Файл: Жргізілген жмыс клемі мен мазмны.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.11.2023

Просмотров: 13

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Күні

Жүргізілген жұмыс
көлемі мен мазмұны

Манипуляциялар тізімі мен саны

Баға

Тәжірибе жетекшінің қолы

20.04

Мен Сарсебаева Аяулым ШЖҚ КМК “Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғары медицина колледжінің” 4СДА тобының студенті. Бүгін, яғни, 20.04.2021ж Акушер-гинекология пәні бойынша өндірістік тәжірбие басталды.

Мені аға мейіргер Тоғжан Толемисова “Қабылдау бөліміне”жіберді.

08:00-де Қабылдау бөліміне барып, ондағы қызметкерлермен таныстық. Мейіргер қабылдау бөлімінің міндеттерін айтып өтті:

Аурухананың орталық қабылдау бөлімінің негізгі міндеттері:

1) науқастарды қабылдау және тіркеу;

2) науқастарды қарау, алғашқы тексеру және диагностика;

3) жаңадан түскен науқастарды санитарлы-гигиеналық өңдеу;

4) квалифицирленген медициналық көмек көрсету;

5) науқастарды аурухананың емдеу бөлімшелеріне тасымалдау.
09:12 шамасында ауруханаға жедел жәрдеммен Адильханова.А есімді 37 апталық жүктілік мерзіміндегі әйел түсті. Мейіргер құжаттарын толтыруға кірісіп, маған науқастың жалпы жағдайын (АҚҚ, ЖСЖ, ТАЖ, дене қызуы) тексеруімді сұрады.

Мен алдымен қолымды жуып кептіріп, зарарсызданлырылған қолғап кидім:
1. 1. Саусақтардан сақинаны, жүзікті, сағатты және тағы да басқа әшекей-бұйымдарды шешіңіз, қол терісінің бүтіндігін тексеріңіз.

2. 2. Халаттың жеңдерін білектің 2/3 бөлігіне дейін қайырып ораңыз.

3. 3. Қағаз салфеткалары көмегімен су шүмегін ашып, судың температурасын (35-400С) реттеңіз, ал шүмекте орналасқан микроорганизмдермен қолдың жанасуын қорғайды.

4. 4. Ағынды судың астында қолыңызды білектің 2/3 бөлігіне дейін 30 секунд бойы сабындап жуыңыз, қолдың саусақтарына, саусақ аралық аймағына, көңіл бөліңіз, содан кейін әрбір қолдың сыртқы бетін және алақанның, үлкен саусақтардың негізін айналмалы қозғалыспен жуыңыз (осы уақыт қолды әлеуметтік деңгейде тазартуға жеткілікті, егер қол терісінің беті мұқият сабындалса және теріде лас аймақ қалдырылмаса).

5. 5. Сабынды көбікті кетіру үшін ағынды судың астында қолынызды шайыңыз (қолыңызды саусақтарымен жоғары қаратып ұстаңыз, жуғышқа тигізбей су шынтақтан жуғышқа ағуы қажет, қолдың саусақтары өте таза болуы керек).

6. 6. Екінші қолды жууды осындай ізбе-ізділікпен қайталаңыз.

7. 7. Шынтақ шүмекті шынтақ қимылымен жабыңыз.

8. 8. Қолыңызды қағаз сүлгімен кептіріңіз

9. 9.Егер шынтақ шүмегіболмаса, қағаз сүлгіні қолдана отырып, шүмекті жабыңыз.
Зарарсыздандырылған қолғап кидім:

1. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартып, антисептикпен қолыңызды өңдеңіз.

2. Залалсыздандырылған қаптамадағы қолғапты алып, бүктеуін жазыңыз.

3. Оң қолға арналған қолғаптың қайырмасын сол қолмен алыңыз. Саусақтарыңыз қолғаптың кайырмасының ішкі бетіне тимеуі керек.

4. Оң қолдың саусақтарын сығылыстырып, қолғапқа енгізіңіз.

5. Оң қолдың саусақтарын ажыратып, қолғаптың қайырмасын бұзбай қолға қолғапты киіңіз.

6. Оң қолдың 2-ші, 3-ші, 4-ші саусақтарын сол қолғаптың қайырмасы астына кіргізіңіз, киілген қолғапта оң қолдың 1-ші саусағы, сол жақ қолғаптың      1-ші саусағы жағына бағытталған болуы керек.

7. Оң қолдың 2-ші, 3-ші, 4-ші саусақтарымен сол жақ қолғапты тік ұстаңыз.

8. Сол қолдың саусақтарын сығылыстырып, қолғапқа енгізіңіз.

9. Сол қолдың саүсақтарын ажыратып, қолғаптың қайырмасын бұзбай қолға қолғапты киіңіз.

10. Сол қолғаптың қайырмасын жазыңыз, оны жеңге қарай тартып, сосын оң жаққа 2-ші және 3-ші саусақтар көмегімен қолғаптын бүгілген шетінің астына қарай тартыңыз.
Бірінші науқастың АҚҚ-ын өлшедім. Әрекет төмендегі реттілікпен орындалды:


  • Науқастың қолы киімінен босатылуы керек (киімін орауға болмайды – бұл қолын және артерияның басылуына әкеледі!). Науқастың қолын жазған күйде тегіс қатты беткейге (үстел немесе керуеттің шеті) қойып, алақанын жоғары қаратып, барынша босаңсытып отыру қажет.

  • Манжетті иыққа салып, манжеттің ортасы жүрек деңгейіне сәйкес болғаны дұрыс (гидростатикалық күштің әсерін болдырмау үшін), ал оның төменгі шеті шынтақ бүгуінен 2,5 см жоғары орналасқаны дұрыс. Манжетті салу тығыздығы: манжет пен науқас иығы арасына саусақ сиятындай болуы керек.

  • Манжетті аппаратпен және алмұртпен байланыстыратын резиналы түтіктер білектің ішкі жағынан өтуі қажет. Манометрдің тілі 0 белгісінде тұруы керек.

  • Шынтақ бүгуінен пальпациялау арқылы пульсті анықтау.

  • Иық артериясының пульсациясы бар нүктесіне фонендоскоптың мембраналы басын қояды.

  • Ауа айдағыштың (алмұрт) тетігін жауып, пульс жоғалғанша және тағы шамалы (20-30 мм с. б.б. дейін) манжетке ауа айдайды.

  • Тетікті ашып, манжеттен ауаны жайлап шығарады, Коротков тондарының пайда болуын және жоғалуын естіп, жазып алу. Манометрдің шкаласында пайда болған бірінші тон санын есте сақтау– бұл систолалық қысым.

  • Манжеттен ауаны шығаруды тондар жоғалғанша жалғастырады. Тонометрдің соңғы дауысты тонына сәйкес келетін шкаладағы сан – диастолалық қысым.

  • Барлық ауаны шығарып, манжетті шешу керек. Манометрдің тілі 0 белгісінде тұрғандығына көз жеткізу.

  • Фонендоскоптың басын 70% спиртпен екі рет залалсыздандыру.

  • АҚ көрсеткішін мейіргерге айттым.


Одан кейін дене қызуын өлшедім:
1. Науқасқа емшара мақсатын және барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

2. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз.

3. Науқасты отырғызыңыз немесе жатқызыңыз.

