ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.11.2021

Просмотров: 82

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Клиникалық жағдай: Картагенер синдромы


Ситуация: Сіз – кезекші дәрігерсіз. Қабылдау бөлімшесіне 3 жасар кыз бала келіп түсті.

  • Анамнез жинап, науқасты қарап тексеріңіз.

  • Зертханалық – аспаптық зерттеудің нәтижелеріне интерпретация жасаңыз.

  • Диагноз қойыңыз.

  • Науқасты жүргізу тактикасын таңдаңыз.


Соңғы нәтиже (outcomes):

  • Тыныс алу ағзаларының ауруы бар науқасты сұрастыру және физикалды қарап тексеру.

  • Картагенер синдромының клиникалық диагностикасы

  • Клиникалық-зертханалық және аспаптық зерттеудің нәтижелеріне интерпретация жасау.

  • Картагенер синдромы бар науқасты жүргізудіңтәсілі;

  • Науқаспен тиімді қарым қатынас орнатып және қорқыныш сезімін басу.



«Картагенерсиндромының диагностикасы және жүргізу тәсілі»

клиникалық симуляцияның

БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ





Қадамдарды бағалаудың критерийлері




Оценка в баллах

Дұрыс орындады

Ескертулермен орындады

Орындамады

1

Шағымдарын сұрады, ауру анамнезін жинады. Барлық сұрақтар қойылдыма?

2,0

1,0

0

2

Физикалды тексеруді жүргізудің дұрыстылығы және кезектілігін сақтаужалпы қарау, тыныс алу, жүрек-қантамыр, асқорыту және зәр шығару жүйелерін зерттеу.

2,0

1,0

0

3

Тыныс алу жолдары ауруының физикалды тексеруінің дұрыстығы мен кезектілігі

2,0

1,0

0

4

Клиникалық симуляцияда берілген шарттарға сай симптомдардың дұрыс интерпретациясы.

2,0

1,0

0

5

Болжам диагнозды негіздеу.

1,0

0,5

0

6

Зерттеу жоспарын тағайындау.

1,0

0,5

0

7

Салыстырмалы диагностиканы жүргізу.

1,0

0,5

0

8

ЖҚА интерпретациясы

1,0

0,5

0

9

Кеуде торы рентгенограммасыныңинтерпретациясы

1,0

0,5

0

10

Жоғарғы жақ қойнаулары рентгенограммасының интерпретациясы

1,0

0,5

0

11

Құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ интерпритациясы

1,0

0,5

0

12

Қорытынды диагнозды негіздеу.

1,0

0,5

0

13

Емдеу тәсілін негіздеу.

2,0

1,0

0

14

Ем нәтижелігін бақылау

1,0

0,5

0

15

Науқаспен тиімді қарым –қатынас орнату

1,0

0,5

0


Барлық бал саны

20





Стандартты әртіске (науқасқа) арналған сценарийдің мәтіні және оның рөлінің түсініктемесі:


Қыз бала, 3 жасар.

Шағымдары: іріңді қақырықтың бөлінуімен,әрдайым ылғалдыжөтел, мұрынмен тыныс алуы қиындаған, ентігу, әлсіздік, тез шаршағыштық..


Сұрақтың мәні

Әртіске арналған сұрақтар

Жауап

Жөтелдің сипатын нақтылау

Жөтел тұрақты ма?Қашаннан бері жөтел мазалайды?

Жөтелі күні бойына. Бірінші рет жөтелі өте ерте жасында пайда болды, ешқашан кетпейді.

Қақырықтың сипатын нақтылау

Қақырықтың түсі қандай? Бөлінген қақырықтың мөлшері қандай?

Қақырығы сарғыш – жасылтүсті. Үнемі бөлініп тұрады, көп мөлшерде.

Қосымша шағымдар

Қосымша қандай шағымдар мазалайды?

Мұрынмен тыныс алудың қиындауы, мұрыннан іріңді бөліністердің бөлінуі, әлсіздік, апатия, тәбеттің төмендеуі.



Науқастың ауру анамнезінен: қыз бала өмірінің алғашқы айларынан бастап ауырады. Мұрнынан іріңді бөліністердің бөлінуі, тыныстың қиындағандығы байқалды. Өмірінің 6-шы айында алғаш рет созылыңқы ағымдағы пневмония диагностикаланды. 1 жас пен 2 жасында пневмония қайталанған. 1 жасына дейін 3 рет отитпен ауырған. Екінші жарты жылдығында жиі ЖРВИ. Балада дене салмағына қосуы төмендегендігі байқалды.

