Файл: KZ Патофизиология учебник.pdf

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.11.2021

Просмотров: 5564

Скачиваний: 10

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
background image

 

236

 

Содан  біртіндеп  ашығудың  төртінші  салдану  кезеңі  дамиды. 
Ашыққан  организм  терең  комадан  жан  тапсырады.  Бұл  кезде 
тыныс  алу  орталығы  мен  қан  тамырларының  қимылдық 
орталығының  салдануы  болып,  жүрек  соғуы  мен  тыныс  алу 
тоқтайды. 

 Бұл 

көрсетілген 

жіктеуге 

қарағанда, 

ашығудың 

кезеңдерін  ажырату  үшін  ол  кездердегі  заттар  мен  энергия 
алмасу 

ерекшеліктерінің 

жағдайларына 

қарай 

патофизиологиялық  ажырату

  маңыздырақ  болады.  Осыған  орай 

ашығудың үш кезенін ажыратады: 

1. энергияны үнемсіз пайдалану кезені;  
2.  энергияны  үнемдеп  пайдалануға  жақсы  икемделген 

кезең;  

3. тіндердің ыдырауы, жануарлардың уыттануы мен өлуіне 

әкелетін ақтық кезең. 

Жануарлардың  гүрлеріне  қарай  әр  кезеңнің  ұзақтығы  да 

әртүрлі  болады.  Адамда  бірінші  кезең  3-4  күнге,  екінші 
кезең  40-50 күнге, үшінші кезең 3-5 күнге созылады. 

Сонымен қатар ашығудың кезеңдеріне орыс ғалымдары Г.Ф. 

Ланг  және  А.Л.  Мясников  ХХ-ғасырдың  40-шы  жылдарында 
ұсынған  жіктеме  назар  аударарлықтай  деуге  болады.  Бұл 
ғалымдар  ашығудың  кезеңдерін  клиникалық  көріністеріне 
қарай  ажыратқан.  Олар  ашығудың  өту  ерекшеліктеріне 
байланысты үш кезеңді бөлген: 1-ші жеңіл немесе емханалық, 
2.  ораша  дәрежелі  немесе  ауруханалық  (аруханада  жатып 
емделуді қажет ететін), 3. ауыр, қайтымсыз кезең 

Жеңіл  немесе  емханалық

  кезең  кезінде  организмге 

қажетті  энергия  көмірсулары  мен  майлардың  тотығулары 
есебінен түзіледі. Бұл кезде организмнің жалпы және рухани 
әлсіздігі,  қол  және  ой  жұмыстарына  әлсіреуі,  дене 
салмағының  20%-ға  азаюы,  мезгіл-мезгіл  дененің  ісінуі 
байқалады.  Бірақ  организмде  витаминдердің  жетіспеушілігі 
әлі байқалмайды. Адамның қарын ашу сезімі және тамақ ішуге 
деген  талпынысы  сақталады.  Тамақ  ішкеннен  кейін  ол  жақсы 
қорытылады. 

Орташа  дәрежелі  немесе  ауруханалық 

кезеңі  кезінде 

энергия  түзу  үшін  қан  мен  бұлшықеттердің  нәруыздары 
пайдаланыла  бастайды.  Дене  салмағының  кемуі  20-40%-ға 
жетеді.  Нәруыздық-энергиялық  жеткіліксіздік  квашиоркор 
түрінде  болғанда  дененің  ісінуі  болады.  Қатты  әлсіздік, 
мезгіл-мезгіл  іш  өтуі,  көптеген  витаминдердің  жетіспеуі, 
адамның селқостығы байқалады. Қарын ашу сезімі бәсеңдейді. 
Өйткені денеде майлардың азаюынан май жасушаларымен, қарын 
ашу  сезімін  туындататын,  цитокин  -  кахексин  өндірілуі 
кемиді.    Бұл  кезде  ішкен  тамақтың  қорытылуы  нашарлайды. 
Сондықтан  ашыққан  адамды  қоректендірудің  арнайы  тәртібі 


background image

 

237

 

қажет болады. 

Ауыр,  қайтымсыз  кезеңі 

  кезінде  дене  салмағы  40%  -

астам  жоғалады,  ауыр  авитаминоздар  дамиды,  салдарлық 
жұқпалардың  қосылуы,  дененің  күп  болып  ісінуі  (анасарка), 
іш 

өтуі, 

ішкі 

ағзалардың 

дистрофиялық 

бүліністік 

өзгерістері  байқалады.  Бұл  кезде  ішкен  тамақ  мүлде 
қорытылмайды. 

 

АШЫҒУДЫҢ НЕГІЗГІ  КӨРІНІСТЕРІ.

 

Ашыққан организмде мидағы тағамдық орталықтың қозуынан 

қатты  қарын  ашу  сезімі  ерте  пайда  болады.  Артынан  толық 
ашыққан  организмде  бірнеше  күннен  кейін  бұл  орталықтың 
тежелуінен 

аштық 

сезімі 

жоғалады. 

Асқа 

жарымаған 

организмдерде  аштық  сезімі  жоғалмай,  ұдайы  сақталып 
қалады. 

Ашығудан  дене  массасы  азаяды.  Оның  бірінші  кезеңінде 

энергияны  үнемсіз  пайдаланудан  дене  салмағының  азаюы  тым 
қатты  болады.  Екінші  кезеңінде  дене  салмағының  азаю 
қарқыны  біршама  төмендейді  және  тәулігіне  0,5-1%  ғана 
болады.  Сондықтан  дене  салмағының  алғашқы  мөлшері  белгілі 
болса,  күнделікті  оның  азаю  мөлшерін  есептеп,  ашығудың 
ұзақтығын 

шығаруға 

болады. 

Үшінші 

кезеңінде 

дене 

салмағының  азаюы  қайтадан  артады.  Бұл  кезде  ішкі 
ағзалардың  салмағы  әртүрлі  мөлшерде  азаяды.  Май  тінінің 
салмағы  97%-ға,  көкбауыр  60%-ға,  бауыр 

-  54%-ға, 

бұлшықеттер  -  37%-ға,  қан  -  26%-ға,  бүйрек  -  25,9%-ға, 
жүрек - 3,6%-ға азаяды. 

Ашығудың 

6-8-інші 

күндері 

организм 

тіндерінің 

ыдырауынан  олардың  нәруыздары  асқазан  сөліне  түседі.  Олар 
асқорыту  сөлдерімен  амин  қышқылдарына  дейін  ыдыратылып, 
қанға  сіңіріледі  және  организмге  қажетті  нәруыздар  түзуге 
қайталап 

пайдаланылады. 

Ашығудың 

алғашқы 

күндері 

организмде  гликолиздік  және  липолиздік  ферменттердің, 
артынан трансаминдеу ферменттерінің белсенділігі артады. 

АШЫҒУ КЕЗІНДЕП ЗАТТАРДЫҢ АЛМАСУЫ

.

 

Ашығудың  бірінші  кезеңінде  көмірсуларының  ыдыратылуы 

басым  болады.  Сондықтан  тыныстық  көрсеткіш  1-ге  жақындап, 
жоғарылайды.  Қанда  глюкозаның  деңгейі  3  ммоль/л-ден  астам 
төмендейді.  Осыдан  үйқы  безінің  жасушалары  глюкагонды 
артық  өндіреді,  бета  жасушаларымен  инсулиннің  өндірілуі 
азаяды. 

Бұл 

кезде 

стресс 

дамып, 

глюкокортикоидтық 

гормондардың  өндірілуі  артады,  глюконеогенез  күшейеді. 
Бауырда гликогеннің қоры азаяды. 

