Файл: берілген шарт жиынтыын анааттандыратын облыс айда орналасан.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.11.2023

Просмотров: 11

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ESRI фирмасының бағдарламалық өнімі ArcGIS те ГАЖ толық каталог түрінде құрылған, яғни мәліметтерді өңдеудің жоғарғы деңгейлі мүмкіндігі бар. ArcGIS - бұл өзара байланысты ArcMap, ArcCatalog, ArcToolbox базалық мүмкіндіктердің жиыны. Бұлар бірігіп картографиялау, мәліметтерді басқару, кеңістіктік талдау, мәліметтерді редакторлау және оларды геоөңдеуден өткізу сияқты түрлі дәрежелі қиындықтағы ГАЖ-функцияларды шешуге мүмкіндік береді. ArcGIS – ГАЖ қолданушылардың үлкен қауымына арналған толық-функционалды, масштабталған жүйесі.

Географиялық ақпараттық жүйе немесе геоақпараттық жүйе (ГАЖ) – бұл кеңістіктік және олармен байланысты кеңістіктік емес мәліметтерді жинау, сақтау, өңдеу, талдау мен кескіндеуді және олардың негізіндегі географиялық кеңістік жайлы ақпарат пен білімді қамтитын ақпараттық жүйе.

Географиялық немесе кеңістіктік мәліметтер нысандардың кеңістікте таралуын есепке алуды қажет ететін түрлі саламен айналысатын ұйымдар пайдаланатын барлық ақпарат көлемінің жартысынан астамын құрайды. ГАЖ кеңістіктік мәліметтерді талдаудың негізіндегі оңтайлы басқару шешімін қабылдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Кеңістіктік мәліметтерді талдау немесе кеңістіктік талдау - ГАЖ-ды анықтаудағы түйін сөздер болып табылады. ГАЖ келесі сұрақтарға жауап бере алады:


• берілген облыста не орналасқан?


• берілген шарт жиынтығын қанағаттандыратын облыс қайда орналасқан?

Заманауи ГАЖ карталарды жеке тақырыптық қабат түріндегі графикалық мәліметтерді сақтау есебінен қолдануды, ал олардың нысандардың сапалық және сандық сипаттамаларын мәліметтер базасы түрінде қолдануды кеңейтті.

Геоақпараттық технологиялардың функционалды мүмкіндіктері

ГАЖ жүйесі экологиялық жағдайлардың, табиғи ресурстарды орынды пайдалану мониторингінің ғылыми және қолданбалы мәселелерін шешу мақсатында және де инфрақұрылымдық жобалау үшін, қалалық және аймақтық жоспарлау, төтенше жағдайлардағы жедел шара қабылдау үшін пайдаланылады. Өмірде кездесетін алуан түрлі мәселелер келесі белгілер бойынша жіктелетін ГАЖ құруға алып келді:Функционалды мүмкіндіктері бойынша:

- Жалпы мақсаттағы толықфункционалды ГАЖ;

- Маманданған ГАЖ қандайда бір саладағы нақты мәселелерді шешуге бағытталған;

- Үйде және ақпараттық-анықтамалық қолдануға арналған ақпараттық анықтамалық жүйелер;


Географиялық ақпараттарды автоматты түрде өңдеу үшін берілген мәліметтерді компьютерлік өңдеуден өткізу жүйесін құру керек. Ол үшін ГАЖ – автоматты жинақтау, сақтау, өзгерту және геоақпараттарды беру ЭЕМ және автоматтандырылған ГАЖ – дың құрылымын В. Г. Линниктің төмендегідей жобасы ретінде құруға болады. Көп мақсаттағы ГАЖ – дар көптеген жұмыстарды шешуде қолданылады. Осы атқару барысында төмендегідей функционалдық мүмкіндіктер пайдаланылады:

• Белгілі бір заттың банкідегі дайындығы және кіріспесі;

• Ақпараттық – анықтамалық үлгілеу;

• Имитациялық үлгілеу;

• Эксперттік үлгілеу;

• Автоматтандырылған карта құру;

• Картометриялық есептеу;

Осы аталған жұмыстарды шешу үшін өңделген мәліметтерді картографиялық түрде дайындап, алгоритмдік және қолданбалы бағдарламалық тұрғыдан қамтамасыз ету қажет. ГАЖ аймақтардың табиғи ерекшеліктерін, динамикасын, үлгілеу жүйесін зерттейтін құрал сияқты ақпараттық негіз ретінде қарастырылуы мүмкін. ГАЖ – төмендегідей физикалық – географиялық есептерді шешуге белгілі бір мүмкіндік береді: ландшафтардың морфологиялық құрылымын зерттеуге, физикалық – географиялықдандастыруды жасауға және т.с.

ESRI – геоақпараттық технологиялар алқабында бағдарламалық қамтамасыз ету мен технологиялық шешімдер нарығындағы дүниежүзілік жетекші. 1969 жылы негізделген Қоршаған ортаның жүйесін зерртеу институты (Environmental Systems Research Institute, ESRI Inc) ГАЖ алқабында стандарт орнатып, қазір геоақпараттық технологиялар мен бағдарламалық қамтамасыз ету өрісіндегі дүниежүзілік жетекшілікке қолдау көрсетеді.

Аспаптық ГАЖ ARC/INFO. ARC/INFO бағдарламалық өнімі – ең алғашқы кәсіби ГАЖ, мәліметтер базасында сақталатын, кеңістіктік ақпаратпен жұмыс істеуге бағытталған.

ARC/INFO бағдарламалық өнімінің модульдері:

ARC/INFO COGO – бұл модуль ГАЖ технологияларын жер кадастрын басқаруда, геодезиялық түсірілім мәліметтерінде, жер телімдерінің паспорттарын бақылауда, инженерлік және кадастрлық мақсаттағы карта-негіздерді құрастыруда пайдаланылатын бағдарламалық құралдармен тікелей байланысты;

ARC/INFO GRID – бұл модуль ARC/INFO жүйесіндегі растрлық үлгілеу мүмкіндіктерін кеңейту үшін арналған және оны интеграцияланған растрлық-векторлық ГАЖ айналдырады. GRID гидрологиялық талдау, геологиялық болжам жасау, арақашықтықты талдау, кеңістіктік мәліметтердің көпөлшемді статистикалық талдауы, құндық бетті пайдалану көмегімен трассаларды таңдауды оңтайландыру салаларында қолданылуы мүмкін;



ARC/INFO TIN – үздіксіз географиялық құбылыстарды, мысалы жергілікті жердің жер бедері, сондай-ақ шуыл деңгейі, халық тығыздығы, геофизикалық өріс сияқты физикалық беттерді көрсету және талдау үшін топографиялық беттерді үлгілеудің функционалдық толық жүйесі болып табылады.

ARC/INFO NETWORK – типологиялық жағынан байланысқан (құбырлар, коммуникация сызықтары, суағындары және жолдар) торлармен жұмыс жасау үшін арналған, бұл тор бойынша таралған және осындай торлардағы процесстердегі ресурстарды тиімді бағалау және басқаруды барынша жақсартады;

ARC/INFO ARCSCAN – сканерлерден картографиялық мәліметтерді енгізуге арналған;

ARC/INFO ARCPRESS – векторлық, растрлық немесе аралас векторлық-растрлық графиктерді растрлық құрылғы форматына, берілген мүмкіндіктегі және көлемдегі растрға айналдырушы жүйе;

ARC/INFO ARCSIDE – көп қолданушыларды үлкен көлемдегі кеңістіктік мәліметтермен қамтамасыз етеді.