Файл: уат кзін немдей білеміз бе М. Жмабаев От леі (зінді).doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.11.2023

Просмотров: 34

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бөлім:

4-бөлім

Қуат көзін үнемдей білеміз бе? М.Жұмабаев «От» өлеңі (үзінді)

Педагогтің аты-жөні:

Абилдина А.К.

Күні:

7 қараша2022ж

Сыныбы:6

Қатысушылар саны: 23 Қатыспағандар саны:0

Сабақтың тақырыбы:

Қуат көзіне не жатады?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

6.1.5.1 - тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтау

6.5.1.4 - өздік, болымсыздық, белгісіздік, жалпылау есімдіктерін жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін: өздік, болымсыздық, белгісіздік, жалпылау есімдіктерін жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдана алады;

Көпшілік оқушылар үшін: тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтай алады;

Кейбір оқушылар үшін: сыни пікірін дәлелмен айта алады.

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.

3.Flippity платформасы арқылы оқушыларды топтарға біріктіру.

Тақтаға шығып әр оқушы экран бетін басып таңдау арқылы 3 топқа бірігеді.

1 топ; Жел

2 топ; Су

3 топ. От


Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді.

Оқулық, жұмыс дәптерлері

ДК экраны


https://flippity.net/rp.php?


Жаңа сабаққа кіріспе




(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.

https://nearpod.com/library/

платформасы бойынша оқушыларға жетекші сұрақтар қойылады.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

А деңгейлі оқушы жаңа тақырып бойынша сыни тұрғыда болжам жасайды.

В оқушы жетекші сұрақтар арқылы жауап береді.

С оқушы көппен бірге жауап береді.


Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар сабақты өмірмен байланыстырады.


Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
https://app.nearpod.com/command

сілтемесі арқылы сұрақтарға жауап береді.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

26 мин.

1-тапсырма

Жеке жұмыс

Мәтіналды жұмыс

Жаңа сөздер

Қуат көзі, өндір, үнем, шығын, баламалы энергетика. Оқушыларға мағынасын, аудармасын түсіндіру.

Айтылым'>2-тапсырма

Жеке жұмыс

Айтылым

Сұрақтарға жауап беріп, ой бөліседі. Суретпен жұмыс жасайды.

*Суретте не бейнеленген?

*Олардың адамға қандай пайдасы бар?


Жазылым

Суретке қарап, бүгінгі тақырып не туралы болатынын болжап жазады.

Дескриптор:

-Оқушылар ойларын айтады;

-сұрақты талқылайды.

Жалпы-3 балл.

А оқушы ойын еркін айтады.

В оқушы жетекші сұрақтар арқылы жауап береді.

С оқушы өз деңгейінде жауап береді
Дескриптор

3-балл

-болжам жасайды


Оқулық

6-сынып


Интербелсенді тақта


Плакаттар

Жұптық жұмыс




3-тапсырма

Жұптық жұмыс

Тілдік бағдар

Мұғалімнің ережені түсіндіруі. Есімдік пен оның түрлеріне мысал келтіреді.

4-тапсырма

Топтық жұмыс


Ойтаразы


Айтылым

Досымен өздері тұтынатын энергияның түрлері жайында әңгімелеседі.

Жазылым

Есімдік және оның түрлері.

А оқушы 7 түрі бойынша мысал жазады. Құрамы мен жасалу жолы, мағынасына қарай бөлінуін талқылайды.

В оқушы 5 түріне мысал жазады.

С оқушы 3 түріне сөйем жазады.

Оқылым Жазылым

Мәтінді оқиды, кестеге сүйеніп, қарамен жазылған есімдік түрлерін ажыратады. Негізгі ойды анықтап, постер қорғайды.

Дескриптор:

-әңгімелеседі

-Ерекшеліктерін саралайды.

Жалпы-2-балл

Дескриптор

2-балл
-кесте толтырады.

-сұраққа жауап береді.

Дескриптор

3-балл

-есімдіктерді ажыратады

-негізгі ойды анықтайды.

Дескриптор

2-балл

-қорытынды жасайды

Оқулық

6-сынып

Презентациялық слайдтар

Кесте

Схемалар

Смайликтер
https://wordwall.net/ru/resource


Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.




«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.

Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысуы.