Файл: Мейірімділікті анадан йрен стаз аналармен кездесу кеші.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 55

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Грек тілінде « ұйқы» мағынасын білдіретін «narke» сөзі ағылшын тілінде « narkotik» деген сөзге айналып, ұйықтату, жансыздандыру, сезімсіздендіру деген мағынаны береді.

I. Ой қозғау. «Тәні саудың – жаны сау» (сұрақ — жауап).
1. Шылымның зияны тиетін мүше? (Өкпе)
2. Салауатты өмір салты деген не? (Салауатты өмір салты – спортпен шұғылдану, күн тәртібін сақтау, жеке бас гигиенасын сақтау, оң эмоциялардың көп болуы, маскүнемдіктен, нашақорлықтан, шылым шегуден аулақ болу)
3. Адамға ең қымбат. Ол не? (Денсаулық)
4. Денсаулыққа зиянын тигізетін қандай факторларды білесіңдер? (Шылым шегу, ішімдік ішу, нашақорлық, аз қозғалу, жеке бас тазалығын сақтамау)
5. Құрамында этил спирті бар. Ол не? (Ішімдік)
6. Гигиена деген не? (Грек тілінен аударғанда «денсаулық әкелуші» деген мағына береді)
7. Темекіден туындайтын ауруларды ата? (қолқа демікпесі, өкпе ауруы).

II. Бейнефильм  «Ұрпақ шежіресі»
Өмірге адам бір- ақ рет келеді,
Жастық шағың өміріңнің кемелі.
Күте білсең саулығыңды өрелі,
Табиғаттың бергеннен көп берері. Әр топ өздерінің тобының аттары мен ұрандарын айтады.

1-топ аты.Өз өміріміз үшін күресе білейік! Ұраны: Шынықсаң шымыр боларсың.
2-топ аты. Салауатты өмір салтын қолдаймыз! Ұраны: Нашақорлыққа жол жоқ.


3 – топ аты. Өмірімізді ұзарту да, қысқарту да өз қолымызды! Ұран: Талпынған жетер – мұратқа. III. Топпен жұмыс:

«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деп ата-бабаларымыз айтып кеткендей, әр топқа атадан қалған асыл сөздер мен мақал-мәтелдер беремін, жалғасын табады. 1 – топ.

  1. Денсаулық – зор байлық.

  2. Ауру батпандап кіріп,

Мысқылдап шығады.

  1. Жан ауырса тән азады.

  2. Тәні саудың – жаны сау.

  3. Тәуіптің жақсысы – ауруға ауру қоспағаны.

  4. Бас аманда мал тәтті.

Бас ауырса, жан тәтті.

2 – топ.

1. Ауруын жасырған өледі.

2. Сырқат – тән жарасы.

Қайғы – жан жарасы.

3. Денің сау болса,

Жарлымын деме.

Жолдасың көп болса,

Жалғызбын деме.

4. Тазалық – саулық негізі,

Саулық – байлық негізі.

5. Ауырып ем іздегенше,

Ауырмайтын жол ізде.

6. Емнің алды – еңбек.

3 – топ.

1. Аурудың жақсысы жоқ,

Дәрінің тәттісі жоқ

2. Өмірімізді ұзарту да қысқарту да өз қолымызда.


3. Бірінші байлық – денсаулық,

Екінші байлық – ақ жаулық,

Үшінші байлық – он саулық.

4. Салауатты өмір, көңілді көңіл.

5. Араққа жолама, жетелейді молаға.

6. Шынықсаң шымыр боларсың.

IV. Топтастыру:

Енді балалар, нашақорларды теледидардан немесе өмірден көріп жүрміз, баспасөзден оқып жүрміз, ал олардың зардаптары туралы не білеміз, нашақорлық неге апарып соқтырады, осы сұрақтарға жауап іздейік.Сонымен, балалар нашақорлықтың шын мәнінде қоғам үшін, отбасы үшін зардабы зор екенін білдік. Енді мынандай жұптық жұмыс істеп көрейік. Алдарыңыздағы үлестірмені таңдап, тапсырмаға жауап береміз.

1- топ.

Нашақор адам мен дені сау адамды салыстыру.

2 – топ. 

 Нашақорлықпен күресу жолдарын іздеу.

3 – топ. 

  Салауатты  өмір сүруге қандай  әрекеттер  кері  ықпалын  тигізеді?

V. «Біз болашақ салауатты, тәрбиелі білімді жас ұрпақпыз!»

Темекі ” сөзінің бас әріптеріне мақал — мәтел немесе қанатты сөз жазу.
Т — тазалық денсаулық кепілі.
Е — екі ауру бір келсе ажалыңның  жеткені.
М — маскүнем арақтан өледі.
Е — ескермеген ауру жаман.
К — күлкі денсаулық кепілі.
І — ішің ауырса аузыңды тый.
Нашақорлыққа қарсы жарнама:  «Сандар  сөйлейді»  

1. Жылқыны сеспей   қатыру  үшін   7 – 8 тамшы  никотин  жеткілікті.

