ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 20.11.2021

Просмотров: 385

Скачиваний: 5

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
  1. Пункцияда алынған сұйықтықтың табиғатын сипаттаңыз.

Нейтрофилдер мен фибрин жіпшелерінен тұратын фибринді экссудат.

  1. Науқаста плевра қуысында сұйықтық жиналу тетіктерін түсіндіріңіз.

Флогогенге жауап ретінде қабынудың жасушалық дәнекерлерінің әсерленуі, гистамин, серотонин, лизосомалық ферм-р ж/е т.б. , қ.т. қабырғасының өткізгіштігінің артуы, тінде осмостық ж/е онкотикалық қысымның артуы, қанның сұйық бөлігінің тінге өтуі, сұйықтық жиналу.

  1. Науқаста қандай дерттік үрдіс дамыды?

Қабыну – орг-ң жаму сатысында пайда болған, жергілікті бүлінуге жауап ретінде дамитын, микроциркуляциялық арналардың , қан жүйесінің, дәнекер тіннің бүліндіргіш әсерді шектеп аластауға, бүлінген тінді бастапқы қалпына келтіруге бағытталған сатылы өзгерістермен көрінетін дерттік үрдіс.

  1. Лейкоциттер эмиграциясының патогенезін түсіндіріңіз.

  • Лейкоциттердің маргинациясы

  1. Қабыну медиаторы

  2. Эндотелий жас-ы

  3. Е, Р селектиндер син-і

  4. Олардың лейкоциттердегі L селектин, интегринмен әрекеттесуі

  5. Роллинг

  • Қабыну мед-ң әсерінен интегрин-ң әсерленуі, лейкоциттердің жалған аятары ар-ы жасуша сыртына шығуы;

  • Лейкоциттердің хемотаксисі:

  1. Интерлейкин-8 –ң син-і

  2. Нейтрофил рецепторының қозуы

  3. Жасуша потенциалының өзгеруі

  4. Цитозольде кальций ионының жиналуы

  5. Жасуша ішілік майда талшықтардың жиырылып, нейтрофил-ң флогогенге қарай қозғалысы

  6. Фагоцитоз.

Есеп13

Науқас тез шаршағыштыққа, ұйқышылдыққа, қолындағы ауыру сезіміне шағымданады. Дене қызымы 38,30С. Қарап тексергенде сол қолы басбармағының тырнақты бөлігінің көлемі ұлғайған, қызарған, сипағанда ауыру сезімі. Қанда - лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылаған, жалпы нәруыз 80 г/л (қалыптыда 65-85 г/л), альбумин/глобулиндік коэффициент – 0,9 (қалыптыда 1,5-2,0), С-реактивті нәруыз (СРН) артқан.

  1. Науқаста қандай дерттік үрдіс дамыды?

Саусақатағы іріңді қабыну үрдісі. Қабыну үрдісі болған жерге лейкоцит, маеһкрофаг, моноциттер жиналып, олар медиаторларды бөле бастайды(ИЛ-1,ИЛ-6, гамма-интерферон ж/е т.б.), олар қанмен бауырға барып , жедел жауап кезеңінің белоктарының син-н арттырады.

  1. Жергілікті белгілерді атап, патогенезін түсіндіріңіз.

Қолындағы ауру сезімі, бас бармағының тырнақты бөлігі ұлғайған, қызару, сипағанда ауыру.

Қабыну ошағындағы уытты заттар жүйке ұштарын тітіркендіріп, ауыру сезімін тудырады. Қабыну ошағындағы қан тамырларының өткізгіштігі артып, ол жер ісінеді, қан тамырлары кеңейіп тұрады – қызару, бірақ уытты бүкіл орг-ге таратпау үшін, ошақ айналасында дәнекер тіннен түзілген тосқауыл пайда болады, ол лимфа ж/е қ.т. бітеу арқылы организмге жібермей, өзіне сорып алады.

  1. Жалпы белгілерді атап, патогенезін түсіндіріңіз.

Тез шаршағыштық, ұйқышылдық, температура. Қабыну ошағында бөлінген простогландиндер мен лейкотриендер гипоталамуска әсер етіп, темп-ны жоғарылатады, тежегіштік әсер етеді, жүрек соғуы әлсіреп, адам тез шаршайды.


  1. Зертханалық көрсеткіштердегі ауытқуларды тауып, патогенезін түсіндіріңіз.

Қанның сұйық бөлігінің қабыну ошағына шығуынан қан қоюланып, ЭТЖ артады. Қабыну медиаторларының әсерінен бауырда жедел жауап фазасының белок-ң син-і арта түседі(С-реактивті белок қанда көбейеді). ж/е сүйек кемігіне әсер етіп ондағы лейкопоэзді ынталандырады, одан лимфоциттер артады.

