Файл: ыса мерзімді жоспар Сабаты таырыбы Кері итеруші кш.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 41
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Кері итеруші күш. Архимед күші
Бөлім: | Қысым | |||||
Педагогтің аты-жөні: | Мұхтарова Әсел Маратқызы | |||||
Күні: | 16.02.2023 ж | |||||
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақтың тақырыбы: | Кері итеруші күш. Архимед заңы | |||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: | 7.3.1.12 – сұйықтар мен газдардағы кері итеруші күштің табиғатын түсіндіру; 7.3.1.13 – есептер шығаруда Архимед заңын қолдану | |||||
Сабақтың мақсаты | - Кері итеруші күштің физикалық мағынасын түсінеді; - Кері итеруші күшті түсіне отырып анықтама береді және формуласын қолданады; - Кері итеруші күштің формулаларын түрлендіре алады, деңгейлік тапсырмаларды өз бетінше орындай алады. | |||||
Сабақтың барысы | ||||||
Сабақтың кезеңі// уақыты | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||
Сабақтың басы 10 минут Өткен білімді еске түсіру Жаңа білім 10 минут Бекіту 15 минут Сабақтың соңы. 10 минут Кері байланыс Бағалау Үй тапсырмасы | Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Үй тапсырмасын сұрау. Оқушылардың зейінін шоғырландыру үшін « Миға шабуыл»стратегиясын қолдандым: 1.Қалыпты атмосфералық қысым нешеге тең? (760мм.сын.бағ) 2.Ұшақтың ұшу биіктігін анықтайтын құрал?( альтиметр) 3.Сфигмоманометр не үшін қолданылады? (Адамның қан айналымы жүйесіндегі қысымын) 4.Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал? (Барометр) 5. Манометрдің жұмыс істеу принципі қандай заңға негізделген? Паскаль 6. Атмосфераның негізгі қабаттарын ата? (Тропосфера, Стратосфера, Мезосфера, Термосфера) «Ой шақыру» әдісі арқылы сабақ тақырыбын тұжырымдаймыз: Допты суға батырып, қолды қоя бергеннен кейін, доп қайтадан су бетіне шығады. Доп неге су бетіне ытқып шығады? Бұл күштің мәнін тұңғыш рет ертедегі грек ғалымы Архимед (б.з.б.287-212) есептеп шығарған. Оқулықпен жұмыс. 1 тапсырма. Қалай Архимед Сиракуз патшасының тәжінің алтыннан жасалғанын немесе алтын еместігін анықтады? 2-тапсырма. Деңгейлік тапсырма. Есептер шығару (I) жеке жұмыс 1.Егер ағаштың тығыздығы 700 кг/м3 болса, онда әрқайсысының көлемі 0,6м3 болатын 10 бөренеден жасалған сал қандай ең үлкен көтеру күшіне ие болады? 2.Су астында жатқан массасы 30 кг, көлемі 0,012м3 тасты көтеру үшін, оған қандай күш түсіру керек? . 3.Көлемі V0,4дм3 алюминий цилиндрі динамометрге ілінген. Осы динамометр ауада, суда нені көрсетер еді? , . 4.Керосинге батырылған темір білеушеге әсер ететін кері итеруші күш 20Н болса, оның көлемі қандай? , . 5.Теңізде мұз жүзіп жүр, оның 195 м3 көлемі судың бетінде болса, мұздың жалпы көлемі қандай? , . 3-тапсырма «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі (білімдерін жинақтау) Берілген тапсырма бойынша әр бір оқушы жеке жұмыс жасау арқылы өз ойын қортып жұппікірлерімен бөліседі. Бұл бүкіл сынптық талқылауға ұласады 1) Үш түрлі кубтар берілген осылардың қайсысына көбірек ығыстырушы күш әсер етеді? Егер керосинге батырсақ ығыстырушы күштің шамасыөзгере ме? 2) Бір ағаш білеушені сынап, сосын су , одан соң керосин құйылған ыдысқа салғандағы жағдайда білеушеге әрекет ететін Архимед күшін салыстырыңдар. Кері байланыс «Бас бармақ» әдісі. Түсінген оқушылар саусақты жоғары көтереді Жартылай түсінгендер бармағын жанына қаратады Түсінбегендер бармағын төмен түсіреді Рефлексия: Қарастырылған мәселелерді қаншалықты ұққандығыңды өзің бағалап,төмендегі белгілерді қой: жасыл-жақсы ұқтым сары - кейбір сұрақтарым бар қызыл -ұқпадым Дескрипторларға сүйене отырып оқушылар өз білімдерін жұптасып бағалау критерий арқылы бағалау §28 | Миға шабуыл сұрақтары арқылы үй жұмысын қайталау сұрақтары қою. Өйткені допқа күш әсер етті. Оқушылар әр қилы жауап беруі мүмкін. Кері итеруші күш формуласын есеп шығаруда қолданады. Оқушыларға сабақ соңында білімдерін жинақтау мақсатында берілген тапсырманы талдап, қорытындылайды. | Дескриптор: -Судағы кері итеруші күш табиғатын түсінеді. -Мәтінді оқып түсінеді. -Қорытынды жасайды. Жарпы балл-2 Дескриптор: Кері итеруші күш формуласын біледі. -Есептер шығаруда қолдана алады. -Формуласына түрлендірулер жасай алады. Жалпы балл-6 Дескриптор: -Архимед күші мен заңының айырмашылығын біледі. - Архимед күшін қандай шамаларға тәуелді екенің біледі -Мысалдар келтіре алады. Жалпы балл-2 Жалпы балл - 10 | Оқулық сурет Үлестірме қағаздар Басмармақ суреттері |