Файл: йымдастырылан ісрекет технологиялы картасы Математика негіздері.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 26
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ұйымдастырылған іс-әрекет технологиялық картасы
Математика негіздері
Ұйымдастырылған іс-әрекет Тақырыбы: «Қызықты математика әлемі» | Жетекші орта жалпы білім беру мектебі | ||||
Күні: 29.03.2023 | Педагогтың аты-жөні:Ыдырыш Рахила | ||||
Мектепалды даярлық сыныбы/ топ | Қатысушылар саны:14 | Қатыспағандар сан:1 | |||
Міндеті: 10 санының құрамын анықтай білуге дағдыландыру. 10 санынан бастап бір-бірден шегеріп отырып, кері қарай 0-ге дейін санау, салыстыру,Ақыл-ой белсенділігі күшейту,шапшаңдыққа,алғырлыққа,тапқырлыққа тәрбиелеу,геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту,сұрақтарға толық жауап беру дағдыларын қалыптастыру.Балалардың білімге деген қызығушылығын арттыру, бірлікке, татулыққа тәрбиелеу | |||||
Оқу іс-әрекет кезеңі | Педагогтың іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті | Ресурстар | ||
Мотивациялық қозғаушылық кезең 0-2 минут | Балалар ортаға «Көктемде,көктемде» әнін айтады | «Көктемде» өлеңін орындайды Екі топқа бөлініп отырады | | ||
Ұйымдастырушылық – ізденушілік 1 минут | Балалар бір жылда неше мезгіл бар? Қазір жылдың қай мезгілі? Көктем мезгілінде неше ай бар? Қандай айлар бар?Атап беріңдерші | Бір жылда 4 мезгіл бар Қазір көктем мезгілі Көктем мезгілінде үш ай бар Наурыз,сәуір,мамыр | | ||
Ұйымдастырылған іс-әрекет 3-27 минут | Балалар,олай болса біз бүгін сендермен көктем айларына саяхатқа шығамыз. Осы саяхатқа барар жолында көптеген қызық тапсырмаларды орындауға дайын болыңдар!Белсенді болыңдар Саяхатқа шығу үшін қандай көлік түрімен шығамыз,пойздбен бе?әлде көлікпен бе? ***Наурыз айына саяхатқа шығамыз (Балалар қолдарындағы белеттің түсі бойынша отырады) Наурыз айы сендерге көптеген тапсырмалар беріліпті,қанеки балалар орындауға дайынбыз ба? 1-Сандарды жалғастырып айт 2.Алақан ойыны:екі бала шығды мен айтқан сандарды осы алақан көмегімен кім тез табады? 5,2,9,4,7,1,3,6 3. Гүлдердің ыдысын тап ойыны ***Ал енді балалар Сәуір айына саяхатымызды жалғастырамыз: Балалар біз сәуір айының геометриялық пішіндер аялдамасына келдік 1-тапсырмасы Қандай пішін? Көзі байлаулы бала пішінді сипап сезу арқылы табады Бір бала ортада тұрған материялдың ортасындағы тесікке кіріп,жан-жағындағы пішіндерді көзі байлаулы күйінде тұрып ,қолмен ұстап сезу арқылы табады. 2-тапсырма Танграм ойыны:Пәшіндерден бейнені құрастыр 3-тапсырма Ризинкадан пішін құрастыр ойыны: Түрлі түсті ризинкалар беріледі,мен пішінді айтамын сендер сол пішінді жасайсыңдар -Балалар саяхатымызды ары қарай жалғастырамыз Мамыр айының логикалық сұрақтар аялдамасына келіп жеттік 1- тапсырма : Суреттермен есептер берілген сол есептерді тез-тез шығарамыз мен сендерге құм сағатымен уақыт қоямын,сол уақыт біткенше жасап боламыз,кім тез жасайды сол бала бірінші болады. 2-Тапсырма Суреттегі заттарды салыстыр(үлкен-кішіні ажырату) Балалар сендер көптеген тапсырмаларды орындағандықтан көктем мезгілі бір сыйлық әкеліпті,ол силық бір жерде жасырынып тұр,оны табу үшін осындай бағармен жүріп табуларың керек | Балалар шеңберге тұрып, тәрбиешіні тыңдайды Тапсырмалады орындаймыз Саяхатқа пойздбен шығамыз Балалар сандарды кезекпен айтып шығады Сандарды тура және кері санайды Берілген тапсырмаларды орындайды Көзі байлаулы бала қай піші екенін табады Балалар тапсырманы орындайды Ризинкалардан пішіндерді құрастырды Берілген есептерді суреттер арқылы шығарады Берілген бағдармен силықты табады | Сандардың Таңбасы Гүлдердің суреттері және сандар таңбасы Целлофанға жапсырылған пішіндер Танграм ойыны бойынша үлгіге қарап бейнелерді құрастырады Әр түрлі түске боялған ризиналар А4 форматтағы жазылған суретті есептер | ||
Рефлексиялық –түзетушілік 27-30 минут | Қорытынды: - Балалар, сендерге бүгінгі саяхатымыз ұнады ма? Қандай тапсырмаларды орындадық? Кімге қай тапсырма ұнады? Шеңбермен тұрады,силықтарды беру | Берілген сұрақтарға жауап береді Сыйлықтарды т аратып беру | |
Жетекші орта жалпы білім беру мектебі
Ашық сабақ
Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту
Математика негіздері
Тақырыбы: «Қызықты математика әлемі »
Мектепалды даярлық 0 «А» сынып
Мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі:
Ыдырыш Ракила
2022-2023ж