ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 01.09.2021
Просмотров: 1850
Скачиваний: 49
+ позитивті (оң) экономикалық теория;
- нормативтік экономикалық теория;
- бағдарлаушы экономикалық теория
- құқықтық экономикалық теория;
- әдістемелік экономикалық теория
405?
Мына төмендегі суретте қандай қисық көрсетілген?
P
D
0
Q
+ сұраныс қисығы
- ұсыныс қисығы
- нарықтық тепе-теңдік
- сұраныстың икемділігі
- ұсыныстың икемділігі
406
Ақша айналымын реттеу, ұлттық валюта тұрақтылығын қамтамасыз ету, ортақ ақша- несие саясатын жүргізу, есептеулер мен кассалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, банктер мен басқа да несие мекемелерінің қызметін бақылау, сыртқа сауда қызметі бойынша операциялар жүргізу міндеті болып табылатын банк:
+ ұлттық банк
- банк
- коммерциялық банк
- инвестициялық банк
- ипотекалық банк
407?
Ғылыми талдаулардың деректеріне сүйенсек, елдің экономикалық жағдайынан артта қалуын маңызыды салаларды дамыту артықшылығына негізделген құрылымдық өзгерістер арқылы жеңуге болады. Осындай ұсынысты ғылымның қай түрі бере алады?
- позитивті (оң) экономика
+ нормативтік экономика
- макроэкономика
- қазіргі экономика
- әлеуметтік экономика
408?
Қазақстан Республикасы территориясында кәсіпкерлікпен айналысатын шетел азаматтарының өндірген өнімдерін төмендегі көрсеткіштердің қайсысында қамтылады?
+ Қазақстанның ЖІӨ
- Қазақстанның ЖҰӨ
- шетел азаматы елінің ЖІӨ-де
- Қазақстанның ЖҰӨ-де және шетел азаматы елінің ЖІӨ-де
- ТҰӨ
409?
КСРО тарағаннан кейін Тәуелсіздік алған жылдардағы Қазақстан экономикасы алға жылжып дамуын танып білу үшін оқуда қандай курс керек болды?
- дәстүрлі экономика
- реттелмейтін экономика
- дамыған реттелетін нарықтық экономика
+ өтпелі кезең экономикасы
- жоспарлы экономика
410?
Қосымша бағалауды, зерттелудегі экономикалық құбылыстың барлық аспектісі туралы қолда бар ақпараттық базаны тереңдетіп зерттеу арқылы анықталған жанама дәлелдерді пайдалану негізінде қайтара есептеуді жүргізуді қалай атаймыз?
- құрама әдіс
+ жанама әдіс
- тура әдіс
- ақтық өнім
- соңғы өнім
411?
Кәсіпорынның дамуын алға жылжуын қамтамасыз ету үшін және алдын-алу үшін, оның барлық табыстары мен ақшалай қаржыларының шығындалу бағыттарын жоспарлау дегеніміз?
- маркетингтік жоспарлау
+ қаржылық жоспарлау
- стратегиялық жоспарлау
- оперативтік жоспарлау
- ағымдық жоспарлау
412?
Экономикада жұмыссыз жүрген адам жұмыссыздық бойынша мемлекет тарапынан төлем ақы алатын болса, бұндай жағдайда ақша қандай міндет атқарады?
- айналым құралы
- құн өлшемі
- жинақтау құралы
+ төлем құралы
- әлемдік ақша
413?
Егер адам, өзіне құны он жеті мың теңге тұратын бейнемагнитофон сатып аламын деп ойланатын болса, онда мұндай жағдайда ақша қандай міндет атқарады?
- айналым құралы
+ құн өлшемі
- жинақтау құралы
- төлем құралы
- әлемдік ақша
414?
Адам өз қажеттілігі үшін дүкеннен тоңазытқыш сатып алады және оның дүкендегі бағасына сай 25 мың теңге төледі, бұл жағдайда ақша қандай міндет атқарады?
