ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.09.2021

Просмотров: 336

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Сабаққа арналған ақпараттық-дидактикалық материал

Уақытты тиімді басқару

Күнтізбені жеке терезеде ашу

Демалыстарды кеңейту

Уақыт масштабын өзгерту

Түрлі уақыт белдеулерімен жұмыс істеу

Жұмыс аптасын орнату

Күнтізбені қосқанда көрсету

\

Қажетті датаны жылдам табу

К алендарикті оң жақтан көрсету

Календарикті орнату

Нақты датаны таңдау

Күнтізбеге мәлімет енгізудің үш нұсқасы бар

Кездесуді құру тәсілдері

Толық бір күнге арналған оқиғалар жоспарын құру

Электронды пошта хабарламасынан күнтізбеге жазба құру.

Қайталанып отыратын кездесу құру

Жазбадағы қайталанатын әрекетті өзгерту немесе толықтыру.

Қайталанатын оқиғаның мәліметтерін өзгерту

Контакт мәліметтерін жылдам енгізу

Контактілерді өңдеу

1 бөлім. Папка құру.

2 бөлім. Контактілерді папкаға көшіру.

Контакті мәліметтерін жылдам енгізу

Туған күн немесе жылдық мерекені енгізу

Контактілер мен оқиғаларды байланыстыру


Ф КГМУ 4/3-06/01

ИП №6 УМС при КазГМА

от 14 июня 2007 г.


ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ


МЕДИЦИНАЛЫҚ БИОФИЗИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА КАФЕДРАСЫ








Оқытушымен орындалатын өздік жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқау






Тақырыбы: «Қолданбалы программамен жабдықтау.MS Out Look. Байланыс, Календарь, Заметкамен және т.б. папкалармен жұмыс»

Мамандғы: 5B110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау»

Пән: ООDОO5 Inf 1105 ИНФОРМАТИКА

КУРС: І

Құрастырған: Бадекова К.Ж.













Қарағанды, 2010


Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген

____ Хаттама «____»______ 200__ж.

Кафедра меңгерушісі ________________ Койчубеков Б. К.


ТАҚЫРЫБЫ: «Қолданбалы программамен жабдықтау.MS Out Look. Байланыс, Календарь, Заметкамен және папкалармен жұмыс т.б.»

МАҚСАТЫ: MS OutLook қолданбалы программасымен танысу.

ОҚЫТУ МАҚСАТЫ:

Тақырыпты оқу нәтижесінде студент:

  • Күнтізбемен танысу;

  • Күнтізбе уақытын басқара білу керек;

  • Кездесу мен оқиға уақытын белгілеуді білу керек;

  • Байланысты құру және қалпына келтіру.


ТАҚЫРЫПТЫҢ НЕГІЗГІ СҰРАҚТАРЫ:

  • Outlook күнтізбесінде уақытты басқару функциялары;

  • Кездесу мен жиналыстарға уақыт белгілеу үшін күнтізбені қолдану;

  • Байланысты орнату құралдары;

  • Туған күндер мен жылдық мерекелерді қадағалау.


БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖӘНЕ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ:

Сұхбат.

Практикалық тапсырманы орындау.


ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Информатика: учебник для 10 – 11 классов общеобразовательной школы. Базовый курс / Н. Ермеков, Н. Стифутина, В. Криворучко, Л. Кафтункина. Алматы: Атамұра, 2003 – 432 с.

  2. Гельман В.Я. Медицинская информатика: практикум (2-е изд.). – СПб: Питер, 2002. – 480 с.

  3. 30 уроков по информатике. Экспериментальный учебник для старших классов общеобразовательных школ / Балафанов Е.К., Бурибаев Б., Даулеткулов А.Б. – Алматы: 1999 – 443с.: ил.

  4. Информатика. Базовый курс / Симонович В.Б. и др. – СПб: Пит2001- 640с.




БАҚЫЛАУ:

    1. Білімдердің бастапқы деңгейінің тест-бақылауы.

    2. Келесі сұрақтар бойынша сұрау:

  1. Күнтізбек қандай элементтерден тұрады?

  2. Календарик не үшін қажет?

  3. Календарик көрсетілу орнын қалай өзгертуге болады?

  4. Уақыт масштабын қалай өзгертуге болады?

  5. Жұмыс аптасының түрін қалай өзгертуге болады?

  6. Жаңа кездесулер, оқиғалар мен жиналыстар қалай құруға болады?

  7. Хабарландыру параметрі не үшін қажет және оны қалай басқарады?

  8. Контактілерді қалай құрады?

