ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.09.2021
Просмотров: 388
Скачиваний: 1
Қазіргі кезеңде, цинга кең таралған, бірақ көктемде көптеген адамдарда гиповитаминоз байқалады, мысалы, әлсіздік, иммунитеттің төмендеуі.
Тағамдық шығу көзі: -жасыл көкөністер мен жемістер.
Есте сақтау қажет, С витамині қыздырғанда жеңіл бұзылады, ерекше түрде оттегі, темір мен мыс иондарының қатысуында. Қышқылдық ортада жақсы сақталады (ашыған орамжапырақта, клюквада, қара қарақатта және итмұрында). Көкөніс пен жемістерді ұзақ сақтағанда олардағы С витамині азаяды.
С витаминінің көзіне шырша мен қарағайдың тікенек жапырақтары жатқызылады.
Тәуліктік қажеттілігі – 100 мг.
Емдік дозасы – 1-2 г/тәулік.
Р витамині (рутин, өткізгіштік витамині).
Биологиялық ролі – дәнекер ұлпасының негізгі затының тұрақтандырушысы, гиалуронидаза ферментін ингибирлеу жолымен. Адамдарда Р витаминінің жетіспеушілігінде, қан тамырларының өткізгіштігі жоғарылайды, қан кету және қан ағу бойынша сипатталады. Р витамині С витаминінің әсерін күшейтеді (оның қажеттілігін төмендетеді)
Тағамдық шығу көзі: -жасыл көкөністер мен жемістер, лимонның қабығы.
Тәуліктік қажеттілігі белгісіз.
“В” ТОБЫНДАҒЫ ВИТАМИНДЕР
В1 витамині (тиамин, антиневриттік).
В1 витаминінің туындысы – ТПФ – көптеген ферменттердің коферменті болып табылады. В1 витаминінің жетіспеушілігінде “бери-бери” ауруы дамуы мүмкін. Бұл тағамының негізгі бөлігін жүгері мен тазаланған күріш құрайтын шығыс елдерінде жиі кездесетін. Бұл ауруға бұлшықет әлсіздігі, ішектің моторлық қызметінің бұзылуы, тәбеттің жоғалуы, жүдеушілік, шеткері неврит (белгісі – адам өкшесіне тұрғанда ауырсынатындықтан аяғының ұшымен жүреді), сананың шатасуы, жүрек -қан тамырлары жүйесінің жұмысының бұзылуы.
Тағамдық шығу көздері: -қара нан. Жүгеріде, күріште, бидай нанында В1 витамині мүлдем болмайды. Бұл қара бидайда тиаминнің бүкіл дәннің бойына таралғанын, ал басқа дақылдарда ол тек дәннің қабығында болады.
Тәуліктік қажеттілігі – 1,5 мг.
В2 витамині (рибофлавин).
В2 витамині кофакторлар флавинмононуклеотид (ФМН) және флавинаденидинуклеотид (ФАД) құрамында болады. Оның ағзадағы биологиялық қызметі – бұл флавопротеид (ФП) құрамында тотығу-тотықсыздану реакциялары қатысады.
Бұл витаминнің жетіспеушілігі тағамға қара нан қабылдамайтын адамдарда жиі кездеседі. Гиповитаминозының белгілері: көздердегі және езулердегі ангулалық дематиттер “езулік”. Жиі түрде бұл кератитке (көз мүйізшесінің қабынуы). Ауыр жетіспеушілігінде анемия болады. Жиі жағдайда В2 және В5 (РР) витаминдерінің қосарланған гиповитаминозы байқалады, себебі, олар бірдей өнімдердің құрамында болады.
Тағамдық шығу көздері: -қара нан, сүт, бауыр, жұмыртқа, сары түсті көкөністер, ашытқылар.
Тәуліктік қажеттіліг – 2-4 мг.
В9 витамині (фоль қышқылы).
Келесі үш құрылымның бірлігі: птеридин, ПАБҚ (парааминобензой қышқылы) глутамин қышқылы.
Птеридин – N – ПАБҚ – N – глутамин қышқылы
Жиі жағдайда ПАБҚ-ны витамин деп атайды, бірақ бұл дұрыс емес. ПАБҚ бұл фоль қышқылын синтездеуші микроағзалар үшін өсу факторы.
Фоль қышқылы тетрагидрофоль қышқылы түрінде активті бір көміртекті фрагменттерді тасымалдайтын ферменттік реакцияларды катализдейтін ферменттердің коферменті болып табылады. Мысалы, пуриндік және пиримидиндік нуклеотидтердің биосинтезі.
Адам ағзасындағы авитаминозда макроцитарлық анемия байқалады. Бұл жағдайда қызыл жілік майының торшаларында ДНҚ синтезі бұзылады, науқастардың салмағы төмендейді.
