ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 19.11.2021
Просмотров: 271
Скачиваний: 1
СӨЖ-ді бағалау әдісі
Реферат, баяндамаларды бағалау әдісі.
100-90 балмен бғаланады, егер студент реферат, баяндамаларды таңдаған тақырыбы бойынша мазмұны терең, кеңінен толық қамтыған жағдайда. Жұмыс катесіз, мағыналы, әдеби тілде, жоспарлы түрде, өзіндік стилде таңдаған тақырыпқа сәйкес болған жағдайда.
89-75 балмен бағаланады, егер тақырыбы мазмұнды, лексикалық-грамматикалық ерекшеліктерге сәйкес, әдеби көркемділікпен орындаған жағдайда.
74-60 балмен бағаланады, егер таңдаған тақырыбының мазмұны толық қамтылмаған, әдеби, логикалық кемшіліктер, синтаксистік құрылымдардың біркелкілі және сөздік қоры нашар болған жағдайда.
59-50 балмен бағаланады, егер таңдаған тақырыбына мазмұны сәйкес келмеген, әдеби-логикалық мағынасынан ауытқып, сөздік қоры нашар болған жағдайда.
0 балмен бағаланады, егер студент СӨЖ-ді орындамаса.
Презентация, оқу таблицалар, схемалар, крассворд және қабырға газеттерін бағалау әдісі:
100-90 балмен бағаланады, егер студент өзінің жасаған жұмысында, алған білімін тәжірибесімен толық ұшырастырып, қорғай алған жағдайда.
89-75 балмен бағаланады, егер студент өзінің жасаған жұмысында алған білімін тәжірибесімен ұшырастырып, толық қорғай алмаған жағдайда.
74-60 балмен бағаланады, егер студент өзінің жасаған жұмысын толық меңгермей, қателіктер жіберіп, дәлелдеп бере алмаған жағдайда.
59-50 балмен бағаланады, егер студент өзінің жасаған жұмысын дұрыс меңгермей, қорғай алмаған жағдайда.
0 балмен бағаланады, егер студент СӨЖ-ді орындамаса.
Жазбаша жұмыстардың орындауын бағалау әдісі.
Жазбаша жұмыстарға 30 қиысқан және қиыспаған анықтауыштардың минимумын орындау міндеттеледі.
100-90 балмен бағланады, егер студент термин- сөз тіркесінің қатесіз және сөздік тұлғасымен қиысқан және қиыспаған анықтауыштарды толығымен дұрыс орындаған жағдайда.
89-75 балмен бағаланады, егер студент термин – сөз тіркестерінің сөздік тұлғасымен орындап, санаулы қателіктер жіберген жағдайда.
74-60 балмен бағаланады, егер студент термин – сөз тіркестерін құрастырып, сөздік тұлғасын қате орындаған жағдайда.
59-50 балмен бағаланады, егер студент тапсырманы дұрыс орындай алмаған жағдайда.
0 балмен бағаланады, егер студент СӨЖ-ді орындамаса.
Терминдік сөздікті бағалау әдісі.
100-90 балмен бағаланады, егер студент терминологиялық жүйенің негізгі құрастырып, терминдерді құрастырудың негізгі тәсілдерін біліп, медициналық терминологияны өзінің жұмысында белсенді қолданып, жалпы ғылыми және арнайы терминдер туралы түсінігі болып және олардың аудармасын білген жағдайда.
89-75 балмен бағаланады, егер студент терминологиялық жүйенің негізін құрастырып, жалпы ғылыми және арнайы терминдер туралы түсінігі болып, терминдерді құрастырудың негізгі тәсілдерін біліп, кейбір терминдердің аудармасын білмеген жағдайда.
74-60 балмен бағаланады, егер студент терминологиялық жүйенің негізін құрастырып, терминдерді құрастырудың негізгі тәсілдерін біліп, жалпы ғылыми және арнайы терминдер туралы түсінбей, терминдердің аудармасын білмеген жағдайда.
59-50 балмен бағаланады, егер студент тапсырманы дұрыс орындай алмаған жағдайда.
0 балмен бағаланады, егер студент СӨЖ-ді орындамаса.
2.10 Пайдаланылатын әдебиеттердің тізімі:
Негізгі:
1. Чернявский М.Н. «Латын тілі және фармацевтикалық терминологияның негізі». М., 1994.
2. Шульц Ю.Ф. «Латын тілі және медициналық терминологияның негізі». М., 1995.
3. Машковскийй М.Д. «Дәрігерлік заттар». І-ІІ бөлім. Москва, 2002ж.
Қосымша әдебиет:
-
Арнаудов Г.Д. «Медициналық терминология». София, 1997ж.
-
Казаченок Т.Г. «Фармацевтикалық сөздік». Москва, 1977ж.
-
Момынов Т.А., Рахишев А.Р. «Медициналық сөздік». Алматы, 1999ж.