Файл: сікті этиологиясы патогенезі Тменгі температура серінен лпаларды некрозы болмайды. лпа мздаса з тіршілігін сатайды.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.11.2023

Просмотров: 12

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

84. Үсік кезіндегі клиникалық көрініс.- Үсік- организмге ұзақ уақыт төменгі температураның әсер етуінен пайда болатын клиникалық симптомдар тобы және тіндердің некрозымен реактивті қабынуымен сипаттайды.

Үсіктің этиологиясы патогенезі;

Төменгі температура әсерінен ұлпалардың некрозы болмайды. Ұлпа мұздаса өз тіршілігін сақтайды.

Үсік кезінде бүкіл организм оның ішінде бірінші ОНЖ- і зардап шегеді. Үсіктің негізгі себебі артериялық қанның баяу дамуына байланысты ұлпалардың қан айналымы бұзылыстары болып табылады.

Үсік 2 кезеңге бөлінеді ;

1. Жасырын кезең

2. Реактивті кезең

Үсіктің асқынулары - Үсік жиі пневмониямен жоғарғы тыныс алу жолының катаральді қабынуымен тонзилиттпен жалғасады . Үсік анаэробты инфекциялармен сіреспемен асқынуы мүмкін. Сондықтан үсік кезінде сіреспеге қарсы сары су енгізу керекк.

Үсіктің алдын - алу және емдеу

Науқасты емдеу жасырын және реактивті кезеңдерде әртүрлі болады. Жасырын кезеңінде төмен температураның әсерін тез тоқтату қажет. Бұл кезеңде медикаментозды және оперативті ем қолданылмайды.

Реактивті кезеңде ем некрозды жоюмен екіншілік асқынудан сақтауға бағытталады.

Некротомия және некроэктомия жасалады.

Алғашқы көмек ретінде Науқасты жатқызып көрпемен орап аяғына грелка қоямыз

Сосын Ваннада аяқ қол басын жылыту керек, және қанайналымды қалпына келтіру үшін массаж жасалынады.

85. Газды гангрена патогенезі, клиникасы (жалпы және жергілікті белгілері). Газды гангренаны емдеу (арнайы және арнайы емес жолдары). Газды гангренаның алдын алу (арнайы және арнайы емес жолдары).

  • Қоздырғышы спора түзу арқылы дамитын клостридиалды микробтары.

  • Анаэробтар қорытып шығаратын эндо-,экзотоксиндердің әсерінен тіндер үдемелі түрде өліеттенеді, ісінеді, тіндерде газдың түзілуі орын алады және ауыр интоксикация дамиды. Токсиндер әсерінен тіндерде туындайтын өзгерістерді 2 кезеңге бөледі:

  1. Қан тамырларының өткізгіштігінің жоғарылауына байланысты плазма және формалық элементтер тінаралығына жиналады, тіндер токсикалық ісінуі кезеңі болады.

  2. Тіндерде өліеттенген бұлық еттердің гликогені, белоктары, қантының ыдырауында газ түзіліп, бұлшықет және дәнекер тіндерін қысып прогрессивті өліеттендіру кезеңі жүреді.


Тіндердің ісініп , араларында газ түзілуінде тінішілік қысым жоғарылап, жарада қан айналымы бұзылып, сау бұлшықеттер , жұмсақ тіндер некрозға ұшырап, анаэробтын өсіп өнуіне қажетті қоректі заттар көбейеді. Жараны шетінен басқанда ішінен газ көпіршіктері шығады.

Газды гангрена дамуы үшін әсер ететін факторлар:

  • Топырақ пен кір киімдердің қиықтарымен ластанған, өліеттенген жұмсақ тіндерге, әсіресе мыжылған бұлшық етке толы жыртылған ауыр жаралар

  • Анемия, шок, қатты тоңу, жгут салу, тамырларды байлау, жараны қатты таңу, тіндердің гипоксиясы

  • Науқас иммунитетін төмендететін жағдайлар

  • Жараланған жердің транспорттық иммобилизациясында және тасмалдау кезінде қосымша жарақаттануы

Газды инфекцияның ағымының 4 сатысын ажыратады

  • ерте шектелген газды флегмона сатысы.