Ашығудын  бірінші  кезеңінің  басында  негізгі  алмасу 

біршама  көтеріліп,  артынан  10-20%-ға  төмендейді.  Ол  осы 
төмендеген  деңгейде  ашығудың  екінші  кезеңінде  сақталады, 


background image

 

238

 

үшінші  кезеңінде  одан  ары  біршама  көтеріледі.  Негізгі 
алмасудың 

төмендеуі 

организммен 

энергияны 

үнемдеп 

пайдалануды  көрсетеді  және  ол  қалқанша  бездін  қызметі 
әлсіреуіне 

байланысты 

дамиды. 

Бұл 

кезде 

бауырда 

аминқышқылдарының  дезаминденуі,  трансаминденуі  әлсірейді, 
олардың түзілуі баяулайды. Организмде нәруыздардың ыдырауы 
басым болуынан теріс азоттық тепе-теңдік байқалады. 

Ашығудың  ең  үзақ  екінші  кезеңінде  тыныстық  көрсеткіш 

0,7-ге  дейін  төмендейді.  Бұл  майлардың  басым  тотығуын 
көрсетеді.  Организмге  қажетті  энергияның  80%-нан  астамы 
майлардың  тотығуынан,  13%  нәруыздардың  және  бар-жоғы  3% 
ғана көмірсуларының тотығуынан алынады. 

Организмдегі  гликогеннің  барлық  қоры  6  сағат  ашығуға 

ғана  жетеді.  Артынан  майлардың  тотығуы  артады.  Бос  май 
қышқылдары  қанға  т.  б.  ішкі  ағзаларға  түседі.  Бауыр  мен 
бұлшықеттерде 

бос 

май 

қышқылдары 

көбейіп, 

олар 

митохондрийларға 

енеді. 

Бауырда 

майлар 

мен 

май 

қышқылдарының 

көптігіне 

қарамай, 

онда 

нәруыздардың 

тапшылығынан липопротеидтер аз өндіріледі. Сондықтан бауыр 
жасушаларында  үшглицеридтер  жиналып,  майлық  сіңбелер 
(инфильтрация) пайда болуы мүмкін. 

Майлар 

аяғына 

дейін 

толық 

тотықпауынан 

ашыққан 

организмде  кетондық  денелер  жиналып  қалады.  Қанда  олардың 
көбеюі,  кері  байланыс  бойьшша,  денеде  майлардың  ыдырауын 
тежеуге  әсер  етеді.  Ашығу  кезінде  организмде  глюкозаның 
қоры  азаюдан  мида  оны  пайдалану  1/4-дейін  төмендеп,  оның 
орнына  май  қышқылдарының  өнімдері  (бета-оксибутират, 
ацетат)  пайдаланыла  бастайды.  Бүйректің  сыртқы  қыртысында 
глюконеогенез  артып,  тәулігіне  80  г.  глюкоза  өндіріледі. 
Бұның белгілі мөлшерде икемделістік маңызы бар. 

Ашығудың  ақтық,  үшінші  кезеңінде  тіршілікке  маңызды 

ағзалардың  нәруыздары  ыдыратыла  бастайды.  Олар  энергия 
өндіру  үшін  пайдаланылады.  Бұл  кезде  тыныстық  көрсеткіш 
0,8-ге  теңеледі.  Азот,  калий,  күкірт,  фосфор  көптеп 
несеппен 

шығарылады. 

Тіндерде 

хлоридтер 

жиналуынан 

осмостық  қысым  көтеріліп,  қанда  коллоидтық-осмостық  қысым 
төмендеуінен  дененің  ісінуі  дамиды.  Бұл  ісінуді 

аштықтан 

(кахексиялық) ісіну

 дейді. 

АШЫҒУ КЕЗІНДЕГІ  ІШКІ АҒЗАЛАР МЕН ЖҮЙЕЛЕРДЩ ЖАҒДАЙЫ

.

 

Ашығудың барлық кезеңдерінде организмде жылу өндірілуі 

әдеттегінің  төменгі  деңгейінде  ұсталып  тұрады.  Тек  үшінші 
кезеңнің соңына таман жылу өндірілу азаяды. Жылуды сыртқа 
шығару  төмендейді.  Дене  қызуы  қалыпты  деңгейінің  төменгі 
шегінде  сақталып,  тек  ашығудың  соңында  ғана  дене 
температурасы 30-20 

˚ 

С-ға дейін төмендеуі мүмкін. 

