Файл: Мейірімділікті анадан йрен стаз аналармен кездесу кеші.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 54
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Мейірімділікті анадан үйрен»
Ұстаз аналармен кездесу кеші
Мақсаты:Халықаралық аналар мерекесі қарсаңында,алтыншы ақпандағы Елбасымыздың Жолдауындағы ана мен балаға деген қамқорлық және қоғамдағы ананың орны, «Ана» атымен байланысты қасиетті ұғымдар туралы пікір бөлісу;
Ұстаз аналарды құрметтеу;
Қыз балалардың ата-ананы сыйлауға,құрметтеуге,қадірлеуге және бір-бірімен сыпайы қарым қатынаста болуға тәрбиелеу;
Сахна ашылады.Сахнада диктор дауысы:М.Мақатаевтың « »өлеңі.
Күй ойналып тұрады.
1 жүргізуші:Армысыздар,құрметті қонақтар!Бүгінгі кеште өздеріңізбен бірге болатын Замзагул Рафик
1 жүргізуші:Ана…Ана…Ана…!!!
Не деген мейірімді,не деген шапағатты еді!
Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңші.Сезім мен қасиетті,бар махаббат пен шапағатты сидырып тұрған ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма?!Жақсылық атаулының барлығы ананың ақ сүтінен жаралған.Олай болса алғашқы сөзімізді аналардың анасы әжелерге,аналарға және аналардың көмекшілері әпкелеріміз бен қарындастарымызға,сұлу қыздарға арнаймыз.
«Асыл анашым» орындайтын Самат Алмаз, Нұрхат Мерекеұлы
Қабыл алыңыздар!
2 жүргізуші:Күн жер бетіне молынан шуағын шашып,тіршілік ояна бастаған кезде Аналар мерекесі тойланады.
1 жүргізуші:Құрметті ұстаздар,әріптес құрбылар сіздерді осынау айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!
2 жүргізуші:Сіздерге зор денсаулық,ұзақ ғұмыр,өмірде бақыт,еңбектеріңізге табыс тілейміз!
Ән « Аяулы анашым».Орындайтын: Нұрлан Нұрали
1 жүргізуші:
Ана – жұмақ,мен — шуақ,саябағы,
Ана — шырақ,мен — сұрақ санадағы.
Ана — теңіз,мен — қайық тербетілген,
Ана — бұлақ,мен — құрақ жағадағы.
2 жүргізуші:Бүгін біздер ардақты аналарымызды,құрметті әжелерімізді ерекше құрметтеп,қошеметтейміз.Себебі, «Қариясы бар үйдің,қазынасы бар»деп халқымыз бекер айтпаған.Ендеше бүгінгі кешіміздің қонақтарымен таныс болайық.
1.
1 жүргізуші:Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы.Ананың көз нұры тастай мұзды да жібітеді.Аналарға деген баланың да жылы лебіздері таусылмайды.
2 жүргізуші:
Бар қырқаға аналар деп гүл өссін,
Тартысқандар қоя тұрсын күресін.
Аналарға табиғаттың сиы ғой,
Көктем деген мерекесін білесің.
1 жүргізуші:Сен білесің бе,дүниедегі ең сұлу кім?
2 жүргізуші:Дүниедегі ең сұлу – ол қазақ әйелі!
1 жүргізуші:Солай ма,қалайша?!
2 жүргізуші:Қазақ әйелі – бар мұратын отбасының игілігіне байлаған,әлемдегі ізгі адам;
1 жүргізуші:Қазақ әйелі – бар тілегін перзентінің жолына арнаған әлемдегі ең мейірбан ана;
2 жүргізуші:Қазақ әйелі – бар бақытын некелі ерінің талайынан күткен,әлемдегі ең адал жар;
1 жүргізуші:Ұлттың ұйытқасы;
2 жүргізуші:Ұрпақтың анасы;
1 жүргізуші:Сен білесің бе?Аналар әр уақытта балалары үшін бәрін жасайды еркелетеді,араға түседі.
2 жүргізуші:Әрине,мұны Мұғали ағамыздың «Ана бақыты »өлеңінен білуге болады.Әрбір ана-өз баласының сүйікті досы,мақтанышы.Бізге ананың еркелеткені мен еңбегі мақтаныш.Сондықтан осы кешіміз аналарымызға арналады.
1 жүргізуші:
Қара көз қиылған қас жазық маңдай,
Алма бет,ақша жүзі нұр тамғандай.
Қыр мұрын,оймақ ерін,меруерт тіс,
Бейне мақпал,қызыл тіс,шекер балдай,-деп ақындарымыз жырлағандай қыздарға арналған әсем әнді қабыл алыңыздар.
2 жүргізуші: бүгінгі кешіміздің басты тақырыбына көшсек қалай болады?
.Ендеше бейне клипке назар аударайық.
Бейне клип Бақытжан Мұстапев «Ана жүрегі»
2 жүргізуші:
Қыздарды көрсем,бір түрлі
Өзімнен өзім мұңданам.
Тыям да бейқам күлкімді,
Өзімнен өзім сыр бағам.
Қымбат-ау қыздың ар-мұңы
Қиын-ау,қиын,тым қиын.
Не болар екен тағдыры?!
Үйіріліп соқса бір құйын.
1 жүргізуші:Мұқағали ағамыз жырлағандай,қадірлі аналар,қыздар,міне,өздеріңіз тамашалағандай қазіргі қоғамдағы бізді алаңдатып отырған мәселе төңірегінде ой өрбітсек қалай болады?
2 жүргізуші:Иә,орынды сөз.Ендеше осы қойылым бойынша қыздарға қандай ақыл кеңестеріңізді берер едіңіздер?
Кеш қонақтары өз ойларымен бөліседі,мерекемен құттықтайды.
2 жүргізуші:Өзіңсің,сүйікті ана құдіретім,
Жанымды жадыратып,күлдіретін.
Сендегі маған деген махаббаты,
Нұр толы қос жанарың білдіреді.
1 жүргізуші:
Арулар,аяулылар,ардақтылар,
Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар.
Арулар тіршілікке күре тамыр,
Өмірді бір-біріне жалғап тұрар.
Ән: «Маржан қыз».Орындайтын:Каусар Жанатқызы, Жаңылсын Қайратқызы
2 жүргізуші:
Ана десем,сезім билер тым ыстық,
Жарасымды адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейірін,
Орнар еді бар әлемде тыныштық,-
1 жүргізуші:
Аналар,арулар мен сұлу қыздар,
Мәңгі әсем гүл болып қалыңыздар.
Шын жүректен құттықтаймыз сіздерді,
Ең бақытты,ең құрметті болып қалыңыздар!
2 жүргізуші:
Қыздар,қыздар көңілдің көк гүлдері,
Көк гүлдер көзге ыстық көрінеді.
Азаймаңдар арулар,жауқазындар,
Азаймаңдар өмірдің көп гүлдері.
Ән «Ана» Әміржанұлы Жанболат
1 жүргізуші:Қадірлі аналар,әйелдер,әпкелер мен құрбы-құрдастар!!!
Сіздерді алда келе жатқан көктемнің алғашқы гүл мерекесі 8-наурыз мейрамдарыңызбен құттықтаймыз!Көктеріңізден күн кетпесін,құшақтарыңыздан гүл кетпесін,өмірлеріңізден күлкі кетпесін!
1,2 жүргізуші:Құт болып әрбір үйден табылып,шуақ боп әрбір үйге жағыла беріңіздер!!!
Тақырыбы: Әке – білек, саусағы – балалары, қан тамырмен жалғасқан аралары...
Сабақтың эпиграфы:
Ұл әкеден үйренбей, сапар шекпес, қыз шешеден үйренбей, өнеге алмас.
(Қорқыт ата)
Мақсаты: ата - ананың мектеппен байланысын дамыту, бала тәрбиесіндегі әке орнының ерекшелігіне назар аударту, тарихта болған өнегелі әкелер бейнесін, тарихи тұлғаларды үлгі ету.
Жабдығы: интерактивті тақта, слайдтар, бейнефильм.