  • газды флегмонаның үдемелі таралу сатысы.

  • газды гангрена сатысы.

  • сепсистің даму сатысы.



Газды гангрена емі;

  • науқасты шектеп, бөлек палатаға жатқызу.

  • арнайы ем:400 мл жылы физиологиялық ерітіндіге сұйытылған поливалентті гангренаға қарсы сарысудың 150000 АБ венаға енгізу. Ол анти– Cl. Perfringens 50000АБ; анти- Cl. Septicum – 50000 АБ және анти- Cl. Oedematiens 50000 АБ тұрады. Қоздырғышты анықтағаннан кейін, соған қарсы моновалентті сарысудың 50000 АБ енгізіледі.

  • Жедел хирургиялық ем.

  • Консервативті кешенді ем: антибактериальді, дезинтоксикациялық ем.

86. Сіреспе, анықтамасы. Этиология, сіреспенің жіктемесі. Сіреспе патогенезі. Сіреспенің қазіргі кездегі даму теориясы. Сіреспе клиникасы және оның ерте белгілері. Диагностика. Сіреспенің арнайы алдын алу жолдары. Сіреспенің арнайы емес алдын алу жолдары. Сіреспенің емі.

Сіреспе (tetanus) – бұл жедел ерекше инфекциялық ауру. Ол күштіі экзотоксиндер: тетаноспазмин мен тетаногемолизинді бөлетін, анаэробты спора түзуші – Clostridium tetani.

Тетаноспазмин жүйке жасушаларына әсер ете отырып, көлденең салалы бұлшықеттердің тоникалық және клоникалық тырысуларын шақырады. Тетаногемолизин эритроциттерді гемолизге ұшыратады. Сіреспе таяқшасы денеге зақымдалған тері және шырышты қабықтар арқылы түседі. Инкубациялық кезең көбінесе 4-14 күнге созылады. Ол аз болған сайын, аурудың ағымыда ауырлай түседі.

Жіктелуі:

I. Зақымдану түрі бойынша:

  • Жаралық

  • Инфекциядан кейінгі

  • Күйіктен кейінгі

  • Үсіктен кейінгі

  • Электрлік жарақаттан кейінгі


II. Жайылуы бойынша:

1. Жалпы (жайылған) сіреспе:

  • Біріншілік жалпы

  • Төмендейтін ( бет бұлшықетінен басталады)

  • Өрлеутін ( ұстама жаранын айналасынан басталып, тұлғанын бүкіл жеріне тарайтын)

III. Клиникалық көрінісі бойынша:

1. Жедел – tetanus venemens;

2. Созылмалы - tetanus lentus;

3. Тез көрінген сіреспе - tetanus completus;

4. Жасырын - Tetanus incomepletus;

Сонымен қатар мынандай түрлері:

Өте ауыр

Ауыр

Орташа ауыр

Жеңіл

Белгілері:

Жалпы:

  • Бас ауруы;

  • Әлсіздік;

  • Қозғыштық;

  • Шаршағыштық;

  • Жоғары тершеңдік;

  • Ұйқысыздық;

  • Дірілдеу;

Сіреспе белгілері өте тез өсіп, 1-2 тәулік ішінде өлуі мүмкін (молниеносная форма), клиникалық көрінісі тез дамуы мүмкін, белгілері айқын, жедел түрі 4-5 күн ішінде өлімге келтіруі мүмкін. Сіреспенің жеделше түрінде белгілері ақырын жоғала бастайды. Осы түрінде көптеген науқастар 20-30 күнде жазыла бастайды. Сіреспенің клиникалық аралығы созылмалы болуы мүкін.

Асқынулары.

Сіреспе дамыған 25-30 % науқастарда асқынуға алып келуі мүмкін.

Жіктелуі:

  • Ерте.

  • Кеш.

Сіреспенің кеш асқынуы оның ағымына байланысты. Тахикардия, гипотония, әлсіздік, омыртқа деформациясы және т.б.кездеседі.

ЕМІ

Сіреспенің арнайы емі жоқ. Сіреспенін себептеріне қарай емдейді. Сіреспенін кешенді әдіспен емдеу өлім себебін төмендетеді

Кешенді емдеудін негізі мыналар:

Жарадан сіреспе токсинінін ағзаға түспеуін болдырмау немесе төмендету;

Тоникалық және клоникалық тырысуларды толық тоқтату немесе болдырмау;

Жалпы организм жағдайын жақсарту, жүрек қызметін, өкпе вентиляциясын қалыптастыру.

Екіншілікті асқынулардың алдын-алу немесе күресу;

87. Хирургиялық туберкулездің этиологиясы және патогенезі. Сүйек-буындық туберкулез, онын түрлері. Сүйек-буындық туберкулездің клиникасы және саралау диагностикасы. Сүйек және буынның туберкулезінің жалпы және жергілікті емі. Оперативті емге көрсеткіштер.

Сүйек-буын туберкулезі — өте ауыр, созылмалы жұқпалы ауру. Ауруға шалдыққан адам көп уақыт жұмысқа жарамай, жарымжан, тіпті мүгедек болуы да мүмкін. Сүйек-буын туберкулезі адам организміне туберкулез ауруының қоздырғышы түскенде басталады. Ауру туберкулезбен ауыратын кісілерден, малдан, құстан жұғады. Туберкулез микробы адам организміне көбіне тамақ бездері және ішек арқылы әртүрлі жолдармен өтеді. Туберкулез ауруы шаң-тозаң арқылы және аурудың ыдыс-аяғы, киім-кешегінен де беріледі. Туберкулез микробы тыныс жолдары және тамақ ішкенде ауыз арқылы ішке кіріп, қан тамырларына түседі де, тіндерге, оның ішінде сүйек тіндеріне тарайды. Организмі онша өсіп жетілмегендіктен қорғаныс қабілеті нашар болғандықтан, сүйек-буын туберкулезімен әсіресе балалар көп ауырады.

Ауру сүйектен басталып, біртіндеп жақын буынға жайылады. Жаңадан қозып келе жатқан сүйек туберкулезі ұясы, көп жағдайда ұзақ уақыт езінің бастапқы жағдайын тез өзгерте қоймайды. Науқастың білінуі жалпы организмнің улану белгілерінен басталады. Ауырған адам әлсіз, ашушаң болады, жұмысқа қабілеті төмендеп, асқа тәбеті тартпай, кешке қарай дененің қызуы 37,2-37,5 градусқа көтерілуі мүмкін. Жалпы организмнің улану белгілері әсіресе жас балаларда ете айқын керінеді. Олар сылбыр, көңілсіз, бозарып, үлгерімі төмендеп, ойлағанда шаршағыш келеді. Кейде түнде ұйықтап жатып айқайлайды.

Туберкулин таяқшасы организмге микробтың түскен белгісін білдіреді, қан талдауында да өзгерістер болады. Бұл туберкулез үдерісі дамып, сырқат белгілері пайда болды деген сөз.

Омыртқа туберкулезі сүйек-буын туберкулездерінің арасында бірінші орында. Ауырған адам кейде аяқтың әлсіздігін сезеді. Адам қимылдағанда кібіртіктегені байқалады: иіліп-бүгіліп, еңкейгенде, әсіресе отырып-тұрғанда ауырған жер айқындалып, тіпті қай омыртқа зақымдалғаны белгілі болады. Кісі тез шаршап, жұмыс күнін үлкен қиындықпен аяқтайды. Кейде аяқ әбден әлсірегендіктен жүру мүмкіншілігінен айрылады. Асқынған кездегі іркілмелі ісіктер омыртқа туберкулезінің айқын белгілері. Сонымен қатар омыртқада анатомиялық өзгерістер пайда болады, жұлын зақымданады. Жұлынның зақымдануы аяқтың толық салдануына және қуықтың, ішектің жеткіліксіз жұмыс жасауына алып келеді. Омыртқа ішіндегі туберкулез ұясын өте жақсы жетілдірілген пентинограммада ғана көруге болады.

Ортан жілік, жамбас буындар туберкулезі

Ортан жіліктің басы мен мойнынан, яғни жамбастың шұңқырынан, басталған туберкулездің даму үдерісінің бастапқы сатысында аурудың тынышын аларлықтай жағдай онша сезіле қоймайды. Бара-бара, әсіресе ұзақ жүрістен кейін, аяқ аздап ауырып, сылти бастайды. Жаттығу жасағанда, секіріп ойнағанда, ауру аяққа күш түсіп, көбірек ауыратын болады. Жас балалардың аяғы қисайып, сүріншек келеді жиі жығыла береді. Адамның дене қызуы 37-38°С-ге дейін көтерілетіндігі байқалады. Бірсыпыра уақыт өткен соң ауру аяқ сау аяқтан гөрі жіңішкере бастайды. Сырқат дами келе аяқ, жамбас және тізе буындары бүгіліп кететін жағдайға ұшырайды. Ортан жіліктің басы бұзылып, жіліктің басы мен мойнының бірсыпыра жері қысқарады. Аяқ қысқарып, адам өмірлік ақсақ болып қалады. Жамбас туберкулезі асқынғанда буын іріңдейді, ісік пайда болады, ісік ішіне ірің жинала-жинала, кейін өздігінен жарылады да сыртқа шығады. Жілік басы мен буын шұңқырының туберкулезден бұзылуы оның басының буынының шығуына әкеп соқтырады. Бұндай жағдайда ауырған адамға тек ота ғана көмектесе алады.


Тізе-буын туберкулезі

Тізе ауруға шалдыққанда басқа сүйек буын туберкулезіндей ауру белгісі өте жай басталады. Буын туберкулезінің бастапқы сатысында жарақаттану алдымен буын қалтасында, оның ең кіші қабатында басталады. Бұл жағдайда буында сарысу және буын айналасындағы тіндерде шамалы ісік пайда болады. Жұмыс соңында буынның шамалы ауырғаны байқалады. Тізе буынының қозғалыс қабілеті көп өзгере қоймайды. Туберкулез сарысуының басқа сарысудан айырмашылығы — оның ұзақ уақыт бірқалыпта сақталуында. Кешкілік дене қызуы 37-37,5°С-қа дейін көтеріледі. Біршама уақыттан соң сарысу тізе үстіндегі тобыққа немесе тобықтың жан-жағына жайылғанда ол жердің қатты ауыратындығы сезіледі. Барған сайын ауру асқынып, ауырған аяқ ақсаңдап жіңішкере бастайды. Буындағы ісік біртіндеп ұлғайып, аяқ ұршық тәрізденеді. Алғаш ауру адам тізесін бүге басып жүріп, кейін аяғын қанша жазбақ болса да, жазылмайтын халге жетеді. Буын іріңдегенде, ірің буын қалтасын жарып, санның, төменгі сирақтың жоғарғы бөлігіне жиналады, кейін жұқарып, қызарып өзінен-өзі жарылып, көпке дейін бітпейтін жараға айналады. Туберкулез үрдісі ұлғайып, тізе буынының қозғалысы бірте-бірте бұзылып, буын қалтасы жиырылып, жабысып қалған жағдайда буын біржола қозғалмай, аяқ 5-10 см қысқарып қалады.