Файл: Жалпы орта білім беру дегейіні 1011сыныптарына арналан аза дебиеті пнінен.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 60
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ЖОБА
Қ азақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы « » ___________
№ ____ бұйрығына 4 - қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген
Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған
«Қазақ әдебиеті» пәнінен жаратылыстану-математика бағыты
бойынша жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
(оқыту қазақ тілінде)
1-тарау. Жалпы ережелер
-
Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
-
Қазақ әдебиеті бағдарламасының мақсаты - оқушыларды креативті ойлауға бағыттау. Олардың ойларын ауызша еркін жеткізуіне және жаза білуіне қолдау көрсету, дәлелдер келтіру, салыстыру және анализ жасау, бағалау дағдыларын қалыптастыру. Оқушылар әдеби жанрларға эксперимент жасау арқылы драмалық шығарманы проза тілімен, прозаны поэзия тілімен жазу тәсілдерін меңгере алады. -
«Қазақ әдебиеті» оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
1) «Қазақ әдебиеті» бағдарламасы оқушылардың сауаттылығын, олардың әдеби және эстетикалық талғамдары мен сезімдерін дамыту, ойлау қабілеттері мен танымдық және коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру бағытында құрастырылған;
2) қазақ әдебиетінің құндылық ретіндегі болмысын, ұлттық мәдениеттегі маңызды орнын құрметтейді және бағалайды;
3) қазақ әдебиетінің мәдениетаралық қарым-қатынастағы рөлін, қазақ халқының қалыптасқан тарихын, алға қойған міндеттерін, мәселелерін, қарама-қайшылық пен қиындықтарын анықтайды және түсінеді;
4) түрлі жағдайларға бейімделе білу және өздігінен шешім қабылдау дағдыларын қалыптастырады;
5) заманауи, ғылыми және қоғамдық дамуға сәйкес дүниетанымын дамытады.
2-тарау. «Қазақ әдебиеті» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
4.«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
-
10-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат; -
11-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат.
5.«Қазақ әдебиеті» пәндік білімнің мазмұны бөлімдерге бөлінген: түсіну және жауап беру, анализ және интерпретация, бағалау және салыстырмалы анализ, сонымен қатар, дағдыларды қалыптастыратын бөлімшелерден тұрады. Бағдарламаның бұл бөлімі пән бойынша оқу мақсаттарынан тұрады.
6.«Түсіну және жауап беру» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
-
көркем шығарма мазмұны мен пішіні; -
әдеби шығарманың тұжырымдамасы; -
көркем шығармадағы образ; -
шығарма үзінділерімен жұмыс; -
қазақ әдебиетіндегі ұлттық құндылықтардың әлемдегі орнын білу.
7. «Анализ және интерпретация» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
-
әдеби шығарманың композициясы; -
автор бейнесі; -
көркем шығарманың тілі; -
шығармашылық жұмыс; -
қазақ және әлем әдебиетіндегі құндылықтар.
8. «Бағалау және салыстыру» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
-
тарихи және көркемдік құндылығы; -
заманауилығы мен жаңашылдығы; -
әдеби эссе; -
әдеби сын.
9. Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны:
1) түсіну және жауап беру: әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын түсіну; әдеби шығарманың жанрлық табиғатын тану; көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау; көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану; ұлттық құндылықтардың маңыздылығын контекстермен үндестіру;
2) анализ және интерпретация: әдеби шығарманың әртүрлі композициялық ерекшеліктерін талдау; автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісі; шығармадағы көркемдегіш құралдардың орны мен қызметін ашу;көркем шығармада көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы шығармашылық жұмыс жазу;қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ құндылықтарды анықтау;
3) бағалау және салыстыру: шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап,бағалау; көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына баға беру; шығарманың идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу; ғылыми еңбектерді негізге ала отырып, әдеби сын жазу;
4) оқытылатын көркем шығармалар тізімі:
1. Абай Құнанбаев «Сегіз аяқ», «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңдері; Он жетінші қарасөз, Отыз екінші қарасөз, «Масғұт» поэмасы;
2. М.Сәрсеке «Қаныш Сәтбаев» роман-эссе;
3. А.Кемелбаева «Шашты» әңгімесі;
4. Т.Сұлтанбеков «Көшпелі алтын» ғылыми фантастикалық әңгіме;
5. Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі;
6. Ш. Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасы;
7. Ж.Бөдеш «Жалғыз» поэмасы.
10. Оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық білім мазмұны:
-
түсіну және жауап беру: әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсіну; әдеби шығарманың жанрлық ерекшелігін өзге жанрлармен салыстыра отырып талдау; көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету; көркем шығармалардан алған үзінділерді, қанатты сөздер мен дәйексөздерді шығармашылық жұмыстарда қолдану; ұлттық құндылықтардың маңыздылығын ғаламдық тақырыптағы контекстермен байланыстыру; -
анализ және интерпретация: әдеби шығарманың жанрына қарай композициялық ерекшеліктерін айқындау;шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысы; шығарма идеясы мен көркемдегіш құралдардың байланысын ашу; әдеби туындыдағы көтерілген мәселелерге өзіндік көзқарас тұрғысынан шығармашылық жұмыс жазу; әлем және қазақ әдебиетіндегі ортақ құндылықтардың үндестігін талдау; -
бағалау және салыстыру: шығарманы әлем әдебиеті үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау;көркем шығармадағы заман көрінісі мен қазіргі заман көрінісін салыстырып бағалау; шығарманы көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу; шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазу; -
оқытылатын көркем шығармалар тізімі:
1. О.Бөкей «Атау кере» повесі;
2. Ж.Әбдірашев «Дала, сенің ұлыңмын» өлеңі;
3. Б.Мұқай «Өмірзая» романы;
4. Лира Қоныс «Тиын» әңгімесі;
5. М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы 1, 2-том;
6. Қ.Мырзалиев «Қызыл кітап» поэмасы;
7. С.Балғабаев «Тойдан қайтқан қазақтар» комедиялық драмасы.
3-тарау. Оқу мақсаттарының жүйесі
11.Бағдарламада «оқу мақсаттары» төрт саннан тұратын кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сандар бөлім және бөлімше ретін, төртінші сан бөлімшедегі оқу мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. Мысалы, 10.2.1.4. кодында «10» - сынып, «2.1» - екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «4» - оқу мақсатының реттік саны.
12. Оқу мақсаттарының жүйесі бөлім бойынша әр сыныпқа берілген:
1) түсіну және жауап беру:
Білім алушылар... | ||
| 10-сынып | 11-сынып |
1.Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні | 10.1.1.1 - әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын түсіну | 11.1.1.1 - әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсіну |
2.Әдеби шығарманың тұжырымдамасы | 10.1.2.1 - әдеби шығарманың жанрлық табиғатын тану | 11.1.2.1 - әдеби шығарманың жанрлық ерекшелігін өзге жанрлармен салыстыра отырып талдау |
3.Көркем шығармадағы образ | 10.1.3.1 - көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау | 11.1.3.1 - көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету |
4.Шығарма үзінділерімен жұмыс | 10.1.4.1 - көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану | 11.1.4.1 - көркем шығармалардан алған үзінділерді, қанатты сөздер, дәйексөздерді шығармашылық жұмыстарда қолдану |
5 .Қазақ әдебиетіндегі ұлттық құндылықтардың әлемдегі орнын білу | 10.1.5.1 - ұлттық құндылықтардың маңыздылығын контекстермен үндестіру | 11.1.5.1 - ұлттық құндылықтардың маңыздылығын ғаламдық тақырыптағы контекстермен байланыстыру |
2) анализ және интерпретация | ||
| 10-сынып | 11-сынып |
1. Әдеби шығарманың композициясы | 10.2.1.1 - әдеби шығарманың композициялық ерекшеліктерін талдау | 11.2.1.1 - әдеби шығарманың жанрына қарай композициялық ерекшеліктерін айқындау |
2. Автор бейнесі | 10.2.2.1 - автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтау | 11.2.2.1 - шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын анықтау |
3. Көркем шығарманың тілі | 10.2.3.1 - шығармадағы көркемдегіш құралдардың орыны мен қызметін талдау | 11.2.3.1 - шығарма идеясы мен көркемдегіш құралдардың байланысын талдау |
4. Шығармашылық жұмыс | 10.2.4.1 - көркем шығармада көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу. | 11.2.4.1 - әдеби туындыдағы көтерілген мәселелерге өзіндік көзқарас тұрғысынан шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу . |
5. Қазақ және әлем әдебиетіндегі құндылықтар | 10.2.5.1 - қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ құндылықтарды анықтау | 11.2.5.1 - әлем және қазақ әдебиетіндегі ортақ құндылықтардың үндестігін талдау |
3) бағалау және салыстыру
| 10-сынып | 11-сынып |
1.Тарихи және көркемдік құндылығы | 10.3.1.1 - шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, бағалау | 11.3.1.1 - шығарманы әлем әдебиеті үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау |
2.Заманауилығы мен жаңашылдығы | 10.3.2.1 - көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына баға беру | 11.3.2.1 - көркем шығармадағы заман көрінісі мен қазіргі заман көрінісін салыстырып бағалау |
