Файл: KZ Патофизиология учебник.pdf

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.11.2021

Просмотров: 5571

Скачиваний: 10

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
background image

 

256

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

 
 

 
 
орталықтар  қоздырылғанда  артериялар  кеңиді.  Оларды  көңіл-

күйдің  қобалжулары,  физикалық,  механикалық,  химиялық 
ықпалдар қоздырады. Парасимпатикалық жүйке жүйесі қозғанда 
ацетилхолин артық өндіріліп, қан тамырлары кеңиді. Осындай 
қан  кернеуін 

нейротониялық  артериялық  гиперемия 

дейді. 

Симпатикалық 

жүйке 

жүйесі 

негізінен 

артериялардың 

жиырылуын  туындатады.  Бұл  жүйкелердің  қан  тамырларына 
әсерлері  норадреналиннің  қатысуымен  болады.  Тәжірибелік 
жануарларда симпатикалық жүйкені кескенде қан тамырларының 
кеңуі  байқалады.  Бұндай  қан  кернеуін 

жүйкесалданулық 

(нейропаралитикалық) 

артериялық  гиперемия

  деп  атайды.  Ол 

қабыну  кезінде,  адреналиннің  тежегіштерін  енгізгенде 
т.с.с. жағдайларда дамиды. 

 Кейбір  тіндерде  симпатикалық  жүйкелер  холинергиялық 

әсер  етуі  мүмкін.  Мәселен,  бұлшықеттерде,  бет  еттерінде, 
ұрттың  кілегей  қабықтарында,  ішектерде  т.  б.  тіндерде 
симпатикалық 

жүйкелердің 

аяқшаларында 

ацетилхолин 

өндірілуінен  бұл  жүйке  қозғанда  ұсақ  артериялар  мен 
артериолалардың 

кеңуі 

болады. 

Содан 

нейротониялық 

артериялық  гиперемия  байқалады.  Кейде  артериялардың  кеңуі 
аксон-рефлекс  бойынша  дамиды.  Бұл  кезде  жүйкелік  серпін 
шеткері нейронның бір (аксон) бұтағында тарайды. 

Артериялардың 

гуморалдық 

жолмен 

кеңуі 

әртүрлі 

эндогендік, химиялық өнімдердің әсерлерінен болады. Оларға 
зат  алмасудың  қышқыл  өнімдері,  көмір  қышқылының  (СО

2

артық  мөлшері,  калий  иондары,  аденозин,  АДФ,  АМФ, 
биологиялық 

белсенді 

заттар 

(гистамин, 

нитроксид, 

серотонин,  простагландиндер,  лейкотриендер,  калликреин-

Жағымсыз жақтары: 
● ағза мен тіндерге қан құйылу 
мүмкіншілігі; 
● өспе дамуына қолайлылық; 
● метастаз тарау мүмкіншілігі; 
● улы өнімдердің денеге тарап 
кету мүмкіншілігі. 

 

Артериалық гиперемия 

Жағымды жақтары: 
● оттегі мен қоректік 
заттардың тіндерге 
тасымалдануы жақсаруы; 
● тотығу-тотықсыздану 
үрдістерінің артуы; 
● энергия түзілуінің 
көтерілуі; 
● ағза қызметінің көтерілуі. 
 


background image

 

257

 

кинин жүйесі т. б.) жатады. Бұл өнімдер тіндердің (қабыну, 
күйік,  үсік,  жарақат,  иондагыш  сәулелер,  ультракүлгін 
сәулелер,  гипоксия,  аллергия  кездеріндегі)  бүліністерінде 
өндіріледі.  Олар  қан  тамырларының  қабырғаларындағы  тегіс 
салала  еттерді  босаңсытып,  майда  артериялардың  кеңуіне 
әкеледі.  Сондықтан  бұндай  жолмен  дамыған  артериялық  қан 
кернеуін 

миогендік гиперемия 

дейді

Артериялық 

гиперемия 

кезінде 

жергілікті 

микроциркуляцияның өзгерістері болады. Бұл өзгерістерге: 

● майда артериялар мен артериолалар кеңуі; 
● 

қызмет 

атқаратын 

қылтамырлар 

мен 

 

майда 

көктамырлардың саны көбеюі; 

