Файл: Сабата олданылатын дістсілдермен психологиялы тренингтер жинаы Интерактивті дріс.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 242
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ақ –анықталмаған көңіл-күй.
2а) Әр қатысушы өзіне ұнаған түрлі түсті фигураның біреуін таңдайды.
Қағаздың артына сол түске байланысты жазылған интерпритацияны оқиды. Мысалы: Алмас қызыл түсті таңдаса, онда Алмастың көңіл-күйі өте қуанышты күйде екенін білуге болады.
«Әнмен бой сергіту» жаттығуы
Жүргізуші танымал 3-4 ән аты жазылған қағаз таратады. (Әр әнге сондай қағаз саны тең келеді) Қатысушылар өзіне тиген ән әуенін жүріп ыңылдап салады. Ойынның міндеті өзі сияқты ән әуенін салып тұрған адамды іздеп тауып, қосылуы түптеп келгенде осындай үш, не төрт топ құралады. Мысалы: Азамат бригаданың әуенін салып тұрса Хадиша өз әуенін естіп Азаматпен бір топты құрайды.
«Мимикалық ситуация» жаттығуы
Қатысушылар үш топқа бөлінгеннен кейін олардың топ басшылары ортаға шығып карточканы таңдайды. Онда «Махаббат», «Бұзықтық», «Қызығушылық», тақырыптар берілген. Әр топ өз тақырыптарына байланысты мимика, панто-мимикалық ситуация құрайды. Қалған екі команда олардың басты тақырыбын табады.
«Ақ тілек» жаттығуы
Шардың ішіне түрлі тақырыпқа байланысты тілектер жазылады.
Қатысушылар өзіне ұнаған шарды таңдап алып, оны жарады. Шар ішіндегі тілекті оқиды.
«Менің көңіл-күйім» жаттығуы
Мақсаты: Адамның бет әлпеті арқылы оның ойын, сезімін айыра білуге үйрету. Сезімнің сыртқы көріністерін көрсете білу. Топта эмоциялық жайлылық қалыптастыру.
Сәлемдесу. «Өз күлкіңді шеңбермен көршіңе сыйла» жаттығуы. Шеңберде тұрып, «Мен саған өз күлкімді сыйлаймын, ал сен көршіңе сыйла» деп жалғастыру.
-
Әңгімелесу. «Көңіл-күй деген не?» Адамдарда қандай көңіл-күй болады? Көңіл - күйге не әсер етеді? Басқа адамның көңіл-күйін қалай анықтауға болады? Көңіл-күй құжатын ойлап табу. -
«Көңіл-күйіңді ауа-райына теңеп, суретін сал.» Өз эмоциясын сурет арқылы көрсете білуге үйрету. -
Оқушылар өз көңіл-күйін ауа - райына теңеп суретін салады. -
Ойын. Көңіл- күйім қандай тап? -
Бір оқушы ортаға шығып, көңіл-күйді эмоция арқылы көрсетеді, қалған балалар табу қажет.
Пікірлесу. Өз көңіл-күйіңді қалай өзгертуге болады? Қандай көңіл-күйде болғың келеді? Қандай көңіл-күй ұнайды?
«Мен және басқалар»кешенді жаттығу
Мақсаты: Қарым-қатынасқа түсе білуге үйрету
1- жаттығу «Сәлеметсіңдер ме?»
Мақсаты: эмоционалдық қарым-қатынас және эмоционалдық комфорт орнату.
Балаларға 3 түрлі әдіспен амандасу ұсынылады:
-
Қол алысу; -
Мұрындарын түйістіру арқылы; -
Құшақтасу;
Қазір біз бір-бірімізбен амандасамыз, бірақ амандасу әртүлі. Бірінші бір- бірімізбен қол алысайықшы. Ал енді мұрнымызбен амандасамыз. Соңында бір-бірімізбен құшақтасамыз.
2.Әңгіме «Мені қоршаған адамдар»: адамға жалғыз болу оңай ма? Достар не үшін қажет? Бірлесе не істеуге болады?
Пікіралысу.
2-жаттығу. «Жалғыз аяқ жол». Тыңдаушылар шеңберде тұрып, музыкамен қимыл жасауды бастайды.
«Төбе» деген бұйрық бойынша барлық тыңдаушылар шеңбер ортасына қарай қолдарын көтереді, ал «шұңқыр» деген бұйрық бойынша қолдарын бастарына қойып, шеңбер ортасына қарай жиналып отыра қалады. «Жалғыз аяқ жол» деген бұйрық бойынша, бірінің артына бірі тұрып, қолдарын алдында тұрған адамның иығына қойып, музыка ырғағымен жүреді.
Пікіралысу.
4-жаттығу. «Кішкентай суретші»
Мақсаты: Қоршаған адамдарға назар аудара білуін дамыту.
Қатысушылардың біреуі «суретші». Ол бір тыңдаушыны «натура» ретінде біреуін таңдап, теріс қарап «сурет салуды бастайды» (сөзбен портретін сипаттайды) Қалғандары бұл кім екенін шешулері қажет.
Жаттығуды талқылау.
«Мен қарым-қатынас жасаймын!» жаттығуы
Мақсаты: Тыңдаушылардың қарым-қатынас жасаудың адам өміріндегі маңызын түсінуге және бір-бірімен қарым-қатынасын жақсарту.
Сәлемдесу. Жаттығу «Көңіл-күймен бөліс» басқаның көңіл-күйін сезіне білуін дамыту.
Қатысушылар қолдарын ұстап, шеңбер жасап тұрады. Қоңырау шылдырлағаннан соң әркім өз көңіл-күйі туралы әсерлеп айтады, қалғандары бұл көңіл-күйді сезінуге тырысады.
Әңгіме «Қарым-қатынас деген не?»: Адамдар не үшін қарым-қатынас жасайды? Әр уақытта қарым-қатынас жасағың келе ме? Қалай қарым-қатынас жасауға болады? Қарым-қатынас жасағанда, қандай жағдаяттарды айта аласың?
«Құшақтасу» жаттығуы
Мақсаты: топты эмоционалдық біріктіру, эмоционалдық қатынас орнату.
Қатысушылардың біріншісі біреуін құшақтайды, екіншісі ол екеуін, үшіншісі ол үшеуін солай жалғаса береді, соңында үлкен құшақтасқан- шар пайда болады. Микротоп арасындағы пікірлесу жаттығуы.
«Өз қуанышың менсәтсіздігің жайлы бөліс» вербалді, вербальді емес сезіммен бөлісу әдістері арқылы коммуникативтік дағдыны қалыптастыру.
Қатысушылар үш-үштен бөлініп, топта өткен жұмада болған қуанышты жағдай туралы әңгімелеп айтады, сосын, мимика және жестпен ең ренішті уақиғаны көрсетеді. Пікіралысу.
«Адамдар не үшін дауласады?» жаттығуы
Мақсаты: Коммуникативтік дағдыны қалыптастыру, нәтижелі қатынас жасай білуді таңдай білу, басқаның сезімімен санаса білуге және коммуникация процесін әсерлі құруын дамыту.
1.Сәлемдесу. 2. Пікірлесу. «Адамдар не үшін ұрысады?.»
-Дау-дамай қайдан туындайды? Адамдар не үшін дауласады? Татуласу үшін
не істеу қажет?
«Дауласу». Психологиялық дискомфортты, агрессияны, төмендету, басқаның позициясын ескеруге дағдыландыру.Тыңдаушылар екі-екіге бөлініп, арқаларын түйістіріп, қолдарын айқастырып, бір-біріне ренжулі адамдар сияқты аяқтарын басады. Сосын бір-біріне қарап, татуласуға көңіл білдіреді (қолынан ұстап, құшақтауға болады)
«Бояулар» өз көңіл-күйін көрсетіп, басқаның жай-күйін сезіне білуін дамыту. Белгілі бір көңіл-күйге қандай түс сәйкес келетіндігін шешу. (мыс қызыл түс қандай көңіл-күйді білдіреді?, осылай әрбір түске қатысты көңіл күйді белгілеп алу) Сатушы мен сатып алушыны таңдап алып, қалғандары бояу болады. Әрбір тыңдаушы бір түсті таңдап, осы түске қатысты көңіл-күйді бейнелейді. Сатып алушы келіп, бояу-тыңдаушылар арасынан, өз көңіл- күйі бойынша өз бояуын таңдайды. Егер сатып алушы таба шеше алмаса, ол бояу болады.
«Шырмалу» топтық бірлестікті сақтауға тыңдаушыларды белсендідендіру. Санамақ арқылы басқарушыны таңдау. Ол аудиториядан шығады, қалғандары қолдарын ұстасып, шеңбер жасайды. Қолдарын босатпай шырмауық сияқты шырмалады, ал басқарушы қолдарын үзбей шешуі қажет.
«Мен бақыттымын!» жаттығуы
«Көңіл-күйіңмен бөліс» Қатысушылар дөңгеленіп, қолдарын ұстасып тұрады. Қоңырау шылдырлағанда, әркім өз көңіл-күйі жайлы айтады, қалғандары сезінуге тырысады.
«Күн шуағындағы менің сезімдерім» Өзін өзі-тану, өзін-өзі зерттеу. Қатысушыларға Күн салынған қағаздар таратылады. Күннің ортасына дәл қазіргі уақытта сезінгісі келетін қандай да бір сезімі жайлы суретін салу немесе сипаттау. Әрбір шуаққа бұл сезімді алу үшін не айтқысы немесе не істегісі келетіндігінің барлығын жазуға болады.
«Күн шуағындағы менің портретім». Өзін-өзі бағалауын, сенімділігін арттыру. Тыңдаушыларға Күннің суреті таратылады, тыңдаушылар күннің әрбір шуағына өз суреттерін салады.
«Маған өте қажет...» Өзіне деген сенімділікті арттыру, өзінтану. Тыңдаушыларға ұшатын шары бар аюдың суреті таратылады. Тыңдаушылар осындай шарды ұшырса, тілегі орындалатындығын елестете отырып, әрбір шарға тілектер жазады.
-
Мен тілеймін, менде....болғанын. -
Мен тілеймін, мағат қажетті .....болғанын. -
Мен тілеймін, -
Мен.......барғанымды. Мен тілеймін....
Өз сезімің бойынша «бақыт» деген не екенін сипаттап, суретін салу
«Сәлемдесу рәсімі» жаттығуы
Басқарушы. Менің қолымда оралған жіп. Мен бүгін сендердің көңіл-күйлерің қандай, қандай көңіл-күймен келдіңдерді білгім келіп тұр. Бірінші мен өзім туралы айтамын, сосын жіптің бір ұшын саусағыма байлап, көршіме ұсынамын, ол өзі туралы айтып, көршісіне береді. Жаттығу осылай жалғаса береді.
«Мен жақсы көремін...» жаттығуы
Басқарушыдан бастап «Мен ...жақсы көремін» (нені жақсы көретіндігі туралы айтып) деген фразаны аяқтап, шеңбер бойымен жіпті жібереді. Соңынан барлығына жіпті қозғап көргенде қалай созылатынын сезіну ұсынылады, бәрі бір жіпке байланысты сияқты.
«Түймедақ» жаттығуы
Әрбір тыңдаушы түрлі - түсті қағаздан жасалған дөңгелектерді алып, өз атын, туған күнін, не істегенді ұнататынын жазады. Сосын барлық дөңгелекшелерді ватманға жапсырады. Басқарушы: «Бұл дөңгелектер неге ұқсайды, адамдарға байланысты ақпараттар жеткілікті ме? Осындай жолмен сабаққа қатысушы әрбір адам жайлы ақпарат көз алдымызда тұрады.
«Бір затқа дейін қолыңды тигіз» жаттығуы
Басқарушы. Біз бүгін бір-бірімізбен жақынырақ таныстық, ал енді кім қандай киім кигенін және ол қандай түсті екенін мұқият қарап алыңдар. Мен «бір затқа қолыңды тигіз» дегенде, сендер көршіңе немесе басқа қатысушыға қолыңды тигізуің қажет.
Мыс. «Көк түске қолыңды тигіз!» Бастаймыз!
Тақтада сұрақтар тізімі
жазылып тұрады:
• Сенің жасың нешеде?
• Сенің мекен-жайың қандай?
• Сенің сүйікті фильмің, мультфильмің?
• Сүйікті асың?
•Сүйікті ойыншығың?
• Саған не істеген ұнайды?
• Саған не істеген ұнамайды?
Басқарушы допты лақтырып, қатысушыларға тақтада жазылған бір сұрақты береді. Ол жауап беріп, басқаға келесі сұрақты қояды.
Басқарушы барлық қатысушыларға допты бергенін және 2-3 сұрақтан қойылғанын қадағалап тұрады.
Қазір менің ішкі жан-дүнием қандай? «Ұлпалар» жаттығуы
Қатысушыларға әртүрлі көңіл-күйдегі ұлпалардың суреті салынған фигуралар таратылады. (көңілді, көңілсіз, ашулы т.б.) осылардың арасынан таңдап алып, өз көңіл- күйіне ұқсатып, ұлпаны бояу тапсырылады.
«Акула - күш беруші » жаттығуы
Еденге бірнеше «аралдар» сызылады. Басқарушы барлық қатысушыларға нұсқау береді. Сендер қазір барлықтарың балықтар боласыңдар. Сендер бөлмеде яғни, өзенде жүзесіңдер, ойнайсыңдар, көңілденесіңдер. Ал, мен «Акула!»-деп айғайлағанда, аман қалу үшін аралға секіріп шығасыңдар. Ал мен «акула кетті!» дегенде көңілденіп, жүзуді қайта бастайсыңдар. Акула әрбір келіп-кеткен сайын бір аралды алып тастау қажет. Ойынның соңында тек қана бір арал қалады , бірақ қатысушы балықтар неғұрлым көп сақталып қалуы тиіс.
«Көңіл- күйімді тап»жаттығу
Қатысушыларға әртүрлі көңіл-күй мен эмоциядағы суреттер таратылады. Қатысушы тез арада сұраққа жауап беруі тиіс: «Бұл қандай эмоция және көңіл-күй, адамдарда мұндай көңіл-күй қайдан болады? Сенде осындай көңіл-күй болды ма?» Осындай көңіл-күйді пантомимо арқылы көрсету, біреу көрсетеді, қалғандары қайталайды. Нақты, анық көрсетуге тырысу қажет (қимылды, мимиканы, белгілі бір сөзді қолдана отырып). Топтың қалған мүшелерінің міндеттері –бұл эмоцияны табу, басқа адамның уайымын сезіне білу, оны көре білу және шеше білу.
«Лимон және марғау» эмоциялық қысымды босаңсытуға арналған жаттығу
Басқарушы: көз алдарыңа елестетіңдер, оң қолымызға лимонды ұстап, оның шырыны шыққандай қатты сығуға тырысамыз. Жұдырығымызды түйіп қатты-қатты қысамыз. Шырынды шығардық! Ал енді бәріміз мысықтың баласы марғау сияқты боламыз, олар енді ғана оянды және керіліп жатыр. Жақсылап керіліп-созылды! Қолымызды жоғары көтеріп, оңға, солға, жоғары қарай тартыламыз, мойнымызды бұрып, арқамызды созамыз!
«Жел соғады...» жаттығуы
Басқарушы ойынды мына сөздермен бастайды: «Жел соғады..» Қатысушылар бірін-бірі жайлы көбірек білу үшін ойды келесідей сөздермен аяқтау қажет «Жел соғады қызыл түсті көйлек кигенге, немесе кімнің інісі, ағасы, апасы, сіңлісі барларға немесе тәттіні жақсы көретіндерге» Осы аталғандар топпен жиналып, жел соққан сияқты теңселіп, ағаштар сияқты қозғалып тұрады.
«Бізге жақсы болған кезде...» жаттығу
Өткен жаттығудың жалғасы ретінде, қатысушыларға төмендегідей сәттер болғанда өзімізді қалай сезінетінімізді еске түсіріп, мимика және пантомимамен көрсету ұсынылады. Басқарушы көрсетуге көмектеседі.
-
Бізге ұрысып жатыр; -
Бізді мақтап жатыр; -
Бізге қорқынышты; -
Бізге көңілді; -
Тақтада жауап беріп тұрмыз; -
«5» алдық; -
«2» алдық;
Жұмысты аяқтау, нәтижесін пысықтау.
(Оралған жіпті бір- біріне беріп...) «Мен армандаймын...»
Рефлексиялық әңгіме «Қалай өзгерді , біз не істедік?»
«Дәннен бастап-ағашқа дейін»жаттығуы
Тыңдаушыларға, олардың әрқайсысы үлкен болып өсіп ағашқа айналғысы келетін- кішкентай дәндер екенін елестетуді ұсынады. Міне олар өсіп жатыр. Ол бірінші ісінеді, сосын жер астынан өніп шығады, сосын жапырақтарын жаяды, өсіп-өніп, үлкен ағаш болады- өкшесін көтеріп жоғары қарай созылу, қолдарын жайып сабақ сияқты жайқалу.
«Менің қиялымдағы ғажап құс» жаттығуы
Барлық тыңдаушыларға қағаздан ғажап –құстың фигурасын жасау ұсынылады. Бұл қиялдауға, бір нәрсе ойлап шығаруға үйретеді.
Топтық жұмыс «Біздің қиялымыздың әлемі»
Қатысушылар ватманда қиял әлемін ойдан құрып онда өз құстарының фигурасын орналастырады. Өз құстарына ат қойып, қысқаша әңгіме құруды ұсынуға болады. Рефлексиялық әңгіме.
Аяқтау рәсімі.
«Алманы жұл» жаттығуы
Сенің алдыңда үлкен ғажайып алма өсіп тұр. Алмалар сенің нағыз төбеңде өсіп тұр –деп елестет., бірақ оны оңайлықпен алу мүмкін емес. Сенің оң жақ төбеңдегі үлкен алманы алу үшін, оң қолыңды неғұрлым жоғары көтеріп, аяғыңның ұшымен тұрып, тез терең тыныс ал, сосын алманы үзіп алып, жердегі шөптің үстіне қой да тынысыңды ақырын шығар. Келесі қолмен осыны орында.
«Басқа планета адамы» жаттығуы
Басқарушы басқа планета адамы рөлінде ойнайды. Ол сыныпта жүріп, бір затты көрсетеді (кітап, үстел, сөмке, көзілдірік т.б.) және бұл не екенін түсіндіруді сұрайды. Әрбір затқа түсініктеме қысқаша анықтамасын айтқанша жалғаса береді.
Басқарушы. Барлық жазушылардың қиялы өте бай болуы қажет. Сендер де қиялдап көріңдерші. Ұсынылған тақырыптың таңдаған біреуін алып, қиялдап, жаңа ертегі ойлап шығару. Ескі ертегінінің аяғын жаңаша аяқтау. (Мысалы: «Бауырсақ», «Шалқан», «Қасқыр және жеті лақ»)