Өмір анамнезінен: Бала 2 жүктіліктен, жүктіліктің бірінші жартысында шамалы токсикозбен өткен, екінші уақытылы туыттан (үлкен ағасында созылмалы бронхөкпелік үрдіс, гайморит). Туғандағы салмағы 3500гр., бойы 51см, 1 жасқа дейін табиғи қоректендіруде болған. Салмағын нашар қосқан. 1 жаста салмағы – 9 кг, 2 жаста – 10,5 кг.

Объективті:

Түскен кездегі салмағы 11 кг. Бала әлсіз, апатиялы. Тері жамылғысы бозғылт, мұрын ерін үшбұрышының цианозы, акроцианозы бар. Мұрынмен тыныс алуы қиындаған, мұрын жолдарынан іріңді бөліністер бөлінеді. Саусақтары «дабыл таяқшасы» тәрізді, тырнақтары «сағат шынысы» түрінде. ТЖ - 32 рет 1 минутта. Тыныштық жағдайда ентігу байқалады, дене жүктемесінен кейін ентігу күшейеді. Кеуде қуысы деформацияланған - сол жағы жалпайған. Перкуторлы өкпеде көбіне өкпе түбірінде дыбыстың тұйықталуы естіледі. Аускультативті–екі жақты әртүрлі калибрлі ылғалды сырылдар. Жүрек шекаралары – оң жағы: оң жақты бұғана сызығы бойынша. Төстің сол жағында. Жүрек үндері ырғақты, оң жақта анық естіледі, жұмсақ систолалық шу естіледі, өкпе артериясында 2 үнніңакценті естіледі.ЖЖЖ - 100 мин. Бауыры +2 см сол қабырға асты доғасынан шығыңқы. Көкбауырдың қыры оң жақтан пальпацияланады. Іші жұмсақ, пальпацияланады.


1.Жалпы қан анализі

Эритроциттер - 3,2x1012

Гемоглобин - 115 г/л

Лейкоциттер - 9,8х109

Нейтрофилдер:

Таяқша ядролылар10 х 109

Сегментті ядролылар52х 109

лимфоциттер28х 109

эозинофилдер1х 109

моноциттер– 9х 109

ЭТЖ - 18 мм/сағ.



2.Жалпы зәр анализі

Салыстырмалы тығыздығы – 1014

Түсі – сабан/сары

Мөлдірлігі - мөлдір

Белок – теріс.

Л – 1 – 3 к/а

Эр – 0 – 1 к/а


Кеуде қуысының рентгенограммасы:




Қортынды:Өкпе және құрсақ қуысы ағзаларының теріс орналасуы, оң жақты пневматизацияның төмендеуі.





Жоғарғы жақ қойнауының рентгенограммасы



Қортынды : Жоғарғы жақ қуысының екі жақты қараюы, сол жақта көбірек.



Құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ:


Бауыры: контуры тегіс, анық. Құрылымы біртекті. Эхотығыздығы орташа. Бауыр ішілік өт өзектері кеңеймеген.

Өт қапшығы: сопақ пішінді, қабырғалық өт.

Ұйқы безі: контуры анық, эхоқұрылымы біртекті, эхотығыздығы орташа.

Көк бауыры: контуры тегіс, эхоқұрылымы біртекті, эхотығыздығы орташа.



УДЗ бойынша қосымша ерекшеліктері: бауыры, өт қапшығы, ұйқы безі, көк бауыры қарама қарсы орналасқан.







«Картагенер синдромының диагностикасы және науқасты жүргізудің тәсілі»

медициналық симуляцияның жауап эталоны


Қадамдарын бағалау критерийлері

Жауаптар эталоны

1

Шағымдарын сұрады, ауру анамнезін жинады.

Барлық сұрақтар қойылдыма?

Жөтелдің сипатын нақтылау

Қақырықтың сипатын нақтылау

Анамнез morbidetvitae

Отбасылық анамнезі

2

Физикалды тексеруді жүргізудің дұрыстылығы және кезектілігін сақтаужалпы қарау, тыныс алу, жүрек-қантамыржүйелерін зерттеу.

