Файл: Білімге мтылу, ебексйгіштік жне отаншылды 5 сынып ткізген амиева Динара Жмагазыызы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 24
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық»
5 сынып
Өткізген: Қамиева Динара Жұмагазықызы
2022-2023 оқу жылы
Бекітілді ___________
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар
Тәрбие сағаты | «Білімге ұмтылу,еңбексүйгіштік және отаншылдық» | |
Күні | 1.09.2022ж | |
Класс жетекші: | Қамиева Д.Ж | |
Класс: 5 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын) | «Білімді жас ұрпақ ертеңіміз!» | |
Сабақтың мақсаты: | Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту; | |
Құндылықтарды дарыту | Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу; | |
Ресімдеу | Слайд,презентация | |
Музыкалық және бейне көркемдеу | интерактивті тақта, слайд | |
Үлестірмелі материалдар | мақал – мәтелдер жазылған плакаттар | |
Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер | Презентация | |
Дайындыққа арналған әдебиет | Интернет материалдары | |
Сабақтың барысы |
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Ресурстар Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары |
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин) | Амандасып,оқушылармен «шаттық» шеңберіне тұрады. «Танысу» әдісі қолданылады. «Менің елім- Қазақстан» тақырыбын өту барысында өз Отанымыз туралы ой – пікірлерін ортаға салады. | Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады. | Компьютер |
Сабақ басы (13 мин) | Қазақстан аумағы 2724,9 мың км²-ге тең. Жерінің көлемі жағынан Қазақстан дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттердің қатарына жатады.Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Аустралия, Үндістан жәнеАргентинадан кейін 9-орын алады. Біздің еліміз Франциядан 5 есе,Италиядан 9 есе, Англиядан 11 есе үлкен. Мысалы, республика жерінеҰлыбритания, Франция, Испания, Германия, Аустрия, Нидерланд жәнеЖапония мемлекеттері сыйып кетер еді. Қазақстан Еуразия материгінің орталығында орналасқан, екі дүние бөлігін қамтиды. | Оқушыларға бейнежазюа көрсетіледі Отанымыз Қазақстан қандай ел? Еркін , егеменді, бейбітшілік , тәуелсіз ,татулық , достық, бай, Білім мен ғылым, дамыған , мәдениетті, көпұлтты, т.б | Компьютер |
Ортасы (20 мин) | Әңгімелеу. «Тұжырымдамалық карта» әдісін пайдалана отырып, оқушыларға, «Еңбек» сөзіне жыл мезгілдеріне қарай еңбектің түрлерін жазып шығу және қорғау тапсырылады. Мақал-мәтел жалғастыр:
| 1Туған елдей ел болмас 2.Ормансыз бұлбұл 3.Өз елінде ұлтан бол 4.Ел – ердің анасы 5.оттанда ыстық | Презентация үлестірме қағаз |
Соңы | Кері байланыс Мен үшін еңбек ... (оқушылар осы сөйлемді аяқтай отырып, бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөліседі) «Құңдылық ағашы» әдісі арқылы бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөліседі. Стикерлер: Жасыл алма (ұнады) Сары алма (орташа) Қызыл алма (ұнамады) Стикерлерге жазып алма ағашына ілу. | | Комппютер Стикер |
Еңбек
Чапаев жалпы орта білім беретін мектебінің
«Білімге ұмтылу,еңбексүйгіштік және отаншылдық»
тәрбие сағатына байланысты
Анықтама
Қыркүйек айының бірі күні 5 «а» сыныбында тәрбие сағатының жоспары бойынша, «Білімге ұмтылу,еңбексүйгіштік және отаншылдық» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.Сынып сағатына 10 оқушы және 5 ата-ана қатысты.
Тәрбие сағатының мақсаты: жас ұрпақты отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту.
Сынып сағатының барысында «шаттық» шеңберінде тұрып, «таңысу» әдісі арқылы бір біріне жақсы қасиеттерін айтты. «Менің елім- Қазақстан» тақырыбын өту барысында өз Отанымыз туралы ой – пікірлерін ортаға салды. «Тұжырымдамалық карта» әдісін пайдалана отырып, оқушылар, «Еңбек» сөзіне жыл мезгілдеріне қарай еңбектің түрлерін жазып және қорғады. Мақал-мәтел жалғастырды. Ата-аналардың ойларын тыңдап, өз тұжырымдамаларын білдірді.
Тәрбие сағаты алға қойған мақсатына жетті.