Тағамдық шығу көзі: -жасыл көкөністер, ашытқы, ет, шпинат.
Авитаминоз сирек кездеседі, себебі, бұл витаминге қажеттілікті ішек микрофлоралары компенсациялайды. Кейбір ішек ауруларында дисбактериоз дамығанда фоль қышқылының сіңірілуі бұзылады.
Тәуліктік қажеттілігі – 0,2-0,4 мг.
В6 витамині (пиридоксин).
В6 витамині пиридоксаль фосфат формасында аминоқышқылдардың декарбоксилазасы мен трансаминазалардың простетикалық топтарының құрамына кіреді. Ол аминоқышқылдар алмасуының көптеген реакциялары үшін қажет. Сондықтан В6 авитаминозында аминоқышқылдар алмасуы бұзылады.
В6 витамині гемоглобиннің гемінің синтезінің реакцияларына (d-аминолевулин) қатысады. Сондықтан адамда анемия дамиды.
Анемиядан басқа, дерматит те дамуы мүмкін. В6 витаминінің жетіспеушілігі туберкулезбен ауыратын адамдарда дамиды, себебі, бұл науқастарды В6 витаминінің антогонисы изониазидпен емдейді.
Тағамдық шығу көздері: -қара нан, бұршақ, картоп, ет, бауыр, бүйректер.
Тәуліктік қажеттілігі – 0,15-0,20 мг.
В3 витамині (пантотен қышқылы).
Пантотен қышқылының молекуласы бета-аланиннен және 2,4-дигидрооксидиметилмай қышқылдарынан тұрады.
Бұл витаминнің маңыздылығы ол HS-КоА-ның құрамына (ацетилдендіруші кофермент) кіретіндігінде.
КоА-ның құрылысы: а) тиоэтиламин; б) пантотен қышқылы; в) 3-фосфоаденозин-5-дифосфат; HS-КоА ацилдік қалдықтардың ауысуын катализдейтін ферменттердің құрамына кіреді. Сондықтан В3 витамині май қышқылдарының бета-тотығуына, альфа-кетоқышқылдардың тотығып декарбоксилденуіне, бейтарап майлардың, липоидтардың, стероидтардың, гемнің, ацетитлхолиндердің биосинтезіне қатысады. Дисбактериоз нәтижесіндегі пантотен қышқылының жетіспеушілігінде адамда дерматиттер дамиды, ауыр жағдайда, ішкі секреттеуші бездердің өзгерістерінде (бүйрекүстілердің де) шаштың депигменттелуі, жүдеушілік байқалады.
Тағамдық шығу көздері: -жұмыртқаның сарыуызы, бауыр, ашытқы, ет, сүт.
Тәуліктік қажеттілігі – 10 мг.
В12 витамині (кобаламин, антианемиялық).
Құрылысы күрделі, молекуласының құрылымы гемге ұқсас, бірақ темірдің орнында кобальт болады. Бұл витамин нуклеин қышқылдарының синтезі үшін қажет. Ол оксирибонуклеотидті дезоксирибонуклеотидтерге (РНҚ-ны ДНҚ-ларға) айналдырады.
Бұл витаминнің жетіспеушілігі қатерлі ісіктік тромбоцитарлық анемияның дамуына, орталық жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуына әкелуі мүмкін.
Әрқашан да кобаламин мен фоль қышқылының қосарланған жетіспеушілігі байқалады. Анемия В12 витаминінің жетіспеушілігінен емес “Кастлдың ішкі факторы” деп аталатын белок, асқазанда өндірілетін гликопротеиннің жетіспеушілігінен дамиды. Кастл факторы В12 витаминінің сіңірілуі үшін қажет. Асқазанның бір бөлігін алып тастағанда, гастритте Кастл факторының өндірілуі азаяды.
Бұл тек ішек микрофлорасы арқылы синтезделетін және бауырда деполанатын суда еритін жалғыз витамин.
Тәуліктік қажеттілігі – 2,5-5 мг.
В5 витамині (РР, антипелларгиялық).
Химиялық атауы – никотинамид. Никотинамидтік дегидрогеназалардың коферменттердің құрамына НАД және НАДФ түрінде кіреді. Оның ролі – тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысу. В5 витамині жетіспеушілігінде пеллагра ауруы дамиды. Пеллаграда дерметит, диарея, деменция (орталық жүйке жүйесінің зақымдалуы) дамиды.
Тағамдық шығу көзі: -ет, боб, жаңғақ, балық және белоктарға бай өнімдер. В5 витамині жартылай түрде триптофаннан синтезделуі мүмкін.
Тәуліктік қажеттілігі – 15-25 мг.
Н витамині (биотин).
Биотин молекуласының құрамында имидазолдық және тиоэфирлік, оған валериан қышқылының радикалы қосылған сақина болады.