Түскен кездегі салмағы 12 кг. Бала әлсіз, апатиялы. Тері жамылғысы бозғылт, мұрын ерін үшбұрышының цианозы, акроцианоз. Саусақтары «дабыл таяқшасы», тырнақтары «сағат шынысы» түрінде.Кеуде қуысы деформацияланған- сол жағы жалпайған. Перкуторлы өкпеде көбіне өкпе түбірінде дыбыстың тұйықталуы естіледі. Аускультативті – екіжақты әртүрлі калибрлі ылғалды сырылдар. Жүрек шекаралары – оң: оң жақты бұғана сызығы бойынша. Төстің сол жағында. Жүрек үндері ырғақты, оң жақта анық естіледі, жұмсақ систолалық шу естіледі, өкпе артериясында 2 үнніңакценті естіледі.ЖЖЖ – 120 рет мин.

3

Тыныс жолдары ауруының физикальды тексеруінің дұрыстығы мен кезектілігі

ТЖ - 32 рет 1 минутта. Шамалы дене жүктемсінен кейін ентігу. Кеуде қуысы деформацияланғансол жағы жалпайған. Перкуторлы өкпеде көбіне өкпе түбірінде дыбыстың тұйықталуы естіледі. Аускультативті – екіжақты әртүрлі калибрлі ылғалды сырылдар.

4

Клиникалықсимуляцияда берілген шарттарға сай симптомдардың дұрыс интерпретациясы.

Интоксикация белгілерін, бронхоөкпелік үрдістің созылмалы ағымының белгілерін анықтады, сонымен қатар жүрек – қан тамырлар жүйесінің ауытқуын анықтады.

5

Болжам диагнозды негіздеу.

Туа біткен бронх өкпелік жүйенің ақауы

6

Тексеру жоспарын тағайындау.

ЖҚА, кеуде қуысының рентгенографиясы, гаймор қойнауының рентгенографиясы.

7

Салыстырмалы диагностика жүргізу.

Бронх өкпе жүйесінің туа біткен ақауымен,муковисцидозбен, біріншілік иммунды тапшылықпен

8

ЖҚА интерпретациясы

Қабыну үрдісі: лейкоцитоз, нейтрофилез, ЭТЖ жоғарылаған.

ЖЗА:өзгермеген.

9

Кеуде торы рентгенограммасының интерпретациясы

Өкпе және құрсақ қуысы ағзаларының теріс орналасуы, оң жақты пневматизацияның төмендеуі.

10

Құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ интерпритациясы

Бауыр, өт қабының, ұйқы безінің, көкбауырдың теріс орналасуы.

11

Жоғарғы жақ қойнауларырентгенограммасының интерпритациясы

Жоғарғы жақ қуысының екіжақты қараюы, сол жақта көбірек

12

Қлиникалық диагнозды негіздеу.

Туа біткен даму ақауы. Картагенер синдромы

13

Емдеу тәсілін негіздеу.

Антибактериальды терапия;

Бронхтардың дренажды қызметін қамтамасыз ету (муколитиктермен, қақырық шығаратын дәрелермен ингаляция,постуралды дренаж, ЕДШ, кеуде қуысын үгу);

эндобронхиальды антибиотиктерді жіберумен емдік бронхоскопия, өкпе, жүрек трансплантациясых

14

Емдеу тиімділігін бақылау

Интоксикация симптомдарының қайтуы, жалпы жағдайының жақсаруы, тәбетінің бар болуы, қозғалыс белсенділігінің жоғарылауы.

15

Науқаспен тиімді қарым –қатынас орнату

Науқаспен тиімді қарым –қатынас орнату, қорқыныш сезімін басу.




Симуляцияның жабдықталуы:

  1. Есебі бар парақ, әртіске арналған сценарий, қадамдарды бағалаудың критерийлері.

  2. кеуде қуысы ағзаларының рентгенограммасы,

  3. ЖҚА

  4. құрсақ қуысының УДЗ нәтижелері.

  5. гаймор қуысының рентгенограммасы,

  6. Фонендоскоп, тонометр


1. әртіснауқас.


Жағдай: оқу бөлмесіқабылдау бөлімі.

1. Кушетка-1

2. Аспаптарға арналған үстел -1

3. препараттармен медициналық шкаф (физ.ерітінді, цефтриаксон, лидокаин, шприц, мақта, спирт).


Құрастырған: Давлетгильдеева З.Г.

Аударған: Жунусова А.Ж.

Рецензент: м.ғ.д. Қатарбаев А.Қ.

Бекіту күні және ББК мәжілісі хаттамасының номер і: №6 хаттама, 25.02. 2014 ж.











4 беттің 4 беті