4. Термометрді қолға алыңыз. Оның бүтіндігін тексеріңіз. Сынап бағанасы 350С-тан төмен резервуарға (сынап сақталатын сауытқа) түскенше сілкіңіз және қараңыз.

5. Қолтық асты ойысын қараңыз: егер де қызару, жергілікті қабыну процессі болса, онда дене қызуын өлшеу жүргізілмейді (термометрдің көрсеткіші дене қызуынан жоғары болады).

6. Науқастың қолтық асты ойысының терісін жеке салфеткамен құрғақтатып сүртіңіз (ылғалды тері термометрдің көрсеткішін өзгертіп жібереді).

7. Термометрдің сынап резервуарын қолтық асты ойысына салыңыз, ол денемен толық жанасуы керек (науқастан иығын кеудесіне қысуын сұраңыз).

8. Дене қызуын өлшеу уақытын белгілеп қойыңыз.

9. 10 минуттан кейін термометрді алып, оның көрсеткішін сынап бағанасы жоғарылауы бойынша анықтаңыз. Науқасқа алынған нәтижені хабарлаңыз.

10. Термометрдің көрсетілімін дене қызуын тіркейтін журналға сандық, ал қызу парағына графикалық қисық сызба түрінде жазыңыз (қара түспен).

11. Пайдаланған термометрді сілкіп, сынаптың резервуарға түскеніне көзіңізді жеткізіңіз.

12. Пайдаланған термометрді ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

13. Ағынды судың астында зарарсыздандыратын заттың иісі кеткенше жуыңыз, салфеткамен құрғатып сүртіңіз, салфетка салынған лотокқа немесе шыны ыдысқа салып, құрғақ түрінде сақтаңыз.

14. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Келесі кезекте науқастың ЖСЖ-ін есептедім:


  • Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз, тамыр соғуын анықтайтын жерді табыңыз.




  • Науқасқа ыңғайлы қалыпты, отыру немесе жату босансыған жайлы қалыпты, сабырлы жағдайды беріңіз.




  • Қолыңызды гигиеналық деңгейде тааратыңыз.




  • Бір мезгілде өз қолыңыздың саусақтарымен науқастың білезігінен қамтып алып (кәріжілік білезік буыны аймағы) былай ұстаңыз, 2, 3, 4 саусақтардың жұмсақ жастықшасы білектің алақан (ішкі) бетіде кәріжілік артериясының проекциясында болуы керек( үлкен сасақтың негізінде), сасақты білектің сыртқы бет жағына орналастырыңыз. Кәріжілік артериясы кәріжілік сүйегінің біз тәрізді өсіндісі мен кәріжілік бұлшық етінің сіңірі арасынан пальпацияланады. Кәріжілік күре тамыр аймағын ұстаңыз. Оны сәл кәріжілік сүйегіне қарай қысыңыз, тамыр соғатын жерді анықтаңыз, қанның тамырлар бойымен қозғалуына байланысты иілмелі соғу толқынын сезесіз.




  • Науқастың оң және сол қолы күре тамыры қабырғасының кезеңді тербелісін салыстырыңыз. Тамыр соғу сәйкестігн анықтаңыз.




  • Сәйкестілік- бұл екі қолдағы тамыр соққысы толысу бойынша тура келеді. (егер детамыр соғу сәйкестігі болса, онда бір қол бойынша сипаттама беріледі)




  • Тамыр соғу реттелігін анықтаңыз.




  • Тамыр соғу жиілігін анықтаңыз.




  • Тамыр соғу толысуын бағалаңыз.




  • Тамыр соғу кернеу күшін анықтаңыз.


Тамыр соғуды зерттеу мәліметін қызу парағына – графикалық әдіспен жазыңыз.


  • Науқасқа зерттеу нәтижесін хабарлаңыз.




  • Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

 

Соңғы кезекте науқастың дене салмағы мен бойын өлшедім:
1.Пациентке процедураның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

2.Пациентке келесі жағдайларды ескертіңіз:

а)зерттеу аш қарында жүргізіледі

б) ішек пен қуықты зәр мен нәжістен босатқан жөн

3.Панель үстінде орналасқан бекітпені ашыңыз, панельдің оң жағында орналасқан бинтпен салмақ өлшегішті ретке келтіріңіз, өлшегіштің деңгейі өлшегіш панелінің сол жақ қабырғасында орналасқан бақылаушы тараумен сәйкес келу керек.

4.Бекітпені жабыңыз, сосын пациентке өлшегіштің ортасына, клеенка үстіне тұруын ( аяқ киімсіз) ұсыныңыз немесе көмектесіңіз.

5.Бекітпені ашыңыз, планканың жылжытпасын солға қарай бақылаушы тарау деңгейімен бірдей болғанша жылжытыңыз.

6.Бекітпені жабыңыз.

7.Пациентке нәтижесін хабарлаңыз. Өлшегіш алаңынан түсуіне көмектесіңіз.

8.Клеенканы зарарсыздандырып, қолыңызды жуыңыз.

9.Өлшеу нәтижесін ауру тарихына тіркеңіз.
Бой өлшедім:

1.Пациентке процедураның мақсаты мен орындалу барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

2.Өлшегіш алаңына дәкені салыңыз.

3.Өлшегіштің бір жақ қырынан тұрып, қозғалатын планканы пациент бойының болжамды өлшемінен жоғары ұстаңыз.

4.Пациентті алаңға дұрыс орналастырыңыз, аяқ киімін шешеді, жамбасы, жауырыны бой өлшегіштің планкасына жанасу тиіс, басын аздап шалқайтып, құлақ ұшы мен көздің сыртқы бұрышы бір көлденен сызық бойында болады.

5.Бой өлшегіштің планкасын бас төбесіне дейін түсіріп, шкала бойынша сантиметр санын анықтаңыз.

6.Пациентке нәтижесін хабарлаңыз. Пациентке өлшегіш алаңынан түсуге көмектесіңіз.

7.Клеенканы зарарсыздандырып, қолыңызды жуыңыз.

8.Өлшеу нәтижесін құжатқа (дене қызуын тіркеу парағына) тіркеңіз.
Барлық зерттеулерден кейін нәтижесін мейірбикеге хабардар еттім.

Нәтижесі:

АҚҚ – 130/90 сын. Бағ мм

Дене қызуы – 38,2 С

ЖСЖ – 95 р/м

Бойы – 166 см

Салмағы – 65,2 кг
Осы зерттеулерден кейін мейіргер науқасты дәрігердің қарауына алып кетті.
Мейіргер келген жүкті әйелдердің жамбасының сыртқы өлшемдерін өлшеуді көрсетті.

Құрал-жабдықтар: акушерлік фантом, тазомер, жаялық, дәкелер, қолғап, сүлгі, дез. ерітінді.

Іс- әрекет алгоритмі

1.Жүкті пациентке тексерудің маңыздылығын түсіндіреміз.

2.Пациенттен шешінуін сұраймыз.

3.Кушетканы және жамбас өлшегішті дез. ерітіндімен сүртіп, кушеткаға бір рет қолданатын жаялық төсейміз.

4.Қолымызды антисептикты қолдану арқылы өңдейміз.

5.Таза қолғап киеміз.

6.Кушеткаға жатуын сұраймыз (пациент аяқтарын жазып, арқасымен жатады) .

7.Қолымызға жамбас өлшегішті аламыз.

8. Пациенттің оң жағынан бетімізбен қарап тұрамыз.

9.Екі қол саусақтарымен мықын сүйектерінің алдыңғы жоғарғы өскіндерін тауып аламызда, сол жерді өлшейміз. Distantia spinarum мықын сүйегінің алдыңғы жоғарғы өсінділерінің арақашықтығы, қалыпты жағдайда 25-26см. тең.

10.Мықын қырларымен саусақтарымызды жоғары қарай жылжытып, оның ең алшақ нүктелерін табамыз. Distantia cristarum мықын сүйегінің қырының ең алшақ орналасқан нүктелеренің аралығы, қалыпты жағдайда 28-29 см тең.

11.Қолымызды сан сүйегігің ұршық үстіне апарамыз, сол жерді өлшейміз. Distantia trochanterica сан сүйек ұршық бұдырларының аралығы, қалыпты жағдайда 30-31см. тең.Егер пациенттің салмағының үлкен болуынан ұршықты табу қиын болса, пациенттен аяқтарының басын қозғалтуын сұраймын.

12.Сыртқы тік өлшемді анықтау үшін, пациентді қырынан жатқызамыз, үстіңгі аяғы жазылған, астыңғы аяғы сәл бүгілген.

13.Жамбас өлшегіштің бір түймесін симфиздің жоғарғы қырына, екінші түймесін сегізкөз ойысына орналастырамыз. Coniugata externa симфиздің сыртқы жоғарғы қырының ортасынан, сегізкөз ойысының ортасына дейінгі аралық 20см және одан жоғары.

14.Тексеру аяқталды, пациентке тұрып, киінуіне болатынын айтамын.

15.Жаялықты В классты ҚЖК- ға утелизациялаймын

16.Қолғапты В классты ҚЖК- ға утелизациялаймын

17.Қолымызды антисептикты қолдана отырып өңдеймін

18.Тексеру нәтижесін біріншілік құжаттарға тіркеймін.
Аға мейіргер келіп түскен жүкті әйелдерді тіркеу журналына тірке деген тапсырма берді. Келіп түскен жүкті әйелдерді тіркеп болғансоң мейіргерге ескертіп үйге қайттым.










21.04

Бүгін «Қабылдау бөліміндегі» 2ші күнім. Сыртқы киімімді медициналық киімге, яғни хирургиялық костюм, халат және калпакқа ауыстырып өндірістік тәжірибеге кірістім.

Жұмысқа кіріспес бұрын алдымен қолымды антисептикпен өңдеп алдым:

1. Қолдың саусақтарынан сақинаны, жүзік, сағатты және тағы да басқа әшекей-бұйымдарды шешіңіз.

2. Қол терісінің бүтіндігін тексеріңіз.

3. Халаттың жеңдерін білектің 2/3 бөлігіне дейін қайырып ораңыз.

4. Қағаз салфеткалар көмегімен су шүмегін ашып, судың температурасын 35-400С реттеңіз. Ол шүмекте орналасқан микроорганизмдермен қолдың жанасуын қорғайды.

5. Жылы судың жайлы орташа ағымы астында қолды білектің 2/3 бөлігіне дейін жігерлі сабындап, келесі ізбе-ізділікпен жуыңыз:

- алақанды алақанмен;

- сол қолдың сыртқы жақ бетін оң алақанымен және керісінше;

- алақанды алақанмен, бір қолдың саусақтары екінші қолдың саусақтары арасында;

- оң қолдың саусақтарының сыртқы беті сол қолдың алақаны бойынша және керісінше;

- үлкен саусақтарды айналмалы қозғалыспен үйкелеңіз;

- сол қолдың саусақтарының ұшын бірге жинастырып, он алақанға айналмалы қозғалыспен және керісінше.

Әрбір іс-қимыл 5 реттен кем емес 10 секунд бойы қайталанады.

6. Қолыңызды ағынды жылы судың астында сабын толық кеткенше шайыңыз. Қолыңызды шынтақ деңгейінен жоғары ұстаңыз (осы қалыпта су таза зонадан ласқа қарай ағады).

7. Шүмекті қолыңыздың оң немесе сол шынтағымен жабыңыз.

8. Қолыңызды қағаз сүлгімен құрғатыңыз. Егерде шынтақ краны болмаса, онда кранды қағаз сүлгі көмегімен жабыңыз.

9. Құрғақ қолдарға 3 мл антисептикалық затты жағып және оны қол терісіне кеуіп кеткенше жоғарыдағы 5 пунктті қайталаңыз. Қолды тазартканнан кейін сүртудің қажеті жоқ! Сонымен қатар әсер ету уақытын сақтау маңызды – қолдар антисептикпен 15 секундтан кем емес уақыт ылғалды болып тұруы керек.

Қолымды өңдегеннен кейін мейіргердің нұсқауымен “Жүкті, босанатын және босанған әйелдерді қабылдауды есепке алу журналын” толтырдым. Мейіргер құжатты қалай толтыру керектігін түсіндіріп өтті.

Балғабаева.С. есімді жүкті әйел ұрықтың жүрек соғысын тындауға келді. Мейіргер

фонтомда құрсақтағы баланың жүрек соғысын қалай тыңдауды көрсетті.

Құрал -жабдықтар: акушерлік фантом, стетоскоп, жаялық, қолғап, сүлгі, дез. ерітінді.

Іс- әрекет алгоритмі

1.Пациентке тексерудің маңыздылығын түсіндіреміз.

2.Пациенттен шешінуін сұраймын.

3. Кушетканы дез. ерітіндімен сүртіп, кушеткаға бір рет қолданатын жаялық төсейміз.

4.Қолымды антисептикпен тазартамын.

5.Таза қолғап киемін.

6.Пациентке кушеткаға жатуын сұраймын, аяқтарын жазып, арқасымен жатады.

7.Стетоскопты дәкемен антисептикпен сүртемін.

8.Сыртқы акушерлік тексерудің тәсіліндерінің көмегімен: құрсақтағы баланың орналасуын, позициясын, позициясының түрін және келген мүшесін анықтаймын

9.Стетоскоптың кең бөлігін жүкті пациенттің іш қабырғасына, құрсақтағы баланың арқасы маңында, басына жақын жерден орналастырамыз.

10.Стетоскопты жалжыта отырып, жүрек соғысының анық естілетін жерін табамыз.

11.Сағаттың секундты бағдары немесе секундомермен ұрықтың жүрек соғу жиілігін 1 мин ішінде анықтаймын.

12.Құрсақтағы баланың жүрек соғысының жиілігін, реттілігін, анықтылығын бағалаймыз. Қалыпты жағдайда жүрек соғысы минутына 120 – 160рет.

13.Тексеру аяқталды, пациентке тұрып, киінуіне болатынын айтамын.

14.Жаялықты В классты ҚЖК- ға утелизациялаймын

15.Қолғапты В классты ҚЖК- ға утелизациялаймын

16.Қолымызды антисептикты қолдана отырып өңдеймін

17.Ұрықтың жүрек соғысының мәліметтерін медициналық құжатқа тіркеймін.
38 апталық жүктілік мерзіміндегі Дамирова.Д есімді әйел бөлімшеге келіп түсті. Мейіргер құжаттарын толтыруға кірісіп, маған науқастың жалпы жағдайын (АҚҚ, ЖСЖ, ТАЖ, дене қызуы) тексеруімді сұрады.