2. Егер адам  күніне   1 қорап   темекі   тартса,   1  жылда  оның  өкпесіне   1  литр  шамасында  шайыр   (смола)   жиналады  екен.

3.Ауаның қалыпты   құрамын,  өкпедегі  қан  айналымын  бұзу  үшін   1 дана  темекі   жетіп    жатыр.

4.Бүкіл дүние  жүзінде  1 млрд – тан   астам  адам   темекі    тартады   екен.

5.Темекі зардабынан күніне  10000  немесе 3,5 млн  адам  қайтыс  болады екен.

6.Қазақстан Республикасында 3,2 млн – дай,  яғни  33%  адам  темекі тартады  екен.

7.Жүректің ишемиялық ауруынан  болатын  өлімнің  20% қатерлі  ісік   ауруынан  болатын   өлімнің  30%,  өкпе  қатерлі  ісігінің 90%  темекінің  зардабынан болады  екен.

8.Ішкен адамда алкоголь  зардабы 21  созылады.

9.Этил спирті сырада 5  — 7%,  шарапта  15 – 20%,   ликер   мен  коньякта  40 – 50% ,  арақ  пен  вискиде 65 — 70%  бар  екен,  ал этил  спирті   аса зиянды  химиялық  қоспа.


10.Ішімдік адам өмірін  10 – 15 жылға  қысқартады.

11.Балаларға 10г. арақ, жасөспірімдерге 40 – 50г арақ  қауіпті  әсер  етіп,  өлімге  душар   етеді.

12.Маскүнемдердің балалардың   38%  кемтар.

13.Нашаның 0,5 граммы   иіскеу   үшін,   ал   тамырға салуға  0,1  граммы  сананы  улауға   жеткілікті.

14.Нашақорлардың ең төмен   жасы  8 – 9  жас.

15.Есірткінің 130- дан  астам   түрі  бар.

16.2005 жылғы мәлімет бойынша Қазақстанда ресми  тіркелген  нашақорлардың   саны  40505,  тіркелмегені  қаншама.  Олардың  1927  — сі  кәмілетке  толмағандар, 4420 – сы  әйелдер.

17.Жылына елімізде 10  тоннадан  астам  есірткі тәркіленеді  екен.

 

VI. Бірінші байлық – денсаулық.

Тәрбие сағатының тақырыбына орай, жемістерде жасырылған ситуациялық сұрақтарға жауап беру. (сұрақтарға дұрыс жауап берген топ өздерінің себеттеріне жемістерін жинайды).

1. Таныс баланың күнде ішімдікті қолданбай тұра алмайтынын білсең не істейсің?

2. Достарың «арақ іш, ішпесең бізге жолама» деген жағдайда достарыңа қандай жауап қайтарар едің?

3. Сен ақшадан қысылған сәтте қолыңа арақ пен темекіні беріп, «осыны сатсаң, көп ақша береміз» десе не істейсің?

4. Бүгінгі тәрбие сағатының барысында жас жандарыңды неден аулақ ұстауға тырыстыңдар?

5. Қандай өмір сүруге дайынсыңдар?

6. «Өмірің өз қолыңда» деген қағидаға өз көзқарастарың қандай?

7.Өз басыңда темекіге деген қызығушылық болдыма?

8. Бірге жүретін жолдастарың темекіні қабылдайды деп олайсыңба?

VII. Көрініс.

VIII. Рефлексия.

Балауыз шамды жағып, бір-біріне тілек айтады.

Мына жанып тұрған шырақ біздің болашақ өміріміз. Осы жанып тұрған өмірімізді неге өшіреміз, өзіміздің болашақ өмірімізге неге балта шабамыз?

V. Кері байланыс. Нашақорлық мәселесі бойынша айтылған ойлар сіздерде қандай сезімдер тудырды? Тәрбие сағатынан алған әсерлерің қандай? Өз ойларыңызды стикерге жазып дәруменге толы алма ағашына жапсырайық!

Мұғалімнің қорытынды сөзі: Нашақорлық - қоғам дерті. Нашақорлықпен күресуге жалғыз адамның шамасы келмейді. Бұл жерде заң сақшылары нарколог мамандар, ата-аналар және сіздер мен біздер әрбір Қазақстан азаматы шетте қалмау керек. Ғасыр дертімен күресу керек. Дүниедегі ең қымбат нәрсе ол сенің өмірің. Сенің өмірің ол өз қолыңда. Салауатты өмір сүрейік, спортпен айналысайық, «Салауатты өмір салтын ұстанайық!»- деп бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды қорытындылаймыз.