3. Әдеби эссе | 10.3.3.1 - шығарманың идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу | 11.3.3.1 - шығарманы көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу |
4. Әдеби сын | 10.3.4.1 - ғылыми еңбектерге сүйене отырып әдеби сын жазу | 11.3.4.1 - шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазу |
11) Осы оқу бағдарламасы қосымшада берілген жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарға арналған «Қазақ әдебиеті» оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының Ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Жалпы орта білім беру деңгейінің
10-11-сыныптарына арналған
жаңартылған мазмұндағы оқу
бағдарламасына (оқыту қазақ тілінде)
қосымша
Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математика
бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын (оқыту қазақ тілінде) жүзеге асыру бойынша ұзақ мерзімді жоспар
1) 10 -сынып
Бөлім | Оқытылатын шығармалар | Дағдылар | Оқыту мақсаттары |
1-тоқсан | |||
Қалың елім, қазағым | Абай шығармашылығы. «Сегіз аяқ», «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңдері; он жетінші қарасөз, отыз екінші қарасөз, «Масғұт» поэмасы | Түсіну және жауап беру | 10.1.1.1 - әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын түсіну; 10.1.2.1 - әдеби шығарманың жанрлық табиғатын тану; 10.1.3.1 - көркем шығармада ғы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау; 1 10.1.4.1 - көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану; |
Анализ және интерпретация | 10.2.1.1 - әдеби шығарма ның композициялық ерекшеліктерін талдау; 10.2.2.1 - автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтау ; 10.2.3.1 - шығармадағы көркемдегіш құралдардың орны мен қызметін талдау; 10.2.5.1 - қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ құндылықтарды анықтау; | ||
Бағалау және салыстыру | 10.3.3.1 – шығарма ның идеясын адамгерші лік құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу. | ||
2-тоқсан | |||
Қазақтың Қанышы | М.Сәрсеке «Қаныш Сәтбаев» роман-эссе | Түсіну және жауап беру | 10.1.2.1.- әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын түсіну; 10.1.2.1 - әдеби шығарманың жанрлық табиғатын тану; 10.1.3.1 - көркем шығарма дағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау; 10.1.4.1 - көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану; 10.1.5.1.-ұлттық құндылықтардың маңыздылығын контекстермен үндестіру; |
Анализ және интерпретация | 10.2.1.1 - әдеби шығарма ның композициялық ерекшеліктерін талдау; 10.2.2.1 - автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтау 10.2.3.1 - шығармадағы көркемдегіш құралдардың орны мен қызметін талдау; | ||
Бағалау және салыстыру | 10.3.4.1.- ғылыми еңбектерді негізге ала отырып, шығармаға әдеби сын жазу. | ||
3 -тоқсан | |||
Парасат пайымы | А.Кемелбаева «Шашты» әңгімесі Т.Сұлтанбеков «Көшпелі алтын» ғылыми фантастикалық әңгіме Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі | Түсіну және жауап беру | 10.1.2.1 - әдеби шығарманың жанрлық табиғатын тану; 10.1.3.1 - көркем шығармада ғы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау; 10.1.4.1 - көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану; |
Анализ және интерпретация | 10.2.1.1 - әдеби шығарма ның композициялық ерекшеліктерін талдау; 10.2.2.1 - автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтау; 10.2.3.1 - шығармадағы көркемдегіш құралдардың орны мен қызметін талдау; 10.2.5.1 - қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетінде гі ортақ құндылықтарды анықтау; | ||
Бағалау және салыстыру | 10.3.2.1 - көркем шығармадағы көтерілген мәселелер дің жаңашылдығына баға беру; 10.3.3.1 - шығарманың идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу. | ||
4- тоқсан | |||
Тарих тағылымы | Ш. Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасы Ж.Бөдеш «Жалғыз» поэмасы | Түсіну және жауап беру | 10.1.1.1 - әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын түсіну; 10.1.3.1 - көркем шығарма дағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау; 10.1.5.1 - ұлттық құндылықтардың маңыздылығын контекстер мен үндестіру; |
Анализ және интерпретация | 10.2.1.1 - әдеби шығарма ның композициялық ерекшеліктерін талдау; 10.2.2.1 - автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтау; 10.2.3.1 - шығармадағы көркемдегіш құралдардың орыны мен қызметін талдау; 10.2.4.1 - көркем шығармада көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу; | ||
