Файл: Лекция 12 Педагогикалы технология тлімтрбиені озаушы кші ретінде. Жоспар.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 1915
Скачиваний: 2
| Кері байланыс | Жақсы | Жаман | Пайда-лы | Пайда-сыз | Жақсарту үшін ұсыныстарыңыз |
| "Нашар жұмыс" | | | | | |
| "Бұл менің көргім келген ең үздік жұмыс емес. Саған мұны ….. жолмен толықтыру қажет" | | | | | |
| "Дұрыс жауабы - бұл..." | | | | | |
| "Бұл - жақсы жауап" | | | | | |
| "Дұрыс емес!" | | | | | |
| "Сен жетістіктерге жетудесің!" | | | | | |
| "Сен ең бастысын жіберіп алдың" | | | | | |
| Жақсы жұмыс, [оқушының аты]. Сенің тәжірибені сипаттауың нақты және логикалық түрде. Келесі жолы саған өз көзқарасыңа қатысты қателіктерің туралы ойлану қажет. | | | | | |
| Нақтылық жетпейді. Сен мұны бұдан жақсы жасай аласың. | | | | | |
| "Бұл мен күткен жауап емес." | | | | | |
| Сенде аз болса да ілгерілеу бар, егер үздіктердің қатарында болғың келсе, саған анықтамаларды, терминдерді, т.б. меңгеруге көңіл бөлуің керек. | | | | | |
| Негізі сен дұрыс жауап беріп отырсың, алайда ол жеткіліксіз. Келесі жолы өз жауаптарыңа мұқият қара және барлық мәліметтерді қолданғаныңа көз жеткізуге тырыс. | | | | | |
| "… дұрыс қолданып тұрған жоқсың – маған қара!" | | | | | |
Тиімді кері байланыс ұсыну1-мысал
| Оқу мақсаты: әңгімені жүйелеп айтады | Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма: Мәтіннің бөліктерін әңгіменің жүйелілігін сақтай отырып, рет-ретімен орналастырып қағазға жапсырыңыз |
| Дескрипторлар: әңгіменің сюжеттік желісіне сай етіп мәтін бөліктерін орналастырады | |
| Кері байланыс: | |
| Мұғалім тапсырмаға қатысты кері байланысты «өте жақсы», «жарайсың» деген мақтау сөздері арқылы береді. | |
| Тиімді кері байланыс ұсыныңыз: | |
| Оқу мақсаты: әңгіме құрастыру | Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма: «Менің жанұям» тақырбына әңгіме құрастырыңыз. |
| Дескрипторлар:
| |
| Кері байланыс: Жазба жұмысты тексеру барысында мұғалім қателерін түзейді. | |
| Тиімді кері байланыс ұсыныңыз: | |
-
кері байланысты дер кезінде ұсыну қажет, өйткені бұл оқушыларға өз оқу -
әрекеттерін жетілдіруіне мүмкіндік береді; -
кері байланыс оқу мақсатарына сәйкес ең маңызды мәселелерді қамтуға және оқушыларды одн әрі дамыту бағыттарын қамтуы тиіс; -
кері байланысты ауызша (оқушылардың деректер келтіру тұрғысындағы жауабына сол сәтте пікір білдіру: дұрыс/дұрыс емес, оның нәтижелерін оқушылармен талдау т.б.), жазбаша (жазбаша жаттығулар бойынша) және көрсетілімді (мысалдарды қолдану, тапсырмаларды орындау алгоритмі және т.б.) түрде ұсынуға болады. -
кері байланыс жеке және топқа беріледі. Кері байланыс топқа немесе сыныпқа олардың жіберген қателері барлығына ортақ болған жағдайда жалпы түрде беріледі.
Кері байланыстың мазмұны:
-
кері байланыс оқушының жеке басына емес, оның орындаған тапсырмасына немесе тапсырманы орындау үдерісіне қатысты болуы тиіс; -
критерийлер мен дескрипторлар орындалған тапсырмалар бойынша кері байланыс ұсыну үшін пайдаланылады; -
кері байланыс баға беру емес, сипаттамалық мағынада болуы керек; -
кері байланыс тапсырманың дұрыс орындалған бөлігі бойынша жағымды түсіндірмелерден басталып, содан кейін қателер бойынша түсіндірмелер беріп, оқуды жақсарту бойынша ұсынымдармен жалғасады; -
кері байланыста түсінікті, сыпайы және ақыл-ой қызметін ынталандыратын тілдік стиль қолдану керек.
| 1. Бүгінгі сабақта үйренгендеріңіздің ішінен өзіңіздің тәжірибеңізге нені пайдаланамын деп ойлайсыз? |
| 2. Бүгінгі сабақта Сізге не ұнады? |
| 3. Бүгінгі сабақта Сіз түсінбеген мәселелер болды ма? Оны қалай пысықтағыңыз келеді? |
| 4. Бүгінгі сабақтың Сіз үшін айтарлықтай құнды тұстары (білім немесе дағдылар): |
| 5. Қарастырылған тақырыпқа қатысты өзіңіздің қосатын ой-пікіріңіз: |
» деген терминді алғашқы болып Майкл Скривен қолданған (Скривен, 1967, 41-б.) деген факті кең тараған. Сондай-ақ, ол бағамдау «мектеп басшыларына бірыңғай білім беру бағдарламасын әзірлеп, бағамдау үдерісін өзінің бастапқы рөлінде қолдану арқылы оны қайта қарай отырып, мектеп жүйесі жұмсайтын шығындарды ақтау мақсатында басқа баламалармен салыстырғанда айтарлықтай артықшылығы бар ма екені туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді» (41-42-б.) деп атап өтті. Осы ретте «бұл рөлдегі бағамдауды жіктеу үшін «қалыптастырушы» және «жиынтық» терминдерін» ұсынған.
Екі жыл өткеннен кейін Бенджамин Блум (1969, 48-б.) мектеп тестілеріне дәл осындай айырманы қолданды: оқыту-оқу үдерісінің әрбір сатысында кері байланыс ұсынып, түзетіп отыру мақсатында «қалыптастырушы бағамдауды» қолдану мүлде өзгеше. Қалыптастырушы бағамдау дегеніміз оқу үдерісінде мұғалімдер мен оқушылар көмек ретінде қолданатын қысқа тестілер бойынша бағамдау дегенді білдіреді. Бұндай тестілерді жіктеп, бағамдаудың пікір тұжырымдауға көмектесетін бөлігі ретінде қолдануға болғанымен, біз қалыптастырушы бағамдауды баға қою үдерісінен бөліп алып, тікелей оқыту үшін қосымша құрал ретінде қолдану анағұрлым тиімдірек екенін түсіндік.
Бенджамин Блум өзінің әріптестерімен бірге кейінгі жұмыстарында «қалыптастырушы бағамдау» терминін қолдануды жалғастырды, ал Ұлыбританияда жоғары оқу орындарында«негізгі бағалаудың алдындағы кез келген бағалауды» сипаттау үшін «қалыптастырушы бағалау» термині қолданылды. Бірақ ХХ ғасырдың 70-ші жылдары мен 80-ші жылдарының басында термин зерттеушілер мен практиктердің назарына іліне қоймады. Жалпы «қалыптастырушы бағалау» мен «қалыптастырушы бағамдау» терминдері тестілер тәрізді ресми бағалау рәсімдерін атау үшін қолданылды (мысалы, Фучс және Фучс қараңыз, 1986).
Қалыптастырушы бағалаудың анықтамасы
Натриелло (1987) және Крукстың (1988) ертедегі зерттеулерін толықтыру мақсатында Блэк пен Уильям (1998а) сыныптағы қалыптастырушы бағалаудың ықпалы туралы зерттеуге шолу жасады. Өздерінің шолуларындағы ақпараттың көпшілікке қолжетімді болуын қамтамасыз ету мақсатында олар мұғалімдер мен саясаткерлерге арнап өз зерттеулерінің нәтижелерінің саясат пен тәжірибеге ықпалы туралы мақала әзірледі (Блэк және Уильямс, 1998b). Осы мақалада олар қалыптастырушы бағалауға төмендегідей анықтама берді:
Біз мұғалімдер оқушыларды және оқушылар өздерін бағалау үшін орындайтын барлық шараларды қамту үшін «бағалау» деген жалпы терминді қолданамыз, бұл шаралардың көмегімен оқу мен оқыту үдерістерін түрлендіру мақсатында кері байланыс ретінде қолдануға болатын ақпарат аламыз. Оқушы қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін оқытуды икемдеуде осы дәлелдер қолданылса, бұндай бағалау қалыптастырушы бағалауға айналады (140-б.).