ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.09.2021

Просмотров: 224

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сонымен қатар қажетті абзацты шертіп, маркирленген тізімді қолдануға болады.

4.3.Символдардың шрифтін, жазылуын және өлшемдерін өзгерту

  1. Форматты өзгертуді қажет ететін мәтінді белгілеңіз.

  2. Формат менюінен Шрифт командасын таңдаңыз.

  3. Қажетті параметрлерді таңдаңыз.

Жаңа мәтін үшін шрифт пен жазылуды мәтінді енгізуді бастағанға дейін орнатуға болады. Барлық құжаттың шрифтін өзгерту үшін Правка менюінен Выделить все командасын таңдап, одан кейін жоғарыда айтылған 2 қадамды орындаңыз.

4.4. Абзацты форматтау

  1. Форматтауды қажет ететін абзацтың кез келген жеріне шертіңіз.

  2. Формат менюіненАбзац командасын таңдаңыз

  3. Жолдан ауытқу және тегістелу параметрлерін орнатыңыз.

Жаңа құжат үшін абзацтар форматын мәтін енгізгенге дейін орнатуға болады.


Paint графикалық редакторы

Paint графикалық редакторы jpg, .gif немесе .bmp форматты нүктелік суреттермен жұмыс істеу үшін қолданылады. Paint-та құрылған суретті басқа құжатқа кірістіруге болады немесе фон суреті ретінде жұмыс үстелінде орнатуға болады. Paint бағдарламасында өзіміз сурет салуымызға, Windows- тың басқа қолданбаларынан алмастыру буферіне көшірілген дайын суреттерді қоюға, сондай-ақ сканердің көмегімен алынған күрделі кескіндерді қоюға болады (5-сурет).

Paint графикалық редакторды іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындау керек.

Пуск Программы Стандартные Paint






















5-сурет. Paint графикалық редакторының терезесі.


Paint редакторында 16 құрал пайдалануға болады. Олардың міндеттерін білу үшін, маустың нұсқағышын қажетті құралдың үстіне орналастыру керек, сонда ішіне олардың міндеттері жазылған кішкене төртбұрыш пайда болады.

Салған суреттерді, графиктерді кейін қажет кезінде пайдалану үшін, дискідегі файлда сақтаған жөн.Файлды дискіде сақтағанда ат беру керек, ал кеңейтілуді файлға Paintтың.bmp бағдарламасы автоматты түрде меншіктейді.

Paint бағдарламасының құжатты бірінші рет сақтап қою үшін Файл Сохранить как командасын орындаңдар. Сонда экранда Сохранить как диалог терезесі пайда болады, имя файла өрісінде файлға ат беріп, Сохранить батырмасын шертіңдер.

Қайталап сақтағанда Файл Сохранить командасын орындаңдар. Сурет алғашқы атымен сол файл да сақталады. Дискіде сақтаулы суретті ашу үшін, Файл Открыть командасын орындаңдар. Экранда диалог терезесі ашылды, онда меңзерді қажетті файлдың атына орналастырып, екі рет шертіңдер.