ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.09.2021
Просмотров: 154
Скачиваний: 1
4. Презентацияны шаблондар көмегімен құру
PowerPoint программасында безендіріліп, дайындалған презентациялар шаблон түрінде сақталынып қойылған. Кез келген уақытта осы шаблондарды пайдалана отырып, өз презентациямызды құруға болады. Шаблондарды пайдаланып құру әрекетін PowerPoint программасы іске қосылған мезетте ашылған сұқбат терезеде Презентациялар шаблоны опциясын таңдау арқылы құру мүмкіндігі бар. Осы опцияны таңдағаннан кейін Жалпы, Презентациялар дизайндары , Презентациялар астарлы беттерінен тұратын, Презентацияны құру сұқбат терезесі ашылады. Осы сұқбат терезесінде Файл – Құру командасын орындағаннан кейін де ашылады. Сұқбат терезесінің оң жақ шетінде орналасқан үш батырма көмегімен презентациялар тізімін ірі шатр белгілер, ұсақ шарт белгілер және кесте түрінде көруге болады.
Презентацияның шаблонын тышқанның көмегімен белгілеген кезде шығатын үлгіден қарап отырып, өзімізге ұнағанын таңдап ОК батырмасын басамыз. Осы мезетте экранға Слайд құру сұқбат терезесі шығады. Бұл сұқбат терезеде қажетті слайдтың түрін көрсетуіміз керек. Осы презентацияға байланысты мәтіндерді енгізіп, арнайы эффектілер қосып, көркемдейміз.