● оларда қан қысымы көтерілуі; 
● майда тамырларда қан ағу жылдамдығы ұлғаюы - жатады. 
 Қызмет  атқаратын  қылтамырлар  көбейгенінен  олардың 

қабырғалары  арқылы  тіндерге  оттегінің,  қоректік  заттардың 
тасымалдануы,  тіндерден  зат  алмасудың  қалдық  өнімдерінің 
шығарылуы  жақсарады.  Осыдан  тіндерде  заттардың  алмасуы  
ұлғаяды,  энергия  түзілуі  артып,  ағзалардың  қызметтері 
көтеріледі.  Қылтамырларда  қан  қысымы  көтерілуі  сұйықтың 
тамыр  сыртына  сүзілуін  көбейтеді.  Бірақ  ол  ісінуге 
әкелмейді.  Өйткені  бұл  кезде  лимфаның  ағуы  жақсарады  да, 
қылтамырлардан  шыққан  сұйық,  тінаралық  кеңістіктерге 
жиналып  қалмай,  лимфамен  жалпы  қанайналымға  түседі. 
Артериялық  гиперемияның  осы  жағымды  жақтары  клиникалық 
медицинада 

кеңінен 

пайдаланылады. 

Ол 

үшін 

әртүрлі 

қыздырғыштар  (парафин,  озокерит,  қыша  қағаз)  және  ысқымақ 
(массаж) 

қолданылады. 

Сонымен 

бірге 

артериялық 

гиперемияның жағымсыз жақтары да бар. Мәселен, қабырғалары 
өзгерген 

артериялар 

(артериосклероз 

кезінде) 

артық 

керілуінен  оның  жыртылып  кетуі,  содан  миға  немесе  басқа 
ағзага  қан  құйылуы  мүмкін.  Сондықтан  гипертониялық  ауруы 
бар  адамдарға  ыстық  былау  қабылдауға  болмайды.  Ағзаларда 
өспе  өсуі  байқалғанда  артериялық  гиперемия  оның  өсуін 
күшейтіп, 

метастазалардың 

қанмен 

таралуын 

ұлғайтуы 

ықтимал.  Осы  себептен  организмде  өспесі  немесе  өспе  алды 
жағдайлары бар адамдарда жылумен емдеу шараларын қолдануға 
болмайды (8-сызбанұсқа). 

Веналық гиперемия.

 

Веналық  гиперемия 

деп

 

көктамырлармен  қанның  жүрекке 

қарай  ағып  кетуі  бұзылудан  ағзалар  мен  тіндерде  оның 
іркілуінен  дамитын  қан  кернеуін  айтады.

  Оған  үш  түрлі 

себепкер ықпалдар әкеледі: 

● к

өктамырлардың қан ұйындысымен (тромбпен) бітелуі; 

●  к

өктамырлар  сыртынан  (өспемен,  тыртық  тінімен, 

қабыну кезінде жалқықпен т. с. с.) қысылып қалуы; 


background image

 

258

 

●  ж

үректің  сорғыштық  қабілеті  әлсіреп,  жүрек  қызметі 

жеткіліксіздігі дамуы. 

Сонымен 

бірге, 

кейбір 

адамдардың 

көктамырларында 

қақпақшалардың  әлсіздігіне  тұқым  қуалайтын  бейімділік 
болады.  Сондықтан  ұзақ  түрегеп  тұрып  жұмыс  істейтін 
мамандардың 

(стоматологтардың, 

акушер-гинекологтардың, 

шаштараздардың  т.  б.)  аяқтарында  веналық  гиперемия 
(көктамырлардың керіліп (варикоздық) кеңеюі) дамиды. 