Мен алдымен қолымды жуып кептіріп, зарарсызданлырылған қолғап кидім:
1. 1. Саусақтардан сақинаны, жүзікті, сағатты және тағы да басқа әшекей-бұйымдарды шешіңіз, қол терісінің бүтіндігін тексеріңіз.

2. 2. Халаттың жеңдерін білектің 2/3 бөлігіне дейін қайырып ораңыз.

3. 3. Қағаз салфеткалары көмегімен су шүмегін ашып, судың температурасын (35-400С) реттеңіз, ал шүмекте орналасқан микроорганизмдермен қолдың жанасуын қорғайды.

4. 4. Ағынды судың астында қолыңызды білектің 2/3 бөлігіне дейін 30 секунд бойы сабындап жуыңыз, қолдың саусақтарына, саусақ аралық аймағына, көңіл бөліңіз, содан кейін әрбір қолдың сыртқы бетін және алақанның, үлкен саусақтардың негізін айналмалы қозғалыспен жуыңыз (осы уақыт қолды әлеуметтік деңгейде тазартуға жеткілікті, егер қол терісінің беті мұқият сабындалса және теріде лас аймақ қалдырылмаса).

5. 5. Сабынды көбікті кетіру үшін ағынды судың астында қолынызды шайыңыз (қолыңызды саусақтарымен жоғары қаратып ұстаңыз, жуғышқа тигізбей су шынтақтан жуғышқа ағуы қажет, қолдың саусақтары өте таза болуы керек).

6. 6. Екінші қолды жууды осындай ізбе-ізділікпен қайталаңыз.

7. 7. Шынтақ шүмекті шынтақ қимылымен жабыңыз.

8. 8. Қолыңызды қағаз сүлгімен кептіріңіз

9. 9.Егер шынтақ шүмегіболмаса, қағаз сүлгіні қолдана отырып, шүмекті жабыңыз.
Зарарсыздандырылған қолғап кидім:

1. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартып, антисептикпен қолыңызды өңдеңіз.

2. Залалсыздандырылған қаптамадағы қолғапты алып, бүктеуін жазыңыз.

3. Оң қолға арналған қолғаптың қайырмасын сол қолмен алыңыз. Саусақтарыңыз қолғаптың кайырмасының ішкі бетіне тимеуі керек.

4. Оң қолдың саусақтарын сығылыстырып, қолғапқа енгізіңіз.

5. Оң қолдың саусақтарын ажыратып, қолғаптың қайырмасын бұзбай қолға қолғапты киіңіз.

6. Оң қолдың 2-ші, 3-ші, 4-ші саусақтарын сол қолғаптың қайырмасы астына кіргізіңіз, киілген қолғапта оң қолдың 1-ші саусағы, сол жақ қолғаптың      1-ші саусағы жағына бағытталған болуы керек.

7. Оң қолдың 2-ші, 3-ші, 4-ші саусақтарымен сол жақ қолғапты тік ұстаңыз.

8. Сол қолдың саусақтарын сығылыстырып, қолғапқа енгізіңіз.

9. Сол қолдың саүсақтарын ажыратып, қолғаптың қайырмасын бұзбай қолға қолғапты киіңіз.

10. Сол қолғаптың қайырмасын жазыңыз, оны жеңге қарай тартып, сосын оң жаққа 2-ші және 3-ші саусақтар көмегімен қолғаптын бүгілген шетінің астына қарай тартыңыз.
Бірінші науқастың АҚҚ-ын өлшедім. Әрекет төмендегі реттілікпен орындалды:


  • Науқастың қолы киімінен босатылуы керек (киімін орауға болмайды – бұл қолын және артерияның басылуына әкеледі!). Науқастың қолын жазған күйде тегіс қатты беткейге (үстел немесе керуеттің шеті) қойып, алақанын жоғары қаратып, барынша босаңсытып отыру қажет.

  • Манжетті иыққа салып, манжеттің ортасы жүрек деңгейіне сәйкес болғаны дұрыс (гидростатикалық күштің әсерін болдырмау үшін), ал оның төменгі шеті шынтақ бүгуінен 2,5 см жоғары орналасқаны дұрыс. Манжетті салу тығыздығы: манжет пен науқас иығы арасына саусақ сиятындай болуы керек.

  • Манжетті аппаратпен және алмұртпен байланыстыратын резиналы түтіктер білектің ішкі жағынан өтуі қажет. Манометрдің тілі 0 белгісінде тұруы керек.

  • Шынтақ бүгуінен пальпациялау арқылы пульсті анықтау.

  • Иық артериясының пульсациясы бар нүктесіне фонендоскоптың мембраналы басын қояды.

  • Ауа айдағыштың (алмұрт) тетігін жауып, пульс жоғалғанша және тағы шамалы (20-30 мм с. б.б. дейін) манжетке ауа айдайды.

  • Тетікті ашып, манжеттен ауаны жайлап шығарады, Коротков тондарының пайда болуын және жоғалуын естіп, жазып алу. Манометрдің шкаласында пайда болған бірінші тон санын есте сақтау– бұл систолалық қысым.

  • Манжеттен ауаны шығаруды тондар жоғалғанша жалғастырады. Тонометрдің соңғы дауысты тонына сәйкес келетін шкаладағы сан – диастолалық қысым.

  • Барлық ауаны шығарып, манжетті шешу керек. Манометрдің тілі 0 белгісінде тұрғандығына көз жеткізу.

  • Фонендоскоптың басын 70% спиртпен екі рет залалсыздандыру.

  • АҚ көрсеткішін мейіргерге айттым.


Одан кейін дене қызуын өлшедім:
1. Науқасқа емшара мақсатын және барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

2. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз.

3. Науқасты отырғызыңыз немесе жатқызыңыз.

4. Термометрді қолға алыңыз. Оның бүтіндігін тексеріңіз. Сынап бағанасы 350С-тан төмен резервуарға (сынап сақталатын сауытқа) түскенше сілкіңіз және қараңыз.

5. Қолтық асты ойысын қараңыз: егер де қызару, жергілікті қабыну процессі болса, онда дене қызуын өлшеу жүргізілмейді (термометрдің көрсеткіші дене қызуынан жоғары болады).

6. Науқастың қолтық асты ойысының терісін жеке салфеткамен құрғақтатып сүртіңіз (ылғалды тері термометрдің көрсеткішін өзгертіп жібереді).

7. Термометрдің сынап резервуарын қолтық асты ойысына салыңыз, ол денемен толық жанасуы керек (науқастан иығын кеудесіне қысуын сұраңыз).

8. Дене қызуын өлшеу уақытын белгілеп қойыңыз.

9. 10 минуттан кейін термометрді алып, оның көрсеткішін сынап бағанасы жоғарылауы бойынша анықтаңыз. Науқасқа алынған нәтижені хабарлаңыз.

10. Термометрдің көрсетілімін дене қызуын тіркейтін журналға сандық, ал қызу парағына графикалық қисық сызба түрінде жазыңыз (қара түспен).

11. Пайдаланған термометрді сілкіп, сынаптың резервуарға түскеніне көзіңізді жеткізіңіз.