Есеп № 14

Екі қоянға бірдей токсинді енгізіп, артқы бір аяғында күйік арқылы жергілікті қабыну туындатты. Бір қоянға токсинді қабыну аймағына, ал екіншісіне – қабынуы жоқ жерге енгізілді. Бір қоян токсинмен уланудан өліп қалды.

  1. Қай қоян және неден өлгендігін көрсетіңіз. Жауапты негіздеңіз.

Токсинді қабынуы жоқ аймаққа енгізген қоян өліп қалады, себебі токсин бүкіл орг-ге таралып, улы әсер еткен, ал орг-ң иммунды компоненттері қабыну ошағына жұмылдырғандықтан токсинді заласыздандыра алмаған.

Қабыну ошағының айналасында дәнекер тіннен тұартын тосқауыл түзіледі, ол лимфа ж/е қ.т. бөгеу арқылы әртүрлі у, токсиндерді ошақта ұстап тұрады, ол орг-ке тарамайды, қоян өлмейді.

  1. Организм үшін қабынудың маңызын көрсетіңіз.

  • Жағымды жақтары:

  1. Лейкоцитоз

  2. Улы заттарды залалсыздандыратын ақуыздардың – жіті дамуына тән нәруыздар(С-реактивті белок, альфа-антитрипсин), жедел жауап фазасының ақуыздары синтезі артады, антидене мөлшері ұлғаяды

  3. Иммунды жүйе әсерленеді, пролиферация ж/е регенерация процесстері жоғары дәрежеде болады

  • Жағымсыз жақтары:

  1. Тіндердің улы заттар әсерінен ыдырауы

  2. Экссудат көп болса, тіннің қоектенуі бұзылып, гипоксия дамуы

  3. Лейкоциттердің ыдыратушы ферменттерінің әсерінен көршк қалыпты тіннің зақымы

  4. Склероздану – ағза қызметінің төмендеуі

  1. Қабынуға анықтама беріңіз, қабынудың қрамбөлшектерін атаңыз

Қабыну – орг-ң жаму сатысында пайда болған, жергілікті бүлінуге жауап ретінде дамитын, микроциркуляциялық арналардың , қан жүйесінің, дәнекер тіннің бүліндіргіш әсерді шектеп аластауға, бүлінген тінді бастапқы қалпына келтіруге бағытталған сатылы өзгерістермен көрінетін дерттік үрдіс.

Компоненттері:

  • Альтерация

  • Экссудациямен жүретін қанның реологиялық қасиеттерінің өзгеруі

  • Пролиферация

  1. Қабыну ошағындағы қанайналым өзгерістерінің сатысын көрсетіп, патогенезін түсіндіріңіз,

  • Қысқа мерзімді қан тамырлар спазмы – қоздырғыштың әсерінен рефлекторлы болады.

  • Артериялық гиперемия – қабыну дәнекерлерінің әсерінен қан тамырлары кеңиді, оларда толаққандылық болады, жана қылтамырлар саны артады.

  • Веналық гиперемия – веналарда қан қоюланып, эритроциттер бір-бірімен жабысып, тромбоз болып, жылдамдық төмендеуден болады.

  • Стаз – қылтамырларда қозғалыс тербелмелі болып – систолада алға, диастолада артқа жылжып тұрады, сосын мүлдем тоқтап стаз болады.

Есеп №15

Шөп шабу кезінде бригаданың бір мүшесінде келесі белгілер пайда болды: қышыну, қабақтарының гиперемиясы және ісінуі; «көзіне құм түскендей» сезім; жарықтан қорқу, жас ағу; қатты таңдайдың, мұрынның шырышты қабатының қышуы; мұрынның бітелуі су ағумен қабаттасқан, толастамайтын түшкіру ұстамасы; мұрынмен демалудың оның тоқтауына дейін қиындауы; қақырықтың көп бөлінуімен қабаттасқан жөтел; тұншығу ұстамасы анықталды. Бұл құбылыстар шаршағыштықпен, тәбеттің төмендеуімен, ашуланшақтықпен, ұйқының бұзылуымен қабаттасты. Дене қызымы – 38-39оС. Науқасқа «Поллиноз» аңғарымы қойылды.


  1. Поллиноздың негізінде сезімталдық жоғарылауының қай түрі жатыр?

Дереу дамитын сезімталдықтың анафилаксиялық түрі.

  1. Бұл дерттің патогенездік сызбанұсқасын құрастырыңыз.

Алдындағы есептегідей, тек IgЕ н/е IgG4 син-і артады.

  1. IgE және IgG4 иммуноглобулиндердің басқа түрлерінен қалай ерекшеленеді? Неге атопиямен ауырған науқастың қан сарысуында IgE болмауы мүмкін?

