ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 20.11.2021
Просмотров: 1154
Скачиваний: 1
48-бап.
Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы
жүзеге
асыратын
органдар
1.
Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы
қоршаған ортаны қорғау саласындағы
уәкiлеттi орган және өз құзыретi шегiнде
жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге
асырады.
2. Мемлекеттік
экологиялық сараптаманы I санат
объектілеріне - қоршаған ортаны қорғау
саласындағы уәкілетті орган, II, III және
IV санат объектілеріне - облыстардың
(республикалық маңызы бар қаланың,
астананың) жергілікті атқарушы органдары
жүргізеді.
3.
Мемлекеттік экологиялық сараптамаға
жататын I санат объектілерін қоршаған
ортаны қорғау саласындағы уәкілетті
орган мен оның аумақтық бөлімшелері
арасында бөлуді қоршаған ортаны қорғау
саласындағы уәкілетті орган
белгілейді.
4. Жаңа
ғимараттар мен құрылыстарды салуға
немесе бұрыннан барларын реконструкциялауға
(кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға,
жаңғыртуға) және күрделі жөндеуге
арналған жобалар (техникалық-экономикалық
негіздемелер және жобалау-сметалық
құжаттамасы) бойынша мемлекеттік
экологиялық сараптаманы Қазақстан
Республикасының сәулет, қала құрылысы
және құрылыс қызметі туралы заңнамасында
айқындалатын тәртіппен қоршаған ортаны
қорғау саласындағы уәкілетті орган
және жергілікті атқарушы органдар
жүзеге асырады.
Көрсетілген құрылыс жобаларын қабылдау
тәртібін, олардың толымдылығын, сондай-ақ
мемлекеттік экологиялық сараптаманы
қаржыландыру тәртібін қоса алғанда,
ведомстводан тыс кешенді сараптама
жүргізу Қазақстан Республикасының
сәулет, қала құрылысы және құрылыс
қызметі туралы заңнамасында айқындалатын
тәртіппен қамтамасыз етіледі.
Ескерту.
48-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР
2008.12.04 N
97-IV (қолданысқа
енгізілу тәртібін 2-баптанқараңыз);
29.09.2014 N
239-V (алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейiн
күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi); 29.12.2014 №
269-V (01.01.2015
бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
49-бап.
Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы
жүргiзу
тәртiбi
1.
Мемлекеттiк экологиялық сараптамаға
құжаттаманы:
1)
белгiленiп отырған басқарушылық,
шаруашылық, инвестициялық және өзге де
қызметтiң тапсырыс берушiсi (инвестор);
2) мемлекеттiк экологиялық сараптамаға
жататын нормативтiк құқықтық актiлердiң
және жоспарлардың жобаларын әзiрлеудi
жүргiзетiн мемлекеттiк органның басшысы
ұсынады.
2. Мемлекеттiк
экологиялық сараптама жүргiзудiң тәртiбiн
қоршаған ортаны қорғау саласындағы
уәкiлеттi орган айқындайды.
Жаңа объектілерді салуға немесе бұрыннан
барларын реконструкциялауға (кеңейтуге,
техникалық қайта жарақтандыруға,
жаңғыртуға) және күрделі жөндеуге
арналған жобалар (техникалық-экономикалық
негіздемелер және жобалау-сметалық
құжаттама) бойынша ведомстводан тыс
кешенді сараптама барысында жүзеге
асырылатын мемлекеттік экологиялық
сараптама Қазақстан Республикасының
сәулет, қала құрылысы және құрылыс
қызметі туралы заңнамасында айқындалатын
тәртіппен жүргізіледі.
Ескерту.
49-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 №
124-V (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
29.12.2014 №
269-V (01.01.2015
бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
50-бап.
Мемлекеттiк экологиялық сараптама
жүргiзу
мерзімдері
1.
Мемлекеттiк экологиялық сараптама
жүргiзу мерзімі, объектілер құрылыстарының
жобалары бойынша ведомстводан тыс
кешенді сараптама жүргізу саласында
Қазақстан Республикасының сәулет, қала
құрылысы және құрылыс қызметі туралы
заңнамасында, сондай-ақ осы баптың
3-тармағында көзделген жағдайларды
қоспағанда, мемлекеттiк экологиялық
сараптаманы жүзеге асыратын органдарға
барлық қажеттi құжаттама берiлген кезден
бастап I санаттағы объектілер үшін –
екі айдан, II санаттағы объектілер үшін
– бір айдан, III және IV санаттардағы
объектілер үшін он жұмыс күнінен аспауға
тиіс.
Мемлекеттiк
экологиялық сараптаманы қайтадан
жүргізу мерзімі тіркелген күнінен
бастап I санаттағы объектілер үшін –
бір айдан,
II
санаттағы объектілер үшін – он жұмыс
күнінен, III және IV санаттардағы объектілер
үшін бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.
2. Тіркелген күнінен бастап I санаттағы
объектілер үшін бес жұмыс күнінен
аспайтын мерзімде және II, ІІІ және IV
санаттардағы объектілер үшін үш жұмыс
күнінен аспайтын мерзімде мемлекеттік
экологиялық сараптама қорытындысын
беретін орган құжаттарды олардың
толықтығы тұрғысынан қарайды. Құжаттар
топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда,
құжаттар ұсынған тұлғаға қайтарылуға
жатады.
3. Құрылысқа
арналған жобалар (техникалық-экономикалық
негіздемелер және жобалау-сметалық
құжаттама) бойынша ведомстводан тыс
кешенді сараптама барысында жүзеге
асырылатын мемлекеттік экологиялық
сараптама жүргізудің мерзімдері мен
ұзақтығы Қазақстан Республикасының
сәулет, қала құрылысы және құрылыс
қызметі туралы заңнамасына сәйкес
белгіленеді.
Ескерту. 50-бап жаңа редакцияда - ҚР
29.12.2014 №
269-V Заңымен
(01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
51-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың қорытындысы
1.
Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың
қорытындысы оны жүргiзу нәтижелерi
бойынша берiледi.
Мемлекеттік экологиялық сараптаманың
міндетті сипаты болады және табиғат
пайдалану мен қоршаған ортаға және
халықтың денсаулығына әсер ету тұрғысынан
құқықтық, ұйымдастырушылық және
шаруашылық шешімдерді қабылдаудан
бұрын жүргізілуге тиіс. Мемлекеттік
экологиялық сараптаманың оң қорытындысы
болмаса, жобаны іске асыруға тыйым
салынады.
Құрылысқа
арналған жобалар (техникалық-экономикалық
негіздемелер және жобалау-сметалық
құжаттамасы) бойынша ведомстводан тыс
кешенді сараптама барысында жүргізілген
мемлекеттік экологиялық сараптаманың
қорытындысы ведомстводан тыс кешенді
сараптаманың жиынтық қорытындысына
енгізіледі.
2.
Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың
оң қорытындысы экологиялық сараптама
объектiсiн iске асыру жөнiнде шешiм
қабылдауға болатындығы мен мүмкiндiгi
туралы тұжырымдарды қамтиды.
3. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың
терiс қорытындысы болған кезде тапсырысшы
сараптамаға ұсынылған материалдарды
сараптамалық қорытындының ұсыныстары
мен ескертпелерiне сәйкес пысықтауды
қамтамасыз етуге және барлық материалдарды
қайтадан экологиялық сараптамаға табыс
етуге не белгiленiп отырған қызметiнен
бас тартуға мiндеттi.
4. Мемлекеттiк экологиялық сараптама
жүргiзу мiндеттi болатын шаруашылық және
өзге де қызмет жобаларын мемлекеттiк
экологиялық сараптаманың оң қорытындысынсыз
банктердiң және өзге де қаржы ұйымдарының
қаржыландыруына және iске асыруына
тыйым салынады.
5.
Мемлекеттік экологиялық сараптаманың
қорытындысына қоршаған ортаны қорғау
саласындағы уәкілетті органның сараптама
бөлімшелерінің, тиісті аумақтағы
қоршаған ортаны қорғау саласындағы
уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің
басшылары не облыстардың, республикалық
маңызы бар қаланың, астананың жергілікті
атқарушы органдарының сараптама
бөлімшесінің басшысы өз құзыреті шегінде
қол қояды.
6. Жобалық
құжаттамаға мемлекеттiк экологиялық
сараптаманың оң қорытындысы I, II және
III санаттардағы объектілер үшін –
қоршаған ортаға эмиссиялардың белгіленген
нормативтерінің қолданылу мерзімі
ішінде, IV санаттағы объектілер үшін –
мерзімсіз қолданылады.
Құрылысқа арналған жобалар
(техникалық-экономикалық негіздемелер
және жобалау-сметалық құжаттамасы)
бойынша ведомстводан тыс кешенді
сараптама барысында жүргізілген
мемлекеттік экологиялық сараптаманың
оң қорытындысының қолданылу мерзімі
ведомстводан тыс кешенді сараптаманың
тиісті жиынтық қорытындысының қолданылу
мерзімдеріне сәйкес белгіленеді.
Ескерту.
51-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.12.04 N
97-IV (қолданысқа
енгізілу тәртібін 2-баптанқараңыз),
2011.12.03 N
505-IV (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
29.12.2014 №
269-V (01.01.2015
бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
52-бап.
Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы
жүзеге
асыратын сарапшылық бөлiмшелерi
басшыларының
құқықтары
1.
Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы
жүзеге асыратын сарапшылық бөлiмшелерi
басшыларының:
1) мемлекеттiк экологиялық сараптама
жүргiзу үшiн белгiленген тәртiппен
экологиялық сарапшылық комиссияларын,
топтарын құруға, жұмысқа қатысуға
отандық және шетелдiк мамандарды,
сондай-ақ заңды тұлғаларды тартуға;
2) сарапшылық бөлiмшелерiнiң, құрылатын
комиссиялар мен топтардың қызметiне
бақылау жасауды жүзеге асыруға;
3) мемлекеттiк экологиялық сараптаманың
сараптама кеңестерiн басқаруға, олардың
қызметiн ұйымдастыруға;
4) мемлекеттiк экологиялық сараптама
жүргiзу әдiстерiн айқындауға;
5) Қазақстан Республикасының экологиялық
заңнамасының талаптарына сай келмейтiн,
мемлекеттiк экологиялық сараптамаға
ұсынылған материалдарды қабылдамай
тастауға;
6) есептеулерде қате және басқа да
олқылықтар жiберiлген, оны түзету қосымша
зерттеулердi, iздестiру жұмыстарын не
қосымша қаражат бөлудi қажет ететiн
құжаттар мен материалдарды пысықтау
үшiн қайтаруға;
7) мемлекеттiк экологиялық сараптама
қорытындыларына қол қоюға;
8) сараптама объектiсiн iске асырудың
қоршаған ортаға жағымсыз зардаптарын
куәландыратын мән-жайлар анықталған
не тапсырыс берушi жоғарыда аталған
қорытынды талаптарын орындамаған кезден
бастап бiр ай iшiнде бұрын берiлген
мемлекеттiк экологиялық сараптаманың
оң қорытындыларын керi қайтарып
алуға;
9) мемлекеттiк экологиялық сараптама
жүргiзуге қажеттi қосымша материалдарды
сұратуға;
10) мемлекеттiк экологиялық сараптаманың
оң қорытындысы алынбаған объектiлер
туралы мәлiметтердi банктер мен өзге де
қаржы ұйымдарына табыс етуге;
11) Қазақстан Республикасы заңнамасының
бұзылуына кiнәлi тұлғаларды жауапқа
тарту туралы мәселелердi шешу үшiн тиiстi
материалдар дайындап, құқық қорғау
органдары мен өзге де органдарға
тапсыруға құқығы бар.
2. (алынып
тасталды - Қазақстан Республикасының
2008.12.04 N
97-IV (қолданысқа
енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз)
Заңымен).
3. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы
ұйымдастыру және жүргізу кезінде
сараптама бөлімшелерінің басшылары
тәуелсіз болады және Қазақстан
Республикасының экологиялық заңнамасына
сәйкес іс-әрекет жасайды.
Сараптама бөлімшелері басшыларының
тәуелсіздігі қоршаған ортаны қорғау
саласындағы уәкілетті орган және
жергілікті атқарушы органдар бекітетін,
оларды тағайындау және қызметтен босату
тәртібі мен Қазақстан Республикасының
заңнамасына қайшы келмейтін өзге де
шарттарды қамтитын олар туралы ережелермен
қамтамасыз етіледі.
Ескерту.
52-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан
Республикасының 2008.12.04 N
97-IV (қолданысқа
енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз)
Заңымен.
53-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптама сарапшысы
1.