Н витамині карбоксилаза ферментінің құрамына кіреді. Ішектердегі витаминнің сіңірілуін пісірілмеген жұмыртқада болатын авидин-белогы тежейді. Термиялық өңделген жұмыртқада (пісірілген) овидин денатурланады.
Н витаминінің авитаминозында дерматит, тырнақтардың зақымдалуы, анемия дамиды. Н витамині ішек микрофлорасы арқылы синтезделеді.
Фоль, пантотен қышқылдары, биотин, пиридоксин, кобаламин жетіспеушіліктеріне байланысты болатын авитаминоздар сирек кездеседі, себебі, бұл витаминдер К витамині тәріздес ішектің микрофлорасы арқылы синтезделеді. А витаминозы ішек дисбактериозында, өзгеше дистода немесе ішектің сіңірілуінің бұзылуында байқалады.
Бейорганикалық минералдық заттар
Құрамына негізгі заттар, белоктар, майлар, көмірсулар, нуклеин қышқылдары болатын қосылыстардан басқа адам ағзасына тағаммен бірге басқа да химиялық элементтер түсуі қажет.
Негізгі элементтер: С, О, Н, N, S, P, сонымен бірге, 20-ға жуық минералдық заттар да жатқызылады.
Қандай да бір минералдық элементтің жетіспеушілігі өте сирек кездеседі, себебі, олар тағам мен судың құрамында жеткілікті мөлшерде болады. Бірақ кейбір минералдық заттарға байланысты эндемиялық аймақтар болады. Ол қандай да бір элементтің жетіспеушілігімен (мысалы, иодтың немесе фтордың) байланысты.
Минералдық заттарға мәйітті өртегенде қалатын күлдің құрамы жатқызылады. Ересек адамның мәйітінен 3 кг-ға жуық күл қалады.
Қазіргі кезеңде, біздің ағзамызда 70-ке жуық әртүрлі элементтерді бөледі:
а) макроэлементтер – олардың мөлшері грамм, ондаған немесе жүздеген грамм. Олар – Na, K, Ca, P, S, Cl.
б) микроэлементтер – олардың мөлшері миллиграмм, ондаған миллиграмм. Олар – Аu, Сг және т.б.
Минералдық элементтерді тіршілігі үшін қажеттілігіне байланысты жіктегенде, оларды “биоэлементтер” деп те атайды. Ағзадағы қызметі белгісіз элементерді “кездейсоқ қоспалар” деп атайды. Мысалы, Au (алтын).
Ағзада минералдық заттар біркелкі таралмаған. Ағзаның ең қатты ұлпасы тістің 98%-ы минералдық заттар, торшасыртылық сұйықтықта небары 0,5-1% ғана минералдық зат болады. Фтор көп мөлшерде тіс эмалінде, йод-қалқанша безінде, темір-қызыл жілік майында кездеседі. Көптеген минералдық заттар жекеленген ұлпаларда концентрацияланады.
Біршама біркелкі Mg, Аl, Br, Se таралған.
Ағзадағы минералдық заттардың формалары.
1. Иондалған форма – минералдық тұздардың диссоциацияланған ерітіндісі түрінде. Иондар белок молекуласымен байланысып комплекс түзеді. Байланыс спецификалық немесе спецификалық емес болуы мүмкін. Спецификалық байланыстың мысалы, трансферрин белогының темірді тасымалдауы. Спецификалық емес байланыстың мысалы, плазма альбумині көптеген металдарды тасымалдайды.
2. Органикалық молекулалар құрамындағы форма. Бұл жағдайда байланыс спецификалық және мықты. Мысалы, гемоглобиндегі темір, тироксиндегі иод.
3. Ерімейтін тұздар түрінде (кристалдық форма). Мысалы, сүйек және тіс ұлпасындағы гидроксиапатиттер кристалдары (кальций фосфаттары, фтор тұздары).
Минералдық заттар ағзаға тағам және су арқылы асқазан-ішек трактісінен және тыныс алу мен тері жамылғыдан түседі. Қалыпты жағдайда олар асқазаннан нашар сіңіріледі, ал ішектен олар активті тасымалдану жолымен сіңіріледі.
Минералдық заттардың ролі.
1. Құрылымдық ролі. Бұл рольді сүйек пен тіс ұлпасындағы ерітілмеген тұздар ғана емес, сонымен бірге, торша мембранасы құрамына кіретін фосфолипидтер те атқарады.
2. Энергетикалық ролі. Минералдық элементтер тікелей энергия беруші қызметті атқармайды. Олар ағзадағы энергияның түрленуі мен айналуларына қатысуға қажетті заттар болып табылады. Мысалы, фосфор макроэргиялық байланыстар, темір – цитохромдар құрамына кіреді.
