ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 19.11.2021

Просмотров: 276

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ


КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ЛАТЫН ТІЛІ МОДУЛІ

Силлабус

Мамандығы 051103 фармация

ЛАТЫН ТІЛІ МОДУЛІ

Курсы: І Семестр:ІІ

Лекция - жоқ

Тәжірибелік сағат – 15 сағат

СОБЖӨЖ - 7 сағат

Студенттің өздік жұмысы (СӨЖ) - 23 сағат

Барлығы - 45 ( кредит)

Бақылау түрі: емтихан, тест

Алматы, 2013-2014ж

1.Жалпы мағлұматтар

ЖОО-ның атауы: С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті

Латын тілі модулі

Пән латын тілі

Мамандығы: 051103 фармация

Оқу сағатының көлемі – 45 сағат

Курсы және оқу семестрі - І курс, ІІ семестр

Оқытылу курсы мен семестрі: ???? курс ???????? семестр

Аты - жөні

лауазымы

1

Жантасова С.У.

аға оқытушы

2

Жанузакова М.Т.

оқытушы

3

Лисариди Е.К.

аға оқытушы

4

Нурмухамбетова Б.Н.

аға оқытушы

5

Татаренко Т.Д.

аға оқытушы,

оқу ісінің меңгерушісі

6

Токпанова А.А.

аға оқытушы

7

Шойбекова А.Ж.

аға оқытушы

Байланыс ақпараты:

Кафедраның мекен-жайы: Қабанбай батыр көшесі, 2 оқу ғимараты

Тел:

Пәннің саясаты төмендегі талаптардан тұрады:

  • сабаққа міндетті түрде қатысу;

  • сабаққа кешікпеу;

  • сабақты себепсіз жібермеу, ауырған жағдайда анықтама көрсету;

  • сабаққа дайындалу, үй жұмысы мен СӨЖ орындау;

  • тапсырманы дәл уақытында тапсыру т.б

  • оқу үрдісіне белсенді атсалысу;

  • тапсырманы уақытында орындамаған жағдайда қорытынды бағасы төмендейтінін есте сақтау;

  • ұқыпты, жауапты және тәртіпті болу;

  • ұжымдық жұмыстарға атсалысу;

2. Бағдарлама:

2.1. Кіріспе

Медициналық жоғарғы оқу орындарында латын тілін оқытудың мақсаттары мен міндеттері студенттерді болашақ мамандықтарына сай фармацевтикалық медициналық терминдерді (сауатты меңгеріп) және қолдана білуде латын тілі кәсіби тіл болып табылады. Медициналық терминология негізгі үш бөлімнен тұрады – 1) анатомиялық, 2) фармацевтикалық, 3) клиникалық.

Фармацевтикалық терминологияда дәрілік қалыптардың, дәрілік өсімдіктердің аттары, химиялық номенклатура және рецепт қарастырылады.

Студент үшін басқа пәндерді меңгеруге латын тілінің ықпалы зор, атап айтқанда фармокология, биология, химия. Латын тілінің оқытудың негізгі мақсаты – қазіргі фармацевтикалық терминологияны білімді, сауатты латын тілінде игерген маман дайындау. Ең негізгі мақсаты фармацевтикалық терминологияның негізін жоғарғы жетістікпен игеру болып табылады. Бұған тілдің терминологиясының тәжірибелік сұрақтары, өндіріспен және әр түрлі номенклатурадағы терминдердің функциясын құрастырушы құрамдас фармацевтикалық терминология жатады.


Бірінші сабақтан бастап сауатты тез оқып үйренуге, рецептерді қатесіз жазуға және аудармаға көңіл бөлу керек. Ол үшін рецепттерді аудармаларды, латын тілінен қазақ, орыс тілдеріне аударып қоймай, жай сөйлемдерді және рецептерді қазақ, орыс тілдерінен латын тіліне аудара білу керек. Оқып үйрену, есте сақтаудың жеке қабілеттіліктің белсенділігін қажет етеді. Әр бір сабақта 25-30 жаңа сөздерді оқулықтан және қосымша оқу құралдарынан меңгеруі керек. Латын тілі пәні оқып білуге 45 сағат бөлінген.