Ашығудың  бірінші  және  екінші  кезеңдерінде  организмнің 


background image

 

239

 

маңызды  қызметтері  қалыпты  деңгейге  жақын  мөлшерлерде 
сақталады.  Бірінші  кезеңінде  мидың,  әсіресе  тағамдық 
орталықтың,  қозуы  болады.  Артынан  орталық  жүйке  жүйесі 
тежелуінен  рефлекстер  азаяды,  кейбір  шартты  рефлекстер 
жоғалады. Ашығу кезінде жарақаттық сілейме (травмалық шок) 
дамуына  қолайлы  жағдай  пайда  болады.  Көпшілік  жағдайларда 
ашығу  адамның  ойлау  қабілетіне  зиянды  әсер  етпейді. 
Ашығудың  басында  гипофизде  кортикотропин  мен  тиреотропин 
өндірілуі  артады.  Осыдан  қалқанша  без  бен  бүйрек  үсті 
бездерінің қызметтері көтеріледі. 

Ашығудың екінші кезеңінде барлық эндокриндік бездердің 

қызметтері 

әлсірейді. 

Гипоталамуста 

либериндердің 

өндірілуі 

азаяды. 

Содан 

гипофизде 

соматотропиннің, 

фоллитропиннің  т.с.с.  өндірілуі  төмендейді,  баланың  бойы 
өсуі, жыныстық бёздердің қызметтері бұзылады. Ашығудан: 

♣  жүректің  жиырылу  қабілеті  төмендейді,  артериялық 

гипотензия, ауыр жағдайларда коллапс дамуы мүмкін; 

♣  рестрикциялық  тыныс  жеткіліксіздігі,  гипоксияға 

жауап  ретінде  өкпенің  желдетілуі  мен  тыныстық  ауа 
көлемдерінің 

азаюы 

байқалады. 

Өкпенің 

тіршіліктік 

сыйымдылығы қалыпты мөлшерінің 1/3 –інен аспайды. Тыныстық 
жұқпалар жиі дамиды; 

♣  басында  асқорыту  сөлдерінің  шығарылуы  артып,  өзінің 

нәруыздарын 

ыдыратады, 

босаған 

аминқышқылдары 

қанға 

сіңіріліп, олар глюкоза түзілу үшін пайдаланылады. Артынан 
ішек-қарын  жолдарының  семуі  болып,  асқорыту  сөлдерінің 
шығарылуы 

азаяды. 

Гипохлоргидрия 

дамып, 

сөлдердің  

асқорыту қабілеті төмендейді. Ашішектердің бүрлері семуден 
тағамдық  заттардың  сіңірілуі  бұзылады  (мальабсорбция),  іш 
өтулері 

болады. 

Содан 

нәруыздардың, 

әсіресе 

алмастырылмайтын  аминқышқылдарының,  тапшылығы  одан  сайын 
күшейеді, ішектерде дисбактериоз дамиды; 

♣  полиурия,  поллакиурия,  никтурия  дамып,  артынан 

олигоурия болады; 

♣ гипохромдық анемия дамиды; 
♣ бауыр қызметінің бұзылуы байқалады; 
♣ иммундық жүйенің бүліністері болады; 
♣ бұлшықеттер мен буындарда ауыру сезімі байқалады;  
♣  организмнің  сыртқы  орта  жағдайларына  бейімделу 

мүмкіншіліктері азаяды. 

ТОЛЫҚ  АШЫҒУДАН  КЕЙІНГІ  ТАМАҚТАНДЫРУ

.