3. Реттеушілік роль. Минералдық заттар қатысады: а) қанда және торшаларда осмостық қысымның тұрақтылығын ұстау; б) қанда және торшаларда рН тұрақтылығын ұстау. Бұл ағзадағы екі буферлік жүйенің көмегімен өтеді: - а) бикарбонаттық; б) фосфаттық.
Минералдық заттар біздің ағзамыздың биореттеушілерінің (ферменттер, гормондар, витаминдер) құрамына кіреді. Әрбір минералдық компонентті тек өзіне ғана тән рольді атқарады және басқасымен ауыстырылуы мүмкін емес.
Кейбір минералдық заттардың метаблизмінің ерекшеліктері.
Кальций (Са).
Адам ағзасында жуық шамамен 1-2 кг. кальций болады. Оның 90%-ға жуығы ерімейтін тұз формасында сүйек және тіс ұлпаларында, ал 10%-ы ионданған қалыпта кездеседі.
Қызметі: 1. Сүйектену процесі үшін қажет; 2. Ферменттік жүйенің жұмысына (бұлшықет жиырылуына) қатысады; 3. Жүйке импульсін өткізеді; 4. Қанның ұю факторы; 5. Кейбір гормондардың активтілігін реттеуге қатысады; 6. Кейбір ферменттердің активаторлары, тағамдық шығу көзі: -сүт өнімдері, боб, дақылдар, жаңғақ, қышқылдық ортада жақсы сіңіріледі.
Тәуліктік қажеттілігі – 800 мг, жүкті әйелдер үшін – 1,2 г.
Фосфор (Р).
Ересек адамның ағзасында 1 кг-ға жуық фосфор болады. 85%-ы сүйек ұлпасының құрамында. Қан плазмасындағы фосфордың концентрациясы 1-1,4 ммоль/л-ді құрайды.
Адам ағзасы үшін кальций мен фосфордың келесі қатынасы маңызды:
Са/Р2
Қызметі: 1. Сүйектену процесіне қатысады; 2. Макроэргтер құрамына кіреді; 3. Нуклеин қышқылдарының құрамына кіреді; 4. Кейбір коферменттер құрамында болады; 5. Фосфолипидтер құрамында болады; 6. Қанның буферлік жүйесінің құрамына кіреді; 7. Фосфопротеиногеннің (сүт казейні) құрамына кіреді.
Фосфордың ағзада жетіспеушілігі жиі түрде фосфор алмасуының бұзылуымен байланысты.
Натрий және калий алмасуы (Nа, К).
Натрий – адам ағзасының негізгі торшасыртылық ионы.
Қызметі: 1. Осмостық қысымның тұрақтылығын ұстау; 2. Қанның буферлік жүйесінің жұмысына қатысу; 3. Жүйке-бұлшықет тонусына қатысу; 4. Жүйке торшаларының қоздырылуы процесіне қатысу.
Тәуліктік қажеттілігі – 1 г. Бірақ біз жиі түрде 10 грамға дейін қабылдаймыз. Натрийдің артық мөлшерде қабылдануы адамда гипертониялық аурулардың дамуына әкеледі.
Калий – ағзаның негізгі торшаішілік ионы.
Калийдің тәуліктік қажеттілігі – 4 граммға жуық. Адам іш өтуде және құсуда калийді көп жоғалтады.
-
Торша ішінде
Торша сыртында
Nа
10
140-150
К
120-140
4-ке жуық
Торша мембранасында бұл иондардың концентрациясының градиенті болады. Бұл концентрациялар айырмасын ұстау біздің ағзамыздың көптеген қызметін атқару үшін маңызды. Калийдің торшаішілік тұрақты жоғары концентрациясы Nа/К-АТФ-аза есебінен ұсталынады. Бұл фермент торша мембранасына қосылған. К ионы үшін байланысу орталығы мембрананың сыртқы бетінде орналасқан, ал Nа ионы үшін ішкі бетінде. Na/К-АТФ-аза АТФ-тің гидролизденуі энергиясын пайдаланып, К+-ті торша ішіне, ал Na+-ті сыртына шығарады. Na+ жақсы гидраттанады, сондықтан Na+- пен бірге торшадан су да шығарылады.
Темір және мыс (Ғе, Сu).
Темір. Оттегі тасымалдауы белоктардың гемінің (гемоглобин, миоглобин), цитохромдар, пероксидазалар, каталазалар синтездері үшін қажет.
Темір ішектен Ғе2+ ионы түрінде сіңіріледі, бірақ өте баяу. Оның сіңірілуі тотықсыздандырғыштар қатысында (С витамині) жылдамырақ өтеді. Адам мен ішек микрофлорасы арасында темірге бәсекелесу болады. Жануарлар өнімдерінен темір жақсы сіңіріледі.
Ағзаның темірге қажеттілігі қажетті мөлшерден 5-6 есе артық болуын керек етеді. Тәулігіне 10 мг темір түсуі қажет.