Әдісі: сұрақ – жауап, сұхбат, ой қозғау, мәнерлеп оқу, проблемалық сұрақ қоя отырып, іздендіру.
Сабақтың барысы:
І. Ой қозғау. Т. Айбергеновтің «Перзент сыры» өлеңі оқылады
Сен – менің мәңгілікке өлмес атым,
Атымды ап алыс жылға жалғасатын.
Әкеде өсиет бар өмір жайлы,
Балада қасиет бар алға астын.
Сен – менің ұшар басым биіктеген,
Жолыңа тапқанымды үйіп – төгем.
Сен – менің дүрсілдеген жүрегімсің,
Қай нәрсе сол жүректен сүйікті екен?
– Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз қандай тақырып төңірегінде болмақ? - Әке бала, отбасы туралы.
– Бүгінгі сабағымызға әкелерді шақырып отырмыз. Ендеше, олармен танысып алайық.
- Қадірлі ата - аналар, ұстаздар, оқушылар, бүгінгі «Әке – білек, саусағы – балалары, қан тамырмен жалғасқан аралары...» атты тәрбиелік шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер. Шарамыздың эпиграфы ретінде мен Қорқыт атаның: «Ұл әкеден үйренбей, сапар шекпес, қыз шешеден үйренбей, өнеге алмас» - деген нақыл сөзін алып отырмын. Ендеше, ата - ана, оның ішінде әкенің бала тәрбиесіндегі орны туралы бүгінгі күннің өзекті тақырыбы жөнінде сіз болып, біз болып, ой бөлісейік, сырласайық.
1. Топтастыру. а) «Бала үшін әке кім?» деген тақырыпта балаларға ой тастағым келіп тұр. (Балалар орындайды. Слайд.)
ә) Әкелер: «Сіз қандай әкесіз?» тақырыбында психологиялық тест орындайды.
2. Оқушылар топтастыру бойынша өз ойларын айтады. Тест қорытындысы шығарылады.
3. Слайд: оқушылардың ойларын қорыту.
4. Өткенсіз бүгін жоқ, бүгінсіз болашақ жоқ. Олай болса, бір сәт өткенге ой жіберіп көрейік.
Әкелерге: Қазақ тәлім - тәрбиесіндегі әкенің рөлі қандай еді? Сіздердің әкелеріңіз қандай еді? Пікірлеріңізді тыңдасақ.
Балаларға: Халқымыздың тарихындағы ел есінде сақталған әкелер бейнесі сомдалған шығармаларды еске түсірейік. Олардың көркем бейнесі суреттелген шығарамаларға тоқтала кетсек. ( Оқушылар үзінділерді мәнерлеп оқиды.)
1. «Абай жолы» романынан үзінді. Құнанбай іс - әрекетінің бала тәрбиесіне қатыстылығы. Абайдың одан тәрбие алғандығы.
2. М. Шаханов шығармаларындағы әкелердің қатал үкімінің бала тәрбиесіндегі орны.
3. Әкеден тәлім алған Елбасы бейнесі
Қаталдық, адалдық, отансүйгіштік, білімділік.
- Бұлар – бұрынғының әкелері еді. Көпке топырақ шашпаймыз. Дегенмен, жас әкелерге қазіргі ата ұрпақтың көңілі толмай жатады.
Ой қорғау. Бүгінгі әке қандай? Бейнекөрініске назар аударайық.
1 - көрініс. Бала 4 - сыныпта. Әкесі өзінің жұмысымен айналысып отырады Үстелінің үстінде шашылған қағаздар. Қасына баласы келеді:
- Әке, біздің сыныпта ертең ата - аналар жиналысы болады. Апай: Жиналысқа міндетті түрде әкелерің келсін,- деді. Сіз барасыз ба? Күнделігіме қол қойып беріңізші. Әкесі:
- Көрмейсің бе менің отырысымды.? Қаншама жұмысым бар. Шешеңе баршы. Мұғалімдер де қызық осы. Міндетті түрде әкелерің келсін дегенді қайдан шығарған?
Балаларға: - Осы баланың орнында өздерің болсаңдар не істейтін едіңдер?