Арнаулы бiлiмi бар және экологиялық
сараптама жүргiзуге қажеттi жеткiлiктi
тәжiрибесi бар және мемлекеттiк экологиялық
сараптама органы белгiлеген тәртiппен
мемлекеттiк экологиялық сараптама
жүргiзуге тартылған адам мемлекеттiк
экологиялық сараптама сарапшысы болып
табылады.
2. Экологиялық
сараптама жасалуға тиiстi құжаттама
тапсырыс берушiнiң өкiлi немесе мемлекеттiк
экологиялық сараптама объектiсiн
әзiрлеушi, сондай-ақ тапсырыс берушiмен
немесе әзiрлеушiмен еңбек немесе өзге
де шарттық қатынаста тұрған заңды және
жеке тұлғалар мемлекеттiк экологиялық
сараптама сарапшысы бола алмайды.
3. Мемлекеттiк экологиялық сараптама
сарапшысы өзi жасаған сараптама үшiн
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты
болады.
4. Сарапшының мемлекеттiк экологиялық
сараптама жүргiзуге байланысты қызметiне
мемлекеттiк органдардың, жеке, заңды
тұлғалардың және лауазымды адамдардың
араласуына тыйым салынады.
5. Мемлекеттiк экологиялық сараптама
сарапшысы құқықтарының бұзылуы сот
және әкiмшiлiк тәртiппен қорғалуға тиiс,
ал мұндай жолсыздықтарға кiнәлi тұлғалар
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
жауапты болады.
6. Мемлекеттiк экологиялық сараптама
сарапшысының:
1) мемлекеттiк экологиялық сараптама
жасалатын объектiге жан-жақты және
объективтi баға беру үшiн мәнi бар қосымша
материалдар табыс етiлуiн талап
етуге;
2) экологиялық сараптама жүргiзуге
мамандарды қосымша тартуға;
3) сараптама жұмысын, әдiснамасын
ұйымдастыруды жетiлдiру, оны жүзеге
асыру тәртiбi мен принциптерi жөнiнде
ұсыныстар енгiзуге;
4) мемлекеттiк экологиялық сараптама
объектiсi жөнiнде, мемлекеттiк экологиялық
сараптама қорытындысына қоса тiркелетiн
ерекше пiкiр қалыптастыруға құқығы
бар.
7. Мемлекеттiк экологиялық сараптама
сарапшысы:
1) мемлекеттiк экологиялық сараптаманың
кешендi, объективтi және сапалы жүргiзiлуiн
қамтамасыз етуге;
2) Қазақстан Республикасы экологиялық
заңнамасының талаптарын сақтауға;
3) қолданылып жүрген нормалар мен ережелер
негiзiнде мемлекеттiк экологиялық
сараптама жүргiзуге;
4) мемлекеттiк экологиялық сараптаманы
жүзеге асырудың белгiленген мерзiмi
мен тәртiбiн сақтауға;
5) мемлекеттiк экологиялық сараптаманың
дәлелдi қорытындыларын дайындап, оларды
сараптама объектiсiн iске асыру туралы
шешiм қабылдайтын органдарға және
тапсырысшыларға уақтылы беруге;
6) сараптама жасалатын объектiлердi одан
әрi қарауға қабылдамаған не оларды
негiздейтiн материалдар пысықтауға
қайтарылған кезде мемлекеттiк экологиялық
сараптаманың қорытындысын объективтi
бағалап, дәлелдi түрде негiздеуге;
7) материалдардың сақталуын қамтамасыз
етуге және өзiнiң құпия құжаттарға
қатысты әрекеттерiн олардың иесiмен
келiсуге, өзiне сенiп тапсырылған
мәлiметтердiң жария етiлуiне жол бермеуге
мiндеттi.
54-бап.
Мемлекеттiк экологиялық сараптама
жүргiзу
процесiне сырттан сарапшылар тарту
Мемлекеттiк
экологиялық сараптама жүргiзу сырттан
сарапшылар тартуды талап еткен жағдайда,
мемлекеттiк экологиялық сараптама
органдарының сараптамалық қорытындылар
алу үшiн басқа мемлекеттiк органдарға,
өзге де ұйымдарға, сондай-ақ жекелеген
мамандарға өтiнiш жасауға құқығы бар.
Сырттан сарапшылар тартуды қоршаған
ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi
орган, облыстардың, республикалық маңызы
бар қаланың, астананың жергілікті
атқарушы органдары Қазақстан
Республикасының мемлекеттiк
сатып алу туралы
заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Ескерту.
