ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 22
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жағдайлық есеп
Науқас Н., 56 жаста, тамақтанудан кейін көп ұзамай және арқамен жату күйінде күшейетін іштің жоғарғы бөлігіндегі мерзімді "белдемелі" ауырсыну, бірнеше рет құсу, іштің кебуі және дірілдеуі, ботқа тәрізді консистенциямен тәулігіне 3-5 р/тәу. дейін жиілеген, майлы жылтырлығы бар мол нәжісті шығаратын пішінделмеген нәжіс, шөлдеу және ауыздың құрғауы шағымдарымен бөлімшеге түсті.
Анамнезден: 5 жыл бойы созылмалы холециститпен ауырады. Бұрын жылына 2-3 рет спазмолитиктерді қабылдағанда басылатын, оң жақ жауырынға таралатын оң жақ қабырға астында ұстаматәрізді сыздап ауырсынулар пайда болған. Асқыну көбінесе өт айдайтын компоненттері (майлар, уылдырық, жұмыртқаның сарысы және т. б.) бар тамақтарды ішу шиеленісуге себеп болады. Терапевт пен хирургқа жүгінген, хирургиялық ем ұсынылған, науқас одан бас тартқан. Соңғы 1,5-2 жыл ішінде тұрақты, тез пішінделмеген нәжіс қосылды, 4 кг арықтаған, шөлдеу мен ауызда құрғақ пайда болған, көп сұйықтық іше бастаған, зәр шығару жиілеген. Диетаның бұзылуы аясында қабылдауға 2 күн қалғанда (майлы, қуырылған тағамдарды қабылдау) науқаста жоғарыда аталған шағымдар пайда болған. Зиянды әдеттерін жоққа шығарады. Кәсіби зияндылық жоқ.
Қарау кезінде: науқастың жағдайы орташа ауырлықта. Бойы - 169 см, салмағы - 50 кг, ДСИ - 17 кг/м2. Тері жамылғылары және көрінетін шырышты қабықтары қалыпты түсті, құрғақ. Сол жақта VIII кеуде сегментінің иннервация аймақтарында терінің гиперстезиясы байқалады. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек үнінің көмескілігі, шу жоқ. Жүрек ырғағы дұрыс. ЖЖЖ- 88 соқ/мин. АҚ 135/65 мм сын. бағ. Тілі дымқыл, ақ жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, ауырсыну кіндіктің сол жақ қабырға доғасының ортасымен байланыстыратын сызықтың сыртқы және орта үштен бірінің шекарасында орналасқан. Шоффардың холедохо-панкреато-дуоденальды аймағында ауырсыну байқалады. Курлов бойынша бауырдың мөлшері: 11x10x9 см. Өт қабы пальпацияланбайды. Көкбауыр пальпацияланбайды.
Тексеру нәтижелері:
Қанның жалпы анализі: гемоглобин - 132 г/л, лейкоциттер - 14х109/л, таяқшаядролы нейтрофилдер - 8 %, сегментоядролы нейтрофилдер - 68 %, эозинофилдер - 0 %, лимфоциттер - 19 %, моноциттер - 5 %. ЭТЖ - 37 мм/сағ.
Қанның биохимиялық анализі: жалпы билирубин - 16,9 ммоль/л, тікелей билирубин - 3,8 ммоль/л, АСТ - 28 ХАБ /л, АЛТ - 37 МЕ/л, амилаза - 321 ХАБ /л, ЩФ - 230 ХАБ /л, глюкоза - 7,3 ммоль/л.
Зәр анализі: амилаза 143 ХАБ /л.
Нәжіс анализі: ботқа тәрізді консистенция, пішінделмеген. Бұлшықет талшықтары анықталды, майлар-көп.
ЭГДС: асқазанда көптеген шырыш, он екі елі ішек баданасы ерекшеліксіз
Құрсақ қуысы ағзаларын УДЗ: бауыр мөлшері ұлғайтылмаған, контурлары тегіс, оның паренхимасы біртекті төмен эхогендік құрылымға ие. Қақпалық вена ұлғаймаған (диаметрі 8 мм). Қабырғаның қалыңдауы (4 мм-ден астам) және өт қабының ұлғаюы анықталды. Өт қабының қуысында дөңгелек пішінді бір тас табылды (диаметрі 9 мм). Жалпы өт жолы кеңейтілмеген (шамамен 5 мм). Капсуланың тығыздалуы, ұйқы безінің эхогенділігінің төмендеуі және тегіс контурларымен оның басы мен денесінің мөлшерінің ұлғаюы байқалады. Ұйқы безінің басындағы айқын ісіну анықталды. Ішектің ісінуіне байланысты ағзалардың көрінісі қиын.
Эндоскопиялық ретроградтық холангиопанкреатография: ұйқы безінің тармағы жүйесіндегі орташа айқын өзгерістер (тармақ контуралырының біркелкі болмауы, олардың иректелуі). Негізгі ұйқы безі тармағының кеңеюі, ұсақ тармақтардың дилатациясы байқалады
Тапсырма:
-
Науқаста анықталған клиникалық синдромдарды анықтаңыз және негіздеңіз.
Абдоминальды ауырсыну: Арқамен жату күйінде күшейетін іштің жоғарғы бөлігіндегі мерзімді "белдемелі" ауырсыну, ауырсыну кіндіктің сол жақ қабырға доғасының ортасымен байланыстыратын сызықтың сыртқы және орта үштен бірінің шекарасында орналасқан. Шоффардың холедохо-панкреато-дуоденальды аймағында ауырсыну байқалады.
Диспепсиялық синдром: бірнеше рет құсу, іштің кебуі, стеаторея, көп сұйықтық іше бастаған, зәр шығару жиілеген.
Инсипидарлық синдром: шөлдеу және ауыздың құрғауы
Артериялық гипертензия синдромы: АҚ 135/65
Ұйқы бездің сыртқы жеткіліксіздік синдромы: пішінделмеген нәжіс , 4 кг арықтаған, БХА бойынша амилаза - 321 ХАБ /л- гиперамилаземия, глюкоза - 7,3 ммоль/л- гипергликемия, Зәр анализі бойынша: амилаза 143 ХАБ /л- гиперамилазурия. ұйқы безінің эхогенділігінің төмендеуі және тегіс контурларымен оның басы мен денесінің мөлшерінің ұлғаюы байқалады. Ұйқы безінің басындағы айқын ісіну анықталды. Эндоскопиялық ретроградтық холангиопанкреатография: ұйқы безінің тармағы жүйесіндегі орташа айқын өзгерістер (тармақ контуралырының біркелкі болмауы, олардың иректелуі). Негізгі ұйқы безі тармағының кеңеюі, ұсақ тармақтардың дилатациясы байқалады
Қабыну синдромы: лейкоциттер - 14х109/л, лейкоцитарлық формуланың солға ығысуы, ЩФ - 230 ХАБ /л, ЭТЖ - 37 мм/сағ.
-
Жетекші синдромды бөліп алыңыз және негіздеңіз.
Ұйқы безінің сырты жеткіліксіздігі .
-
Синдромның себебін және науқаста оның пайда болу механизмін түсіндіріңіз.
Өт қабында тас болғандықтан ,жалпы өт жолын бітеген.
Өт қабындағы тастар - өт қабында түзілетін қатты бөліктер. Өт қабы – бұл алмұрт тәрізді шағын ағза, іштің жоғарғы оң бөлігінде бауырдың астында орналасқан. Өт қабындағы тастардың өлшемі құм тәрізді ұсақ немесе гольфтың кішкентай добына дейінгі көлемде болады. Өт қабында бір үлкен тас, жүздеген ұсақтары, немесе шағын және үлкендері де болуы мүмкін. Өт қабындағы тастар іштің жоғарғы оң бөлігіндегі кенеттен пайда болатын ауырсынуды туындатуы мүмкін. Бұл өт қабының түйілуі аталады, өт бөлінетін түтіктердің тастармен бітелуінде пайда болады.
-
Бұл клиникалық жағдайда қандай ауруды болжауға болады, себебін түсіндіріңіз?
Созылмалы панкреатит-обструктивті орташа дәрежелі.
Науқас ер адам Т. 55 жаста
Шағымдары: тері жамылғысының сарғаюына, оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезіміне, іш көлемінің ұлғаюына, аяқтарының табан мен сирақтарының ісінуіне, әлсіздікке, күндізгі ұйқышылдыққа және түнгі ұйқысыздыққа, көңіл-күйдің өзгеруіне, ашуланшақтыққа, есте сақтау қабілетінің төмендеуіне.
Ауру анамнезі: оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезімі соңғы 3 ай бойы мазалайды. Соңғы 1 айда жалпы әлсіздік үдемелеген, ішінің ұлғаюы және сарғаю қосылған.
Өмір анамнезі: Жағымсыз әдеттері: соңғы 3 жылдай күніне 200 гр алгоголь (арақ) қабылдайды, наркологта қаралады. Есірткі қабылдамайды. Гемотрансфузия, операциялар болмаған.
Қарағанда: жағдайы орташа ауырлықта. Есі анық, кеңістікті анықтай алады. Сандарды байланыстыру тесті – 42 сек. Бойы – 172 см, салмағы – 56,8 кг. Терісі ылғалды, сарғайған. Склерасы сарғыш. Кеуде аймағында және арқасының жоғарғы бөлігінде «тамырлық жұлдызшалар» байқалады. Пальмарлы эритема. Беті ісінген. Табанында және сирақтарының 1/3 бөлігінде ісіктер байқалады. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. ТАЖ минутына 18. Жүрек тондары анық, ырғағы дұрыс. ЖЖЖ минутына 78. АҚ 110/70 мм сын.бағ. Тілі ылғалды, «таңқурай» түстес, емізшектері жойылған. Ішінің көлемі ұлғайған, флюктуация сиптомы оң; кіңдігі жайылған, құрсақ қуысының алдыңғы қабырғасында кіңдіктен радиальды кеңейген көктамырлар анықталады. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға астында шамалы ауырсыну байқалады. Пальпация кезінде бауырдың төменгі қыры тығыз, бұдырлы. Бауыр өлшемі Курлов бойынша 15×15×13 см. Көкбауырдың көлемі -15×10см. Үлкен дәреті пішінделген, қоңыр түсті, патологиялық қоспалар жоқ. Зәр шығаруы бос, ауырсынусыз, зәрі қоңыр-сары түстес.
Зертханалық-аспаптық зерттеу әдістері:
Жалпы қан анализі: Нв - 105 г/л; эритроциттер – 2,23×1012/л; ТК – 1,4; MCV -115 (норма 80-100 фл), лейкоциттер – 3,2×109/л, тромбоциттер– 178×109/л, эоз – 1%, т/я – 4%, с/я – 63%, лимфоциттер – 29%, моноциттер – 3%, ЭТЖ – 22 мм/сағ, макроцитоз
Қанның биохимиялық анализі: жалпы ақуыз – 65 г/л (65-85 г/л), альбумин – 28 г/л (норма 35-50 г/л); жалпы билирубин– 55,8 мкмоль/л (8,5 - 20,5 мкмоль/л), тура билирубин – 20,5 мкмоль/л (5,1 мкмоль/л дейін), АЛТ -180 Бір/л (41 Бір/л дейін), АСТ- 320 Бір/л (37 Бір/л дейін), γГТП – 420 Бір/л (норма 15-106 Бір/л), СФ – 504 нкат/л (норма 139-361 нкат/л), тимол сынамасы 7 ед.м (норма 5 ед.м дейін); креатинин – 85 мкмоль/л (45-95 мкмоль/л), глюкоза – 5,3 ммоль/л (3,5-5,5 ммоль/л), жалпы холестерин – 5,1 (3,5-6,2 ммоль/л), сарысулық темір – 32,3 мкмоль/л (норма 10,7-32,2 мкмоль/л), фолий қышқылы – 4,5 (норма 6-20 нг/мл)
Коагулограмма: ПВ 18 сек (норма до 16 сек), ПТИ 68% (норма 80-105%), фибриноген 1,8 (норма 2,0-4,0 г/л); МНО – 1,4.
ИФА: antiHCVIgG - теріс; antiHВVIgG - теріс; АИТ- инфекциясы- теріс. АМА М2- теріс.
Фиброгастродуоденоскопия: өңештің дистальды бөлік веналарының варикозды кеңеюі І дәрежесі
Құрсақ қуысы мүшелерінің УДЗ: бауырдың оң жақ бөлігінің алдыңғы өлшемі -140мм (норма 14,0 см-ге дейін), контуры анық және тегіс емес. Паренхимасы біркелкі емес, эохгендігі диффузды жоғары. Қақпа венасының диаметрі – 16 мм. Көкбауыр көлемі 80 см2. Іш қуысында бос сұйықтық анықталады.
Тапсырма:
1. Науқаста анықталған клиникалық синдромдарды анықтаңыз және негіздеңіз. Науқас ер адам Т. 55 жаста
Шағымдары: тері жамылғысының сарғаюына, оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезіміне, іш көлемінің ұлғаюына, аяқтарының табан мен сирақтарының ісінуіне, әлсіздікке, күндізгі ұйқышылдыққа және түнгі ұйқысыздыққа, көңіл-күйдің өзгеруіне, ашуланшақтыққа, есте сақтау қабілетінің төмендеуіне.
Ауру анамнезі: оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезімі соңғы 3 ай бойы мазалайды. Соңғы 1 айда жалпы әлсіздік үдемелеген, ішінің ұлғаюы және сарғаю қосылған.
Өмір анамнезі: Жағымсыз әдеттері: соңғы 3 жылдай күніне 200 гр алгоголь (арақ) қабылдайды, наркологта қаралады. Есірткі қабылдамайды. Гемотрансфузия, операциялар болмаған.
Қарағанда: жағдайы орташа ауырлықта. Есі анық, кеңістікті анықтай алады. Сандарды байланыстыру тесті – 42 сек. Бойы – 172 см, салмағы – 56,8 кг.Кеуде аймағында және арқасының жоғарғы бөлігінде «тамырлық жұлдызшалар» байқалады. Пальмарлы эритема. Беті ісінген. Табанында және сирақтарының 1/3 бөлігінде ісіктер байқалады. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. ТАЖ минутына 18. Жүрек тондары анық, ырғағы дұрыс. ЖЖЖ минутына 78. АҚ 110/70 мм сын.бағ. Тілі ылғалды, «таңқурай» түстес, емізшектері жойылған. Ішінің көлемі ұлғайған, флюктуация сиптомы оң; кіңдігі жайылған, құрсақ қуысының алдыңғы қабырғасында кіңдіктен радиальды кеңейген көктамырлар анықталады. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға астында шамалы ауырсыну байқалады. Пальпация кезінде бауырдың төменгі қыры тығыз, бұдырлы. Бауыр өлшемі Курлов бойынша 15×15×13 см. Көкбауырдың көлемі -15×10см. Үлкен дәреті пішінделген, қоңыр түсті, патологиялық қоспалар жоқ. Зәр шығаруы бос, ауырсынусыз, зәрі қоңыр-сары түстес.
Зертханалық-аспаптық зерттеу әдістері:
Жалпы қан анализі: Нв - 105 г/л; эритроциттер – 2,23×1012/л; ТК – 1,4; MCV -115 (норма 80-100 фл), лейкоциттер – 3,2×109/л, тромбоциттер– 178×109/л, эоз – 1%, т/я – 4%, с/я – 63%, лимфоциттер – 29%, моноциттер – 3%, ЭТЖ – 22 мм/сағ, макроцитоз
Қанның биохимиялық анализі: жалпы ақуыз – 65 г/л (65-85 г/л), альбумин – 28 г/л (норма 35-50 г/л); жалпы билирубин– 55,8 мкмоль/л (8,5 - 20,5 мкмоль/л), тура билирубин – 20,5 мкмоль/л (5,1 мкмоль/л дейін), АЛТ -180 Бір/л (41 Бір/л дейін), АСТ- 320 Бір/л (37 Бір/л дейін), γГТП – 420 Бір/л (норма 15-106 Бір/л), СФ – 504 нкат/л (норма 139-361 нкат/л), тимол сынамасы 7 ед.м (норма 5 ед.м дейін); креатинин – 85 мкмоль/л (45-95 мкмоль/л), глюкоза – 5,3 ммоль/л (3,5-5,5 ммоль/л), жалпы холестерин – 5,1 (3,5-6,2 ммоль/л), сарысулық темір – 32,3 мкмоль/л (норма 10,7-32,2 мкмоль/л), фолий қышқылы – 4,5 (норма 6-20 нг/мл)
Коагулограмма: ПВ 18 сек (норма до 16 сек), ПТИ 68% (норма 80-105%), фибриноген 1,8 (норма 2,0-4,0 г/л); МНО – 1,4.
ИФА: antiHCVIgG - теріс; antiHВVIgG - теріс; АИТ- инфекциясы- теріс. АМА М2- теріс.
Фиброгастродуоденоскопия: өңештің дистальды бөлік веналарының варикозды кеңеюі І дәрежесі
Құрсақ қуысы мүшелерінің УДЗ: бауырдың оң жақ бөлігінің алдыңғы өлшемі -140мм (норма 14,0 см-ге дейін), контуры анық және тегіс емес. Паренхимасы біркелкі емес, эохгендігі диффузды жоғары. Қақпа венасының диаметрі – 16 мм. Көкбауыр көлемі 80 см2. Іш қуысында бос сұйықтық анықталады.
Тапсырма:
-
Науқаста анықталған клиникалық синдромдарды анықтаңыз және негіздеңіз.
Сарғаю синдромы;Науқаста сарғаю көрінеді, терісі ылғалды, сарғайған, склерасы сарғыш.
Ауырсыну синдромы; оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезіміне,
Порталды гипертензия синдромы; құрсақ қуысының алдыңғы қабырғасында кіңдіктен радиальды кеңейген көктамырлар анықталады, асцит.
Астеникалық синдром: оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезіміне, , күндізгі ұйқышылдыққа және түнгі ұйқысыздыққа, көңіл-күйдің өзгеруіне, ашуланшақтыққа, есте сақтау қабілетінің төмендеуіне.
Ісіну асциті; іш көлемінің ұлғаюына, аяқтарының табан мен сирақтарының ісінуіне. Табанында және сирақтарының 1/3 бөлігінде ісіктер байқалады.
Геморрагиялық синдром: Кеуде аймағында және арқасының жоғарғы бөлігінде «тамырлық жұлдызшалар» байқалады. Пальмарлы эритема.
Гепатоспленомегалия синдромы: Пальпация кезінде бауырдың төменгі қыры тығыз, бұдырлы. Бауыр өлшемі Курлов бойынша 15×15×13 см. Көкбауырдың көлемі -15×10см
-
Жетекші синдромды бөліп алыңыз және негіздеңіз.
Порталды гипертензия синдромы