Әкелерге: - Әкенің бұл әрекетін қалай бағалайсыздар?
2 - көрініс. Бала 8 - сыныпта.
- Әке, сіздің қолыңыз бос па? Сізге бір нәрсе айтайын деп едім.
Әке: - Иә, не айтайын деп едің?
- Әке, маған сынып жетекшім: «Ертең ауданда әкелер слеті болады. Соған сізге қатыссын»,- деп еді.
- Жұмыстан келіп, дем алып жатқаным жаңа ғана. Қаншама қағазым бар жазатын. Ай, бара алмаймын - ау, бара алмаймын.
Балаларға: - Сіздерге әкенің әрекеті қалай әсер етті?
Әкелерге: - Сіз балаңыз үшін әкелер слетіне барар ма едіңіз?
3 - көрініс. – Әкесі жұмыста отырады. Баласы тәртіпсіздік жасап, милицияға ұсталады. Милиция әкесіне телефон соғады. Әкенің монологы:
Бұл дүние не боп кетті,
Не боп кетті, ой, балам,
Сені ойламай неге ғана
Тек жұмысты ойлағам?!
Анасы бар, қамқоры ғой
Қарайды деп ойлағам.
Ұлға әке тәрбиесі керегіне
Қалайша ден қоймағам?!
4 - көрініс: Бір – бірімен түсініскен әке мен бала.
- Балаларға: Шығармашылық жұмыс.
1 - топ: Рөл – көріністегі бала
Аудитория - әке
Форма - хат
Тақырып – әке мен бала арасындағы қарым - қатынас. Көріністегі кейіпкеріміз әкесімен кездескенде не айтуы мүмкін?
2 - топ: «Менің әкем» тақырыбында ой толғаңыз.
Ой қорыту.
Бабалар айтады: Әке көрген оқ жонар. Әке – асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ.
Әкелер айтады: Әке нені түсінді? Біздің кейіпкеріміз не істеуі керек? Сіз бүгінгі шарадан қандай ой түйдіңіз?
Балалар айтады: шығармашылық жұмыстарын оқиды.
Біз айтамыз: Әкенің бала тәрбиесіндегі орнының ерекшелігін естен шығармайық. Қоғамдағы өзекті мәселеге үн қосайық.
Сабақ Ф. Оңғарсынованың «Әке» өлеңімен аяқталады:
Әкем – біреу, анам да біреу менің,
Мен жығылсам, сүйенер тіреулерім.
Олар барда мереке, көрген емен,
Қабақтарын шытқанын, түнергенін.
Менің досым әкесін жек көреді,
Бір - біріне бітпейді өкпелері.
Дос тапса да, адамдар таппаса да,
Әке – жалғыз, табылмас ақшаға да.
Жақсы әкесін бере ме басқа бала?!
Әке - білек, саусағы – балалары,
Қан тамырмен жалғасқан аралары.
Ана – тамыр, бойымен бәріне де
Тіршіліктің жылуы таралады.
Тақырыбы: Нашақорлық – шын қорлық
Мақсаты: Жас желектей жайқалып өсіп келе жатқан жас жеткіншектеріміздің санасына ішімдік, темекі, нашаның адам баласын аздыратынын, одан аулақ болу жақтарын мысалдармен дәлелдеп түсіндіру. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Түрі: жарыс сабақ.
Құрал-жабдықтар: плакаттар, суреттер, жемістер, стикер, видеоролик, слайдтар.
Мұғалім сөзі:
Армысыздар құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгін сіздерге 8 «А» сынып оқушыларының «Нашақорлық – шын қорлық» атты ашық тәрбие сағатымызды ұсынып отырмыз.
Елбасының «Қазақстан -2030» жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі. Салауатты өмір салты дегеніміз не? Ол әлеуметтік тұрмыстарды жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, зиянды әрекеттерден аулақ болу деген сөз. Қазіргі кезде етек алған заманымыздың келесі дерттері шылым шегу, нашақорлық. Өмір - өмір сүру үшін беріледі. Сондықтан да жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттау.