ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.09.2021

Просмотров: 116

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

2


Ф КГМУ 4/3-06/01

ИП №6 УМС при КазГМА

от 14 июня 2007 г.


ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ


МЕДИЦИНАЛЫҚ БИОФИЗИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА КАФЕДРАСЫ










ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР




Тақырыбы: «Электрондық үкімет. Шаруашылық субъектілерге ұсынылған электрондық қызметтер »


Мамандғы: 5B110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау»

Пән: ООDОO5 Inf 1105 ИНФОРМАТИКА

КУРС: І

Құрастырған: Меирбекова О.Д.









Қарағанды, 2010


Кафедра отырысында талқыланып, бекітілген

Хаттама №_____ «____»______ 2010 г.


Кафедра мең.__________________ Койчубеков Б. К.


Тақырып: «Электрондық үкімет. Шаруашылық субъектілерге ұсынылған электрондық қызметтер»

МАҚСАТЫ: Электрондық үкіметпен ақпараттық алмасу болып табылатын адам түсінігін қалыптастыру. Азаматтар мен ұйымдарды мемлекеттік қызметтермен жылдам және сапалы байланыспен қамтамасыз ететін, мемлекеттік органдарды ақпараттық коммуникациялық технологияның кең қолданылуы жолымен функциялау эффективтілігін арттыратын жүйе ретінде электрондық үкіметтің маңыздылығын анықтау.


ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР:

  • Электрондық үкіметтің мақсаттары және міндеттерімен таныстыру.

  • Электрондық үкімет құрылымы мен жалпы архитектурасы туралы түсінік беру.

  • Электрондық үкімет субъектілері арасындағы қатынасты қарастыру.


Тақырыпты оқу нәтижесінде студент білуі тиіс:

  • электрондық үкіметтің негізгі мақсаттары мен міндеттерін

  • электрондық үкіметтің негізгі компоненттерінің инфрақұрылымын

  • электрондық үкіметтің архитектурасын

  • электрондық үкіметтің субъектілері арасында дамитын қатынастардың ерекшелігін

  • электрондық үкіметпен орындалатын қызметтерді

  • азаматтар үшін электрондық үкіметпен орындалатын электрондық қызметтерді пайдалану

  • бизнес үшін электрондық үкіметпен орындалатын электрондық қызметтерді пайдалану

  • мемлекеттік қызметкерлер мен ведомствалар үшін электрондық үкіметпен орындалатын электрондық қызметтерді пайдалану



ТАҚЫРЫПТЫҢ НЕГІЗГІ СҰРАҚТАРЫ:

  • Электрондық үкіметке кіріспе.

  • Электрондық үкіметтің негізгі мақсаттары мен міндеттері. Негізгі ұғымдары

  • Электрондық үкіметтің архитектурасы

  • Электрондық үкімет субъектілері арасындағы қатынас

  • Электрондық үкімет қызметтері.


ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ:

Әңгімелесу.

Тақырып бойынша материалдарды талқылау.


ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. ГОСУДАРСТВЕННАЯ ПРОГРАММА формирования «Электронного правительства» в Республике Казахстан на 2005-2007 годы, утвержденная Указом Президента Республики Казахстан от 10 ноября 2004 года №1471;

  2. Концепция электронного правительства Республики Казахстан – Астана, 2004.

  3. Гельман В.Я. Компьютерные коммуникации в медицине. - СПб, СПбМАПО, 2000.-59с




БАҚЫЛАУ

    1. Бастапқы білім деңгейі бойынша таст-бақылау.

    2. Келесі сұрақтар бойынша сұрау:

  1. «Электрондық үкімет» түсінігіне анықтама беріңіз.

  2. Электрондық үкіметтің негізгі мақсаттары мен міндеттерін атаңыз.

  3. Ақпараттық жүйе дегеніміз не?

  4. бірыңғай архитектурасының жалпы құрылымына не кіреді?

  5. Электрондық үкіметтің басты приоритеті не болып табылады?

  6. Электрондық үкімет порталына сипаттама беріңіз?

  7. Электронды цифрлық жазу (подпись) қалай құрылады?

  8. Web-қызметіне қандай қызметті жатқызуға болады?

    1. Өтілген материал бойынша тест-бақылау.


Қосымша 1.

электрондық үкімет қызметтері

Қазіргі заманда мемлекеттік органдар қатарында электронды қызметтер пайдаланылады. Мысалға, «ИНИС» (Интегрированная налоговая информационная система) қаржы Министрлігі және «РНиОН» (Реестр налогоплательщиков и объектов налогообложения) 17 түрлі электрондық қызметті, оның ішінде электронды түрде салық есептерін жіберу мен қалыптастыру бойынша программамен қамтамасыз етуді, электронды салықтық есептеулерді өңдеу және қабылдауды, жер салығы суммасын есептеуді, транспорт орталықтарды, салық төлеушілердің берілгендерін тіркеуді ара-қашықтықтан өзгертуді ұсынады.

Электрондық үкімет қызметінің базалық тізімі азаматтардың қызметтері мен ұйымдардың функционирлеуінің негізгі аясына сәйкес.


1. Салықтық және бекеттік міндеттер

Салық объектілері мен салықпен байланысты объектілер туралы ақпарат алу берілген толыққанды органдар негізінде (салықтөлеушілер реестрі, салық объектілері); салық органдарындағы тіркеу есебінде тұратын салық төлеушілер, қосымша құн салығын төлеушілер туралы ақпарат алмасу; салық төлеушілердің тіркелген деректерінің өзгеруі; электронды салықтық есептерді қабылдау және өңдеу, салық органдары офисінен салық төлеуші терминалы арқылы электронды салық есептерін жіберу бойынша қызмет көрсету; бюджетпен бірге есептеу жағдайлары туралы ақпаратты жеткізу; Қазақстан Республикасының салық заңдарын түсіндіру, электрондық «ыстық желі» («горячих линий») өткізу; Қазақстан Республикасының Салық кодексіне өзгерістер енгізуді қоғаммен ара-қашықтықтан талқылау; бюджеттің кіріс бөлігі жайында орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға ақпаратты жеткізу; Қазақстан Республикасының бекеттік заңдылықтарына сәйкес құжаттар мен есептердің электронды түрін қабылдау; сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды консультациямен және ақпаратпен қамтамасыз ету.


2. Өнеркәсіп және бизнес

Заңды тұлға теркеуі бойынша ақпаратты жеткізу (қайта тіркеу, ликвидация); электронды мемлекеттік сатып алымдарды ұйымдастыру; қозғалмалы және қозғалмайтын мүлікті құқықтық безендіру және мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат; лицензиатқа мүлік бағасына мемлекеттік реестрден ақпар беру; товар және қызмет саудасы туралы ақпарат жеткізу; инвестициялық (инновациялық) («виртуальды технопарк») жоба туралы ақпарат беру; бизнес сұрақтары туралы азаматтар мен ұйымдарға келуді қабылдау.


3. Әлеуметтік қорғау және халықтың орналасуы

Жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту және мамандық бойынша мамандарды жұмыс берушінің өтініші бойынша іздестіру; өтініштер мен құжаттарды, зейнеткерлік фонд жинақтаушымен байланысты келісім-шарттарды безендіру; салымшылардың түсімі туралы ақпаратты беру; зейнеткерлік жинақтаушыны беру өтінішін безендіру; зейнеткерлік жабдықтау сұрақтары бойынша азаматтардың сұранысын қабылдау; шет елдіктер жұмыс күшін жұмылдыру тәртібі туралы ақпарат беру; қызмет түріне лицензия беру.