Файл: Саба таырыбы йкеліс кші. йкеліс трлері (тынышты, сыранау, домалау) Оу масаттары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.11.2023

Просмотров: 23

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сабақ тақырыбы

Үйкеліс күші. Үйкеліс түрлері (тыныштық, сырғанау, домалау)

Оқу мақсаттары

7.1.2.4 зерттеу жүргізу кезінде айнымалы және тұрақты шамаларды анықтау;

7.2.2.14 -тыныштық, домалау және сырғанау үйкелістерін ажырату

Бағалау критерилері

- зерттеу жүргізу кезінде айнымалы және тұрақты шамаларды анықтайды;

- тыныштық, домалау және сырғанау үйкелістерін ажыратады



МӘТІН 1. Үйкеліс күші пайда болу себептері


Жер бетіндегі үйкеліс әрқашан денелердің кез келген қозғалысымен бірге жүреді. Механикалық қозғалыстың барлық түрлерінде кейбір денелер не басқа денелермен, не оларды қоршаған сұйық немесе газ тәрізді ортамен жанасады. Мұндай жанасу әрқашан қозғалысқа үлкен әсер етеді. Үйкеліс күші өзара әрекеттесетін екі дененің беттері арасында пайда болады. Егер бір дене екінші дененің бетінде қозғалса, үйкеліс күші әрқашан қозғалысқа қарсы бағытталған. Бұл жағдайды толығырақ қарастырайық.

Бір дененің беті екінші дененің бетімен қозғалғанда, онда біз осы беттердегі кедір, бұдырларды, жырықтарды, сызықтарды көрмесек те қозғалыс кезінде олар бір-бірімен әрекеттеседі. Бұл (1 сурет) үйкеліс күшінің пайда болу себептерінің бірі.



сурет. 1. Денелердің бетіндегі кедір бұдырлар – үйкеліс күшінің пайда болуының бірінші себебі.

Үйкеліс күшінің пайда болуының тағы бір себебі бар. Тәжірибелер көрсеткендей, егер сіз үйкелетін денелердің беттеріндегі кедір бұдырларын, оларды мұқият жылтыратып, жоя бастасаңыз, алдымен үйкеліс күші күтілгендей азаяды. Бірақ денелердің беттері идеал тегістелген кезде, үйкеліс күші күрт артады, денелер бір-біріне жабыса бастайды. Бұл тегістелген беттердің молекулалары бір-біріне өте жақын болып бастағандықтан, олардың арасында өзара тартылыс күштері әрекет ете бастайды.


сурет 2. Молекулалардың өзара тартылысы – үйкеліс күшінің пайда болуының екінші себебі.

Өмірде көбіне жаңасатын беттердің кедір бұдырларының себебінен пайда болған үйкеліс күші кездеседі.

Бірінші мәтінге сұрақтар.

1) Үйкеліс күші қандай жағдайда пайда болады?

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

    1. Үйкеліс күші қайда бағытталған?

________________________________________________________________________________________________________________

    1. Жаңасатын беттердің кедір бұдырлары үйкеліс күшіне әсер етеді ме? Егер әсер етсе, неге?

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

    1. Егер жанасқан беттерді кедір бұдырлары болмайтындай тегістесе, онда олардың арасында үйкеліс күші болады ма? Егер болатын болса, неге?

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

МӘТІН 2. Сырғанау үйкелісі


Үйкеліс күшінің үш түрі болады: тыныштық үйкелісі, сырғанау үйкелісіжәне домалау үйкелісі.

Горизонталь бағытталған күштің әсерінен білеуше үстелдің тегіс беті бойымен сырғансын.

Сырғанау үйкеліс күші бір дененің екінші дененің бетінен сырғанаған кезінде пайда болады.

Бұл күшті өлшеу үшін динамометрді пайдаланады. Егер денені бірқалыпты қозғалтсаныз, үстелдің бойымен әсер ететін динамометр серіппесінің серпімділік күші (яғни құрылғының көрсеткіштері) сырғанау үйкеліс күшіне тең болады (сурет 3). Дененің үстіне жүк (мысалы гір немесе тағы бір дене) қойып үйкеліс күшін артырыуға болады.

сурет 3. Үйкеліс күшін өлшеу

Сырғанау үйкеліс күшін жанасу беттерінің материалын немесе оларды өңдеу тәсілін өзгерту арқылы (тегістеу, жылтырату немесе керісінше жасанды кедір-бұдыр жасау, мысалы, спорттық аяқ киімнің табанында немесе автомобиль шиналарында) өзгертуге болатыны белгілі болды. . Мысалы, білеушелердің астына үстелге тегістеу қағазын қойып, үйкеліс күшінің айтарлықтай артқанын байқауға болады.

Сонымен сырғанау үйкелісінің тәуелділігі:

  • Дененің салмағына;

  • Үйкелесетін беттердің тегіне(материалына)

  • Үйкелесетін беттердің тегістігіне.


Үйкеліс күші қалай есептеледі?




мында μ — үйкеліс коэффициентті, N — тіректің нормаль қысым күші (тіректің реакция күші).

Г оризонталь жазықтықтың бетімен қозғалатын дене үшін тіректің реакция күші модулі бойынша дененің салмағына тең: онда
2 мәтінге сұрақтар.

  1. Сырғанау үйкеліс күші қашан пайда болады?

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Сырғанау үйкеліс күшін қалай өлшеуге болады?

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Сырғанау үйкеліс күшін қандай тәсілдермен өзгертуге болады?

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

5) Үйкеліс күшінің формуласы?

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 6) Үйкеліс коэффициентті нені білдіреді?

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


МӘТІН 3. Домалау үйкелісі


Әртүрлі механизмдерде және күнделікті тұрмұста сырғанау үйкелісін домалау үйкелісіне алмастыруға тырысады.

Домалау үйкеліс күші бір дене екінші дененің бетімен домалаған кезде пайда болады.

Басқа шарттар тең болған кезде домалау үйкеліс күші сырғанау үйкеліс күшінен ондаған және жүздеген есе аз болады (4-сурет).



сурет 4. Домалау үйкеліс күші сырғанау үйкеліс күшінен әлдеқайда аз

Бұл факты под­шип­ни­ктерде (ша­ри­кты және ро­ли­кті) қолданады (сурет 5).



сурет 5. Ша­ри­кті (а) және ро­ли­кті (б) под­шип­ни­ктер
3 мәтінге сұрақтар.

    1. Қандай жағдайларда домалау үйкелісі пайда болады?

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


    1. Домалау үйкелісіне мысалдар келдіріңдер


    1. Адам тұрмысына домалау үйкелісі немен пайдалы?


МӘТІН 4. Тыныштық үйкелісі


Біз денені горизонталь үстелге орналастырамыз және динамометрді пайдаланып, денеге біртіндеп ұлғая түсетін күшпен әрекет ете бастаймыз.

Белгілі бір шамаға дейін дене тыныштық күйін сақтайды. Демек, денеге динамометрдің серпімділік күшінің әсерін теңестіретін күш пайда болағанын көреміз. Бұл тыныштықтың үйкеліс күші. (сурет 6).

Сила тре­ния покоя воз­ни­ка­ет при дей­ствии на непо­движ­ное тело силы, на­прав­лен­ной па­рал­лель­но по­верх­но­сти кон­так­та этого тела с дру­гим телом.



сурет 6. Тыныштық үйкеліс күшінің әсерінен дене тыныштық күйін сақтайды

Тыныштықтың үйкеліс күшінің ең үлкен мәні болады. Егер динамометр серіппесінің тартылу күшін осы ең үлкен мәнге дейін арттырса, дене қозғалысқа келеді, ал тыныштық үйкелісі сырғанау үйкелісіне ауысады.

Тыныштық үйкелісі - тыныштықтық жағдайының өзіндік «қамқоршысы» болып табылады. Тыныштық үйкелісінің арқасында заттар үстелдің бетіне, жиһаз еденнің бетіне сырғанап кетпейді. Киіміміз тоқылған жіптер әрқайсысы өз орнында, ал мата өзінің тұтастығын сақтайды. Түйіндер өздігінен шешілмейді, аяғымыз жер бетінде тайғанамайды.

4 мәтінге сұрақтар.

    1. Тыныштық үйкелісі деген не?



    1. Тыныштық үйкелісінің артықшылықтарын атаңдар.