12. Пайдаланған термометрді ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

13. Ағынды судың астында зарарсыздандыратын заттың иісі кеткенше жуыңыз, салфеткамен құрғатып сүртіңіз, салфетка салынған лотокқа немесе шыны ыдысқа салып, құрғақ түрінде сақтаңыз.

14. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Келесі кезекте науқастың ЖСЖ-ін есептедім:


  • Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз, тамыр соғуын анықтайтын жерді табыңыз.




  • Науқасқа ыңғайлы қалыпты, отыру немесе жату босансыған жайлы қалыпты, сабырлы жағдайды беріңіз.




  • Қолыңызды гигиеналық деңгейде тааратыңыз.




  • Бір мезгілде өз қолыңыздың саусақтарымен науқастың білезігінен қамтып алып (кәріжілік білезік буыны аймағы) былай ұстаңыз, 2, 3, 4 саусақтардың жұмсақ жастықшасы білектің алақан (ішкі) бетіде кәріжілік артериясының проекциясында болуы керек( үлкен сасақтың негізінде), сасақты білектің сыртқы бет жағына орналастырыңыз. Кәріжілік артериясы кәріжілік сүйегінің біз тәрізді өсіндісі мен кәріжілік бұлшық етінің сіңірі арасынан пальпацияланады. Кәріжілік күре тамыр аймағын ұстаңыз. Оны сәл кәріжілік сүйегіне қарай қысыңыз, тамыр соғатын жерді анықтаңыз, қанның тамырлар бойымен қозғалуына байланысты иілмелі соғу толқынын сезесіз.




  • Науқастың оң және сол қолы күре тамыры қабырғасының кезеңді тербелісін салыстырыңыз. Тамыр соғу сәйкестігн анықтаңыз.




  • Сәйкестілік- бұл екі қолдағы тамыр соққысы толысу бойынша тура келеді. (егер детамыр соғу сәйкестігі болса, онда бір қол бойынша сипаттама беріледі)




  • Тамыр соғу реттелігін анықтаңыз.




  • Тамыр соғу жиілігін анықтаңыз.




  • Тамыр соғу толысуын бағалаңыз.




  • Тамыр соғу кернеу күшін анықтаңыз.


Тамыр соғуды зерттеу мәліметін қызу парағына – графикалық әдіспен жазыңыз.


  • Науқасқа зерттеу нәтижесін хабарлаңыз.




  • Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

 

Соңғы кезекте науқастың дене салмағы мен бойын өлшедім:
1.Пациентке процедураның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

2.Пациентке келесі жағдайларды ескертіңіз:

а)зерттеу аш қарында жүргізіледі

б) ішек пен қуықты зәр мен нәжістен босатқан жөн

3.Панель үстінде орналасқан бекітпені ашыңыз, панельдің оң жағында орналасқан бинтпен салмақ өлшегішті ретке келтіріңіз, өлшегіштің деңгейі өлшегіш панелінің сол жақ қабырғасында орналасқан бақылаушы тараумен сәйкес келу керек.

4.Бекітпені жабыңыз, сосын пациентке өлшегіштің ортасына, клеенка үстіне тұруын ( аяқ киімсіз) ұсыныңыз немесе көмектесіңіз.

5.Бекітпені ашыңыз, планканың жылжытпасын солға қарай бақылаушы тарау деңгейімен бірдей болғанша жылжытыңыз.

6.Бекітпені жабыңыз.

7.Пациентке нәтижесін хабарлаңыз. Өлшегіш алаңынан түсуіне көмектесіңіз.

8.Клеенканы зарарсыздандырып, қолыңызды жуыңыз.

9.Өлшеу нәтижесін ауру тарихына тіркеңіз.
Бой өлшедім:

1.Пациентке процедураның мақсаты мен орындалу барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

2.Өлшегіш алаңына дәкені салыңыз.

3.Өлшегіштің бір жақ қырынан тұрып, қозғалатын планканы пациент бойының болжамды өлшемінен жоғары ұстаңыз.

4.Пациентті алаңға дұрыс орналастырыңыз, аяқ киімін шешеді, жамбасы, жауырыны бой өлшегіштің планкасына жанасу тиіс, басын аздап шалқайтып, құлақ ұшы мен көздің сыртқы бұрышы бір көлденен сызық бойында болады.

5.Бой өлшегіштің планкасын бас төбесіне дейін түсіріп, шкала бойынша сантиметр санын анықтаңыз.

6.Пациентке нәтижесін хабарлаңыз. Пациентке өлшегіш алаңынан түсуге көмектесіңіз.

7.Клеенканы зарарсыздандырып, қолыңызды жуыңыз.

8.Өлшеу нәтижесін құжатқа (дене қызуын тіркеу парағына) тіркеңіз.
Барлық зерттеулерден кейін нәтижесін мейірбикеге хабардар еттім.

Нәтижесі:

АҚҚ – 129/88 сын. Бағ мм

Дене қызуы – 37,8 С

ЖСЖ – 93 р/м

Бойы – 165 см

Салмағы – 65,2 кг

Мейіргер зәрді лабараторияға өткізу керектігін айтып мені жіберді.Өткізіп келгенсоң қолымды гигиеналық өңдеуден өткізіп үйге қайттым.











Фонтомда сыртқы акушерлік зерттеуді жүргіздім (Леопольд-Левицкий әдісі).

-Науқаспен сенімді қарым-қатынас орнату. Манипуляция мәнін түсіндіру.

-Пациенттен шешінуін сұраймын.

- Кушетканы дез. ерітіндімен сүртіп, кушеткаға бір рет қолданатын жаялық төсейміз.

- Қолымды антисептикпен тазартамын.

- Таза қолғап киемін.

- Пациентке кушеткаға жатуын сұраймын, аяқтарын жазып, арқасымен жатады.

- Пациенттің оң жағынан бетімізбен қарап отырамын.

- І тәсіл мақсаты: жатыр түбі биіктігі мен құрсақтағы баланың жатыр түбінде орналасқан ірі бөлігін анықтау. Ол үшін екі қолдың алақандарын жатырдың түбіне орналастырып, алдымен жатыр түбі биіктігін анықтаймыз. Осыдан кейін сипау арқылы жатыр түбіндегі ірі бөлігін табамыз. Жиі жатыр түбінде баланың жамбасы орналасады, ол қолымызға жұмсақ, аумақты, қозғалысы шектелген болып білінеді.

- Алақанымызды жатырдың бүйір қабырғаларына, кіндік бойына орналастырамыз. Екі қолдың алақандарымен кезек пальпация жасап, жатырдың бір бүйірінен жазық, ұзақ, біргелкі баланың арқасын анықтаймыз. Ал жатырдың ІІ бүйірінен баланың бұдырлы, қозғалмалы майда мұшелерін сипап білуге болады.

- ІІ тәсіл көмегімен құрсақтағы баланың орналасу позициясы мен позиция түрін анықтадым

- ІІІ тәсіл мақсаты: құрсақтағы баланың келген мүшесін анықтау. Шаттың жоғарғы жағына оң қолымыздың үлкен саусағын бір жағынан, қалған 4 саусақты екінші жағынан орыналастырамыз. Қолымызды баяу қимылдатып баланың келген мүшесін сипап қараймыз. Егер келген мүшесі тығыз, дөңес, қозғалмалы болса, онда бала басымен келгенін білдіреді.

- ІY тәсіл мақсаты: құрсақтағы баланың келген бөлігінің кіші жамбас қуысына қатынасын анықтау. Ол үшін пациенттің аяғына бетімізбен қарап тұрамыз. Екі қолдың алақанын жатырдың төменгі сегментіне екі жағынан орналастырамыз. Саусақтардың ұштарын жамбас қуысына қарай тереңдете отырып, сол жерде орналасқан баланың ірі бөлігінің жамбас қуысына қатынасын анықтаймыз.

- Тексеру аяқталды, пациентке тұрып, киінуіне болатынын айтамыз.

- Жаялықты В классты ҚЖК- ға утелизациялаймын

- Қолғапты В классты ҚЖК- ға утелизациялаймын

- Қолымызды антисептикты қолдана отырып өңдеймін

- Ұрық мәліметтерін медициналық құжатқа тіркеймін.
Бөлімшеге қайталап босанушы 29 жаста қалыпты жамбас өлшемдерімен және 38 апталық жүктілікпен босану қызметі басталғаннан 2 сағаттан кейін бүтін қағанақ суымен келіп түсті.

АҚҚ сын өлшедім.

• Сынаптықсфигмоманометр (ол бойынша барлыққолданатын аспаптар калибрленуі қажет) неғұрлым дәл көрсеткіштер береді.

• Науқастың босаңсып отыруы, демалыстан кейін (10 минуттан кем емес) өлшеген жөн.

• Дене қалпы – жантайып отыру немесе отыру (манжет науқастың жүрек тұсында орналасуы керек), жату–қырымен жату.

• Қан қысымын өлшейтін құрылғының манжеті науқас әйелдің иық шеңберіне сәйкес келуі қажет (кіші болғанша, үлкендеу болғаны дұрыс).

• Бір қолында өлшеу жеткілікті.

• Систолалыққысым деңгейін Коротковтың I тонымен (басталуы) бағалайды, ал диастолалыққысымды V тонымен (тоқтауы) бағалайды. Көрсеткіштер 2 мм с.б.б. дейінгі дәлдікпен белгіленуі тиіс.

«Жүкті әйелден анамнез жинадым»

Мақсаты: жүктілік ағымын, ерекшеліктерін анықтау

Құрал -жабдықтар: босану тарихы, қалам

Іс- әрекет алгоритмі:

1. Жүкті әйелді жылы жүзбен қарсы аламыз. Танысамыз. Сырласу тәртібін сақтаймыз

2. Паспорттық деректерді жинаймыз: аты-жөні, жасы, мекен-жайы, қызмет орны, жануялық жағдайы

3. Түскен кездегі шағымдарын анықтаймыз

4. Өмірлік анамнезін жинаймыз: жануяда нешінші бала, балалық, жасөспірімдік кезендегі дамуын, жалпы ауырған ауруларын, операция, жарақаттар болуын анықтайыз. Туберкулез, Боткин ауруы, жыныстық жолен жұғатын ауруларын анықтаймыз.

5. Арнайы анамнез жинаймыз: етеккір қызметі (менархе, келуі, тұрақталуы, реттілігі, ұзақтығы, ауырсынуы) жыныстық қатынас (неше жастан, некесі), бала көтеру қызеті (алдында болған жүктіліктер ағымы, аяқталуы, асқынулары)

6. Аллергиялық анамнез. Гемотрансфузия мүмкіндігіне көңіл аударамыз

7. Қазіргі жүктілік ағымы ( соңғы етеккірі, ЖДА тіркеуге түру уақыты, үштіктер бойынша жүктілік ағымдары, экстрагенитальді аурулары)

8. Жүктілік кезіндегі зерттеулер, дәрігерлер кеңесін тексереміз

9. Жүкті әйелді жалпы қараймыз, қан қысымын, дене қызуын, зәрде белок бар жоғын анықтаймыз. Ісінулеріне көңіл аударамыз.

10. Алынған мәліметтерге сүйеніп қорытынды жасаймыз.
Оразбаева Қарлығаш есімді жүкті әйелді аға мейіргердің нұсқауымен УДЗ апардым.
Архипова Оля есімді жүкті әйелдің «Сыртқы жамбас өлшемдерін анықтадым»
Мақсаты: жамбасты өлшеу

Көрсеткіш: жамбастың анатомиялық тарылуы бар жоғын анықтау

Құрал -жабдықтар: акушерлік фантом, тазомер, жаялық, дәкелер, қолғап, сүлгі, дез. ерітінді.

Іс- әрекет алгоритмі

1. Жүкті әйелге тексерудің маңыздылығын түсіндіреміз.

2. Кушетканы және жамбас өлшегішті дез. ерітіндімен сүртіп, кушеткаға таза жаялық төсейміз.

3. Әйелден шешініп, кушеткаға жатуын сұраймыз (әйел аяқтарын жазып, арқасымен жатады)

4. Қолымызды тазартамыз, заралсыздандырылған қолғап киіп, әйелге көрсетеміз.

5. Қолымызға жамбас өлшегішті алып, әйелдің оң жағынан бетімізбен қарап тұрамыз.

6. Жамбаста үш көлденең, бір тік өлшем болады.

7. Екі қол саусақтарымен мықын сүйектерінің алдыңғы жоғарғы өскіндерін тауып аламызда, сол жерді өлшейміз.

Distantia spinarum мықын сүйегінің алдыңғы жоғарғы өсінділерінің арақашықтығы, қалыпты жағдайда 25-26см. тең.

8. Мықын қырларымен саусақтарымызды жоғары қарай жылжытып, оның ең алшақ нүктелерін табамыз.

Distantia cristarum мықын сүйегінің қырының ең алшақ орналасқан нүктелеренің аралығы, қалыпты жағдайда 28-29 см тең.

9. Қолымызды сан сүйегігің ұршық үстіне апарамыз, сол жерді өлшейміз.

Distantia trochanterica сан сүйек ұршық бұдырларының аралығы, қалыпты жағдайда 30-31см. тең.

Егер әйелдің салмағының үлкен болуынан ұршықты табу қиын болса, әйелден аяқтарының басын қозғалтуын сұраймыз.

10. Coniugata externa немесе сыртқы тік өлшемді анықтау үшін, әйелді қырынан жатқызамыз, үстіңгі аяғы жазылған, астыңғы аяғы сәл бүгілген. Жамбас өлшегіштің бір түймесін симфиздің жоғарғы қырына, екінші түймесін сегізкөз ойысына орналастырамыз. Coniugata externa симфиздің сыртқы жоғарғы қырының ортасынан, сегізкөз ойысының

ортасына дейінгі аралық 20-21см.

11. Тексеру аяқталды, әйелге тұрып, киінуіне болатынын айтамыз.

12. Қолғапты шешіп, бір рет қолданатын қолғапты контейнерге саламыз , қолды жуып, сүлгімен сүртеміз.

13. Өлшеу нәтижесін құжаттарға тіркейміз.

Тәжірибе уақыты аяқталғансоң аға мейірбикеге ескертіп уйге қайттым.










03.05

Бүгін тәжірибемнің соңғы күні. 8:00де бөлімшеге келіп сыртқы киімімді медициналық киімге, яғни хирургиялық костюм, халат және калпакқа ауыстырып өндірістік тәжірибеге кірістім.

Әдеттегідей жұмысымды әйелдердің дене температурасын және АҚҚ өлшеуден бастадым.
Науқас: Кузмин Анна Сергеевна
Туған күні: 07.06.1987 ж
Дене температурасы: 36,7˚C
АҚҚ:130/70 мм с.б
Науқас: Каирова Ақерке Дулатқызы
Туған күні:12.06.1991 ж
Дене температурасы: 36,5˚C
АҚҚ:128/80 мм с.б
Науқас: Әуелбекова Жансая Алимжанқызы
Туған күні:24.10.1993 ж
Дене температурасы: 36,3˚C
АҚҚ:110/80 мм с.б
Осыдан кейін акушердің нұсқауы бойынша жүкті әйелдерді қынаптық тексеруге дайындадым.
Ол үшін әзірледім:қолғап,сүлгі,жаялық.
Енді тексеруге кірістім.
Жүкті әйелге тексерудің маңыздылығын түсіндірдім,және гигиеналық креслоны дез.ерітіндімен сүртіп,таза жаялық төседім.
Қолымды гигиеналық деңгейде тазартып,қолғап кидім.Әйелге көрсеттім.
Әйелден арқасымен жатуын және аяқтары жамбас- сан- тізе буындары бүгіп жатуын сұрадым.
Әйелден қуығын босатқаны туралы сұрадым.
Жарықтың дұрыс бағытта түсуін қамтамасыз еттім.
Қолымды гигиеналық деңгейде тазартып,қолғап кидім.Әйелге көрсеттім.
Сыртқы жыныс мүшелерін,қынап пен жатыр мойнын қарап болғаннан кейін,қынаптық тексеруге көштім.
Қынаптық тексеру.Сол қолымның бірінші саусақтарыммен жыныс еріндерін ашып,оң қолымның бірінші саусағын ашып,4-5 саусақтарым алақаныма қарай бүгілген,2-3 саусақтарымды қынапқа енгіздім.
Қынаптың қабырғасын,қатпарларын,сыйымдылығын және ұзындығын анықтадым.
Енді жатыр мойнының пішінін,тығыздығын,ұзындығын,жатыр мойнын ,каналының сыртқы ернеуінің өткізгіштігін анықтадым.Қынап күмбезін қарадым.
Осыдан кейін екі қолды тексеру жүргіздім.Қынап қуысындағы саусақтарымды қынаптың артқы күмбезіне орналастырдым,ал сол қолдың саусақтарын іш қабырғасына қасаға үстіне қойдым.
Екі қолдың ортасында алдымен жатырды сипап қарадым,жатырдың орналасуын,пішінін,көлемін,тығыздығын,қозмалылығын,қабырғасының тегістігін,сезімталдығын анықтадым.
Тексеру аяқталды.әйелге тұрып,киінуге болатынын айттым.
Қолымды жудым,қолғапты дез.ерітіндіге салдым.
Нәтижені құжаттарға тіркедім.
Науқас: Кузмин Анна Сергеевна
Туған күні: 07.06.1987 ж
Диогнозы: жүктілік 39 аптада.
Сыртқы жыныс еріндері:үлкен жыныс еріндері кіші жыныс еріндерін жауып тұр.түктенуі ромб тәрізді.
Қынабы:босанған әйелдікіндей,сопақша тәрізді,сырқы ернеулері қабынусыз,пішіні ұзынша келген,ұзындығы-8см.
Жатыры: алмұрт пішінді,тегіс,тығыз,қосалқы бөліктері білінбейді.
Науқас: Каирова Ақерке Дулатқызы
Туған күні: 12.06.1991 ж
Диогнозы: жүктілік 40 аптада.
Сыртқы жыныс еріндері:үлкен жыныс еріндері кіші жыныс еріндерін жауып тұр.түктенуі ромб тәрізді.
Қынабы:босанған әйелдікіндей,сопақша тәрізді,сырқы ернеулері қабынусыз,пішіні ұзынша келген,ұзындығы-9см.
Жатыры: алмұрт пішінді,тегіс,тығыз,қосалқы бөліктері білінбейді
Науқас: Әуелбекова Жансая Алимжанқызы
Туған күні: 24.10.1993 ж
Диогнозы: жүктілік 38 аптада.
Сыртқы жыныс еріндері:үлкен жыныс еріндері кіші жыныс еріндерін жауып тұр.түктенуі ромб тәрізді.
Қынабы:сопақша тәрізді,сырқы ернеулері қабынусыз,пішіні ұзынша келген,ұзындығы-8см.
Жатыры: алмұрт пішінді,тегіс,тығыз,қосалқы бөліктері білінбейді
Осыдан кейін акушерге жатыр мойнының ашылуын тексеруге көмектестім.
Жүкті әйелге тексерудің маңыздылығын түсіндірдім,және гигиеналық креслоны дез.ерітіндімен сүртіп,таза жаялық төседім.
Қолымды гигиеналық деңгейде тазартып,қолғап кидім.Әйелге көрсеттім.
Әйелден арқасымен жатуын және аяқтары жамбас- сан- тізе буындары бүгіп жатуын сұрадым.
Әйелден қуығын босатқаны туралы сұрадым.
Акушер қолын гигиеналық деңгейде өңдеп,қолғап киіп әйелге көрсетті.
Оң қолдың 1-2 саусақтарымен жыныс еріндерін ашып тұрып,акушерлік қолмен алдымен қынапқа бірінші саусағын енгізді,кеңейгеннен кейін екінші саусағын енгізіп жоғары-төмен,оңға-солға қозғады.
Анықталған өлшемді саусағын қозғамай алып шықты.
Тексеру аяқталды.Әйелге тұрып,киінуге болатынын айттым.
Қолымды жудым,қолғапты дез.ерітіндіге салдым.
Нәтижені құжаттарға тіркедім.
Нәтижесі:
Науқас: Каирова Ақерке Дулатқызы
Туған күні: 12.06.1991 ж
Диогнозы: жүктілік 40 аптада.
Жатыр мойнының ашылуы: 4см
Толғағы: әр 1 мин сайын.40 -45 сек жақсы күшпен.
Жүкті әйелдердің жатыр түбі биіктігін және іш аумағын өлшедім.
Науқас: Кузмин Анна Сергеевна
Туған күні: 07.06.1987 ж
Диогнозы: жүктілік 40 аптада.
Жатыр түбі биіктігі:31 см
Іш аумағы:100 см
Науқас: Каирова Ақерке Дулатқызы
Туған күні:12.06.1991 ж
Диогнозы: жүктілік 38аптада.
Жатыр түбі биіктігі: 30 см
Іш аумағы: 98 см
Науқас: Әуелбекова Жансая Алимжанқызы
Туған күні:24.10.1993 ж
Диогнозы: жүктілік 39 аптада.
Жатыр түбі биіктігі: 32см
Іш аумағы: 103см
Сандық есеп
№ Орындалған жұмыс мазмұны Саны
1 Жүкті әйелдердің АҚҚ өлшедім. 4
2 Жүкті әйелдердің дене температурасын өлшедім. 4
3 Жүкті әйелдердің ішінің аумағын өлшедім. 3
4 Жатыр мойының ашылуын тексеруге қатыстым. 1
5
Жүкті әйелдерге қынаптық тексеру жүргіздім. 2
Мен бүгінгі оқу өндірістік тәжірибемді босану бөлімінде жалғастырдым.
