Файл: Аса амор, ерекше Мейірімді Алланы атымен бастаймын!.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 28

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Аса қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын!

 

Баршамызды оразаға аман-есен жеткізген құдіреті шексіз Алла Тағалаға сансыз шүкірлер мен мақтау-мадақтар болсын! Екі дүние сардары болған Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға (с.а.с.) сансыз салауаттар мен сәлемдер болсын!
Қадірлі жамағат! «Қош келдің, Рамазан!» атты рухани кешімізді бастаймыз!

Кешімізді Қасиетті Құранмен бастау үшін, ортаға Құран аяттарын оқуға мешіт шәкірті Жансұлу тәтені шақырамын.
ҚМДБ төрағасы, бас муфти Наурызбай қажы Тағанұлының құттықтау сөзі видео ролик
Келесі кезекті әйел-қыздар жамағатын Қасиетті Рамазан айымен құттықтауға мешітіміздің бас имамы Әбілхан имамды шақырамын.
Рамазан – мұсылмандар үшін қасиетті және берекелі ай. Ислам таңы осы айда атып, дүниені жарығына бөлеген, ұлы кітабымыз Құран Кәрім осы айда түсе бастаған. Мың айдан да қадірлі болып есептелетін Қадір түні де осы айдың ішінде. Ішкі дүниемізді жаман ойлардан және сыртқы дүниемізді жаман әрекеттерден тазартатын ораза осы айда ұсталады.

Алла Тағала Құран Кәрімде: «Әй, мүминдер! Сендерге бұрынғыларға парыз қылғандай ораза парыз қылынды. Әрине сақтанарсыңдар» (Бақара, 183) , - деп бұйырады.

Экранға назар аударайық: видео ролик

Рамазан айы бүкіл мұсылманға берілген Алланың ұлы нығметтерінің бірі. Рамазан айының көптеген артықшылықтары мен ерекшеліктері бар. Сол артықшылықтарының кейбірін қарастырып көрсек:

  1. Рамазан айының оразасы Алла Тағала мен құлының арасындағы сыр. Әбу Һурайра (р.а.) риуаят еткен құдси хадисте: «Адам баласының әрбір істеген амалы өзі үшін. Тек оразадан басқа. Ораза ол тек Мен үшін, және оның беретін сыйын Өзім беремін» (Бухари, Муслим), - деп келтіріледі. Алла Тағала бізге не нәрсені тыйған болса, ол біздің пайдамыз үшін екендігі анық. Мәселен, ұрлықшы ұрлық жасауын қоятын болса, ең әуелі өзіне жақсы, кейін қоғамға да жақсы. Сондай-ақ, кім өтірік айтып, жалған сөйлеуден бас тартатын болса, бұл жағдайда да өзіне әрі өзге үшін жақсы болып табылады. Алла Тағаланың тыйым салған істерінің қайсыбірін алып қарасақ, адам баласы үшін қайыр бар екендігін байқауға болады. Жаман істерден тыйылу түсінікті. Ал күнделікті рұқсат болған, ішіп-жеуден тыйылудағы себеп неде деген заңды сұрақ туындайды. Осыған орай, Рамазан айындағы ұсталатын ораза мен осы айда орындалатын ғибадаттар бір Алла Тағаланың ризалығы үшін жасалатынын білгеніміз жөн. Мысалы, намаз оқушы намазын оқып жүрсе, айналасындағы араласатын адамдары оның намаз оқитындығын әрине біліп жүреді. Зекет беріп, садақа жасаушы адамның амалын да ел-жұрт естіп, біліп қояды. Қажылыққа барып қайтқан кісінің қажы екендігі жайында ағайын-туыс, көршілері хабардар болады. Ал, Рамазан айындағы оразаға тоқталатын болсақ, ораза ұстаушы адам «Мен оразамын!» деп, жария салып, өздігінен айтпайынша, оның аузы берік екендігін Алладан басқа ешкім білмейді. Сондықтан, Рамазан оразасы – Алла Тағала мен пенденің арасындағы құпия, сыр. Рамазан оразасы – ықылас ғибадаты. Егер белгілі бір елдімекенде жергілікті дәрігерлер, бір себептерге байланысты барлығына ораза ұстауға бұйыратын болса, тіпті оларды тексеріп, қадағалайтын қызметкерлерді бекітетін жағдайда, тұрғындар толық мойынсұнып, бұйрықты орындап, барлығы тегіс ораза ұстайды ма?! Бәлкім, бірі ораза ұстаса, бірі ұстамас, тексерушінің көзінше ішпей-жемей, көзден таса жерде тамаққа тойып алар?! Алайда, Рамазан айындағы оразаның жөні бөлек. Алла Құранда мұсылмандарға ораза ұстауға бұйырды. Ал, мұсылмандар болса, Алланың әміріне толық мойынсұнып, көпшіліктің ортасында жүрсе де, жеке өзі қалғанда да шынайы ықыласпен ораза ұстайды.

  2. Ораза айы кезінде мұсылман адам Алла Тағаланың ризалығы үшін ішіп-жеуден, күнә істерден тыйылады. Демек, Рамазан айындағы ораза – ықылас ғибадаты деп аталуына кәміл негіз бар. Рамазан оразасы мұсылманның нәпсі қалауын тәрбиелейді. Адам баласы күнделікті өмірінде қалағанынша тілімен сөйлейді, көзімен көреді, құлағымен естиді, тамақ жеп, сусын ішеді. Бірақ рамазан айында мұсылман адамның күнделікті әдетке айналған іс-әрекеттері түпкілікті өзгереді. Күнәға батпайын деп, айтатын сөздерін теріп сөйлейді, күндіз ішкен ас-тамақтарын енді күніне екі рет, сәресі мен ауызашар кезінде ғана ішіп жейді. Көздерін арам нәрсеге қараудан, құлақтарын арам нәрсе тыңдаудан, аяқтарын арам жерлерге барудан, қолдарын арам нәрсе ұстаудан толығымен тосады. Бұл дегеніміз, мұсылман адам осы Рамазан айындағы оразаның арқасында нәпсісіне иелік етіп, оны тәрбиелеп, өзіне толық бағындыратынын білдіреді. Алайда, ораза ұстап жүріп, нәпсісін тәрбиелемеген мұсылманға келетін болсақ, ондай адам үшін тұтқан оразасынан аш жүру мен шөлдеуден басқа ешбір амалы қалмайды. Бұл туралы Әбу Һурайра (р.а.) риуаят еткен хадисте Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Қаншама ораза ұстаушылар бар, оларда тек аш жүру мен шөлдеу ғана» (Ән Нәсәи, Ибн Мәжә), - деп ескертеді. Оразаның ақиқаты не нәрседе? Мұсылман адамды барлық жаман сипаттар атаулыдан толық тазарту. Оразаның себебімен бір мұсылман күнә істерді тәрк етіп, сауапты амалға бет бұрса, Ал, тағы бір мұсылман ораза ұстау арқылы тақуалық деңгейі жетістігіне жетеді. Бірде Алла Елшісі (с.ғ.с.) мінберге көтеріліп бара жатып, үш рет «Әмин» деген сөзді айтады. Сонда сахабалар ардақты Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) мұның себебін сұрайды. Осы оқиғадағы үш рет «Әмин» сөзінің біреуінің себебін Алла Елшісі (с.ғ.с.) былай деп түсіндіреді: «Рамазан айын өткізіп, күнәсі кешірілмеген адамның мұрны жерге сүрілсін», - дейді. Рамазан айы оразасы бойымыздағы күнәлардан тазаруға зор септігін тигізетінін осы хадистен ұғынуға болады.


Экранға назар аударайық: видео ролик

Исламның бес шартының үшіншісі – Рамазан айында ораза ұстау. Ораза ұстау, хижреттің екінші жылында парыз болды. Ораза – ниет етіп таң ағара бастағаннан кешке күн батқанша тамақ жемеу, ішпеу және ерлі-зайыптылардың жыныстық қатынаста болмауы дегенді білдіреді. Пай-ғамбарымыз тоғыз мәрте Рамазан оразасын тұтқан.