54-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан
Республикасының 2008.12.04 N
97-IV (қолданысқа
енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз)
Заңымен.
55-бап.
Мемлекеттiк экологиялық сараптамадан
өткен
нормативтiк құқықтық актiлер
жобаларының
тiзiлiмi
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган мемлекеттiк экологиялық сараптамадан өткен нормативтiк құқықтық актiлердiң тiзiлiмiн жүргiзудi жүзеге асырады және оларға тiркеу нөмiрлерiн бередi.
56-бап.
Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың
сарапшылық
кеңестерi
1.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы
уәкiлеттi органның жанынан
консультациялық-кеңесшi органдар болып
табылатын және өздерi туралы ережелерге
сәйкес әрекет ететiн мемлекеттiк
экологиялық сараптаманың сарапшылық
кеңестерi құрылады.
2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы
уәкiлеттi органның мемлекеттiк экологиялық
сараптамасының сарапшылық кеңестерi
туралы ережелердi және олардың жеке
құрамдарын қоршаған ортаны қорғау
саласындағы уәкiлеттi органның басшысы
бекiтедi.
3. Функциялары қоршаған ортаны қорғаумен
байланысты мемлекеттiк органдардың
лауазымды адамдары, ғылыми-зерттеу
мекемелерiнiң, жоғары оқу орындарының
ғалымдары, практик-мамандар мен жұртшылық
өкiлдерi мемлекеттiк экологиялық
сараптаманың сарапшылық кеңестерiне
мүше бола алады.
4. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың
сарапшылық кеңестерiнiң қарауына:
1) экологиялық сараптама жүргiзу кезiнде
экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз
етудiң, қоршаған ортаны қорғаудың, табиғи
ресурстарды пайдалану мен молықтырудың
күрделi проблемаларын талқылау;
2) мемлекеттiк экологиялық сараптаманың
экологиялық қауiптiлiгi жоғары объектiлерге
қатысты қорытындыларын қарау жатады.
57-бап.
Мемлекеттiк экологиялық
сараптаманың
жариялылығы және халықтың шешiмдер
қабылдауға
қол жеткiзуi
1.
Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерiнiң
жобаларына мемлекеттiк экологиялық
сараптама жүргiзуге өтiнiмдердi қоспағанда,
мемлекеттiк экологиялық сараптама
жүргiзуге өтiнiмдi белгiленiп отырған
қызметке тапсырыс берушi бұқаралық
ақпарат құралдарында мiндеттi түрде
жариялауға тиiс.
2.
Мемлекеттiк экологиялық сараптама
жүргiзу кезеңiнде барлық мүдделi азаматтар
мен қоғамдық бiрлестiктерге өз пiкiрiн
бiлдiру мүмкiндiгi берiледi.
3. Iске асырылуы қоршаған ортаға және
азаматтардың денсаулығына тiкелей ықпал
етуi мүмкiн жобалар бойынша қоғамдық
тыңдау өткiзiледi.
Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат
алу үшін І және ІІ санаттағы объектілер
үшін әзірленген қоршаған ортаны қорғау
жөніндегі іс-шаралар жоспары қоғамдық
тыңдауға шығаруға жатады.
4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы
уәкiлеттi орган қоғамдық тыңдау өткiзу
тәртiбiн белгiлейдi және
онда:
1) мүдделi тұлғалардың анықталуы;
2) ақпарат пен консультация алуға болатын
жердiң көрсетiлуi;
3) халықты хабардар ету тәсiлiнiң көрсетiлуi
(белгiлi бiр жерлерге афишалар iлу,
газеттерге жариялау, жоспарларды,
сызбаларды, кестелердi, графиктердi,
үлгiлердi көрсете отырып көрмелер
ұйымдастыру);
4) халыққа консультация берудi жүзеге
асыру тәсiлiнiң (жазбаша таныстыру,
халыққа сұрау салу) белгiленуi;
5) қоғамдық тыңдау өткiзу мерзiмi айқындалуға
тиiс.
5. Мемлекеттiк экологиялық сараптама
қорытындысы бойынша шешiм қабылданғаннан
кейiн барлық мүдделi тұлғаларға осы
Кодексте көзделген тәртiппен сараптама
объектiсi жөнiнде ақпарат алу мүмкiндiгi
берiледi.
Ескерту.
57-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.03 N
505-IV (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен.