ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 66
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9 сыныптарына арналған«Жаһандық құзыреттіліктер» курсының үлгілік оқу бағдарламасы
«Медиа және қаржылық сауаттылық» юнитінде медиакеңістік және қаржылық сауаттылықтың негізгі ұғымдарымен және заңдылықтарымен танысады. Қоғамда белсенді өмір сүріп, әлеуметтену үшін қажетті дағды түрлерін қарастырып, ақпаратты талдау, бағалауды дамытады. Білім алушылар ақпаратпен жұмыс істеуге, материалдарды бағалауға, талдауға, жалған мәлімет пен насихатты ажырата білуге үйренеді. Қаржылық сауаттылық туралы білімдері кеңейіп, сауаттылық неден басталатыны, еңбегі арқылы жетістікке жеткен адамдар туралы ақпарат жинақтап, отбасылық бюджетті қалай үнемдеуге болатыны туралы өмірмен байланысты білімдерін дамытады. Білім алушылар қаржылық сауаттылықты жеке қаржылық әл-ауқатқа жету құралы ретінде пайдалану арқылы әлемдік экономикалық кеңістікке кірігеді.«Өмір қауіпсіздігі» юниті адам өмірі мен денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, даралықты, жеке өмірге қол сұқпау және құпиялық құқығын сақтауға, қорқыту мен зорлық-зомбылықтан қорғану, адам өмірін сақтап қалу жолдарымен танысуға бағытталған.«Экологиялық мәдениет» юнитінде білім алушылар экологияның негізгі заңдылықтарымен танысады. Өз денсаулығына, айналасындағы адамдарға және табиғатқа жағымды көзқараста болып, ұқыппен қарауды үйренеді. Табиғатты пайдаланудың моральдық-құқықтық принциптерін сақтайды. Қоршаған ортаны қорғау іс-шараларын белсенді жүргізетін, биосферадағы байланыстарды бұзушыларға қарсы, сондай-ақ экологиялық санасы дамыған әлеуметтік-бағдарлы тұлғаны қалыптастырады.«Зайырлылық және дінтану» юниті (9-сынып) білім алушылардың құқықтық және діни сауаттылығын қалыптастыруға, зайырлылық қағидатын құндылық ретінде түсінуге, діннің қоғам өміріндегі орнын, әлемдік діндердің, жалған діни және деструктивті діни ағымдардың тарихы мен қазіргі жағдайын зерделеуге бағытталған.3. Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарБілім алушыда:
Білім алушы
1. Жалпы ережелер
-
Оқу бағдарламасы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген). -
«Жаһандық құзыреттіліктер» курсы білім алушылардың әлемдегі өз орнын анықтау үшін қажетті құндылық бағдарларын, коммуникативтік дағдыларын, әдеплық нормалары мен мінез-құлық ұстанымдарын қалыптастыруға ықпал етеді. -
Курстың мақсаты: жаһандық азаматтық құзыреттерге ие бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.
«Медиа және қаржылық сауаттылық» юнитінде медиакеңістік және қаржылық сауаттылықтың негізгі ұғымдарымен және заңдылықтарымен танысады. Қоғамда белсенді өмір сүріп, әлеуметтену үшін қажетті дағды түрлерін қарастырып, ақпаратты талдау, бағалауды дамытады. Білім алушылар ақпаратпен жұмыс істеуге, материалдарды бағалауға, талдауға, жалған мәлімет пен насихатты ажырата білуге үйренеді. Қаржылық сауаттылық туралы білімдері кеңейіп, сауаттылық неден басталатыны, еңбегі арқылы жетістікке жеткен адамдар туралы ақпарат жинақтап, отбасылық бюджетті қалай үнемдеуге болатыны туралы өмірмен байланысты білімдерін дамытады. Білім алушылар қаржылық сауаттылықты жеке қаржылық әл-ауқатқа жету құралы ретінде пайдалану арқылы әлемдік экономикалық кеңістікке кірігеді.«Өмір қауіпсіздігі» юниті адам өмірі мен денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, даралықты, жеке өмірге қол сұқпау және құпиялық құқығын сақтауға, қорқыту мен зорлық-зомбылықтан қорғану, адам өмірін сақтап қалу жолдарымен танысуға бағытталған.«Экологиялық мәдениет» юнитінде білім алушылар экологияның негізгі заңдылықтарымен танысады. Өз денсаулығына, айналасындағы адамдарға және табиғатқа жағымды көзқараста болып, ұқыппен қарауды үйренеді. Табиғатты пайдаланудың моральдық-құқықтық принциптерін сақтайды. Қоршаған ортаны қорғау іс-шараларын белсенді жүргізетін, биосферадағы байланыстарды бұзушыларға қарсы, сондай-ақ экологиялық санасы дамыған әлеуметтік-бағдарлы тұлғаны қалыптастырады.«Зайырлылық және дінтану» юниті (9-сынып) білім алушылардың құқықтық және діни сауаттылығын қалыптастыруға, зайырлылық қағидатын құндылық ретінде түсінуге, діннің қоғам өміріндегі орнын, әлемдік діндердің, жалған діни және деструктивті діни ағымдардың тарихы мен қазіргі жағдайын зерделеуге бағытталған.3. Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарБілім алушыда:
-
кең ауқымды дағдылар; -
әлеуметтік жауапкершілік; -
сыни, креативті және шығармашылық ойлау; -
өз білімі мен іс-әрекеті үшін жауапкершілік, басқаларға жанашырлық пен құрмет көрсету; -
салауатты өмір сүру дағдысы мен айналасындағы адамдардың әл-ауқатына ықпал ету; -
өмір бойы білім алу қажеттілігі; -
экстремистік, террористік діни топтар мен ағымдардың идеологиялары мен тәжірибесінің ықпалына қарсы иммунитет қалыптасады.
Білім алушы
-
тәжірибеде алған білімдерін; -
өзінің және басқаның жаңа идеяларын; -
сыни тұрғыдан бағалауды және ақпаратпен сенімді жұмыс істеуді; -
зерттеушілік, жобамен жұмыс жасау және волонтерлік жұмыс дағдыларын; -
тұрақты даму мүддесіндегі ашық, мейірімді қоғам құруға бағытталған білім мен дағдыларды қолданады.
-
өзінің оқуын және жеке дамуын қолдау үшін күшті және әлсіз жақтарын; -
өзінің және басқалардың жақсы өмір сүруі үшін өмірдің түрлі аспектілерін; -
басқалармен ынтымақтастық қарым-қатынасын; -
мемлекеттік, саяси және діни бірлестіктер мен мәдениетаралық қатынастардың мәнінталдай алады.
-
өз мінез-құлқы мен мәдениетін, жеке тарихын, сондай-ақ құндылықтар мен әртүрлі көзқарастарды; -
әр түрлі жағдайларда жауапты шешімдер қабылдауды сыни бағалайды.
| № | Тақырыбы | Сағат саны | Күтілетін нәтижелер (соңғы өнім) |
| Парасаттылық және әдеп | |||
| 1 | «Рухани қасиеттер - адам өміріндегі ең бастысы» (Абай) | 3 | Бейнеролик дайындау Жоба Жағдаяттық есептерді шешу |
| 2 | Жақсылықты күн шуағындай шаша біл! | ||
| 3 | «Өз мінін білген жігіттің тәлімінде мін бар ма» (Ақтамберді жырау). | ||
| 4 | Қарым-қатынас жасау мәдениеті | ||
| 5 | Зорлық-зомбылық және қорлау: алдын алу және қорғану | ||
| Азаматтық және патриотизм | |||
| 1 | Отан деген мен үшін... | 3 | Жоба Зерттеу жұмысы «Еліміздің мақтанышы» бейнеролигін дайындау |
| 2 | Өзге тілдің бәрін сүй, өз тіліңді құрметте! | ||
| 3 | Өз елін танымал еткен тұлғалар | ||
| 4 | Тарих беттерінен | ||
| Медиасауаттылық және қаржылық сауаттылық | |||
| 1 | Медиакеңістікте және көпшілік алдында сөз сөйлеу | 5 | Зерттеу жұмысы Жағдаяттық есептерді шешу Рөлдік ойындар Схемаларды құру Рөлдік ойындар Конкурс |
| 2 | Телефон алаяқтары: не істеу керек? | ||
| 3 | Табысты арттыру жолдары | ||
| 4 | Жеке кірісті қалай тиімді басқаруға болады | ||
| 5 | Отбасы бюджетін қалай жоспарлауға және үнемдеуге болады | ||
| 6 | Отбасының қаржылық мақсаттары | ||
| 7 | Ақша жинақтары қалай құрылады? | ||
| 8 | Банк кредиттері | ||
| 9 | Отбасының қауіпсіздігі үшін қаржылық қауіпсіздік | ||
| Тіршілік қауіпсіздігі | |||
| 1 | Табиғаттағы, қауіпсіздік | 4 | Зерттеу жұмысы Жағдаяттық есептерді шешу Бейнеролик түсіру Табиғаттағы қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу |
| 2 | Табиғи апаттар кезіндегі қауіпсіздік | ||
| 3 | Техниканы қауіпсіз пайдалану | ||
| 4 | Мен не жеймін? Азық-түлік қауіпсіздігі. | ||
| 5 | Қауіпсіз ер жетеміз | ||
| Экологиялық мәдениет | |||
| 1 | Менің өлкемнің, елімнің экологиясы | 3 | «Табиғатпен бірлікте қалай өмір сүру керек» тақырыбындағы шығарма «Біздің экология» фотокөрмесі «Табиғатты сақтайық!» тақырыбына презентация Экологиялық акциялар |
| 2 | Табиғатпен үйлесімділік | ||
| 3 | Экологилық қауіптер | ||
| 4 | Табиғатты қалай сақтауға болады | ||