  9. Контактілерді құру және орындау тәсілдері?

  10. Туған күндер мен жылдық мерекелерді қадағалау тәсілдері?

    1. Практикалық тапсырманы орындау:

    1. Outlook күнтізбені өзіңізге орнатыңыз.

    2. Сабақ кестесін, бір жылға мерекелерді, оқиғаларды және кездесулерді жазу үшін күнтізбені қолдану.

    3. Контакты группасына өз тобыңыздың студентері туралы деректерді енгізіңіз.

    4. Топ студенттерінің және өз туыстарыңыздың туған күндерін еңгізіңіз. Оповещение параметрін қойыңыз.


    1. Тест-бақылау.


1 Қосымша.

Сабаққа арналған ақпараттық-дидактикалық материал


Қолданбалы программамен жабдықтау. MS OutLook. Байланыс, Календарь, Заметкамен және т.б. папкалармен жұмыс


OUTLOOK күнтізбесінде уақытты басқару функциялары.

Тақырып жолы

Меню жолы

Құрал саймандар панелі






Жұмыс облысы



Ауысу облысы


Қалып күй жолы


Уақытты тиімді басқару

Microsoft Office Outlook 2007 бағдарламасында күнтізбекті көрсету

Көшулер облысында Календарь батырмасын басыңыз.

Күнтізбені жеке терезеде ашу

  1. Көшулер облысында Календарь батырмасына тышқанның оң батырмасын басыңыз және Открыть в новом окне командасын таңдаңыз.

  2. Ашық терезелер арасында ауысып отыру үшін ALT+TAB батырмаларын басыңыз. Күнтізбенің жеке терезесін жабу үшін Закрыть батырмасын басыңыз.

Демалыстарды кеңейту

  1. Сервис менюінен Параметры командасын таңдаңыз.

  2. Параметры календаря батырмасын басыңыз.

  1. Жұмыс аптасының күндерін таңдау үшін аптаның сәйкес күндеріне жалауша қойыңыз.

  2. «ОК» батырмасын басыңыз.

Уақыт масштабын өзгерту

  1. «День» ұсынысына ауысу үшін День батырмасын басыңыз.

  2. Календарь терезесінде күнтізбенің бос облысында тышқанның оң жағын шертіңіз.

  3. Другие настройки пунктін таңдаңыз.

  4. Формат представления «День/неделя/месяц» диалогтік терезесі ашылады.

  5. День тобында масштаб тізімінен қажетті мәнді таңдаңыз.

  6. «ОК» батырмасын басыңыз.


  1. Тәулік уақытын көрсететін сағаттар меткалары арасындағы жолдар санына көңіл аударыңыз. 30-минуттық интервалдарды белгілеу үшін екі жол қолданылады.

  2. Уақыт көрсетілген облысқа тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, қажетті вариантты таңдаңыз.




Түрлі уақыт белдеулерімен жұмыс істеу


  1. Егер «День» ұсынысы ашылмаған болса, оны ашу үшін День батырмасын шертіңіз.

  2. Уақыт көрсетілген күнтізбе облысына тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, Изменить часовой пояс командасын таңдаңыз.

  3. Текущий часовой пояс тобында Метка өрісінде уақыт белдеулерін оңай ажырату үшін метка енгізіңіз

  4. Дополнительный часовой пояс флажогын қойыңыз; Метка өрісіне қосымша уақыт белдеуінің меткасын енгізіңіз; Часовой пояс тізімінен қажетті вариантты таңдаңыз.

Уақыт белдеуін ауыстыру үшін Поменять часовые пояса батырмасы қолданылады.

  1. ОК батырмасын шертіңіз.

 ЕСКЕРТУ.  Ағымдағы уақыт белдеуін өңдеу қосымша уақыт белдеуіне әсер етпейді. Ол тәуелсіз көрсетіледі.

Екінші әдіс:

  1. Сервис менюінен Параметры командасын таңдаңыз.

  2. Параметры календаря батырмасын басыңыз.

  3. Часовой пояс батырмасын басыңыз.

  4. Келесі әрекеттердің бірін орындаңыз.

Екінші уақыт белдеуін қосу.

  1. Дополнительный часовой пояс параметріне жалауша орнатыңыз.

  2. Метка өрісінде екінші уақыт белдеуінің атын енгізіңіз.

  3. Часовой пояс тізімінен қажетті уақыт белдеуін таңдаңыз.

  4. Қысқы және жазғы уақытқа автоматты түрде көшу үшін Учесть переход на летнее время пунктіне жалауша қойыныз.