ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 21

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университеті.



Факультеті: Әлеуметтік-гуманитарлық

Тобы: ӘЖК 211

БӨЖ

Тақырыбы: Жеке адамды зерттеудің мақсат міндеттері және оның қоғамдық мәні.

Қабылдаған: Г.Д.Ашикбаева

Орындаған: Ә.Е.Биболат

Түркістан – 2023

Мазмұны.
I Кіріспе...........................................................................................................................3

II Негізгі бөлім................................................................................................................4
  1. Психологияның адамтану ғылымдарының арасынан алатын орны...............4


  2. Жеке адамды зерттеудің мақсат-міндеттері және оның қоғамдық мәні........5

  3. Адамның қажеттілігі мен мұқтаждығы және іс-әрекет түрлері......................8

III Қорытынды.................................................................................................................9

VII Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................10

Кіріспе

Жеке тұлға - әлеуметтік қатынастармен саналы іс-әрекетті жүзеге асырушы, нақты қоғамның мүшесі, өзін басқалардан ажырата білетін, өзінің кім екенін түсінетін есі кірген ересек кісі. Құдай қоғамнан тыс, тәуелсіз өмір сүре алмайды. Өйткені оның жаны да тәні де айналасындағылармен қарым-қатынас жасау үстінде тек әлеуметтік әсер жағдайларында ғана адам кісілік мән-мағынаға ие болады. Адам санасының дамып, өсіп жетілуіне оның ортасымен (отбасы, мектеп, т.б.) тығыз байланысты. Әлеумет әсері тимейтін, әлеуметтік құрықтан шығып кететін ешбір адам жоқ. Сондықтан адам психологиясын дұрыс ұғыну үшін ең алдымен, оның әлеуметтік жағдайын, яғни, оның қандай көзқарасы, наным-сенімі, бағыт-бағдары, білім мен іс-тәжірибесі, икем-бейімділігі, нақты кәсібі, білім бар екендігіне назар аударуымыз қажет. Осы айтылғандар жөнінде мағлұмат алғанда ғана біз оның психологиясы жайлы азды-көпті пікір білдіруге мүмкіндік аламыз. Ер жетіп ес білетін кісінің өмір жолын, ұстанған бағытын білдіретін мотивтер (түрткі, себеп) көп.
Адам табиғаттағы кемелденіп жетілген ақыл-ой иесі және қоғамдық тұлға.

Осы ерекшеліктеріне орай, адамды ғылымның бірнеше саласы зерттейді. Мәселен, философия ғылымы адамның дүниетанымдық көзқарасын, ақыл-ой өрісін, санасын, анатомия мен физиология адамның денесі мен жүйке жүйесінің құрылысын, қызметін қарастырады. Антропология – адамның қоғамдағы алатын орнын, табиғаттағы өзге құбылыстармен байланыстылығын зерттеуді мақсат етеді. Тарих ғылымы – адамның қоғам өміріндегі қарым-қатынасын саралауды, ал педагогика адамға білім беру жүйесін қарастырып, оның қоғамның белсенді азаматы етіп қалыптастыруды көздейді. Психология ғылымы болса, адам жан дүниесінің сырын, психиканың даму заңдылықтары мен жеке қасиеттерінің жетіліп, қалыптасу жолдарын зерттейді.

Психологияның адамтану ғылымдарының арасынан алатын орны
Ғылыми матералистік тұрғыдан қарағанда адам биологиялық табиғат перзенті. Іс - әрекет, қарым – қатынас, еңбектің , қоршаған ортаның әсері арқасында және қабілеті мен бейімділігі негізінде жеке тұлға ретінде танылады. Бұл жағынан келгенде мынадай төрт жүйені атап көрсеткен жөн: 
1. Психикалық жаратылыс қасиеттері – жас ерекшеліктеріне қарай дамуы,         темпераменті, болмыс бітімінің жетілуі.

2. Психикалық үрдіс – зейін, ес, ерік, ойлауы т.б.

3. Тәжірибенің өрістеуі – дағды, білік, әділет.

4. Танымдық бағдар алуы – көзқарас, қызығушылық, ынта – ықылас т.б.

  Адам - жер бетіндегі тірі организмнің жоғарғы сатысы, қоғамдық тарихи іс әрекетімен мәдениет субъектісі, ол қарым – қатынас иесі. Демек, оның іс - әрекеті, сезімі, ойлау ерекшелігі өзі өмір сүріп отырған қоғамдық – тарихи жағдайға да тәуелді.Тәрбиенің ықпалды әсері барысында тұлғаның рухани және дене қабілеттері дамып, эстетикалық танымы, сезімі жетіліп, дүниеге деген көзқарасы өрістейді. Ал көзқарастың дамуы – дүниенің даму заңдылықтарын терең танып, өзінің оған деген қарым – қатынасын белгілеуге жол ашады.

Тұлғаның нышандарын дамытуда діни тәрбие де айтарлықтай қызмет атқарады. Ілгеріде өткен бабаларымыз кейінгі ұрпағына баға жетпес мол мұра қалдырса, оны тұтынған бір кездегі отырарлық Әбу Нәсір әл – Фараби бастаған ғұламалардың ұлы дәстүрі өзінің жалғасын табуда.
      Адам – белгілі бір қоғамның мүшесі, ол қандай болмасын бір іспен айналысады, оның азды-көпті тәжірибесі, білімі, өзіне тән ерекшеліктері болады. Осы айтылғандардың жиынтығы оны жеке адам етеді. Мәселен, жаңа туған нәрестені адам деп атауға толық болады, бірақ әлі де жеке адам емес. Өйткені, онда жоғарыда аталған компоненттер: тәжірибе, білім, іс-әрекет т. б.жоқ. Жеке адамның өзіндік ерекшелігі дүниетанымынан, сенімінен, талғам, мұратынан, бағытынан, қабілет, қызығуынан жақсы байқалады. Жеке адам – тарихи-әлеуметтік жағдайдың жемісі. Ол әлеуметтік ортада (белгілі қоғамда, коллективте) ғана қалыптасады. К. Маркстің айтуынша, жеке адам – «барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы». 


Адамның көптеген психологиялық ерекшеліктері, оның өмір сүретін ортасына қоғамдық қатынастардың тікелей әсер етуінен қалыптасып отырады. 
      Жеке адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Жеке адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан әлеуметтен тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес.

      Жеке  адам психологиясының неге бағытталғандығын  көрсететін негізгі компоненттердің  бірі – адамның дүниетанымы  мен сенімі. Дүниетаным – адамның  табиғат, қоғамдық өмір туралы білімдерінің жүйесі. Адамдарымыздың дүниетанымы мистика және идеялизмге жат, дәйекті ғылыми – материалистік дүниетаным.

 Жеке адамды зерттеудің мақсат-міндеттері және оның қоғамдық мәні
Адамдарды зерттейтін ғылымдар ішінде психологияның алатын орны айрықша және ол — адамтану ғылымдары жүйесіндегі жетекші пән. Психология адамның даралық сипаттарын қарастырып, оның кісілік қасиеттерін өрістетуді мақсат етіп қояды.

Табиғаттағы ақыл-ой мен сана иесі — адамның өзіндік сипат белгілері — оның еңбектену әрекеті нәтижесінде материалдық игіліктерді өндіретіндігі, дыбысты анық сөйлеу тілі арқылы қарым-қатынас жасап, әлеуметтік ортада тіршілік ететіндігі. Осындай белгілеріне байланысты адам хайуанаттар дүниесінен ерекшеленіп, эволюциялық дамудың ең жоғары сатысына көтеріледі. Өзін қоршаған ортаға белсенді түрде ықпал етіп, дүние сырын танып білу кесіне айналады.

Адам бойындағы даралық қасиетгер оның өзгелерге карым-қатынасынан байқалады. Осы тұрғыдан алғанда, жаңа туған нәресте де, ересек адам да, ақыл-есі ауысқан жынды да дара адам болып саналады. Осындай ерекшеліктерімен қатар қалыпты дамыған, өмір тәжірибесі мен өзіндік қасиеті, әлеуметтік ортада өз орны бар адам жеке адам деп аталады. Жеке адамның азаматтық, кісілік, тұлғалық қасиеттері болады. Жеке адам қоғамдық өмірде тіршілік етіп, өзге адамдармен қарым-қатынас жасайды. Осындай іс-әрекеттеріне сәйкес жеке адамның тұлғалық сипаттары сомдалады, қадір-қасиеттері қальштасады.

Жеке адамның кісілік қасиеттері мен даралық ерекшеліктері оның іс-әрекеттегі белсенділігінің өрістеуіне ықпал етеді. Адамның белсенді қимыл-әрекеті онын мінез-кұлқынан, ниеттілегі мен бағыт-бағдарынан айқып байқалады, Ниеттілектердің, мәні адамның тіршілігшен, іс-әрекет түрлерінен, әлеуметтік ортада атқаратын қыз ісінен айқын көрінеді. Сөйтіп, жеке адамның ішкі дүниесінің сыры, жан сарайы, психикасының даралық ерекшеліктері сыртқа білініп тұрады.


Сыртқы нэрселер мен тіршілік ететін орта әлеуметтік жағдаймен ыңғайласып, адамға жанама түрде әсер етеді деоның психикасын дамытады. Адамның тіңшілік ортасы үнемі өзгеріп те, өзгертіліп те отырады. Жеке адам бойындағы сапалық ерекшеліктері мен оның психологиялык дара өзгешелігін білдіретін қасиеттер — тем-перамеиті мен мінезі, психикалық процестерді басынан кешіруі. сезім күйлері мен іс-қимылы және қабілеті бірдей адамдар жоқ. Даралық сапалар тарихи қальштасып, жеке адамның кісілік қасиеттерінің құрайды. Әрбір адамның мінез-құлык ерекшеліктері де әлеуметтік ортада дамып жетіледі. Сондықтан, біз жеке адамды қоғам мүшесі ретінде санап, оның әлеумет өміріне ықпал етіп отыратын белсенділік әрекетін де ескереміз. Мінез бітімі, темперамент ерекшеліктері, ақыл-ой сапасы, қызығуының басты бағыты әрбір дара адамның өзіндік психологиялық тұрақты бейнесін жасайды. Әр түрлі құбылмалы жағдайларда адамның бір қалыпты бейнесін осындай тұлғалық қасиеттері көрсетеді. Сондай-ақ, мұндай, тұрақты қасиеттер жеке адамның жан дүниесі құрылымын-дағы даралық тұлғаны да бейнелейді. Адам бойындагы тұлғалық қасиеттер қоғамдық тәрбие нәтижесінде өзгсріп те, жаңа сапаларға ие больш та отырады.

Жеке адамның тұлғалық сипаттарында ерекше байқалатын екі түрлі ерекшслік бар. Оның бірі —әрбір адамның құрылымы мен жеке басындағы даралық сипаттар Бұл — адамдардың типтік мақсаттарымен байланысты теориялық мәселе. Екіншісі — сол типтерден туындайтын және жеке басқа бағынышты азаматтық ерекшеліктер. Бұл мәселе осы заманғы психологияда айрықша маңызды деп саналатын биологиялық және әлеуметіік факторларға негізделе отырьш қарастырылады. Биологиялық фактор — адамға туа берілетін табиғи анатомиялық және физиологиялык қасиеттер, ал әлеуметтік фактор — адамның дамьш жетілуіне тіршілік ортасы-ның, қоғамның тәлім-тәрбие істерінін әсері. Осы екі фактор адамның психикалық дамуында бірін-бірі толықтырып отырады,

Адамның өзіндік психологиялык сипатын зерттеуде орын алатын іс-әрскет түрі — оның белсенділігі. іс-әрекетпен, оның бағдар-мақсатымен, өмір-тығыз байланысты. Іс-әрекеттід белсенді болуы жайында психологияда әр алуан көзқарастар пікірлер бар, Соның бірі —Австрня ғалымы 3 Фрейтің пікірілері бар. Ол адамның белсенділігі инстпнктті әрекеттеріне; соның ішінде жыныстық еліктеу мен өзін-өзі сақтау инстинктіне байланысты дейді. Адам мұндай инстинкттерге шек қойып, оларды тежейді, өз бойындағы күш-қуат сақтап, оны басқа мақсаттарға, мәдени қажеттіліктерін өтеуге жұмсайды. Сөйтіп, ол өзінің мінез-құлқын сана, түрде басқарады. Алайда, 3. Фрейд пен оны жақтаушы зерттеушілер адамның белсенділігі сол жыныстық ет теудің шеңберінен шыға алмайды деп, “Эдип комплексіз дейтін мәселе көтеріп, ерте замандағы грек жазушы Софоклдың “Эдип патша” атты шығармасының сарының уагыздайды.


Ғылыми зерттеулерінде кемшіліктер болғанымен 3. Фрейдтің адам бойындағы белсенділік әрекеттің табиғи әрі биологиялық құбылыс екендігін дәлелдеп беруінің өзі — айтарлықтай жаңалық. Дегенмен, онын белсенділік әрекеттін, қозғаушы күші жыныстық қатынастарға сәйкес дамиды дейтін пікірін көптеген шетел психологтар орынсыз деп санады Атап айтатын болса; А. Қординер, Е. Фромы, К. Хорни т. б. Фрейд көзқарасның кемшілігі ашып көрсете алмаса да, өздерінше жаңа фрейдизм” деген ағымды тудырды

“Жана фрейдизм” ағымы адам тіршілік еткен ортасына тәуелді болып, сол ортаға бейімделгіш келеді деп санады, “Жаңа фрейдшілдердің” ойынша, тіршілік ортасына бейімделген адам әлеуметтен өзінің ғашығын іздейді, соған ұмтылады, билік үшін күресте беделге ис болады, адамдар тобының ырқына көніп, мақсатына жетуге талпынады. К. Хорни адам қоғамнан аулақ больш, ға шығымен мұңдасып, оңаша сырласқысы келеді дей. Сөйтіп, “жаңа фрейдшілдер” адамның белсенділігін асыра дәріптеп, оған мистикалық өң берді. Ал шын негізінде адамның белсенділік іс-әрекеттері ғылыми материалистік тұрғыдан қарастырылуы тиіс болатын. Белсенділік әрекет адамның қажеттіліктерін қанағат-тандырып, мұқтаждықтарын өтеу әрекеттерімен ұштасады

“Қажеттілік” дегенді калай түсінеміз?

Кажеттілік адам -белсенділігінің негізгі себебі және іс-әрекстке итермелеуші күш. Қажеттілік қоғамдық тәнім-тәрбие ыкпалымен қальштасып, адам-ның материалдық, руханн. қоғамдық мұктаждықтарын қанағат-тандырады. Мұндай қанағаттандыру қоғамдық-даралық сипатта болып, қажеттілік тектік белгісіне орай табиғи және рухани-мәдени ұстап тұтыну сипатына қарай материалдық және рухани қажеттіліктер болып бөлінеді. Мақажеттіліктерге тамақ киім-кешек, тұрғын үй, тұрмыс заттары жатады. Рухани қажеттілік адамның басқа амдармен әңгімелесіп пікір алысу, білімнің көтеріп,кітап, газет-журнал оқуы, өнер түрлерін үйренуі т.б.мұқтаждықтарын қанағаттандыру арқылыжүзеге асады. Қажеттіліктер тегі мен адам санасының тарихи дамуына орай және оларды тұтыну объектісзне сәйкес түрлі-түрлі болып бөлінеді.

Адамның қажеттілігі мен мұқтаждығы және іс-әрекет түрлері

Адам қажеттіліктерінің бәріне жуығы еңбек арқылы қанағат-тандырады. Еңбек — адам тіршілігіндегі біріңші қажеттілік. Сондықтан, қоғамдағы тәлім-тәрбиеніңөзекті мәселесі — адамды еңбек ету қажеттілігіне баулау Жастарды еңбекке психологиялық тұрғыдан даярлау-жалпы гуманистік тәрбиенің түпкі мақсату. Ен-ек -адамның іс-әрекетінің негізгі түрі және барлык материалдық игіліктерді өндірудің қайнар көзі. Іс-әреттің екінші түрі-— оқу. Оқу әрекеті арқылы адам қоғамдағы тарихи мағлұматтар мен білім қорын менгеріп, өзінің рухани дүниесін байытады, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастырады Ойын — адамнын негізгі әрекетінің бірі. Ол бала мен жасөспірімнің денесің шынықтырып әралуан қимыл-қозғалыстарын жетілдіреді. Мектеп жасына дейінгі балалардың басты іс-әрекеті — ойьн. Ойынның түрлері мен мазмұны баланың ақыл-ойын дамытуға ықпал етіп, өзін қоршаған ортаның заттар мен құбылыстардың мән-жайын түсіндіреді Бір сөзбен айтқанда еңбек оқу,ойын — адамның дамып жетілуіндегі және қажеттіліктерін өтеудегі негізгі іс-әрекет түрлері.