Веналық гиперемияның сыртқы көріністеріне: 
● ағзалар мен тіндердің көлемі ұлғаюы; 
● көгілдір түс қабылдауы (цианоз); 
● жергілікті температурасының төмендеуі; 
● ісіну дамуы - жатады.  
Бұл  кезде  ағзалар  мен  тіндерде  микроциркуляцияның 

өзгерістеріне: 

● көктамырлардың кеңеюі; 
● қанға толған қылтамырлардың көбеюі; 
● қанның майда веналар мен қылтамырларда жиналуы; 
● майда тамырларда қан ағу жылдамдығының баяулауы; 
● тамыр ішінде қан қысымы көтерілуі; 
● тамыр сыртына сұйық сүзілуі артуы; 
● лимфа ағып кетуі баяулауы – жатады.  (17-кесте). 
Сондықтан  веналық  гиперемия  кезінде  ағзалар  мен 

тіндердің 

қанмен, 

оттегімен, 

қоректік 

заттармен 

қамтамасыз 

етілуі 

бұзылады, 

тіндерден 

зат 

алмасу 

өнімдерінің 

сыртқа 

шығарылуы 

азаяды. 

Осыдан 

ағза 

жасушаларының  қоректенуі  бұзылып,  ағзаның  гипоксиясы, 
атрофиясы дамиды және оның атқаратын қызметі төмендейді.  

Қылтамырлардың  ішінде  қан  қысымы  көтерілуден  және 

тамыр  қабырғаларының  өткізгіштігі  жоғарылаудан  сұйықтың 
тамыр  сыртына  шығуы  (транссудация)  ұлғаяды,  тіндердің 
ісінуі  пайда  болады.  Ісінулік  сұйық  айналасындағы  тін 
жасушаларын,  ұсақ  қан  және  лимфалық  тамырларды  қысып, 
микроциркуляцияның  бұзылыстарын  одан  сайын  ұлғайтады. 
Осыдан  ағзада  дәнекер  тіндердің  өсіп-өнуі  болып,  ол 
беріштенеді.  Мәселен,  жүрек  жет-кіліксіздігінен  бауырдың 
салдарлық  циррозы  дамиды.  Сонымен,  ағза  мен  тіндердің 
көлемінің  ұлғаюы  көктамырларда  қанның  артық  жиналуынан 
және ісінуден пайда болады. 

Веналық 

гиперемия 

кезінде 

қылтамырлар 

мен 

көктамырларда  қан  ағу  баяулағандықтан  тіндермен  оттегінің 
пайдаланылуы  толығынан  болады  да,  оларда  тотықсызданган 
гемоглобин  жиналып  қалады.  Осыдан  ағзаның  көгілдір  түс 
қабылдауы (цианоз) дамиды. 

Жүрек 

жеткіліксіздігі 

кезінде 

байқалатын 

веналық 

гиперемия  кездерінде  және  ірі  көктамырлар  (қақпа  немесе 


background image

 

259

 

қуыс  веналары)  бітелгенде  организмде  жалпы  жүйелік  қан 
айналым бұзылыстары байқалуы мүмкін. Ірі көктамырларда көп 
қан  іркіліп  қалудан  жүрек  шығарымы  азайып,  артериялық 
қысым  төмендейді,  тіршілікке  маңызды  ағзалардың  (ми, 
жүрек)  қоректенуі  бұзылады.  Жүрек  жеткіліксіздігінен 
немесе  тыныс  орталығының  салдануынан  организмнің  жан 
тапсыруы болады 

 
 
 
 
 
 


background image

 

260

 

    

Веналық гиперемияның патогенезі мен салдарлары 

Себепкер ықпалдар 

Веналық гиперемия 

Көктамырлармен қан ағып шығуы баяулауы 

Қан ағуының көлемдік және сызықтық 

жылдамдылығы баяулауы 

Қылтамырларда қан іркілуі 

Жағымсыз жақтары: 
● ағза мен тіндерге О

мен 

қоректік заттардың 
тасымалдануы бұзылуы; 
● метаболизмдік ацидоз дамуы 
● қылтамырлар 
қабырғаларының өткізгіштігі 
көтерілуі 

 
 
 

Қосымша қылтамырлар ашылуы. Көктамырлар мен 

қылтамырларда қан қысымы көтерілуі 

Ісіну 

Жағымды жақтары: 
● улы өнімдердің жергілікті 
жерде ұсталып тұруы 
● жараның бітуіне қолайлы 
жағдай болуы 
● қабыну ошағында іркілген 
қанның уытты заттарды 
ыдырататын ферменттік және 
бактерияларды жоятын әсерлері 
болуы 
 

Тамыр ішінде 
қан ұюы артуы 

Склероз