Файл: Астана аласы, 54 мектеплицейінде.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 68

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Астана қаласы,№54 мектеп-лицейіндеағылшын тілі пәні мұғаліміТаңнұр Нұрланова ЕсентайқызыАғылшын тілі сабағында ойналатын қызықты ойындар1. «Алфавит» (“Alphabet”) ойыныМақсаты: ағылшын тілі әріптерін қаншалықты меңгергендігін тексеру.Шарты: Тақтаға «А», «В», «С» сияқты алфавиттің үлкен әріптерін іліп қоямыз. Ал, оқушылар осы әріптің кіші әріптерін үстелге шашылып жатқан әріптерінің ішінен тауып ілу керек.2. «Ойлан, тап» (“Think and find”) ойыныМақсаты: оқушылардың қиялын, сезім түйсігін дамыту.Шарты: Ортаға түрлі заттарға толы дорбаны қоямыз. Оқушыларды екі топқа бөліп, бір бірден шақырамыз. Көзі байлаулы оқушы дорба ішіндегі затты табуы тиіс. Қай топ бірінші аяқтайды, сол топ жеңіске жетеді.3. «30 секунд» (“30 second”) ойыныМақсаты: оқушыларды жылдам ойлауға дағдылау және тақырыпты бекітуШарты: Бір ойыншы тақырыпқа сай сөз айтады, келесі оқушы сол сөздің соңындағы әріптен келетін сөз айтуы тиіс. Егер оқушы 30 секунд ішінде айта алмаса ойыннан шығады.4. «Дұрыс жаз» (“Write right”) ойыныМақсаты: жылдам ойлау қабілетін дамытуШарты: Тақтаға екі сөз жазылады. Кімде кім сол сөздің әр әріпіне сөзді көп тауып жазса, сол топ жеңіске жетеді.Мысалы: Swim – son, well, ill, mother5. «Ширату» (“Brainstorm”) ойыныМақсаты: Оқушылардың сөздік қорын тексеруШарты: Тақтаға ұзақ сөз беріп, оның ішінен сөз шығару керек. Ескерту: сөз құрамында қанша әріп бар сонша әріпті қолдануы тиіс.Мысалы: beautiful: eat, tea, but, fil, lie and so on.6. «Шашу»(“Strew”) ойыныМақсаты: еске сақтау қабілетін тексеру.Шарты: Сабақтың тақырыбына сай сөздердің жазылу ретін шатастырып жазып қоямыз. Оқушылар берілген уақыт ішінде сөздерді дұрыс жазуы керек.7. «Менің заттарым» (“My things”) ойыныМақсаты: оқушылардың еске сақтау, байқағыштық қабілетін жаңартуШарты: Оқушыларға күнделікті өмірдегі тұрмыстық заттардың атын қазақшаға аударып айтамыз. Мысалы: мен кеше бір «Перизат» үйге алып келдім. Әпкем маған сүйікті су сабыным «Көгершінді» сыйлады.8. «Смайликтер»(“Smiles”) ойыныМақсаты: оқушылардың интонациясын тексеруШарты: Оқушыны тақтаға шығарып, оған бір сөйлем беріледі. Мысалы: “I loveswimming”. Оқушы берілген сөйлемді бес түрлі смайликтердің суретін көрсетілген кейіпте айтуы тиіс.9. «Сен болжай аласың ба?» (“Can you guess?”) ойыныМақсаты: оқушылардың таным үрдісін тексеру және дамытуШарты: оқушыларды топқа бөліп, топ басшысын ортаға шығарамыз. Топ басшыларына атақты адамдардың портретін береміз. Әр топ осы тұлға жайлы ағылшын тілінде сұрақ қою арқылы кім екендігін табуы тиіс. Ескерту: 10 сұрақ қоюға болады.
Мысалы:- Is it a man (a women)?- Does he/she live in…?- Does he/she singer (actor, writer)?- Is he/she American, (English, Russian and Kazakh)?- Does he/she wear glasses?- When they think they know the person name, they say:- Is he …(name)? or is she …(name)?10. «Жалғастыр» (“Continue”) ойыныМақсаты: оқушылардың сөздік қорын қаншалықты екендігін тексеруШарты: оқушылрға екі бағанда бөлінген бір сөз берілген, оқушылар соны табу керек. Мысалы:arm washertele chairwin petdish phonecar turepic dow11. «Мәтінді жалғастыр» (“Continue the topic”) ойыныМақсаты: оқушылардың есте сақтау қабілетін дамытуШарты: Тақтаға 3 - 4 оқушыны шақырып аламыз. Бір оқушыны ғана қалдырып, ал қалған оқушылар сыныптан шығара тұрады. Сыныптағы оқушы мәтін жазылған парақты оқуы тиіс. Оқып болған соң келесі оқушыны шақырып алып, әңгімесін ауызша келесі оқушыға айттырамыз. Солай жалғасады, соңында тыңдаған оқушы мен басында әңгімелеген оқушыны тыңдаймыз.12. «Қызықты алаң» (“Cheerful place”) ойыныМақсаты: оқушыларды өзін - өзі еркін ұстауға, батылдыққа және көшбасшылыққа жетелеуШарты: Тақтаға бір оқушыны шығарамыз. Оған үш түрлі суреттер беріледі. Оқушы сол суретті ым - ишарамен, іс - қимылмен жасырады. Сыныптағы оқушылар сол заттың (жануар, мамандық иесі, жеміс, т. б) атын ағылшын тілінде табуы тиіс. Ескерту: дыбысын шығармайды.Сыныптағы оқушылардың ішіндегі кім көп табады, сол тақтаға шығып көрсетуі тиіс. Солай ойын жалғасын табады.13. «Сүйкімді шар» (“Better balloon”) ойыныМақсаты: оқушыларды жылдам ойлауға, ептілікке дағдылауШарты: Бұл ойынды ойнау үшін шар қажет. Тақтаға 2 - 3 не оданда көп шығаруға болады. Әрқайсысына бір шардан беріледі. Мұғалім тақырыпқа сай ортақ сөз айтады, ал ойынға қатысушылар сол тақырыпқа сай бір сөз айтады. Әр соз айтқан сайын шарды үрлеуі тиіс. Егер кімде кім сөз айта алмаса, шарды үрлемейді. Сөйтіп, кім бірінші өз шарын үрлеп болса, сол жеңіске жетеді.14. «Ертегі» (“Fairy tale”) ойыныМақсаты: оқушылардың логикалық ойлау, қиялын дамытуШарты: Тақтаға ертегіге сай кейіпкерлер, яғни оқушылар шығарылады. Мұғалім не оқушы ертегіні баяндауы қажем. Ал, оқушылар сол ертегі желісі бойынша кимылмен, сөзбен ертегіні койып береді. Ескерту: ертегі алдын ала берілмеуі тиіс.15. «Үздік әнші» (“Leader singer”) ойыныМақсаты: оқушының ойын жинақы ұстауға және зейінін дамытуға арналғанШарты: Бұл ойынды топпен не жеке ойнауға болады. Екі топ не екі оқушы бір мезгілде екі түрлі әнді айтуы тиіс. Ән өз қалауларымен таңдалынады. Қай топ не оқушы өлеңнің сөзінен не әуенінен ауытқымайды, сол жеңіске жетеді.

16. «Белгісіз әңгіме» (“Unknown story”) ойыныМақсаты: оқушылардың арнайы сұрақтарға жауап бере білу дағдысын анықтау, жетелеуШарты: Оқушылар парақтарына мұғалім қойған арнайы сұрақтарға жауап беру керек. Арнайы сұрақтар мыналар: Who? With whom? Where? When? What she/he say? What she/he do? At the end…Соңында мұғалім әңгіменің әрбір сұрағын әртүрлі оқушыларға оқытып, қызықты ортақ әңгіме шығады.17. «Карта» (“Map”) ойыныМақсаты: оқушылардың сөздік қорын анықтауШарты: Бұл топтық ойынға мұғалім алдын ала дайындалу қажет. Мұғалім бөлмеге картаның бағыттарын тығып қояды. Картаның негізгі нұсқаулықты (яғни, бірінші қай жерден іздеу керектігі туралы) топ басшысына береді. Топ ақылдаса отырып, нұсқаудағы берілген жерді табу керек Ескерту: ойында сөздік қолданылмайды.18. «Суретші» (“Artist/ painter”) ойыныМақсаты: ағылшын тілінде есту қабілетін дамытуШарты: Мұғалім тақырыпқа сай суреттің сипаттамасын ауызша оқиды. Оқушылар түсінгені бойынша суретті салуы тиіс.Мысалы: It is a summer season. The weather is a warm. The trees are green. The sun is shining. The sky is light blue. Two girls are playing tennis. The ball is yellow. They are enjoying and laughing.19. «Бағдаршам» (“Traffic lights”) ойыныМақсаты: оқушылардың бағыт - бағдарды (turn right, turn left, go straight on, stop, behind, in front of, opposite, under, out, in, on, т. б) түсінгенін анықтауШарты: Тақтаға әрбір топтан бір оқушыдан шығарамыз. Оқушыларға ағылшын тілінде бағыт - бағдар беріледі, сол бағытпен оқушы сынып ішінде орындауы қажет. Қай топ оқушысы қателеседі сол топ жеңіледі. Ескерту:20. «Алтын әріп» (“Gold letter”) ойыныМақсаты: оқушылардың таным үрдістерін дамытуШарты: Әр топтан үш оқушы шығарамыз. Оқушыларға үш түрлі мысалы, “C”, “K”, “R” әріптері беріледі. Оқушыларға ағылшын тілінде (егер төменгі сыныптар болса қазақ тілінде) сұрақтар оқылады. Сол сұраққа берілген әріптен басталатын жауап қайтарылу тиіс.1. Сенің анаң қандай?2. Кіммен доссың?3. Таңғы асқа не жедің?4. Арманың не?5. Сүйікті ойының не?6. Ай мен күн бірдейма?7. Су қандай?8. Өмірдің қызығы...1. What’s your mother?2. Who is your friend?3. What do you eat for breakfast?4. What your dream?5. What is your favorite game?6. Is the Moon and the Sun same?7. What color of the water?
8. The interest of life is…