2.2. Пәннің мақсаты:

Латын тілін оқытудың негізгі мақсаты – студенттердің медициналық терминологияның үш бөлімін игеріп, практикалық және ғылыми жұмыстарында дұрыс қолдана білуі.

мамандыққа сәйкес білімді игеруде тіл үйренушінің жалпы дүниетанымын кеңейту.

тіл үйренушінің мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін күшейту, қызығушылығын арттыру.

2.3. Міндеттері:

- Когнитивті - тілдік құзіреттілік:

медициналық және жалпы ғылыми терминология туралы ұғымды қалыптастыру;

медициналық терминді қазақ, орыс тілдерінен тын тіліне және керісінше аударма дағдыларының жүйесін қалыптастыру;

дәрілік заттардың аттарындағы дәрілік бөліктерді анықтап үйрену және оқып қолдану;

бағдарлама көлемінде латын тіліндегі жазбалар мен оқуларды оқып үйрену;

рецепт жазуды сауатты үйреніп, қазақ, орыс тілдерінен латын тіліне және керісінше аударуды үйрену;

терминэллемент, түбірсөз жұрнақтар бойынша клиникалық терминдерді құрастыруды қалыптастыру;

- Сөйлеу дағдыларын қалыптастыру құзіреттілігі:

Әрбір сөз таптарын айыра білуін, анатомиялық және фармацевтикалық сол сияқты жалпы ғылыми және медициналық терминдерді сауатты қиыстыруын қалыптамстыру.

- Коммуникативтік құзіреттілік:

Медициналық терминалогияны белсенді қолдану дағдыларын дамыту және қалыптастыру.

- Құқықтық құзіреттілік:

Деонтология негіздерімен танысу.

- Өзін-өзі дамыту деңгейі:

Анатомиялық, фармацевтикалық және клиникалық терминдерді құрастыру дағдыларын білу және ойлау қабілеттерін, кәсіби, қоғамдық және мәдени

ой- өрісін кеңейтуін шыңдау.

2.4. Оқытудың соңғы нәтижесі:

Студент білуі керек:

  • Оқытудың негізгі ерекшеліктері;

  • дыбыстардың оқылу ерекшеліктерін;

  • әліпби мен әріп тіркестерінің жазылуын;

  • зат есімнің септелуін;

  • сын есімнің септелуін;

  • сын есімнің зат есіммен қиысуын;

  • демеуліктер, сан есімдер, есімдіктердің медициналық терминологияда қолданылуын;

  • дәрілік заттардағы тривиалды (жай) атаулардың құрылуы мен тәсілдерін;

  • лексикалық сөздерді есте сақтауын;

  • рецептің құрылысы мен жазылу талаптарын;

  • латын тіліндегі қанатты сөздер мен афоризмдерді.

Студент меңгеруі керек:

  • латын тілінде жазу және оқуды;

  • медициналық терминдердің латын тілінен қазақ, орыс тілдеріне және кері аударуды;

  • рецептерді сауатты жазуды, оларды латын қазақ, орыс тілдеріне және кері аударуды;

  • латын тіліндегі химиялық атауларды құрастыруды (оксид, қышқыл, тұз);

  • дәрілік заттардың атаулардағы дәрілік бөліктерді анықтауды;

  • белгілі термин элементтермен берілген клиникалық терминдерді анықтауды.


2.5. Реквизитке дейінгі:

Оқыту курсын меңгеру үшін орта жалпы білім беру мектебіндегі биология, химия, шет тілі пәндерінен алған білімі қажет.

2.6. Реквизиттен кейінгі:

«Латын тілі және фармацевтикалық терминология» пәні кез-келген медицина мамандығы үшін қажетті пән болып саналады. 1 курстағы білімі мен сабақты игеруін және жоғарғы курстарда арнайы пәндерді оқыған кездегі қабілеттілігін қалыптастыруда медико-теориялық және клиникалық пәндермен латын тілі курсы арасында тығыз байланыс болады. Латын тілін оқыту жалпы мәдени, тарихи-медициналық деонтологиялық және эстетикалық мағыналарды беретін латын афоризмдері мен ертедегі ойшылдардың қанатты сөздерін меңгерген болашақ дәрігер – маман.

Латын грамматикасының элементтерін, грек-латын терминдерін тануды, олардың қазақша, орысша мағыналарын білуді, басқа тілдердегі арнайы хабарламаларды түсінуді және оқуды жеңілдетеді. Халықаралық мамандар арасындағы қатынастарды және ғылымданған ақпараттық инфрақұрылымдарды байланыстырады.

Курсты оқып болғаннан кейінгі студенттің білімі мен әсері:

  • оқудың негізгі ерекшеліктері туралы;

  • дыбыстардың оқылу ерекшеліктері туралы;

  • әліпби мен әріп тіркестерінің жазылуы туралы;

  • зат есімнің септеуі туралы;

  • сын есімнің септеуі туралы;

  • сын есімнің зат есіммен қиысуы туралы;

  • дәрілік заттардағы тривиалды атаулардың құрылуы мен тәсілдері туралы;

  • лексикалық сөздерді есте сақтауы туралы;

  • рецептің құрылысы мен жазылу талаптары туралы;

  • латын тіліндегі қанатты сөздер мен афоризмдердің қолданылуы туралы.

2.7 Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары, СОБЖӨЖ

Апта

Тақырып

Тәжі-рибе

СОБЖӨЖ

1.

1

Кіріспе. Латын тілінің қысқаша тарихы. Әліпби. Фонетика. Әріптер мен әріп тіркестерінің ерекшеліктері.

Фонетика. Екпінің ережелері.

1

1

2.

2

Етістік. Жіктеу.

Тұйық және бұйрық рай

1


3.

3

Зат есім. Септеу, септік. Септеу І.

Табыс септік. Қиыспаған анықтауыш.

1

1

4.

4

Демеуліктер. Шылаулар. Рецепт.

Оның құрлысы.

1


5.

5

ІІ – септеу, септік жалғаулар. Орта тектің ерекшілктері.

Дәрілік заттар мен өсімдіктердің аттары.

1

1

6.

6

Дәрілік заттардың аттары.

Системалы және тривиалды атаулар. (Д/б)

1


7.

7

Сын есім. Қиыспаған және қиысқан анықтауыш.

Қиысудың орын тәртібі.

1

1

8.

8

Ботаникалық номенклатурадағы сын есімдер. Тұқымдас атаулар. Дәрілік бөліктер.

ІІ септеу ережеден тыс сөздер.

1


9.

9


Латын тіліндегі халықаралық химиялық номенклатура (хим. элемент, қышқыл,)

Оксидтердің аттары.

1

1

10.

10

Тұздар. Қышқыл және негіз тұздардың аттары. Химиялық номенклатураның рецепте қолданылуы.

1


11.

11

Зат есім. ІІІ – септеу. ІІІ – септеудің зат есімдерінің тегін анықтау.

Зат есімдерді сын есімдермен қиыстыру.

1

1

12.

12

Сын есімнің ІІ тобы 2 жалғаулы.

Зат есімдерді сын есімдермен қиыстыру.

1


13.

13

Шартты рай. Етістік.

Рецептік формулировкалар.

1

1

14.

14

ІV – септеу. V – септеу.

Зат есімдерді сын есімдермен қиыстыру.

1


15.

15

Аралық бақылау.

1



Барлығы:

15

7


Студенттердің өздік жұмысының (СӨЖ) тақырыптық жоспары

Өздік жұмыстың тақырыбы

Өткізудің түрлері

Сағат

1.

Етістік.

Кроссворд құру.

5

2.

Латын тіліндегі өсімдіктердің ботаникалық аттары.

Фармацевтикалық сөздік дайындау

5

3.

Дәрілік бөліктер.

Презентация немесе кесте дайындау.

5

4.

Сан есім. Есімдік. Үстеу.

Презентация.

5

5.

Деонтология. Қанатты сөздер. Афоризмдер.

Жазбаша, ауызша қор жинау.

3

2.8. Сабақ беру және оқыту әдістері:

- тәжірибе сабағы: ауызша сұрау, лексика-грамматикалық жаттығуларды ауызша және жазбаша орындау, тест тапсырмаларын, бақылау жұмыстарын, техникалық құралдармен атқарылатын жұмыстар, терминологиялық сөздіктермен жұмыс және т.б

СӨЖ-ды ұйымдастыру түрлері:

- жеке грамматикалық тақырыптарды өз бетінше үйрену, реферат, баяндама жасау, терминологиялық сөздіктермен жұмыс (ауызша және жазбаша), таблица, схема, газет дайындау, презентация, кроссворд құрастыру.

2.9. Білімдерін және дағдылардын бағалау әдістері:

1-9 сабақтар когнитивті-тілдік құзіреттілікпен бағаланады.

10-14 сабақтар коммуникативтік құзіреттілікпен бағаланады.

Ағымдық бақылау: тәжірибелік сабақ кезінде қадағалау.

Тәжірибелік сабақ:

  • ауызша жауап алу;

  • грамматикалық тапсырмалардың орындалуын қадағалау;

  • жазбаша түрде тестілеу;

  • грамматикалық тақырып бойынша оқытушының сұрақтарына жауап беру;

  • тестік жұмыстарды орындау;

Барлық тапсырмалар өз уақытында өткізілуі керек. Тапсырманы кеш орындағаны үшін төмен бағаланатынын, жазбаша жұмыстарды орындағанда көшірмеу керектігін қатаң ескерту.

Ағымдық бақылау t- құзіреттілік қалыпты деңгейлік бағасы

t=(Z+N+K+P+S)/n

n-барлық құзіртеттілік бойынша саны

Z: z1 + z2+... zn – білім үшін бағасы

N: n1+ n2+... nn – дағды үшін бағасы

K: k1+ k2+... kn – коммуникативті құзыреттілік үшін бағасы

P: p1+p2+...pnқұқықтық құзіреттілік үшін бағасы

S: s1+s2+...sn – СӨЖ үшін бағасы

Әрбір құзыреттілік 100 балл шкаласымен бағаланады.

Бағалау формасы, әрбір құзыреттілік бойынша тапсырма саны жұмыс бағдарламасында (п 2.9 білімдерін және оқыту дағдыларын бағалау әдістері) және Силлабус (п 2.10 білімін бағалау ережесі және критериясы).

Аралық бақылау r-коллоквиум

Пән саясаты саны және өткізу түрі бойынша анықталады.

Рейтингіге жіберу

Рейтингіге жіберу студенттің қортынды бағасы 60% кем болмау керек,

0.6 формуласымен анықталады.

ағымдық бақылау

рейтинг

Қорытынды бақылау

Қорытынды бақылау: Емтихан 2 этаптан тұрады. 1) тестілеу 2) жазбаша (тәжірибелік дағдыларды және т.б. билет бойынша).

- 1 этаптағы тест балы

- 2 этаптағы емтихан балы

Қорытынды баға

Қорытынды баға рейтингіге жіберу және қорытынды бақылауды қосумен анықталлады.

І R*0.6+E*0.4

I – қорытынды баға


Rрейтингіге жіберу бағасы (пән бойыншы емтихан)

Қорытынды рейтингі рейтингіге жіберу 60% және қорытынды бақылау бағасы 40%.

Аралық бақылау әр семестрде өтілген материалдарды меңгеру деңгейі. Студенттер жылына 1 аралық бақылау орындайды.

Қорытынды бақылау - емтихан (ауызша және тест әдісі).

Қорытынды бақылау, аралық бақылау және консультация уақыты.

  • Концультация уақыты емтиханнан 3 күн бұрын өтіледі

  • Аралық бақылау уақыты 15 аптада

  • Қорытынды бақылау уақытысы семестрдің соңында ОҮБжЖБ-ң сабақ кестесі бойынша.

2.10. Білімін бағалау ережесі және критериясы.

Әрбір тәжірибелік сабақта студент максимальды 100 балл алады.

  1. Үй тапсырмасы, терминдердің сөздік тұлғасы, терминдерді қиыстыру-50 балл.

  2. Лексикалық минимумды толық дұрыс жазу (карточкада 10 сөз) -50 балл.

Барлығы 100 балл

СӨЖ-ді бағалау критериясы

Максимальды 100 балл (1СӨЖ).

СӨЖ орындау аралық бақылауға дейін және студенттің таңдауы бойынша.

  1. Жазба жұмысы (реферат,баяндама)

  2. Терминалогиялық сөздік

  3. Презентация.(кесте, схема, крассворд)

Тәжірибелік сабақтарды бағалау әдісі.

  • әрбір тәжірибелік сабақта студент максималды 100 бал алуы мүмкін. Ол үшін студент сабақта грамматикалық тапсырмаларды дұрыс орындауы, сұрақтарға жауап беруі, тестік тапсырмаларды орындағанда грамматикалық білімін жалпы жұмыста белсенділік көрсетуі керек. Әріптік жүйе бойынша бағасы А. Балдық бағасы 100-95.

  • грамматикалық тапсырмалардан санаулы қателіктер жіберіп, тақырыпқа толық жауап берген жағдайда 90-94 бал алады. Әріптік жүйе бойынша бағасы А-. Тест тапсырмаларын орындауда 95 % кем дұрыс жауабы болса.

  • студент 85-89 бал алады, егер тақырып бойынша тапсырмаларды дұрыс орындап, грамматикалық тапсырмаларды орындауда санаулы қателіктер жіберсе. Әріптік жүйе бойынша бағасы В+. Тест тапсырмаларын орындауда 90% кем дұрыс жауабы болса.

  • студент 80-84 бал алады, егер тақырып бойынша тапсырмаларды дұрыс, бірақ толық орындай алмаса, грамматикалық тапсырмаларды орындауда кателіктер жіберсе. Әріптік жүйе бойынша бағасы В. Тест тапсырмаларын орындауда 85% кем дұрыс жауабы болса.

  • Студент 75-79 бал алады, егер тақырып бойынша тапсырмаларды санаулы қателіктер болса, бірақ толық орындаса, гармматикалық тапсырмаларды орындауда қателіктер жіберсе. Әріптік жүйе бойынша бағасы В-. Тест тапсырмаларын орындауда 80% кем дұрыс жауабы болса.

  • Студент 70-74 бал алады, егер тақырып бойынша тапсырмаларда біршама қателіктер болса, толық орындай алмаса, грамматикалық тапсырмаларды орындауда қателіктер жіберсе. Әріптік жүйе бойынша бағасы С+. Тест тапсырмаларын орындауда 75% кем дұрыс жауабы болса.

  • Студент 65-69 бал алды, егер тақырып бойынша тілдік және стилистикалық қателіктер жіберіп, дәл жауап бермеген жағдайда, грамматикалық тапсырмаларды орындауда қателіктер жіберсе. Әріптік жүйе бойынша бағасы С. Тест тапсырмаларын орындауда 70% кем дұрыс жауабы болса.

  • Студент 60-64 бал алады, егер тақырып бойынша тапсырмаларды дұрыс орындай алмаса, грамматикалық тапсырмаларды орындауда қателіктер жіберсе. Әріптік жүйе бойынша бағасы D+. Тест тапсырмаларын орындауда 60% кем дұрыс жауабы болса.

  • Студент 50-54 бал алады, егер тапсырмаларды дұрыс орындай алмаса, көптеген қателіктер жіберсе. Әріптік жүйе бойынша бағасы D. Тест тапсырмаларын орындауда 55% кем дұрыс жауабы болса.

  • Тапсырмаларды дұрыс орындамай, көп қателіктер жіберген жағдайда 0-49 бал қойылады.