Файл: Пікірнама ауланбеклы Нрдулет 4 курс студентіні 6В02141Дстрлі н мамандыы баытында дайындау бойынша сет Найманбаеті мірі мен шыармашылыы таырыбына бакалавриатты соы дипломды біліктілік жмысына. Зерттеуді зектілігі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Дипломная работа

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 16

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ

МӘДЕНИЕТ КОМИТЕТІНІҢ

«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР УНИВЕРСИТЕТІ»

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

ДӘСТҮРЛІ МУЗЫКАЛЫҚ ӨНЕР ФАКУЛЬТЕТІ

«ДӘСТҮРЛІ ӘН» кафедрасы

ПІКІРНАМА

Қауланбекұлы Нұрдәулет 4 курс студентінің «6В02141-Дәстүрлі ән» мамандығы бағытында дайындау бойынша «Әсет Найманбаетің өмірі мен шығармашылығы» тақырыбына бакалавриаттың соңғы дипломдық біліктілік жұмысына.

Зерттеудің өзектілігі: Дәстүрлі ән өнері өңірлік түрге бөлініп, мектептер қалыптаса бастады. Бұл әр бір өңірдің орындаушылық ерекшелігін, аспаптық орындау бағытын жіктеп көрсете алады.

Зерттеудің мақсаты:Әсет Найманбаетің өмір жолы мен шығармашылық жолын талдау.

Зерттеудің міндеттері:

- Әсет Найманбаетің өмірі мен шығармашылығын зерттеу;

- Әсет Найманбаетің ұстаздық әдістемесін талдау;

- Әсет Найманбаетің ән өнерінде алатын орнын анықтау;

- Әсет Найманбевтің әндерін жеткізушілер, шәкірттерін анықтау;

- Әсет Найманбаетің сөзіне жазылған әндерді талдау;

- Әсет Найманбаетің орындаушылығына талдау жасап, әншілік

келбетін ашу.

Зерттеудің нысаны: Дәстүрлі әншілік өнер.

Зерттеудің пәні:Әнші, композитор, ақын Әсет Найманбаевтің өмірі мен шығармашылық жолы.

Зерттеудің теориялық ғылыми және әдіснамалық негіздері:

Теориялық жұмыстарды, практикалық зерттеулерге байланыстыра отырып қорытынды шығару. Зерттеу барысында Арқа өңірінің мәдениеті жайлы нұсқаулық әдебиеттер, отандық музыканттардың және зерттеушілердің кітаптарына сүйене отырып, теориялық және эксперименттік жұмыстарды жүргізу.

Зерттеудің маңыздылығы: Дәстүрлі орындаушылық өнер, оның ішінде Арқа өңірінің әншісі Әсет Найманбаетің шығармашылық мұрасын толық зерттеу арқылы реферат түрінде немесе теориялық мәліметтер ретінде қарастыру арқылы студенттер мен ізденуші орындаушыларға пайдалы ақпараттар ұсыну арқылы маңыздылығы бар.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

- Әсет Найманбаетің шығармашылық жолын зерттеу арқылы орындаушылық ақпараттық айналымға мәліметтер қалдыру;

- Әсет Найманбаетің көпке мәлім болмаған шығармашылық мәліметтерін жариялау;

- Арқа өңірінің әншілік өнерімен жалпы оның ішінде Т.Сембаевтың өз төл туындысына және кәсіби орындаушы ретінде музыкалық талдау жүргізу;


- Әсет Найманбаетің орындаушылық ерекшелігі мен репертуарлық қорына талдау жүргізу.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, сурет, кесте, қосымшалардан құралады.

Кемшіліктер мен ескертулер: Жоқ.

Дипломдық жұмыстың болжамды бағасы: Студент алдына қойған мақсат мен міндеттерді толығымен орындады және оны « » бағаға бағалап, жұмыс авторы Қауланбекұлы Нұрдәулет «6В02141-Дәстүрлі ән» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алуға лайық деп санаймын.

Р.Бағланова атындағы мемлекеттік

Қазақконцерт концерт ұйымының әртісі,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қалқатаев Құмарбек Өкенұлы ________________ «______» __________2023ж.

(қолы) (айы)

Қауланбекұлы Нұрдәулет __________________ «______» ______________ 2023ж.

(қолы) (айы)