+ айналым құралы
- құн өлшемі
- жинақтау құралы
- төлем құралы
- әлемдік ақша
415?
Мына төмендегі суретте қандай қисық көрсетілген?
P S
0
Q
- сұраныс қисығы
+ ұсыныс қисығы
- нарықтық тепе-теңдік
- сұраныстың икемділігі
- ұсыныстың икемділігі
416?
Суреттегі қисық нені білдіреді?
P
S
P E E
D
0 QE Q
- сұраныс қисығы
- ұсыныс қисығы
+ нарықтық тепе-теңдік
- сұраныстың икемділігі
- ұсыныстың икемділігі
417
Кәсіпорында жұмыс істейтін Арман өзінің қажеттілігі үшін автокөлік сатып алуға, ай сайын 10 мың теңгеден қалдырып отырса, онда бұл жағдайда ақша қандай міндет атқарады:
- айналым құралы
- құн өлшемі
+ жинақтау құралы
- төлем құралы
- әлемдік ақша
418?
Мемелекет жеке азаматтар тобының қызығушылықтарын қорғау бойынша әлеуметтік міндеттерді атқаруға саналы түрде жауапкершілік алатын нарық қалай аталады?
- жабайы нарық
- дамыған нарық
+ әлеуметтік-бағытталған нарық
- сатушы нарығы
- сатып алушы нарығы
419?
Шаруашылық жүргізудің ең қолайлы жағдайлары мен жоғары пайда алудың ең жақсы мүмкіншіліктері үшін тауар өндірушілердің арасындағы экономикалық күрес қалай аталады?
- монополия
+ бәсеке
- олигополия
- моносония
- дуаполия
420?
Нарықта экономиканың аса дамыған үшінші саласы қызмет аясы ғылымның тікелей өндіргіш күшке айналуы, электронды есептеу машинасын кеңінен енгізу қай кезеңді сипаттайды?
- өндіріс дамуының өнеркәсіпке дайінгі сатысы
- өндіріс дамуының өнеркәсіптік сатысы
+ өндіріс дамуының постөнеркәсіптік сатысы
- өндіріс дамуының ақпараттыққа дейінгі сатысы
- өндіріс дамуының ақпараттық сатысы
421?
Нарықтағы өндірілетін тауарлар мен қызметтердің еркін қозғалысын ұйымдастырып қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер, институттардың жиынтығы қалай аталады?
- биржа
- аукцион
+ нарық инфрақұрылымы
- жәрмеңке
- дуаполия
422?
Нарықтағы кәсіпорындарды құру кезінде оның қызметін қамтамасыз ету үшін құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде құрылтайшылардың мүліктерге ақша түріндегі салымдарының жиынтығы болып саналады?
+ жарғылық капитал
- пайда
- арнайы қорлар
- қаржыландыру
- несиелер
423?
Экономикада мемлекет тарапынан халыққа төленетін жәрдемақы, зейнетақы, стипендия экономиканың бір саласы болып есептелінетін макроэкономикада қандай терминмен аталады?
- салықтар
- субсидиялар
- баж салықтары
+ трансферттер
- көмек
424?
Егер басқа жағдайлар, әсер ететін әр түрлі факторлар тұрақты болғанда, бағаның өсуі ұсыныстың көлемін арттырады немесе бағаның төмендеуі ұсыныс көлемін төмендетеді бұндай жағдай қалай аталады?
- сұраныс заңы
- ұсыныс
- икемділік
+ ұсыныс заңы
- тепе-теңдік
425?
Өнімдерді сатудан, жұмыстан, қызметтен, материалдық құндылықтардан, таратудан тысқары табыстардың шығындардың асып түскендігін қоса отырып, жыл басынан есеп беріп отырған кезге дейінгі аралықта кәсіпорынның шығындарынан асып түскен табыс сомасы қалай аталады? бұл:
- жарғылық капитал
+ пайда
- арнайы қорлар
- қаржыландыру
- несиелер
426?
