ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.09.2021
Просмотров: 147
Скачиваний: 1
-
Практикалық тапсырмаларды орындау::
Бақылау жұмысты орындау (1 қосымша).
Компьютерде тапсырманы орындау.
-
Тест-бақылау.
1 Қосымша.
БАҚЫЛАУ ТАПСЫРМА
ДӘРІГЕРДІҢ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҰМЫС ОРНЫ
Мақсаты: Дербес компьютер платформасында дәрігердің автоматтандырылған жұмыс орнын (АЖО) жобалау.
Бақылау тапсырмаларын орындауға қойылатын жалпы талаптар:
-
Бақылау тапсырмалары бақылау сабағында тапсырылады және қорғалады, орындалу сапасы бақылау бағасына әсер етеді.
-
Рәсімдеу: мәтін А4 форматтағы беттерде, кегль 14, шрифт – Times New Roman, жоларалық интервал – бір, бет нөмірленеді, кестелер мен суреттер аты және нөмірлері қойылады.
Басты бет: «Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы», «Медициналық информатика және биофизика кафедрасы», «Тақырыбы: ...», «Орындаған: ...», «Тексерген: ...», «Қарағанды 200_ж.».
Қолданылған әдебиеттер тізімі (әдебиет атауы, авторы және беті, Интернет-беттердің адрестері көрсетілу керек).
-
Жұмыс файлға салынады, әр жұмыс файлдық папкаға жинақталады (папка сырты жазылу керек), ол информатика курсы аяқталғанда оқытушыға тапсырылады. Папка қорытынды бағаға әсер етеді.
№1 тапсырмаға қойылатын талаптар:
Бұл жұмыста істеу керек:
-
Дәлелдеу: Компьютердің дәрігер жұмысы үшін маңызы.
-
Компьютер басында жұмыс істеуге қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар (бөлмеде орналасуы, қолдану ыңғайлылығы).
-
Аппараттық қамтамасыз ету: компьютердің қандай сыртқы және ішкі құрылғылары қажет, олардың тағайындалуы мен сипаттамалары (1 кесте).
1 кесте. Дәрігерге қажетті компьютердің сыртқы және ішкі құрылғыларын шолу
№ |
Қызмет түрі |
Құрылғы түрі |
сипаттамалары |
1 |
Құжат басу |
Лазерлі принтер |
Жоғары сапа және басу жылдамдығы … |
2 |
………… |
………… |
…………. |
-
Программалық қамтамасыз ету: қандай жүйелік және қолданбалы программалар қажет, не үшін қажет (2 кесте).
2 кесте. Программаларды шолу.
№ |
Ақпараттық қажеттілік |
Платформаға қажетті программалар |
Сипаттамалары |
1 |
Кесте құру |
Excel |
Ыңғайлы интерфейс, таралымы және т.б. |
2 |
………… |
………… |
…………. |
-
АЖО суреттер (фотография, иллюстрация).
Тапсыру уақыты: Бұл тапсырманы бақылау сабағында тапсыру керек: Бақылау жұмысы: «Операциондық жүйелер».