Файл: Лекция 12 Педагогикалы технология тлімтрбиені озаушы кші ретінде. Жоспар.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 1926
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-
Оқу модулінің жалпы құрылымы және мазмұны мен оқушыларды таныстырады. -
Осы оқу модулі бойынша оқушылардың танымдық әрекеттерінің мақсат-міндеттерін анықтайды. Бұл әрекет барысында мұғалім әр оқушының көңілін белгілеп отырған мақсат – міндеттерді қабылдауына бейімдейді. -
Оқылатын пәнінің ерекшелігіне, оның мазмұнына, тақырыбына қарай қайталау немесе болжау әдістерін қолдана отырып, жаңа ғылыми информация енгізеді. -
Оқушыларды бұл модуль бойынша оқу әрекеті барысында жететін нәтиже үлгісімен таныстырады.
-
Оқу барысы бір жүйедегі оқушының білім алу бағытындағы әртүрлі жеке, топтық және ұжымдық жұмыстардың түрлері іспетті қарастырылады. Олар оқушының ойлап көз алдына елестету, қисындық ой туғызу, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерінің дамуына бағытталады, әрі білімдік мақсатын айқындайды. -
Психологиялық тұрғыдан қарағанда оқушының жеке тұлға ретінде өз қажеттілігін қанағаттандыру, қабілетіне сендіру және алға қойған мақсаттарына жету үшін жағдай жасау. -
Математиканы үйрету үшін оқушыға математикалық атмосфера ортасын қалыптастыру, математикалық тіл қорын игеру үрдісіне жетекшілік жасау, математикалық тілді игеру сатыларына байланысты ұйымдастырылады да, үшінші сатыға келгенде ол жалпыға бірдей сипаттама алу керек. -
Оқу үрдісін басқару оқушылардың жеке мүмкіндіктеріне сүйене отырып жүргізілуі тиіс.
2. Модульдік технология негізінде жазылған оқулықтар мен оқу құралдарынан пайдалану.Қазінгі уақытта озат математика пәні мұғалімдері мен педагог ғалымдар заман талабына сай жаңа буын оқулықтарын жазып практикаға ұсынып жүр. Модульдік технологияға орналған оқулықтың негізгі атқаратын қызметі мынадай бірнеше маңызды бөліктерден тұрады:
-
Ақпараттық-оқытушылық; -
Ынталандырғыш (мотивация) -
Бағыттаушылық -
Дамытушылық -
Тәрбиелік -
Үйлестірушілік -
Жүйелеушілік -
Бақылаушылық
Математиканы үйретуде осы кезеңдерді ескергенде ғана оқушылардың қабілетін арттырып, олармен қолайлы қарым-қатынас жасауға болады.Ал, енді математика пәнін модуль арқылы оқытудың ерекшеліктеріне тоқталайық.Оқыту мақсаты оқушыға алдын-ала түсіндіріледі, оқыту міндеті де айқындалады. Мазмұны модульмен беріледі. Модульдер әр түрлі үлгіде құрылып, әрі модуль жеке оқушыға да арналуы мүмкін. Оқушыға берілген материал курделі болса, ол өзгертіледі. Себебі модуль материалы өзгертуге икемді, онтайлы жасалады. Оқушының қабілеті, мүмкіндігі ескеріледі. Оқыту материалын өзгертуге күш пен уақыт аз жұмсалады. Оқу әдістері оқушы мен сыныптың белсенді әрекеттеріне бағытталған болады. Мақсатқа жету үшін оқытудың сапасын арттыруға бағытталған әртүрлі әдістер кешенді түрде қолданылады. Оқыту құралдары оқу мақсатына, түріне, оқушылар үйренуінің мүмкіншілігіне, білім деңгейіне сай сараланады. Әдетте оқу құралын оқушы таңдайды әрі қалауына қарай өзі ауыстырып отырады. Сабақтың ұйымдастырылуы жүйесі әртүрлі болуы мүмкін, яғни ұжымдық, үлкен топ, шағын топ, жұппен, жекелей жұмыс түріне бөлінеді. Өзінің қабілетіне, қызығушылығына, жеке мүмкіншілігіне байланысты оқу уақытын оқушы реттейді. Модульдер шағын және көпшілікке түсінікті құрастырылған болуы керек. Оқушылар білімді игеруде өздерінің жеке қарқынымен алға жылжитындай етіп модулбдер құрастырылады. Олар белгілі бір модульді жіберіп, оны кейін өз бетімен игеруге ерікті болатындай мүмкіншілікке ие болуы керек.Алған білімдерін бақылау мен бағалау жүйесі төмендегідей. Білім деңгейі әр модульден жіберілген кемшіліктер нақтылы түрде анықталып, оны түзетуге күш пен уақыт аз жұмсалады. Оқушы әртүрлі себептермен өзі жіберген модульді қайталайды, әрі пысықтайды. Оқушылар материалдарды үлкен белсенділікпен толық игереді. Білім деңгейі балмен анықталады. Сондай-ақ жауаптар эталон үлгісі бойынша да бағаланады. Оқушының білімін бағалауда тест түрінде берілетін тапсырмалар уақытты үнемдеуге өте қолайлы болып есептеледі.Қорытындылай келе, математика пәнін үйретуді, оқытуды жақсы жолға қоюдың бірден-бір амалы ол заман талабына сай оқушы мен ұстаздардың мүддесінен шығатын модульдік технология бағытымен жазылған оқулық тарды жазу десек, осы оқулықпен жұмыс жүргізуде орта мектеп ұстаздарының қосатын үлесі өте көп болмақ, олар әрі оқулықты саралап, әрі салмақтап практикада қолданулары тиіс. Бұл сынақтарға көп уақыт керек.
3. Модульдік оқыту технологиясын сабақта қолдануСабақтарда модульдік оқыту технологиясын қолдану үшін пәннің белгілі бір тарауындағы оқу материалын бірнеше модульдерге бөлеміз(оларды блок деп те айтуға болады). Мысалы 8-ші сыныптағы геометрия пәніндегі «ұқсас үшбұрыштар» тарауын алып оны модульдерге бөлуді көрсетейік.Мұндай модульдерге бөлуде әрбір оқушының жас ерекшеліктерін ескеру, әрбір оқушы үшінде модульдер алынуы мүмкін. Біз төменде жалпы сынып үшін алынуы мүмкін болған жағдайларға тоқталмақпыз. Мысалдар келтірейік: VІІ –тарау. Ұқсас үшбұрыштар. §1,2,3
| Модуль құрылымы | Сағат саны | Модуль мазмұны | Уақыты |
| Кіріспе бөлімі | 1-2 сабақ | Жаңа сабақты түсіндіру.
| 10 мин. 10 мин. 30 мин. 15 мин. 25 мин. |
| Сөйлеу бөлімі. | 3-5 сабақ | Оқулық кітаппен жұмыс | 135 мин. |
| 6-7 сабақ | Жұптық жұмыс | 90 мин. | |
| 8 сабақ | «Қарлы кесек» ойыны немесе топтық жұмыс | 45 мин. | |
| 9-10 сабақ | Деңгейлік тапсырмалар | 90 мин | |
| 11 сабақ | Тесттік жұмыс | 45 мин. | |
| Қорытынды | 12 сабақ | Бақылау жұмыс | 45 мин. |
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбасы, сабақ модулі, топтық жұмысқа дайындалған үлестірме материалдар, магнитофон, интерактивтік тақта.Сабақ модульде белгіленген 8- сабақ, яғни топтық жұмыс.І. Тірек сызбасы бойынша қайталау жұмысы.1) Ұқсас үшбұрыштардың анықтамасы;2) Ұқсас үшбұрыштардың аудандарының қатынасы;3) Үшбұрыштар ұқсастығының белгілері,4) Тік бұрышты үшбұрыштың тік бұрышынан жүргізілген биіктіктін қасиеті;5) Үшбұрыштың орта сызығы;6) Үшбұрыштар ұқсастығының өмірде іс жүзінде қолданылуы.Бірнеше оқушыдан сұралады.Тірек сызбасы. 8- сынып, геометрия. Ұқсас үшбұрыштар §1,2,3Тірек сызбасы бірінші сабақтан бастап дайындалып тақтада ілулі тұрады, сабақ сайын сұралады. Осымен сабақтың І-бөлімі аяқталып, ІІ-негізгі бөлімге көшеміз.ІІ. Сыныптағы барлық оқушылар 4-5 оқушыдан А, В, С, Г, Д топтарына бөлінген.Топтағы оқушылар № 1, 2, 3, 4, 5 деп нөмірленген. Әр топқа 5 есеп жазылған бетте беріледі, есептер бәрінде бірдей.1-ші есеп. № 1 оқушы2-ші есеп. № 2 оқушы3-ші есеп. № 3 оқушы4-ші есеп. № 4 оқушы5-ші есеп. № 5 оқушыБарлық оқушыларға жұмыла қарауға, тапсырманы орындауға уақыт беріледі. Егер есеп шығару барысында көмек қажет оқушы болса, бір-біріне көмектесе алады, бірақ шығарып бермейді. Барлығы шығарып болған соң есептерін бір-біріне түсіндіреді. Бұрын шығарып болған топтарға қосымша тапсырма беріледі, Мысалы: №=581, 582.Барлық топтар жұмыстарын орындап болғаннан кейін №1 есебі бар оқушылар бір орынға... №5 есебі бар оқушылар бір орынға ауысады. Бұл оқушылардың есептері бірдей. Есептерін салыстырады. Есептердің шығарылуы графопроектордан көрсетіледі, оқушылар бір-бірінің дәптерлерін ауыстырып алып өздері баға қояды.Сабақ одан әрі «Брейн-ринг» ойынымен жалғасады. Оқушылар өз қалауларынша 4 оқушыдан топтасып отырады, әр топқа бағалау парағы және 4 ширекке бөлінген дөңгелек беріледі. Әр ширекте екі ауызша сұрақ, бір есеп қойылады. Отырған оқушылар әрқайсысы өз ширегін таңдап алады, І-ширектен бастап кезектесіп жауап береді, әуелі барлығы 1-ші сұраққа, содан кейін екінші сұраққа, содан кейін есеп, бағалау 0, 1, 2, 3, 4, 5 балл мен бағаланады. Егер оқушы сұрағын білмесе басқа оқушы жауап беріп өзіне балл оқушы дәл жауабын айтып баллдармен бөліседі. Бағаны оқушылар өздері қояды.
| | Оқушының аты-жөні | І-тапсырма | ІІ-тапсырма | ІІІ-тапсырма | Ортақ балл |
| 1 | | | | | |
| 2 | | | | | |
| 3 | | | | | |
| 4 | | | | | |