Акушерканын рұқсатымен жүкті әйелдің босануына қатыстым.
Аты- жөні: Санабаева Шырын Ермекқызы
Туған жылы:02.05.1992ж.
Диагноз: 40 апталық жүктілік.Босануы-1,жүктілік-1
Бойы: 154 см
Салмағы : 63кг
Дене қызуы: 36,90С
Жамбас өлщемдері:
D. sp – 24см
D. cr – 26см
D. tr – 30см
Con. Ext – 18см
Іш шеңбері:102 см
Жатыр түбі биіктігі:32 см
Ұрықтың орналасуы: тігінен
Толық ашылуы: 1315
Қағанақ суы кетті:14.00де.Ашық түсті,қалыпты мөлшерде.
Толғағы басталған: таңғы 200- те.
Судың мөлшері мен сапасы: мөлдір
Босану ағымы: бір қалыпты
Ышқыну кезеңі басталды: 24.12.12 күні,сағ:14 25 тірі жетілген ұрықпен , ұл жынысты.
Артқы қағанақ суы: мөлдір.
Әйелдің жалпы жағдайы: қанағаттанарлық
АҚҚ :110/70 мм.с.б
Тамыр соғысы:84 рет, ырғақты.
Қан кету: 0
Біріншілік өңдеу: анасынан бөлу.
Нәрестенің кіндігін басып, тамыр соғысын анықтадым, тамыр соғысы басылғаннан кейін кіндікті жыныс ернеуіне жақынырақ қысқышпен қыстым.
Кіндік түбінен 5 см жоғары нәрестенің кіндігіне 2-ші қысқышты салдым, одан 2 см төмен 3-ші қысқышты салдым.
1-ші және 2-ші қысқыштар арасынан кіндікті қидым.
Залалсыздандырылған қайшымен екі кіндіктің арасын қидым.
Баланы анасына көрсетіп, кеудесіне жатқыздым.
Қан кетудің алдын алу мақсатында бұлшық етке 10 ХБ окситоцин жасалынды.
Босанудың үшінші кезеңіне қатыстым. 5 мин кейін жатырға бақылау қысым жасап, кіндік бауынан абайлап тракция жасағаннан кейін ,бала жолдасы белсенді түрде ажыратылып шығарылды, бөліктерімен қабықшалары түгел, утелизацияға жіберілді.
Жатыр:жиырылды,тығыз.
Әйелдің жалпы жағдайы:қанағатанарлық.
АҚҚ:110/70 мм.с.б.
Тамыр соғысы:80 рет,ырғақты.
Қан кету: 60,0
Қарау:Босану жолдары айнамен қаралған жоқ,
сыртқы қарау кезінде қынап қабырғалары, шат
аралықтары бүтін.
Екі сағаттан кейін тексеру жүргіздік.
Шағымы: жоқ.
Жалпы жағдайы: қанағатанарлық.
АҚҚ: 110/60 мм.с.б
Тамыр соғысы: 78 рет, ырғақты
Іші:жұмсақ.
Жатыр: тығыз,түбі кіндік деңгейінде.
Бөліністер қанды мөлшерлі:10,0
Зәр шығаруы: еркін, ауырсынусыз.
Жалпы қан кетуі:160,0- 0,3%
Екіншілік өңдеу кіндіктің артығын алып тастадық.
Қолымды гигиеналық тәсілмен өңдедім.
Бала жөргектеуге арналған үстелге жатқыздым.
Бикстен нәрестені 2-лік өңдеуге арналған залалсыздандырылған пакетті алдым.
Бас бармақ сұқ саусақпен залалсыздандырылған дәке салфеткасын қолданып, кіндіктің ұшынан түбіне қарай қысып қанын шығардым.
Кіндіктің қалдығын 90 % спиртке малынған мақта шаригімен сүрттім.
Кіндіктің түбі шеңберінен 0,3-0,5 см жоғары қысқышпен қыстым.
Скобадан 0,3-0,5 см жоғары залалсыздандырылған қайшымен кіндіктің жоғарғы қалдығын кестім.
Жаңа туған нәрестеге бақылау жүргіздім.
Жаңа туған нәрестені туа сала тез құрғатып анасынын үстіне жатқыздық. Басына бас киімін кигізіп,үстіне көйлегін, аяғына шұлығын кигіздік.
Апгар бағанасы бойынша : 8-9 балл
30-минуттан кейін дене қызуын өлшедім: 36,80 С(қалыптытемпература 36,5-37,50с болу керек)
Сәбиді тонғанына тексеріп отырдым(аяқ-қолын алақанмен ұстап көріп)
Нәрестені ему рефлексі пайда болған соң,омырауға салып,емуге көмектестім.
Екі сағаттан кейін гонобленореянын алдын алу үшін көзіне 1,0 тетрациклин жақтым.
Температурасын қайталап өлшедім.
Салмағын өлшедім: 3870,0 («Саша» электрондық таразыға салып)
Бойын өлшедім: 53 см
Бас аумағын өлшедім: 34 см
Кеуде аумағын өлшедім: 33 см
Жаңа туған нәрестені 2-сағаттан кейін дәрігер қарады.
Дәрігер сәбиді мұқият қарағаннан кейін Гепатит вакцинасына егуге рұқсат берді,жазбаша түрде тарихқа еңгізді.
Арнаулы рұқсат қағазы бар медбике қолын жақсылап механикалық тәсілмен сабындап қолын жуып алғаннан кейін,гигиеналық тәсілмен антисептикпен қолын өңдеді.
Ол үшін мен дайындадым:
Стерильді дәкені
70% спирт
2,0 шприцті
Вакцинаны тексеру.(сынығын,мерзімін,түрін,
түйіршіктердің барлығын және салыстыру квадратын)
Анасынын қатысуымен,жазбаша рұқсатымен
флаконда екі дозалық вакцинаны алды.
Флаконның аузын өңдеді.
1-дозасын шприцпен сорып алды.
Сол жақ саннын терісін өндеді.
Терең бұлшық етіне сыртына қарай еңгізді.
Салған вакцинаны флаконын жоюға арналған қорапқа, ұсталған шприцті дез ерітіндіге тастады.
10 миннуттай сәбиді бақылады,реакция жоқ7
Салғандығы туралы мәліметтерді тарихқа,журналға еңгіздім.
Үстелдің үстін дез ерітіндісімен өңдеп ,қолын сабындап жуып, антисептикпен өңдеді.
Бөлмеге тазалық жүргізілдім, 30 минутқа кварц қостым,30 мин желдеттім.
Кварцты қолданған сағатын журналға тіркедім.
Әйел босанғаннан кейінгі бөлімге ауыстырылды.
Босану мәліметтерін тарихқа, партограммаға енгіздім.
Жүкті, босанатын, және босанған әйелдерді қабылдауды тіркеу журналы форма №002/у
Стацианарда босануды жазу форма№010/у
Нәрестелер бөлімшесінің журналы форма №102/у
тіркедім.
Аты жөні: Ғалымов Саид Еркебұланұлы
Туылған күні: 25.12.2012
Сағаты: 1425
Жынысы: ұл
Салмағы: 3870,0
Бойы: 53 см
Бас аумағы: 34 см
Кеуде аумағы: 33 см

Өндірістік тәжірибемді аяқтап үйге қайттым.