IgG4 н/е IgЕ – реагиндік антиденелер д.а. Олар тек лаброцит ж/е базофильдермен жабысады, ал бұл жасушалар теріде, шырышты қабаттарда, тегіс салалы б.е.-де көп болады. Гендердің ауытқуларынан осы антиденеге жауап беретін геннің функциясы бұзылып, IgЕ-ң син-і болмауы н/е өте азайып кетуі мүмкін.

  1. Симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз.

Алдыңғы есептердегідей болады.

Есеп №16

Балаға Манту сынауын жасады (тері астына туберкулин – туберкулездік тазартылған аллерген). 6-12 минуттан кейін туберкулин енгізілген жерде серпілістің алғашқы белгілері пайда болып, 24-48 сағаттан соң айқын шегіне жетті.

  1. Манту сынауы негізінде жоғары сезімталдықтың қай түрі жатыр?

Баяу дамитын сезімталдықтың жасушалардың қатысуымен дамитын түрі.

  1. Бұл аллергиялық серпілістің патогенездік сызбанұсқасын құрастырыңыз.

Аллерген мен макрофаг бай-ды, интерлейкин-12 өндіріледі, ол Тх0-дан Тх1 лифоциті түзіледі, одан интерлейкин-2 өн-п ол Т-эффектор лимфоциттерді, Т-киллерлердің син-н арт-ды, олар аллергені бар жасушамен жабысады, содан макрофагтар интерлейкин, интерферон,гистамин, простагландин, ал лимфоциттер интерлейкин, гистамин, базофильді активтейтін фактор, макрофаг стимулдеуші фактор, макрофаг МТФ, лимфотоксин, хемотаксис факторын бөліп шығарады. Осыдан басқа лейкоциттердің (Б,Э,Н) әсерленуі болып, олар простагландин, лейкотриен, ТАФ, гистамин босап шығады, бұдан қ.т.-ң өткізгіштігі артады, қабыну дамиды, ол жерде иммунды жас-р жиналады, жас-ң, тіндердің бүлінісі цитокин, лизосомалық ферм-ң, Т-киллерлердің әсерінен болып, ол жерде тығыз сіңбелі гранулема п.б.

  1. Оң туберкулиндік сынау нені мәлімдейді?

Оң нәтиже осы енгізілген аллерген ағзаға алдын да әсер еткені туралы, яғни ағзада оған қарсы иммундық серпіліс қалытасқандығын білдіреді, бұл оның туберкулезбен ауырғанын(немесе ауру даму сатысында) білдіреді.

  1. Манту сынауының клиникалық көрінісі қандай? Қабынулық инфильтраттың жасушалық құрамы қандай?

Диаметрі 3 см-ден асатын, қызарған, ісінген терідегі бөртпе. Жас-қ құрамы – макрофаг, лимфоцит(Т, киллер, Т-жады), моноциттер. Макрофагтардан алып эпителиоидты, одан Пирогов-Лангханс(алып, көп ядролы) жас-ы түзілуі мүмкін.

4444

  1. Науқастағы реактивтілікке жауап түрін анықтаңыз, жауапты негіздеңіз.

Топтық реактивтілік - жас пен жыныс ерекшеліктеріне байланысты ағзасының қорғану бейімделушілік мүмкіндіктерінің әртүрлі болуын айтамыз.

  • 1-гиперергиялы, жедел, айқын симптомдармен өтеді.

  • 2-гиперергиялы

  • 3-гипоергиялы, созылмалы, айқын симптомдарсыз;


  1. Организм реактивтілігі мен төзімділігіне анықтама беріңіз.

Реактивтілік – сыртқы орта ықпалдарының әсеріне тұтас орг-ң, жекелеген ағзалары мен жүйелерінің тіршілігін өзгертіп жауап қайтару қасиеті.

Резистенттілік – ауру туындататын ықпалдарға организмнің тұрақтылығы.

  1. Науқастардағы жауаптың түрін анықтаңыз.

Топтық реактивтілік - жас пен жыныс ерекшеліктеріне байланысты ағзасының қорғану бейімделушілік мүмкіндіктерінің әртүрлі болуын айтамыз.

  1. Реактивтіліктегі жастың маңызын анықтаңыз.

Балалық шақтағы реактивтіліктің төмен болуы себебі:

  • Сыртқы ж/е ішкі биологиялық тосқауылдардың толық жетілмеуі;

  • Жүйке ж/е эндокриндік жүйелердің жетілмеуі;

  • Иммундық жүйенің толық жетілмеуі;

Ересек жастағы реактивтіліктің жоғары болуы себебі:

  • Жүйке жүйесі толық дамыған;

  • Тосқауылдық жүйелердің жетілуі;

  • Иммундық ж/е басқа қорғану мүмкіншіліктерінің жақсы жетілуі;

Қарттық шақтағы реактивтіліктің төмендеу себебі;

  • Икемделу-бейімделу жүйесінің тез қалжырауы;

  • Иммундық жүйесі жеткіліксіз;

  • Тосқауылдық қасиеті төмендеген;