Қатаң мақсатты белгіленуі бар, олардың кейбіреулері пайдаланылмаған қалдықтарды сипаттайды, ал енді біреулері жиналған көздердің құрамында әлдеқашан пайдаланылған қаражаттардың көлемдеріне қарамастан сипатталуын және оның құрамына кәсіпорынның жұмыс процессінде туатын жоспарланбаған шығындарды жабуға белгіленген резерв қорын кіруін қалай атаймыз?
- жарғылық капитал
- пайда
+ арнайы қорлар
- қаржыландыру
- несиелер
427?
Кәсіпорынның шығарған және сатқан кәсіпорынның өзіне тиесілі акциялары мен облигацияларының жалпы сомасы, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді займдар және басқалар қалай аталады?
- банк несиелері
+ заемдық қаражаттар
- бухгалтерлік есеп
- сату
- құжаттама
428?
Мектеп бітіргеннен кейін сіз жұмысқа орналасуға ниеттендіңіз? Төмендегілердің қайсысы осындай шешімнің баламалы құнына қосылуы мұмкін деп ойлайсыз?
- сіздің таңдаған жұмыс орныңызда алатын еңбекақыңыз
+ егер сіз жұмыстың орнына оқуға барсаңыз, алатын біліміңіз
- егер сіз жұмыс орнына ақылы білім алуға барсаңыз, төлейтін ақшаңыз
- таңдаған жұмыс орныңызда қалыптасатын қабілетіңіз бен дағдыларыңыз
- дұрыс жауабы жоқ
429?
Зерттеу пәнін жеке, кездейсоқ, қысқа мерзімді, дара құбылыстардан біздің түсінігімізді оқшаулап тұратын, оның тұрақты, әрдайым қайталанып тұратын мәнін, маңызын ашуды қалай атаймыз?
+ ғылыми абстракция
- дедукция
- әдістеме
- ерекше заңдар
- жалпы заңдар
430?
Көрсетілген міндеттер әр-түрлі тәсілдер мен көптеген амалдарды қолдану арқылы бухгалтерлік есепті ендіру кезінде шешіледі, оның жалпы жиынтығын қалай атауға болады?
- міндеттеме
- қаражат
+ бухгалтерлік есептеу әдісі
- қосарлап жазу
- сату
431?
Бухгалтерлік есеп тәсілінің элементі ретінде материалдық құндылықтарды заттай түрінде, ақшалай қаражатты және қаржылық міндеттемелерді олардың іс жүзіндегі жағдайларына жол ашуды қалай атаймыз?
- ғылыми абстракция
- дедукция
- әдістеме
+ түгендеу
- жалпы заңдар
432?
Табыс берушілер мен тұтынушылар алдында келісілген міндеттемелер жүзеге асырылады, ал өнімді сатудан, атқарылған жұмыстан және көрсетілген қызметтен түскен ақшалай түсім есеп айырысатын есеп шотқа аударылады немесе дебиторлық қарыз туады бұл процесс қалай аталады?
- өндіріс
- дайындау
- бухгалтерлік есеп
- несиелеу
+ сату
433?
Экономикада өндірілген өнім көлемінің нарықтық құнынан, тұтынылған шикізат пен материалдардың құнын алып тастаған кезде төмендегі көрсетілген көрсеткіштің қайсысын аламыз?
+ қосылған құн
- жиынтық құн
- тұтыну құн
- жеңілдік құн
- қайтарылған құн
434?
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің бір түрі экстенсивті экономикалық өсу - бұл жағдайды жалпы ұлттық өнімнің қайсысының есебінен өсуі деп есептеуге болады?
- өндіріс жағдайының өзгеруі
+ өндіріс факторларының сандық өзгеруі
- өндіріс факторларының сапалық өзгеруі
- жиынтық сұранымның өсуі
- тауарлар импорты
435?
