Файл: Шымкент аласы 49 жалпы орта білім беретін мектепті.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 35
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Компьютерді пайдаланудың кері аспектілері
Шымкент қаласы
№ 49 жалпы орта білім беретін мектептің
информатика пәні мұғалімі
Қозыкеева Гүлнұр Бекжасарқызы
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Мектеп: № 49 ЖОББМ Денсаулық және қауіпсіздік. Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Қозыкеева Гүлнұр Бекжасарқызы Сынып: 8 «Ә» Қатысқандар: 15 Қатыспағандар: 0 | |
Сабақтың тақырыбы | Компьютерді пайдаланудың кері аспектілері. |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.4.1.1 адам ағзасына түрлі электронды құрылғылардың кері әсері туралы мысал келтіріп, тәсілдерін тиімді қолдану. |
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар: Адам ағзасына электронды құрылғылардың әсері туралы мысал келтіріп, қорғану тәсілдерін қолданады. Оқушылардың басым бөлігі: Электронды құрылғылардан бөлінетін электромагниттік сәулелердің адам ағзасына зияндығы мен алдын алу шараларын біледі. Кейбір оқушылар: Түрлі электронды құрылғылардың адам ағзасына тигізетін зиянды факторларды талдайды. |
Бағалау критерийі | - оқушы компьютердің өз ағзасына қаншалықты әсер ететінін біледі. - компьютердің адам ағзасына тигізетін кері әсерінен қорғану тәсілдерін түсінеді. - өмір қауіпсіздігін сақтап, компьютерде жұмыс істеуді жалғастырады. |
Ойлау дағдыларының деңгейлері | Білу, түсіну, қолдану,жинақтау |
Тілдік мақсаттар | Лексика мен терминология: Компьютердің әсері, электромагниттік сәуленің әсері, монитордың әсері, адам анатомиясы. Диалогтар мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:
Оның ішінде: - көру қабілетіне қалай әсер етеді? - түрлі электромагниттік сәуленің зияны қандай ? - жүйке жүйесі мен адам психикасына әсері қандай? |
Құндылықтарға баулу | • Жаңа тақырыпты мұқият тыңдап, түсіну. • Тақырып бойынша берілген тапсырмаларды орындау. • Топтық тапсырмаларды орындауда белсенділік таныту. |
Пəнаралық байланыс | Адам анатомиясы, адам қаңқасы. Өмір қауіпсіздігі мен техника қауіпсіздік ережесі. Физика (электр құралдары мен электромагниттік сәуле шығару) |
Алдыңғы білім | Компьютерлік техниканы пайдалануда денсаулықты сақтаудың қаншалықты маңызды екенін біледі. |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 10 мин |
І. Психологиялық ахуалды қалыптастыру. Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтады. «Ақылды стикерлер» арқылы 2 топқа бөлінеді. 1 топ «Алғырлар» 2 топ «Тапқырлар»
Компьютер мен желілердің техникалық сипаттамалары» тарауы бойынша Kahoot бағдарламасында онлайн тест жұмысын орындау. ҚБ смаликтер арқылы бағалау. | Стикерлер, жақсы тілектер | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 5 мин 5 мин 5 мин 7 мин 4 мин | Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру. Жаңа сабақты түсіндіру үшін бейнебаяан көрсету. Оқушылардың бейнебаяаннан көруде негізгі түйінді ойларын дәптерлеріне түртіп отыру 1-тапсырма. Топтық жұмыс Суреттегі баланың іс- әрекетін дұрыс немесе бұрыс екенін көрсетіп, түсініктеме беру
Дескриптор: - Оқушылар суреттегі жағдайдың дұрыс немесе бұрыс екендігін ажыратады; - Суреттегі жағдайды түсіндіреді; - Ережелерді сақтамау салдарын біледі. ҚБ. «Бас бармақ» әдісі арқылы топтық бағалау. 2-тапсырма. Жұптық жұмыс Оқушылар Адам ағзасына компьютерді пайдаланудың жағымсыз аспектілерін анықтау мақсатында 10 сұрақтан тұратын сауалнама дайындап ұсынады. Дескриптор:
ҚБ. Балл қою арқылы жұптар бірін-бірі бағалайды. Сергіту сәтін ұйымдастыру. Көз жаттығулары. 3-тапсырма. Жеке жұмыс «Ізден тап» әдісі арқылы оқушылар өз қабілетін тексеріп кореді. Оқушылар интернетті пайдаланып компьютердің адам ағзасына кері әсерін жинақтау? Дискриптор:
ҚБ бойынша оқушыларды мұғалім ауызша мадақтау сөздері арқылы бағалау. Сабақты қорытындылау. «Кубизм» әдісі арқылы оқушыларға сұрақ қоямын. 1.Не себепті компьютерде ұзақ отыратын адам остехондроз ауруына шалдығады? 1.Компьютер алдында көп уақыт отыру көз ауруына шалдықтырады. Неліктен? 1.Неге компьютерде көп жұмыс жасайтын адамда жүйке және жүрек аурулары пайда болады? 1.Компьютерді ережесіз қолданудың зиянын біле тұра сақтамайтын адамға не айтуға болады? ҚБ. Оқушылар әрбір жауабы үшін асықпен бағаланады. | А 4 қағазы, маркер, слайд интерактивті тақта, суреттер, плакат. Информатика оқулығы. 8 сынып. Арман ПВ баспасы. Үлестірме материалдар Интерактивті тақта Интерактивті тақта | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 4 мин | Үй тапсырмасы. Жас досқа кеңес! Өтілген тақырыптан түйген ойыңызды кеңес ретінде жазып келіңіз! Кері байланысты«Синквейн» әдісі арқылы аламын. Синквейн құрастыру үшін тақырып бойынша қысқаша түйіндеме жасайды. Мысалы: _______________(термин) _____________________(есіңізде ұзақ қалатын сөйлем) ______________________(бұдан былай сіз ескеретін нәрсе) _______________________(сіз үшін маңызды теория) ____________________(өз-өзіңізге баға беріп көріңіз ) | Кеспе қағаздар | ||||||||||||||||||||||
Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмаларбересіз? | Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын сақтау | ||||||||||||||||||||||
Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені оқушыға жеке қолдау көрсетуде оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып көптеген белсенді әдіс- тәсілдер қолдандым: «Ақылды стикерлер», «Он сұрақ», «Синквейн», «Кубизм» | Ынталандыру, мұғалім тарапынан қолдау көрсету. Жұппен бағалау жүргізеді. Әр оқушы сабақ барысында берген жауаптарына немесе істеген тапсырмаларына смайликтер және асық беру арқылы соңында жиналған смайликтер мен асықтар ол оқушының алған білімі. | Өмір қауіпсіздігі мен техника қауіпсіздік ережесі. Физика (электрқұралдары мен электрмагниттік сәуле шығару) Сергіту сәтін ұйымдастыру. Көз жаттығулары. | ||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма жəне неліктен? | | | ||||||||||||||||||||||
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге назар аудару қажет? | |