Бағалау және салыстыру | 10.3.1.1 – шығарма ның тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, бағалау; 10.3.3.1 – шығарма ның идеясын адамгерші лік құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу. |
11 -сынып
Бөлім | Оқытылатын шығармалар | Дағдылар | Оқыту мақсаттары |
1-тоқсан | | ||
Кеңістік пен уақыт | О.Бөкей «Атау кере» повесі Ж.Әбдірашев «Дала, сенің ұлыңмын» өлеңі | Түсіну және жауап беру | 11.1.1.1 - әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсіну; 11.1.3.1 - көркем шығармада ғы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету; 11.1.4.1 - көркем шығармалардан алған үзінділерді, қанатты сөздер, дәйексөздерді шығармашылық жұмыстарда қолдану; 11.1.5.1.- ұлттық құндылықтардың маңыздылығын ғаламдық тақырыптағы контекстермен байланыстыру; |
Анализ және интерпретация | 11.2.1.1 - әдеби шығарманың жанрына қарай композициялық ерекшеліктерін айқындау; 11.2.2.1 - шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысы анықтау; 11.2.3.1 - шығарма идеясы мен көркемдегіш құралдардың байланысын талдау; 11.2.4.1 - әдеби туындыдағы көтерілген мәселелерге өзіндік көзқарас тұрғысынан шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу ; | ||
Бағалау және салыстыру | 11.3.3.1 - шығарманы көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу. | ||
2-тоқсан | | ||
Зобалаң заман шындығы | Б.Мұқай «Өмірзая» романы Лира Қоныс «Тиын» әңгімесі | Түсіну және жауап беру | 11.1.1.1 - әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсіну; 11.1.2.1 - әдеби шығарманың жанрлық ерекшелігін өзге жанрлармен салыстыра отырып талдау; 11.1.3.1 - көркем шығарма дағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету; |
Анализ және интерпретация | 11.2.1.1 - әдеби шығарманың жанрына қарай композициялық ерекшеліктерін айқындау; 11.2.2.1 - шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысы анықтау; 11.2.3.1 - шығарма идеясы мен көркемдегіш құралдардың байланысын талдау; 11.2.4.1 - әдеби туындыдағы көтерілген мәселелерге өзіндік көзқарас тұрғысынан шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу; 11.2.5.1-әлем және қазақ әдебиетіндегі ортақ құндылықтардың үндестігін талдау; | ||
Бағалау және салыстыру | 11.3.1.1 - шығарманы әлем әдебиеті үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау; 11.3.4.1 - шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазу. | ||
3 - тоқсан | | ||
Ғасырлық туынды | М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы 1, 2-том | Түсіну және жауап беру | 11.1.1.1 - әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсіну; 11.1.2.1 - әдеби шығарманың жанрлық ерекшелігін өзге жанрлармен салыстыра отырып талдау; 11.1.3.1 - көркем шығарма дағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету; 11.1.4.1 - көркем шығармалардан алған үзінділерді, қанатты сөздер, дәйексөздерді шығармашылық жұмыстарда қолдану; |
Анализ және интерпретация | 11.2.1.1 - әдеби шығарманың жанрына қарай композициялық ерекшеліктерін айқындау ; 11.2.2.1 - шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын анықтау; 11.2.3.1- шығарма идеясы мен көркемдегіш құралдардың байланысын талдау; 11.2.4.1 - әдеби туындыдағы көтерілген мәселелерге өзіндік көзқарас тұрғысынан шығармашылық жұмыс(эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу; 11.2.5.1 - әлем және қазақ әдебиетіндегі құндылықтардың үндесуін талдау; | ||
Бағалау және салыстыру | 11.3.3.1 - шығарманы көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу. | ||
4- тоқсан | | ||
Табиғат және адам | Қ.Мырзалиев «Қызыл кітап» поэмасы С.Балғабаев «Тойдан қайтқан қазақтар» комедиялық драмасы | Түсіну және жауап беру | 11.1.2.1 - әдеби шығарманың жанрлық ерекшелігін өзге жанрлармен салыстыра отырып талдау; 11.1.3.1 - көркем шығарма дағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету; 11.1.4.1 - көркем шығармалардан алған үзінділерді, қанатты сөздер, дәйексөздерді шығармашылық жұмыстарда қолдану; 11.1.5.1. - ұлттық құндылықтардың маңыздылығын ғаламдық тақырыптағы контекстермен байланыстыру; |
Анализ және интерпретация | 11.2.1.1 - әдеби шығарманың жанрына қарай композициялық ерекшеліктерін айқындау; 11.2.2.1 - шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысы анықтау; 11.2.3.1 - шығарма идеясы мен көркемдегіш құралдардың байланысын талдау; 11.2.4.1.- әдеби туындыдағы көтерілген мәселелерге өзіндік көзқарас тұрғысынан шығармашылық жұмыс(эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу; 11. 2.5.1.- әлем және қазақ әдебиетіндегі ортақ құндылықтардың үндестігін талдау; | ||
Бағалау және салыстыру | 11.3.4.1 - шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазу. |