Салық салу, салық төлеу еліміздің мемлекет бюджетін толтырудың негізгі құралдарының бірі болып табылады, бұл қызмет төмендегілердің қайсының қатысуымен орындалады?
+ фискальды қызмет
- бөлу қызметі
- бақылау қызметі
- ынталандыру қызметі
- қолдау қызметі
436?
Егер айналымдағы ақшаның ұлттық құны өзгеріссіз болса, ал нарықтағы тауарлар мен қызметтердің бағасы екі есе өссе, бұл жағдайда ақшаның сатып алу қабілеті қалай өзгереді?
- екі есе өседі
+ екі есе төмендейді
- төрт есе өседі
- төрт есе төмендейді
- өзгермейді
437?
Кәсіпорынның жұмысының ілгері дамуын қамтамасыз ету үшін, оның барлық табыстары мен ақшалай қаржыларының шығындалу бағыттарын жоспарлау дегеніміз?
- маркетингтік жоспарлау
+ қаржылық жоспарлау
- стратегиялық жоспарлау
- оперативтік жоспарлау
- ағымдық жоспарлау
438?
Егер нарық субьектілерінің бірі болып саналатын үй шаруашылығы өздерінің тапқан табыстарын толықтай тұтынуға жұмсамай, банкте жинақтайтын болса қалай атауға болады?
- жинақтайды және инвестициялайды
+ жинақтайды, бірақ инвестицияламайды
- инвестициялайды, бірақ жинақтамайды
- инвестициялайды
- жинақтамайды
439?
Қаржыландыру стратегиясын жасап ілгері дамыту және жаңа кәсіпорын құруға және оны дамытуға белгіленген шартпен нақты инвестицияларды тарту үшін қандай жоспар құру қажет?
- заңдылық жоспар
- кассалық жоспар
- ағымдық жоспар
+ стратегиялық жоспар
- бизнес-жоспар
440?
Ұлттық Есепшот жүйесі бойынша жалпы ұлттық өнімді шығындар сомасы бойынша есептегенде мына төмендегі көрсетілген көрсеткіштердің қайсысы есепке қосылмайды?
- жалпы инвестициялар
- С+І+G (С-тұтынушы шығындары, І-инвестиция, G-мемлекеттік шығындар)
- тауарлар мен қызметтердің таза экспорты
- мемлекеттік сатып алған тауарлар мен қызметтер
+ еңбекақы
441?
Иемденушінің құрылтайшылар қаражатына қатыстылығын куәландыратын және дивиденд түрінде пайдадан үлес алуға (әр жылғы табыстан) құқық беретін құнды қағаз қалай аталады?
- дивиденд
- акционер
+ акция
- капитал
- ақша
442?
Өндірістегі өндіру процесіне толықтай қатысатын, бірақ өзінің құнын өндірілген өнімге оның тозуына қарай бөлшектеп беретін өндіргіш капиталдың бір бөлігін қалай атаймыз?
- амортизация
- капитал айналымы
+ негізгі капитал
- шығындар
Е. пайда
443?
Бірнәрсені жасауға немесе қызмет көрсетуге заң бойынша тиым салынған, бірақ қызмет нәтижелері жарым-жартылай немесе толықтай қасақана мемлекеттік органдардан жасырылады (салық, кеден, статистикалық және басқа) бұл қызмет түрі қалай аталады ?
+ жасырын қызмет
- биресмилі қызмет
- құпия қызмет
- тіркелмеген
- дәстүрлі
444?
Еліміздегі Ұлттық банктің ақша айналымы қызметі саласындағы және несиелік жүйенің макроэкономикалық процесске ықпал ету шараларының жиынтығы қалай аталады?
- фискальдық саясат
- инфрақұрылым
- қаржылық саясат
- салықтар
+ ақша несие саясаты
445?
Несие беру көлемін кеңейтумен, айналымдағы ақша жиынының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуіне байланысты болатын саясатты қалай атауға болады?