Ораза – бізді дүниеде жамандықтардан сақтайтын, ақыретте жәһаннамнан қорғайтын және күнәларымыздың кешірілуіне себепші болатын маңызды ғибадат. Пайғамбарымыз былай дейді: “Кімде-кім сене отырып, сауабын Алладан күтіп, Рамазан оразасын тұтса, өткен күнәлары кешіріледі”

ОРАЗАНЫҢ ПАЙДАЛАРЫ

а) Ораза мінез-құлығымызды түзейді:

Ораза үнемі Алланы есімізге салып тұрады, жауапкершілік сезімін арттырады. Жүрегімізді жаман сезім мен ойлардан тазартып, басқаларға жамандық жасаудан сақтайды. Ораза бізге жақсы мінез-құлық қалыптастырып, тіпті періште сияқты халге жеткізеді. Ораза көзді ха-рамға қараудан, тілді жалған  және жаман сөздерді айтудан, құлақты харам нәрселерді тыңдаудан, асқазанды харам нәрселер жеуден, қол мен аяқты жаман іске барудан қорғайды.

Оразаның парыз болуының хикметі – мұсылманның Алла алдындағы ғибадат міндеттерін орындау және жамандықтардан сақтану.

ә) Ораза адамның мейірімін және жәрдемдесу сезімін күшейтеді:

Өмірінде аштықтың не екенін білмеген ауқатты адам кедейлер көрген аштық пен қиыншылықты жеткілікті түсіне алмайды. Бірақ ол адам ораза ұстаса, аштықтың не екенін түсініп, кедейлердің қиыншылықтарын әлдеқайда жақсы сезініп, оларға деген мейірім-шапағат сезімдері оянады. Нәтижесінде кедейлерге қол ұшын беріп, қиыншылықтарын бөліседі.

б) Ораза адамдарға нығметтердің қадірін білуді үйретеді:

Адам қолында бар нығметтердің қадірін қолынан шығып кеткенде

ғана біледі. Бірақ болар іс болған соң оның еш пайдасы тимейді. Ораза

ұстау арқылы адам нығметтердің қадірін жақсы түсінетін болады. Бұл

сезім адамға қолындағы дәулет, нығметтердің қадірін біліп, оны бер-ген Аллаға көбірек шүкіршілік етуді үйретеді.

в) Ораза ұстау адамның денсаулығын жақсартады:

Бұл жайында пайғамбарымыз былай дейді: “Ораза ұстаңдар, дендерің сау болады.

Жылдың он екі айында ас қорытудан шаршап, бөгіп қалған денедегі асқорыту мүшелері оразаның арқасында демалады. Рамазаннан кейін жақсы жұмыс істейді. Ғалымдар оразаның денсаулық тұрғысынан организмге пайдалы екенін анықтаған.



Нобель сыйлығының иегері Француз ғалымы, доктор Алексей Корель ораза жайында былай дейді:

“Ораза кезінде денеде жинақталып қалған қоректік заттар іске қосылады. Содан кейін олардың орнына жаңалары келеді. Осылайша денеде жаңару іске асады. Ораза денсаулық тұрғысынан өте пайдалы”.

г) Ораза адамды сабырлы болуға үйретеді:

Ораза ұстау арқылы белгілі бір уақыт өзін ішіп-жеуден бас тартуға үйреткен адам өмірінде кездесетін ауыртпалықтар мен қиыншылықтарға сабырлық жасайды. Қайғы-қасіретке де төтеп бере алады. Керек болса дұшпанмен шайқасудан тайынбай, сол жолда кездесетін қиыншылықтарға төзе біледі.

ОРАЗА КІМДЕРГЕ ПАРЫЗ?

Оразаның парыз болуының шарттары мыналар:

1)    Мұсылман болу;

2)    Ақыл-есі дұрыс болу;

3)    Балиғатқа жеткен болу.

Балиғат жасына жеткен ақыл-есі дұрыс әрбір мұсылман ер-әйелге Рамазан айында ораза ұстау – парыз. Бұл Алла Тағаланың әмірі. Жас балаларға ораза ұстау парыз емес. Бірақ зиян келтірмейтіндей түрде балаларды бірте-бірте оразаға үйреткен абзал.

Әйелдер етеккір кезінде және нифастағы (босанған) әйел осы күндері біткенше ораза ұстамайды, намаз оқымайды. Бұл жағдайлар біткеннен кейін ұстай алмаған оразаның қарызын ұстайды. Яғни, қанша күн ұстамаса, сонша күн қазасын ұстайды. Бірақ намаздардың қазасын оқымайды.

СӘРЕСІ МЕН АУЫЗАШАРДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ

Сәресіге тұрып, тамақ жеу – мұстахаб. Пайғамбарымыз (с.а.у.): “Сәресінде тамақ жеңдер, өйткені сәресі тамағында береке бар” деген.4 Сәресі ораза ұстауға күш береді. Дұғалар қабыл болатын уақыт-тардың бірі – сәресі уақыты. Сәресіге тұрған адам тілектерін айтып, дұға етіп, Алла Тағаладан күнәларының кешірілуін сұрауы керек.

Оразасын ұстап, ауызашар уақытына жеткен адам үлкен бақытқа және қуанышқа кенеледі. Қиямет күні ұстаған оразасының сыйын алу үшін Алланың алдына барған кезде одан да үлкен қуанышқа қол жеткізеді.

Видео ролик

Осыған байланысты пайғамбарымыз (с.а.у.): “Ораза ұстаған адам үшін екі қуаныш бар: бірі – ауыз ашқан кез, екіншісі – Аллаға қауышқан кез” дейді.[4] Бұған қоса, пайғамбарымыз (с.а.у.) ауызашар уақытындағы дұғалардың кері қайтарылмайтынын, Алла тарапынан қабыл болатынын айтқан.

Видео ролик

ОРАЗАҒА ҚАШАН ЖӘНЕ ҚАЛАЙ НИЕТ ЕТІЛЕДІ?

Оразаның толық болуы үшін ниет ету шарт. Ниетсіз ораза қабыл етілмейді. Рамазан оразасында кешкі уақыттан бастап күн арқан бойы көтерілген уақытқа дейін ниет етуге болады.

Негізінде оразаға сәресіден кейін ниет етіледі. Бірақ сәресіде ояна алмай, тамақтана алмай уақыты біткенде оянған адам күн шығып кетсе, күн арқан бойы көтерілгенге дейін сол күннің оразасына ниет етсе болады. Тек таң атқаннан (сәресінің уақыты басталғаннан) кейін оразаны бұзатындай нәрсе жасамауы керек.


Сәресіге тұрғысы келмеген адам ертеңгі күннің оразасына ниет етсе, түнде тұрса, қайтадан ниет етпесе де болады. Ал бірақ сәресіге тұрып, оразаға ниет етуді ұмытып кетіп, таңертеңгісін есіне түскен адам да күн арқан бойы көтерілгенше ниет етсе болады. Осылай кеш ниет еткендердің оразаларында ешқандай кемшілік жоқ. Күн арқан бойы көтерілгеннен кейін оразаға ниет етуге болмайды. Рамазан айын-да ұстамаған оразаның басқа күндері қазасын ұстағанда, ниеттің түнде жасалуы шарт. Кәффәрат оразалары да осылай болады. Бұл оразаларға сәресіден кейін ниет ету дұрыс емес.

Ниет негізінде жүрекпен жасалады. Яғни түнде, ертең ораза ұстайтыны жайында ойлаған адам ниет еткен болып есептеледі. Ораза ұстау ниетімен сәресіге тұрған адамның бұл ойы да ниет болып есептеледі. Оразаға жүрекпен ниет ету жеткілікті. Бірақ жүрегімен қоса тілмен жеткізсе, одан да жақсы. Сондықтан ораза ұстайтын адам әрі жүрегімен, әрі тілімен ниет етіп: “Ниет еттім Рамазанның ертеңгі оразасын ұстауға” деп айтуы абзал.

РАМАЗАН ОРАЗАСЫН БАСҚА УАҚЫТТА ҰСТАУҒА РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ЖАҒДАЙЛАР

Рамазан айында себепсіз ораза ұстамау әрі күнә, әрі жазасы ауыр. Бірақ кімде-кім төмендегідей жағдайларда болса, Рамазан оразасын ұстамаса болады немесе бастаған оразасын бұза алады.

1) Науқастық: Ауру адам ораза ұстаған жағдайда ауруының ұзақ созылып кетуінен қорықса, ораза ұстамайақ қоюына болады. Денсаулығы жақсарғаннан кейін ұстамаған оразаларының қазасын ұстайды.

2) Сапарда жүру. Рамазан айында ең аз дегенде 90 км қашықтыққа сапарға шыққан адам ораза ұстамаса болады. Сапар аяқталысымен оразаларының қазасын ұстайды. Ораза ұстау қиындық туғызбаса, жолаушының ораза ұстағаны жақсы.

3) Қауіп төнген жағдайда: Өлтірілу немесе денесіне зиян келтіру қаупі туындаған кісі оразасын бұза алады. Бұзған оразасын кейін ұстайды.

4) Аяғы ауыр және бала емізген жағдайда: Аяғы ауыр немесе бала емізетін әйел кісі ораза ұстаған жағдайда өзіне және балаға зиян келуінен қорықса, ораза ұстамаса болады. Осы жағдайлар аяқталғаннан кейін ұстай алмаған күндерінің қазасын өтейді.

5) Қатты аштық пен шөл қысқанда: Ораза ұстаған адам аштық немесе шөл себебінен ақыл-есінен айырылып қалудан немесе денсаулығына зақым келуінен қорықса, оразасын бұзуына болады. Кейін қазасын ұстайды.

6) Қарттық және әлсіздік: Денесі күннен күнге шөгіп қуаты қайтқан, оразаға шыдай алмайтындай әбден қартайған адам ораза ұстамаса болады. Мұндай адамдар кейін де оразасының қазаларын ұстай алмайтындықтан әр күннің оразасының орнына фидия береді.


РАМАЗАНДА СЕБЕПСІЗ ОРАЗА ҰСТАМАУДЫҢ ҮКІМІ

Рамазан айында ораза ұстау – Алла Тағаланың әмірі. Мұсылмандар бұл әмірге мойынсұнуы керек. Егер бір мұсылман себепсіз Рамазан айында оразаға ниет қылмай, тамақ ішсе, ұстамаған күндерінің оразаларының қазасын ұстайды, кәффарат шарт емес. Өйткені кәффарат – ораза ұстамаудың емес, бастаған оразаны бұзудың жазасы.

Рамазан айында себепсіз ораза ұстамаған адам күнә істеген болады. Әрі Алла алдындағы жауапкершілігін орындамағаны. Сондықтан тәубе етіп, Алладан кешірім сұрап, көп кешіктірмей қазасын ұстауы шарт.

Видео ролик

Қадір түні араб тілінен аударғанда (ليلةُ القدر – ләйләтул-қадір) – қасиетті түн деген мағынаны білдіреді.  Бұл түн Рамазан айының соңғы он күнінің бірінде болады. Осынау түн жайлы Құран Кәрімнің «Қадір сүресінде» баяндалған. Жасалған ғибадаттың мың айға, яғни сексен үш жылға тең болуына байланысты мұсылмандар Рамазан айының соңғы он түнін түгелдей құлшылықпен өткізуге тырысады.

«Қадір» сөзі «абырой, бедел» мағынасын береді. Яғни, қадір түні – ұлық және аса қадірлі түн дегенді білдіреді. Мұндай жоғары дәрежеге лайық болуының себебі, бұл түннің салмағы мың айдан да қайырлы. Бұл хақында Құранда:

لَيْلَةُ الْقَدْرِ خَيْرٌ مِّنْ أَلْفِ شَهْرٍ 

«Қадір түні мың айдан да қайырлы»,[2] - деп баяндалады.

Алланың Елшісі (Алланың Оған салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: «Шын мәнінде, Қадір түні жер бетінде періштелер ұсақ тастардан да көп болады»

Қадір түнінің нақты күні жөнінде ғалымдар арасында көптеген пікірлер айтылған. Алайда олардың барлығы Қадір түнінің Рамазан айының соңғы он түндерінің бірінде екендігіне бірауыздан келіскен

Ол туралы Әбу Саъид Әл-Худри (р.а.), Алла Елшісінің (Алланың Оған салауаты мен сәлемі болсын) былай дегенін айтты:

الْتَمِسُوهَا فِي الْعَشْرِ الْأَوَاخِرِ مِنْ رَمَضَانَ لَيْلَةَ الْقَدْرِ فِي تَاسِعَةٍ تَبْقَى ، فِي سَابِعَةٍ تَبْقَى ، فِي خَامِسَةٍ تَبْقَى

 «Оны Рамазан айының соңғы он түндерінің әр тақ түнінен іздеңдер!»

Айша анамыз (р.а.), Алла Тағала оған разы болсын, былай деді: «Рамазанның соңғы он түні кіргенде пайғамбар (Алланың Оған салауаты мен сәлемі болсын) түндерді (намазда тұруымен) тірілтетін. Отбасын да (құлшылыққа) оятатын. Білегін сыбанып кірісетін еді»

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Рамазан айында шынайы сеніммен әрі ықыласпен түнді намаз оқып өткізген адамның бұрынғы күнәлары кешіріледі»