сызып қою керек. подчеркгуть.) 19 __________ жыл (год) Рецептің жазылған күні Дата выписки рецепта Аурудың аты-жөні, жасы ___________________________________________________________________________ Ф.И.О. больного, возраст _____________________________________________________ Дәрігердің аты-жөні _________________________________________________________ Ф.И.О. врача _______________________________________________________________
Дәрігердің қолы мен жеке мөрі м.о. |
Дәрігердің есіне
-
Емдеу – профилактикалық мекемесінің шифры типографиялық әдіспен басылады не болмаса мөр қойылады;
-
рецепт айқын, анық, сиямен немесе пасталы қаламмен латын тілінде жазылады, жөндеуге болмайды;
-
бір бланкада мыналар жазуға рұқсат етіледі:
-
сандық санаққа жататын бір дәрі; тегін немесе жеңілдікпен босатылатын бір дәрі; немесе есепке жатпайтын 1-3 дәрі;
-
қысқартылған белгілер тек қабылдаған ереже бойынша ғана қолданылады;
-
қатты және төгілмелі заттар – граммен (0,001; 0,02; 0,5; 1,0) сұйық заттар – миллилитрмен, граммен және тамшылармен көрсетіледі;
-
қабылдау тәсілі қазақ және орыс тілдерінде жазылады;
-
“ішуге арналған”, “белгілі” және т.б. осы сияқты жалпы нұсқаулар орын алмайды;
-
рецепт толтырғанда дәрінің толық құнын төлеу үшін немесе не болмаса жеңілдік жағдайда алу үшін (ОСМ, балаларға, басқа жағдайда, тегін);
-
қажеттілерінің астын сызу керек және жеңілдік процентін көрсету керек;
-
дәрігердің қолы оның жеке мөрімен расталуы қажет.
дара дайындалған дәрінің № дәріхананың мөрі
-
Қабылдадым
Әзірледім
Тексердім
Босаттым
§ 22. Рецептте қосымша қойылатын белгілер
1. Дәріні тез жасап беру қажеттігі болса, дәрігер рецепттің оң жағының үстіне Cito! /тез/немесе Statim /Дереу / деген сөздер жазады.
2. Егер емдеу мерзімі ұзақ болса, рецептің оң жағының үстіне Repete! /Қайталау/ деген белгі қояды.
§ 23. Рецепттің латын тілінде жазу ережесі
Рецепттің латын тілінде жазылатын бөлімі Recipe: /Ал:/ деген сөзбен басталады. Одан кейін дәрі-дәрмектердің аттары мөлшерімен қойылады. Әр дәрінің аты жаңа жолмен басталады да бас әріппен жазылады. Сонымен бірге дәрілік заттардың аттары міндетті түрде жалғауы, өйткені рецептте сөздердің өзара байланысуы латын тілі грамматикасына негізделген:
Сөздердің өзара грамматикалық байланысу моделі:
не? қанша?
-
Rp:/ал/ Recipe:
дәрілік заттың немесе препараттың аты (Genetivus)
Дәрілік заттың мөлшері /доза/ (Accusativus)
Ненiң ?
Rp.: Mentholi 0,2
Үш
және одан көп сөзді терминдерде сөздердің
орын тәртібі былай болады:
біріншісі-
басыңқы сөз /дәрінің дәрілік түрі/;
екіншісі- анықтауыш /дәрілік
заттың
немесе өсімдіктің аты/; ең соңында
-сын есімнен болған
анықтауыш
Мысалы: а) 2 ненің 3 қандай 1 несі
долананың сұйық экстракты
G. N N
1. extractum, in
-
Crataegus, i f
-
fluidus, a, um
Nom. extractum Crataegi fluidum; Gen.. extracti Crataegi fluidi
б)
қандай?3 бұрыш
G.
ненің?2 жалбызының G
несі? 1
тұнбасы
N
-
tinctura, ae f
-
Mentha, ae f
-
piperitus, a, um
Nom. tinctura Menthae piperitae Gen. tincturae Menthae piperitae
Рецепт жолының жазылуы
Рецептте бас әріппен жазатын мынадай сөздер: рецепттің әр жазылу жолындағы бірінші сөз, дәрілік өсімдіктердің аттары, дәрі-дәрмектердің тривиалды аттары, химиялық элементтердің атаулары.
Кіші әріппен төмендегі сөздер жазылады: өсімдік бөлшектерінің түрлері,
аниондар атаулары, сын есімдер, калий немесе натрий /калий мен натрий органикалық тұздар/
Мысалы: Recipe : Theophyllini 0,25
Dimedroli 0,25
Da tales doses numero 10 in tabulettis
Signa:
Recipe: Decocti radicis Thermopsidis 20,0 -200 ml
Natrii hydrocarbonatis 4,0
Liguoris Ammonii anisati 20 ml
Sirupi
simplicis 20
ml
Misce.
Da. Signa.
§24. Көп сөзді дәрі-дәрмектердің аттары
Фармацевтикалық терминологияда екі және одан көп сөздерден тұратын терминдер қолданылады. а) Екі сөзді терминдердің түрлері
-
қиыса байланысқан /не? қандай?/
-
қиыспай байланысқан /не? ненің?/
Қиыса байланысқан анықтауыш заттың сапасын көрсетеді:
басыңқы сөз
анықтауыш
Зат есім (Nom.) не? / несі?/
Сын есім (Nom.) қандай?
Мысалы: |
|
құрғақ |
экстракт |
2/ қандай 2 |
не? 1 |
кеуделік |
эликсир |
3/ қандай 2 |
не? 1 |
изотоникалық |
ерітінді |
Nom. еxtractum siccum Gen. extracti sicci
Nom. elixir pectorale, Gen. elixiris pectoralis
Nom. solutio isotonica
Gen. solutionis isotonicae
3. Фармацевтикалық терминологияда қиыспай байланысқан анықтауыш /өсімдіктердің және дәрілік заттардың атауларында/ жиі кездеседі.
басыңқы сөз |
анықтауыш |
Зат есім Nom. |
Сын есім Gen. |
не? /несі?/ |
+ ненің? |
Мысалы: 1/ненің?2 |
несі?1 |
Cинтомицин |
майы (жағатын майы) |
Nom. Unguentum |
Synthomycini |
Gen. Unguenti |
Synthomycini |
2/ ненің ? 2 |
несі? 1 |
Алтей |
сиропы |
Nom. sirupus |
Althaeae |
Gen. sirupi |
Althaeae |
3/ ненің? 2 |
несі?1 |
Вазелин |
майы |
Nom. Oleum |
Vaselini |
Gen. Olei |
Vaselini |
Фармацевтикалық терминдерде қиыспай байланысқан анықтауыш жекеше түрінде түрады, ал қиыса байланысқан жекеше немесе көпше түрінде.
Мысалы: нитроглицерин таблеткалары - Tabulettae
Nitroglycerini
Майлардың атаулары
1. вазелин майы (вазелиновое) 2. меңдуана майы(беленное) 3. майсана майы (кастровое) 4. ментол майы(ментоловое) 5. бұрыш жалбызы майы (мяты перечной) 6. шырғанақ (облепиховое) 7. күнбағыс (подсолнечное) 8. терпентин (терпентинное (скипидар)) 9. итмұрын (шиповника ) 10. эвкалипт (эвкалиптовое) 11. бадам (миндальное) 12. зәйтүн (оливковое) 13. шабдалы (персиковое) 14. зығыр (льняное) 15. эфир (эфирное) |
Oleum (i) Vaselini ----------- Hyoscyami ----------- Ricini ----------- Mentholi ----------- Menthae piperitae ----------- Hippophaes ----------- Helianthi ----------- Terebinthinae ----------- Rosae ----------- Eucalypti ----------- Amygdalarum ----------- Olivarum ----------- Persicorum ----------- Lini ----------- Citri |
Ережеден тыс: какао майы - Oleum (i) Cacao
камфорлы май - solutio (onis) Camphorae oleosa (ae)
қара май /дёготь/- Ріх (icis) liquida (ae)
в) Үш және одан көп сөзді терминдерде сөздердің орын тәртібі былай болады: Басыңқы сөзден кейін қиыспай байланысқан анықтауыш тұрады — қиыса байланысқан анықтауыш соңында тұрады.
ненің? 2 ненің? 3 қандай? 4 несі? 1
Салицил қышқылының спиртті ерітіндісі
Nom. Solutio Acidi salicylici spirituosa
Gen. solutionis Acidi salicylici spirituosae
Спирттердің аттары /spiritus, us m, -спирт/
Қазақша аты |
Латынша аты |
|
|
1. бор спирті /бор қышқылының |
Spiritus Acidi borici |
|
|
спирті/ |
|
|
|
2. қүмырсқа спирті |
Spiritus Acidi formicici |
|
|
/қүмырсқа қышқылының спирті/ |
|
|
|
3. салицил спирті |
Spiritus Acidi salicylici |
|
|
/салицил қышқылының спирті/ |
|
|
|
4.этил спирті 5.камфорлы спирт 6.ментол спирті 7.мүсәтір спирті 8.сабын спирті
|
Spiritus aethylicus (i) Spiritus camphoratus (i) Spiritus Mentholi Solutio (onis) Ammonii caustici Spiritus saponatus (i) |
|
NB! Мүсәтір – анисті тамшылар. Liquor (oris) Ammonii anisatus (i)
№ 1 жаттығу Берілген терминдерді латын тіліне аударып, Gen. sing, формаға айналдыру.
Үлгі: жүзжылдықтың құрғақ экстракты
Nom. extractum Aloes siccum Gen. extracti Aloes sicci
1. бүрыш жалбыз жапырақтардың тұндырмасы
2. йодтың спиртті ерітіндісі
-
итжидектің қою экстракты
-
мия тамырының күрделі ұнтағы
5. синестролдың майлы ерітіндісі
-
натрий хлоридінін изотоникалық ерітіндісі
-
үлкен жолжелкеннің жапырақтары
-
долананың сүйық экстракты
-
сутек пероксидінің сұйылтылған ерітіндісі
-
ерігіш сульфацилдің жағатын майы
N.B! мүсәтір спирті - solutio (onis) Ammonii caustici
№ 2 жаттығу Фармацевтикалық терминдерді Nom. және Gen. sing, формаға аудару.
а) қиыса байланысқан:
Үлгі: ақ балшық - Nom. Bolus alba Gen. Boli albae
1 сүйытылған хлорсутек қышқылы
-
тазартылған күкірт
-
кеуделік қоспа
-
камфорлы май /жағатын май/
-
ерігіш норсульфазол
-
ащы тұнба
-
криссталды карбол қышкылы
-
тазартылған су
-
майлы ерітінді
10.вагинальды суппозиторий
11.қалпына келтірілген темір 12.изотоникалық ерітінді ІЗ.активтенген көмір
14.асқазан қоспасы
15.сұйық парафин
б) қиыспай байланысқан:
Үлгі: мырыш пастасы - Nom. Pasta Zinci Gen. Pastae Zincі
-
меруертгүлдін гүлдері
-
итшомырт қыртысы
-
шалфей жапырағы
-
эвкалипт жапырағы
-
глицерин майы /жағатын майы/
-
зығыр тұқымы
-
итжидектін тамыры
8. бидай крахмалы
9. эритромицин майы/жағатын майы/
10. жалбыз суы
в) Көп сөзді терминдер
Үлгі: натрий хлоридінің изотоникалык ерітіндісі
Nom. Solutio Natrii chloridi isotonica
Gen. Solutionis Nalrii chloridi isotonicae
-
иодтың спиртті ерітіндісі
-
сутек пероксидінің концентратты ертіндісі
-
камфораның майлы ерітіндісі
4. сутек пероксидінің сұйытылған ертіндісі
5. жүзжылдықтың сұйық экстракты
6. белладонаның кою эксракты
7. термопсистің құрғақ экстракты
8. мия тамырының күрделі ұнтағы
9. корғасынның жай пластыры
-
натрий хлоридінің изтоникалық ерітіндісі
-
алойдың сұйық экстракты
-
итжидектің құрғақ экстракты
г) көп созді терминдер
Үлгі: липой қышкылынын ерітіндісі- Nom. Solutio Acidi lipoici
Gen. Solutionis Acidi lipoici
1. epiгіш сүльфацилдің майы (жағатын май)
2. көктемдегі жалынгүлдің шөбі
3. үлкен жолжелкеннін жапырақтары
-
бұрыш жалбызының жапырағы
-
бұрыш жалбызының суы
д) майлардың аттары
Үлгі: күнбағыс майы - Oleum (1) Неlіаntаі
І.майсана майы 6. зәйтүн майы
2. меңдуана майы 7. итмүрын майы
З.вазелин майы 8. кафоралы май
4.зығыр майы 9. шырғанақ майы
5 бадам майы 10.жалбыз майы
е) спирттердің аттары