- фискальдық саясат
- рестрикциялық ақша несие саясаты
- қаржылық саясат
+ экспансиялық ақша несие саясаты
- ақша несие саясаты
446?
Халықаралық еңбекті бөлу негізінде халықаралық экономикалық-әлеуметтік қатынастармен өзара тығыз байланысқан ұлттық шаруашылықтың қайшылықты біртұтастығын қалай атауға болады?
- егін шаруашылығы
- мал шаруашылығы
+ әлемдік шаруашылық
- халықаралық сауда
- капиталдың экспорты
447?
Мемлекеттік аппарат, қарулы күштер үшін қажетті әлеуметтік-экономикалық қызметтер атқаруға бағытталған, ел үкіметінің ақша ресурстарының көздері орталықтанған қоры қалай аталады?
- мемлекеттік несие
- бюджеттік несие
- салық
+ мемлекеттік бюджет
- монетаризм
448?
Экономикада жекелеген салаларды, обьектілерді толықтай немесе жартылай басқаруды, экономикамен қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ететін салаларды мемлекет тарапынан қолдау шаралары қалай аталады?
+ тікелей мемлекеттік реттеу
- мемлекеттік сатып алу
- бюджеттік реттеу
- салықтық реттеу
- әлеуметтік реттеу
449?
Халықтан және басқа субьектерден мемлекет алатын ақша құралдарының қарызы, мемлекеттік қарыз, мақсатты пайызсыз қарыздар, қазыналық міндеттемелер түрінде рәсімделуді қалай атауға болады?
- ақша- несие эмиссиясы,
+ мемлекеттік несие
- пайыз мөлшерлемесін құру
- бағалы қағаздар шығару
- салық мөлшерін азайту
450?
Жұмысшының күнелтуіне қажетті заттарға шағылған жалақысы, яғни жұмысшының тапқан ақшасына өзі үшін және отбасы үшін қанша және қандай күнкөріс заттарын сатып алуға болатын көрсеткіш қалай аталады?
+ нақты жалақы
- номиналды жалақы
- пайда
- пайыз
- рента
451?
Ұлттық табыс, әлеуметтік сақтандыру жарнасы, корпорациялар табысына салық, корпорациялар пайдасын қайта бөлу, транспорт төлемдері, дивиденттер, алынған пайыздар осы көрсеткіштердің қосындысы нені көрсетеді?
- ТҰӨ
- ЖІӨ
- ЖҰӨ
- ҰБ
+ ЖТ
452?
Мемлекеттің бәсеке қабілеттілігін арттыруға, тиімді ұлттық өнеркәсіпті қалыптастыруға, кәсіпкерлікке қолайлы жағдайлар жасауға және экономиканың шикізатқа тәуелді өндірісін қысқартуға бағытталған іс-шаралар кешенін қалай атаймыз?
- фискальдық саясат
- инфрақұрылым
- қаржылық саясат
+ индустриалдық саясат
- ақша несие саясаты
453?
Өндірісте түпкі өнім шығару үшін реурстардың тиімді, әрі сапалы жаңа комбинациясын жасап шығаратын жаңа білімдерді ашуды кеңінен таратуды дамудың қандай түріне жатқызамыз?
- инновация
- аралық өнім
+ технологиялық прогресс
- қолайлы әлеуметтік жағдай
- жалпы ішкі өнім
454?
Фирманың өндіріс көлеміне тәуелді болатын оған шикізаттарды, жанар-жағар май, материалды сатып алуға кеткен шығындары, жұмыс күшіне төленетін төлемі жататын шығындарды қалай атауға болады?
- айқын шығындар
+ өзгермелі шығындар
- шекті шығындар
- қосымша шығындар
- негізгі шығындар
455?
Ұлттық есепшот жүйесі бойынша есептегенде макроэкономикалық көрсеткіштер бірі жалпы ұлттық өнімді табыстар мен шығындармен есептегенде төмендегі көрсеткіштердің қайсы есепке алынбайды?