ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 353
Скачиваний: 4
-
Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу;
2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт-сапар тілеу;
3.Білім берер ордасы- мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу;
Көрнекілігі: шарлар, білім кілті, фотомонтаж, слайдтар, видео-ролик, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер
Видеоролик «Шуақты 4 жыл …»
Қош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар!
Бастауышпен қоштасу тойымызға.
2 — жүргізуші: Ақерке
Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар, ұстаздарым қымбатты!
1 — жүргізуші: Құлмұхаммед
Армысыздар, әжелер мен аналар!
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйла, оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.
2 — жүргізуші: Ақерке
Армысыздар, өр тұлғалы әкелер!
Қыран құстай балапанын мәпелер.
Бүгін, міне, бастауышпен қоштасады,
Азамат боп, кешегі сәби-еркелер!
1 — жүргізуші: Құлмұхаммед
Армысың сен, алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр-алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мектебіме арналады бұл әнім!
2 — жүргізуші: Ақерке
Дұрыс айтасың Алихан ! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші. Менің атам да, әжем де, әкем де, анам да, енді, міне мен де мектептен тәлім алудамын.
1 — жүргізуші: Құлмұхаммед
Сөз кезегін береміз.
Мектеп директорының құттықтау сөзі
«Мектеп — білім» кемесін
Басқарып бүгін келесіз.
Ата-ана, ұстаз, балаға
Ақ жарқын сәлем етесіз.
Шақырып едік, келдіңіз,
Оқу ісі жөніндегі орынбасары: Асенова Алуа
2 — жүргізуші: Ақерке
Құрметті Зухра апай , қош келдіңіз,
Өзіңізді мақтан етіп жүреміз біз.
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз,
Сөз береміз құрметпен өзіңізге,
Түлектерге арналсын тілегіңіз.
1-жүргізуші: Құлмұаммед Десек те, біздің сыныпта ешкім де, екінші жылға оқуға қалған жоқ қой.
2-жүргізуші: Әрине, барлығымыз бәйгеге қосқан тұлпардай жүйткіп келеміз!
1-жүргізуші: Ия, Ақмаржан мектебімізге қандай жыр арнасақ та жарасады.
2-жүргізуші: Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларына кезек берейік.
1 — оқушы: Ясмина
Мектeп деген – білім кені жыр кені,
Мектеп деген – ғылымның ең үлкені.
Мeктеп деген – тәрбиеші адамға,
Мектeп деген – даналардың мекені.
2 — оқушы: Фариза
Мектебім білім берер алтын ұям,
Бой жетіп сенде сөзім артты санам.
Баулыған 4 жыл бойы ата-анамдай
Әрқашан қасиетті атың маған.
Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,
Әр күні балалықтай бір жүрек бұл,
Өзіңе борыштармын өмір бойы,
Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.
3-оқушы:
ӘлібекҰлылықты ардақ тұтар үнемі,Алтын ұя, ақ босаға киелі,Қанат қаққан білім алып өзіңнен,Күллі шәкірт саған басын иеді.4-оқушы: КәусарМектебім, алтын ұям, нұрың жарық,Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.5-оқушы: АйаруМектеп – үйім, ұстаздарым – ата-анам,Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,Тамырланып, сан тарапқа тараған.6-оқушы: Мейіржан Алтын ұя мектебім аялаған,Бар балаға білім беріп, сая болған,Үлкен жолға түсіріп шәкірттерін,Жаманға да, жақсыға да пана болған.1-жүргізуші: Балалардың ұстазға арнаған ән-жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің Ақмаржан?2-жүргізуші: Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз ғой. «Мұғалім — мектептің жүрегі» — деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.1-жүргізуші: Ия, «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», — деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, 42 әріпті танытқан , оңымыз бен солымызды айырып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз – ұстаз екені бәрімізге мәлім.2-жүргізуші: Дұрыс айтасың, Расул, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі — бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.1-жүргізуші: Иә, бұл туралы Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де — ұстаз өсіреді» деген екен.2-жүргізуші: Олай болса келесі жырымызды қолымызға қалам ұстатып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз – ұстазымызға арнаймыз!1-оқушы: АяулымМаған ұстаз үйретті,Әліппесін өмірдің.Жан жүйемді билетті,Күйі шалқып көңілдің.Қиялымды кездірді,Таптым ойдың тұрағын,Маған ұстаз сездірді,Алдағы өмір шырағын.2-оқушы: СайдБасса бұрыс, жол сілтеп, қате дейсіз,Әр балаға сіз ана-әкедейсіз.Болашақтың көктеген жас шыбығын,Бағбанындай аялап, мәпелейсіз.3-оқушы: АйғанымКөңілін бар шәкірттің таба алатын,Кеуделерге намыс отын жаға алатын.Өзіңіздей болса, шіркін, барлық ұстаз,Жез таңдай, күміс көмей, сөзі алтын.4-оқушы: АйзереЕсімде ерен ұстазым,Шашымнан сипап өткенің.Аянбай бізге қыс-жазы,Молынан мейір төккенің.5-оқушы:
Аяна Алғашқы ұстаз, ерекше тұлға дара шың,Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын.Сағына әркез суреттерді парақтап.Шәкірттерін жиі еске алатын.6- оқушы: Фариза Жаралған жақсы үміт пен мұраттардан ,Жансыз ғой әлдилеген шуақты арман.Жатталады жан жүректе есіміңіз,Анамның аяулы үні сияқтанған.7- оқушы: Айғаным Шәкірттер сіздерді айтып мақтанады,Бейнеңіз жүректерде сақталады.Біз әлі биіктерден көрінеміз,Үміт пен сеніміңіз ақталады.Бәрі: Мың алғыс сізге біздей түлектерден, Мың алғыс мына отты жүректерден!Ән: «Ұстаз-Ана!» 1-жүргізуші: РҚағылды, міне, әуенге бөлеп,Қағылды соңғы қоңырау.Қалайша 4 жыл тез өтіп кеткенШындық па осы, япыр-ау !2-жүргізуші: АРасында да, 4 жыл деген 4 күндей боп өте шықты ғой. Олай болса, мына бізге білім берген ұстаздарға деген шәкірттердің тілегін қабыл алыңыздар!1-оқушы: Айару Байсалды мінезіңіз бірқалыпты,Менің де көкейімде із қалыпты.Лиза апай неткен мықты төзімдісіз,Шәкіртім білім алсын, білсін дейсіз.2-оқушы: Аяна РекламаҮйреткен сөз өнердің қыр-сырларын,Гүлденткен үлес қосып бала бағын.Замза апай шексіз алғыс,Жүріңіз шәкірттерге беріп дәріс.3-оқушы: АйзереОрыс тілді оқытып,Тілімізді ширатқан.Сыныпқа кіріп келгенде,Қимылдамас еш пенде.Гүлнұр апай тәртіпті,Ұғындырған біздерге4- оқушы: Ясмина Үйренеміз жалықпай,Ағылшын тілін шарықтай.Тіл сындырып,ән айтып,Шаттанамыз қалықтай,Сабина апай тәліміСәулесін шашқан жарықтай.5-оқушы: СайдҰстаздардың арқасында шаттандық,Сөзін ту ғып, болашаққа аттандық.Еңбек пәні мұғалімі Зұлхарнай ағайБарлығымыз жүретұғын мақтан ғып.6-оқушы: Мейіржан Музыка атты пәніміз,Айтылар онда әніміз.Шамшия апай үйретсеШырқатамыз бәріміз. 1-оқушы: Әлібек Бастауышым – бал бұлағым,Лаулап жанған шам-шырағым.Өзің берген біліміңмен,Самғап ұшар тау қыраның.2-оқушы: Аяулым Бастауышым- бал бұлағым,Алдым сенен балдың дәмін.Әріп танып, білім алыпРахметімді жаудырамын.3- оқушы: Кәусар Бірдей біздің ойымыз да, сырымыз,Бір мектептің ұлы менен қызымыз.Бірдей өстік оқуда да, еңбекте,Күліп-ойнап бірімізбен біріміз.4— оқушы: Айару
Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,Ақылға келе алмадық ерте көніп.Бойымыз бірте-бірте үйренісіп.Мектептің ережесін үйрендік кеп.5-оқушы: Фариза Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?Бастауыштa айтылмаған сыр бар ма?Бастaуышта алған білім, жырларым,Азық болар , әлі талай жылдарға. Ән: «Бастауышпен қоштасатын кез келді» Кәусар 1-жүргізуші: РасулБіздер бастауыш сыныпта жоғары сыныптарда өтілетін әдебиет, тарих, биология, алгебра, физика, химия т.б пәндерге негіз болатын ана тілі, математика, дүниетану, орыс тілі пәндерін зер салып оқып үйрендік. 1-оқушы: Қазақ тілі пәнінен,Білім алды балалар.Сөйлемді, сөз таптарын,Етістіктің шақтарын,Жалғаулар мен жұрнақтар.Ережесін жаттадым2-оқушы: РасулАнашымдай сыр шерткен,Ақыл- білім үйреткен.Ана тілін оқыдық ,Ерекше зор құрметпен.Ана тілін сүйеміз,Құрметпен бас иеміз.Ана тілмен қоштасамыз,Әдебиетпен достасамыз.3- оқушы: АқмаржанОйланып есеп шығартып,Төрт таңбаны білдірген.Ғылымдардың патшасы,Математика данасы Хор: «Бастауыш мектеппен қоштасу»1-жүргізуші: Расул Біздердің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата-анамыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы.2-жүргізуші: АқмаржанОлай болса келесі жыр шумақтары аяулы ата-аналарымызға арналады. Қабыл алыңыздар!1-оқушы: Аяулым Ыстық-ау кім-кімге де әке деген,Суыққа шалындырмай, мәпелеген.Өмірдің соқпағымен өрге тартып,Алдымен адам бол деп жетелеген.Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,Аумайсың жарығы мол ашық күннен.Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін.Ақылды балаларың оны білген. 1-жүргізуші: Әр ана өз баласын жақсы оқып, елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, борышыңды өтей алмайсың» деген. Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!2-жүргізуші: Иә, дұрыс айтасың Расул! Біз болашақта саналы да, ақылды бала болып өссек ананың арманы орындалды деген осы емес пе?!1-оқушы: Аяна Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың,Ақ сүт беріп өсірген, ол да сенің анашың.Тіл алмасаң кешірген, ол да сенің анашың,Мәпелеген баласын,аман болсын анашымКеудемнен сезім селі ақтарылсын,Болармын күні ертең-ақ мақтанышың.