 

Ашығудың  тіпті  соңғы  кезеңінің  басында  тамақтандыру 

организмнің  барлық  қызметтерін  толық  қалпына  келтіреді. 
Сонымён  толық  ашығу  организмде  қайтымсыз  өзгерістерге 
бірден  әкелмейді.  Бір  ай  ішінде  ашығудан  дене  салмағының 
40-50%-ға  азаюы  тамақтанудан  кейін  екі  аптаның  ішінде 


background image

 

240

 

қалпына келеді. Бұл кезде адамның тәбеті ашылып, тотығулық 
үрдістер  жақсарады,  оң  азоттық  баланс  дамиды.  Бірақ  ұзақ 
ашығудан  ішек-қарынның  сөл  шығару  қабілеті  және  қимылдық 
әрекеттері  әлсірейтінін  есте  сақтау  қажет.  Сондықтан 
ашығудан  кейін  адамды  ақырындап,  аз-аздап  тамақтандыру 
керек. 

Қайталап  толық  ашығулардан  энергияны  үнемдеп  пайдалану 

жолдары 

жақсарады, 

ашығудың 

бірінші 

кезеңі 

қатты 

қысқарады.  Бірақ  көп  рет  қайталанған  ашығулар  организмнің 
икемделу-бейімделу 

мүмкіншіліктерін, 

иммунитетті 

әлсіретіп, 

өспе 

дамуына 

қолайлы 

жағдай 

туындатып, 

жануарлардың өліміне әкелуі мүмкін. Бұл кезде тамақтандыру 
нәтижелі болмауы да ықтимал. 

СУСЫЗ ТОЛЫҚ АШЫҒУ

.

 

Сусыз  толық  ашығу  сумен  ашығуға  қарағанда  өте  ауыр 

түрде  өтеді  және  содан  3-6  күннің  ішінде  жануарлар  жан 
тапсырады.  Организмге  су  сырттан  түспеуіне  орай,  ол 
тіндерде заттардың алмасуларынан өндіріледі. Мәселен 100 г 
май  тотығуъшан  112  г  су  пайда  болады.  Көмірсулары  мен 
нәруыздар  тотығуынан  ол  майларға  қарағанда  2  есе  аз 
өндіріледі. Бұл ашығу кезінде организмге, қажетті қоректік 
заттардың 

түспеуімен 

қатар, 

судың 

түспеуінен 

қан 

айналымның  қатты  бұзылыстары  пайда  болады.  Организмнің 
қатты 

құрғауынан 

қан 

қоюланып 

кетеді, 

тіндерде 

микроциркуляция бұзылады. 

АСҚА ЖАРЫМАУ

.

 

Асқа  жарымау  (жартылай  ашығу)  толық  ашығуға  қарағанда 

жиі кездеседі. 

 ♣ 

тағамдық 

заттардың 

ыдыратылуы 

мен 

ішектерде 

сіңірілуінің 

бұзылыстары 

(мальабсорбция 

және 

мальдигестиялар); 

♣ 

жиі 

қайталанатын 

созылмалы 

(жұқпалы 

аурулар, 

қызбалар, өспе өсуі, аутоиммундық аурулар) дерттер; 

♣ тәбеттің  төмендеуі; 
♣ маскүнемдік немесе дәрілермен улану; 
♣    әлеуметтік  апаттар  —  соғыс,  жұмыссыздықта  адамның 

асқа жарымауына әкеледі. 

Асқа 

жарымау 

адамның 

тіршілігіне 

пайдаланылған 

энергиясының  орны  тамақпен  толығатын  энергиямен  ұдайы 
толықтырылмауынан  дамиды.  Мәселен,  ол  2500—3500  ккал 
энергия  шығындап,  оның  орнына  асқа  жарымаудан  тамақпен 
2000—1500  ккал-дан  аз  энергия  қабылдайды.  Бұндай  ашығу, 
тіршілікті  тез  үзбейтін  болғандықтан,  ұзаққа  созылады, 
оған  организмнің  бейімделу  мүмкіншіліктері  қосылады. 
Организм  өзінде  бар  қуатты  өте  үнемдеп  пайдаланады.  Дене 
массасы  біртіндеп  азаяды  және  ол  организмде  судың  артық