ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.09.2021

Просмотров: 161

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

1 Қосымша.

Сабаққа арналған ақпараттық-дидактикалық материал

МӘЛІМЕТТЕР БАЗАСЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНЕ ТҮСІНІКТЕМЕ. МӘЛІМЕТТЕР БАЗАСЫНЫҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ.

Деректерді сақтаудың көп тараған әдісі – оларды комьютерде дерек қоры түрінде сақтау болып саналады. Деректер қоры дегеніміз – құрылымы берілген тәсіл бойынша ұйымдастырылған арнайы форматтағы файл немесе деректер қоры деп аталады.Деректер қорында болады:

  • Көптеген ақпараттар

  • Ақпараттарды сақтау мүмкіндігі

  • Белгілі аймаққа байланысты сол ақпараттардың ішінен алып шығу мүмкіндігі

  • Қажетті ақпараттарды тез алу мүмкіндігі

  • Санкцияланған ақпараттарды сақтаудың жоғарғы мүмкіншілігі және осы ақпараттарды қолдану мүмкіндігінің жоғарлылығы

  • Пайдаланушының берілетін сұраныстарға, формаларға, есептерге қоятын шарттарын қанағаттандырылуы.

Мәліметтер базасы (МБ) — бұл нақты тақырыпқа немесе есепке қатысты мәліметтер жиынтығы. Егер мәліметтер базасы компьютерде емес, немесе компьютерде оның тек қана кей бөліктері сақталса, онда мағлұматтарды басқа қайнарлардан бақылауға болады, оларды пайдаланушы реттеуі және өздігінен ұйымдастыруы қажет.

Медициналық практикада мәліметтер базларын қолдану дәрігер, зерттеуші не басқа медициналық жұмысшының жұмысында маңызды атрибут болып табылады. Microsoft Access-пен жұмыс істеу дағдылары түрлі кестелерді құруға және де басқа түрлі есептерді құруға және редактрлеуге кететін уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.

ДЕРЕКТЕРД ІЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТҮРЛІ ТИПТЕРІ.

Ақпараттық нысан дегеніміз- әр түрлі салаларда берілгендерді дайындау, оларды өңдеу, сақтау болып табылады.

Мысалы: топтың №, студенттің аты, жөні, сынақ кітапшасының №, туылған күні т.б.

Деректерді және олардың арасындағы байланыстарды ұйымдастырудың түрлі типтері бар. Олар: иерархиялық, реляциялық, тораптық..

Иерархиялық ДБ-да жазба элементтері реттеліп жазылады да, оның бір элементі негізгі қалғаны бағыныңқы болып саналады. Бұл жерде элементтер нақты бір тізбек бойынша сатылы түрде беріледі.

Тораптық ДБ-да негізгі элемент – желі болып табылады.

Реляциялық ДБ-да – кесте түрінде дайындалып беріледі. Бұл ең көп тараған берілгендер қоры, кесте арасындағы байланыс деген ұғымды білдіреді.

Дерек қорының негізгі этаптары:

  • Дерек қорында жазба үшін кесте жолы түсіндіріледі, кестеде қайталанатын бірдей жолдар болмайды.

  • Кесте бағанын құрайтын жазба өріс деп аталады. Өрістің бір ерекшелігі: бір өріс элементтері бірдей типті етіп құрылады. Мысалы: сандық не символдық.

  • Әр кесте үшін кілттік өрісті анықтау, кесте арасына байланыс орнату.

  • Әр кестенің құрылымын жасау үшін: өріс тізімін жасау, олардың типтерін және қасиеттерін анықтау.

  • Кестені берілген ақпаратпен толтыру.

  • Құрылған МБ керекті сұраныстарды, есептерді, үлгілерді өңдеу.

  • Жиі қолданылатын әрекеттерді автоматты түрде макрос арқылы беру.



МБ реляциалық байланыс және оның ерекшелігі. Реляциялық кесте арасындағы байланыс.

Реляциялық деректер қорын құру және онымен жұмыс істеуді басқару үшін көптеген арнайы программалар болады: dBase, FoxBase, FoxPro, Access болып табылады. Access программасының да бірнеше версиялары жарық көрді. Олар: Access 2,0, Access 7,0, Access 97, Access 2000. Бұл программалар жұмыс істеуді жеңілдететін күрделі программалар болып саналады.

Реляциялық ДҚ – кесте түрінде дайындалып берілгендер. Ол ең көп тараған берілгендер қоры (reiation – қатынас, байланыс) деген ұғымды білдіреді. Яғни, кесте арасындағы байланыс. Деректер қоры жазба үшін кесте жолы болып түсіндіріледі, кестеде қайталанатын бірдей жолдар болмайды. Кесте бағанын құрайтын жазба элементтері өріс деп аталады. Өрістің негізгі ерекшелігі – бір өріс элементтері бірдей типті етіп құрылады.

Мәндері бірегей болатын өрісті бірегей өріс деп атайды. Кестелерді байланыстыру үшін тағайындалатын өрістерді кілттік өріс деп аталады.

Мәліметтердің арасындағы байланыс типтері:

  • Бірдің – бірге

  • Бірдің – көпке

  • Көптің – көпке

  • Бірдің – бірге.

7