ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 12

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Хаттама №3

«26» қараша 2022 жыл

«Baiterek school» мектебінің 5 «Ж» сыныбының «Баланың бас ұстазы ата-ана» тақырыбында ата-аналар жиналысы жүргізілді.

Қатысқан ата-аналар саны: 9

Күн тәртібінде:

1.Ата-аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру.

2.Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту.

3.ІІ тоқсандағы оқушылардың оқу сапасы жайында талқылау.

Тыңдалды:

5 «Ж» сынып оқушыларының ата-аналар жиналысы 2022-2023 жылдың І тоқсанның үшінші жиналысы жиырма алтыншы қараша күні жүргізілді. Мен, сынып жетекшісі Қалмырзаева Ақмарал күн тәртібінде қаралатын мәселелермен таныстырып өттім.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша ардақты ата-аналар! Жел бесіктен, жер бесікке дейін адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата-ана мен мектеп. Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы –дүниеге перзент әкелген соң оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу. Бала тәрбиесі бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті.Кезінде әл-Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды»-демеп пе еді.Осыған орай бүкіл ата-анабаланың тәрбиесіне бет бұруы керек. Сонда ғана оқушы нәтижеге жететіні анық екені айтылды.

Екінші мәселе бойынша Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететіні атап айтылды.

Үшінші мәселе сынып оқушыларының оқу сапасы жайында талқыланып әр оқушының оқу үлгірімі туралы талқыланды. Оқу үлгірімі төмен болып тұрған оқушыларды қосымша тереңдете оқуға кеңес берілді.

Сынып жиналысын қорытындылай келе қаулы етеді:

  1. Ата-аналарға оқушылардың тәртібіне, тазалығына және оқу сапасына жауапкершілікпен қарауға қадағалау тапсырылды.

  2. Оқушының оқу үлгірімін жақсарту, мұғалім мен ата-ана үнемі тығыз байланыста болу тапсырылды.

  3. Оқушылардың оқу сапасын жақсартуға ата-ана және мұғалім болып ат салысу тапсырылды.

Сынып жетекшісі: Қалмырзаева А